400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем әдебиет "Көңілді көктем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілдерін, сөздік қорларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 14.03.19ж.

Тәрбиеші: Асылбекова Ж.С.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».

Пән: «Көркем әдебиет», « Жаратылыстану», «Музыка».

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі-халықта»

Тақырыбы: «Көңілді көктем»

Мақсаттары:

Тәрбиелік :Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:.Ойлау қабілеттерін , тіл байлықтарын дамыту. Көктем мезгілінің суреті бойынша әңгіме құрастыруға дағдыландыру. Әуенді ырғақ -Қара жорға биі.

Оқыту. Балаларға жыл мезгілдерін ажырата білуге, әр мезгілдің ерекшілігін танып білуге бағыт беру.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, дамыта оқыту технологиясы ,денсаулықты сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер,аю мен қоянның бет пердесі,жемістер мен көкөністер муляждары,гүлдер,майлықтар.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): Жыл мезгілдері-времена года,көктем-весна, жаз-лето, күз-осень, қыс-зима.

. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Бүгін біздің тақырыбымыз « Көңілді көктем».
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір жылда төрт мезгіл бар - қыс, көктем, жаз, күз.
- Дұрыс айтасыңдар.
2.Негізгі бөлім: -Ал енді, сол төрт мезгіліміз туралы не біледі екенбіз? Суреттерге қарап әр мезгілдің ерекшелігін әңгімілеймиз.

-Балалар, қалай ойлайсындар, сендерде қай жыл мезгілі?

-Қайдан білдіндер?

4 топта сұрап шығу. (Қыс, жаз, күз, көктем)

Қыс -Алихан

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген

Бақша-бауды тауды да

Бояған ақ түспенен.


Күз-Сырым

Алма пісіп, алмұрт түсіп

Күзде бақтар жайнайды

Құстар қайтып қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды.

Көктем- Дарын

Көктем келді күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп,

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлем

Жаз-Әсел

Жазым келді жарқырап,

Қазым келді қаңқылдап

Гүлге қонды көбелек,

Қос қанаты қалтылдап

Әр жыл мезгіліне тапсырмалар беру.
1.Жаз мезгілі:түрлі түсті гүлдерди жинап, түстерін айыру. . 2.Күз мезгілі:жемістер мен көкіністерді ажырата білу. 3.Қыс мезгілі:ақ қағаз немесе салфеткадан қар домалақтап, жинау. 4.Көктем мезгілі: көңілсіз көктем суреттін аяқтап көңілді көктем жасау.


. -Орманда аңдар оянады деп айттыңдар, қане  орманда не болып жатыр екен? Аю әлі ұйықтап жатыр ғой, ояту керек қой, қанеки бәріміз қосылып «Көктем келді» деп ойятайықшы.
Осы кезде музыка ойналып

Аю (қорбаңдап):- « Бұл кім өзі мені ұйқымнан оятқан? Көктем келді, көктем келді
Мен аюмын, аюмын!
Көктемді мен сүйемін.
Балды жақсы көремін,
Балпаң – балпаң билеймін»
Қоян шуға шошып :Не болды?
Қол ұстасып шеңбер бойымен айналып: - «Көптен күткен, келді көктем. Алақай!» – деп шулап билейді.

- Ал бәріміз қосылып билейк.
 Сергіту сәті:  «Көктем келді»
Б.Серікбаев: «Көктем келді»
Күн  сен   неге күркірейсің? 
Көктем келді! Көктем келді!!
Жаңбыр, неге сіркірейсің?
Гүлдер неге жайнайсыңдар?
Көктем келді! Көктем келді!
Бұлақ, неге сылдырлайсың?
Құстар неге сайрайсыңдар?
Көктем келді! Көктем келді!
3.Қорытынды

Сұрақ-жауап:
-Балалар, наурыз айында қандай мереке өтті? 8наурыз-аналар мерекесі.Аналар,әжелер құрметіне кім тақпақ айтады екен?
-Ал алдымызда қандай үлкен той, мерекемиз бар? Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі.. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді.  Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, наурыз көже пісіреді, ұлттық ойындар ойнайды, Наурыздың басталуы – деп «Қара жорға» биін билейік.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі