Білім
беру саласы: "Қатынас"
Пән:
"Көркем
әдебиет"
Өтпелі
тақырып: Жайнай
бер Қазақстаным!
Тақырыбы:
«Отан»
Мақсаты:
1.Тәрбиелік:
Өз
Отанын сүюге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:
Өз
түсініктерін әңгімелей білу қабілеттерін
дамыту..
3.Оқыту:
Тақпақты жатқа мәнерлеп айтуға үйрету
Педагогикалық
технологиялар: сұрақ-жауап,түсіндіру;
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
суреттер, слайдтар.
Билингвалдық
компонент: отан-родина,
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық
кезеңі (2мин)
Отан
туралы әңгімелеу.
-
Отан деген не?
-
Отан деген сөзді қалай түсінесің?
II.
Негізгі бөлімі.
1.Әңгімелесу
-
Біздің ұлтымыз қазақ. Отанымыз —
Қазақстан Республикасы деп аталады.
Отан деген – ата - әжең, әке – шешең, аға
- әпкең, жеңге – жездең, бауырың,
қарындасың. Отан біздің ортақ үйіміз.
Біздің Отанымыз кең байтақ, алтыны мен
кені мол, дамыған ел. Біз өз еліміздің
бір кірпішіміз. Біз елімізді сүйеміз,
мақтан етеміз. Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қайда барсаң да әрқашан өз отаныңды
аңсап, сағынып тұрасың. Әр адамға туған
жер әрқашан да ыстық болады. «Туған
жердің күні де, түні де ыстық» - деп бекер
айтпаса керек.
"Отан"
Е. Өтетілеуов.
Отан
деген — атамекен,
Отан
деген — туған жер,
Отан
— ана,
Отан
— үлкен Қазақстан — туған ел.
-
Отанды біз атамекен деп аялап айтамыз,
өйткені оны мекен еткен бабамыз мен
атамыз. Отанды жас, кәріміз де туған жер
деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де
туып, өмір сүреміз.
2.Сергіту
сәті
Топ,
топ, басайық,
Жалаудан
күн жасайық.
Жаса,
жаса, алтын күн,
Жаса,
жаса, жарқын күн
3.
Отан
туралы мақал-мәтелдер.
1.Отан
оттан да ыстық.
2.Отансыз
адам, ормансыз бұлбұл.
3.Отан
үшін отқа түс, күймейсің.
4.Туған
жердей, жер болмас,
Туған
елдей,ел болмас.
4.Дидактикалық
ойын: «Туған
жерді гүлдендір»
(Балалар
алдын ала суреттері жапсырылған түрлі
түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен
жүріп Қазақстан картасына апарып
гүлдерін орналастырады.)
III.Қорытынды:
Бүгін
біз не туралы айттық?
Шығарма
қалай аталады?
Сұрақтар
қоя отырып оқу қызметін аяқтау.