400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем әдебиет пәнінен конспект. Тақырыбы: "Арыстан мен тышқан".

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ тәрбешілеріне арналған көркем әдебет пәнінен конспект жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: "Қатынас"

Пән: "Көркем әдебиет"

Өтпелі тақырып: Аңдарқалай қыстайды?

Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»

Мақсаттары

1.Тәрбиелік: Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру,

ертегіні оқып беру тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру,

ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру;

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, «Арыстан мен тышқан» ертегісінің бейнесі

Билингвалдық компонент: тышқан- мышь, арыстан-лев

Сөздік жұмыс: Арыстан,тышқан,тор

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезеңі  (2мин)

- Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?

- Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ендеше,мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер бұл қандай ертегі екенің тауып аласыңдар.

Жұмбақтар.

Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады.Бұл қай ертегі? (Шалқан)

Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі? (Бауырсақ)

Айбарлы түсі бар,
Қанжардай сұсы бар.
Күжірейген жалды
Білсең айт бұл аңды?

Дұрыс балалар: Арыстан-азулы аң патшасы .Ол орманда өмір сүреді. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады.

- Біз бүгін Арыстан туралы қызықты ертегі, «Арыстанмен тышқан»-деген ертегсімен танысамыз. Ендеше мұқият тыңдаймыз.

II. Негізгі бөлімі.

1.Әңгімелесу

  Арыстан мен тышқан


Ерте, ерте, ертеде, орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. 

Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

-Тақсыр, мені өлтірмеңізші,бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні менде бір кәдеңізге жарармын-депті.

Арыстан оның сөзіне күліп,

- Сен кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың-деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс   қуанып, «арыстан досым»-деп жүгіріп ойнап кете барыпты.

Күндердің күнінде арыстан жортып, ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты.

Шарқ ұрып, тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:

- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің.

- Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

2.Сергіту сәті

Орманға біз барамыз
Ағаштарды аралап
Арыстан болып ақырып,
Тышқанша біз жүреміз.

Ертегіні көлеңкелі театр арқылы көрсету.

3.Сұрақ-жауап:

Арыстан қандай екен?

Тышқан қандай?

4.Дидактикалық ойын: «Ненің даусы?»

Мақсаты: Балалар әр түрлі аңдардың дауыстарын тыңдап, қандай жануар екенін табады.

III.Қорытынды:

Балалар ертегі сендерге ұнадыма?

- қандай ертегімен таныстық?

- сендер тышқанның орнында болғанда не істер едіңдер?



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
914
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі