400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Көркем әдебиет пәнінен конспект. Тақырыбы: "Отан".

Материал туралы қысқаша түсінік
ортағы топқа арналған көркем әдебиет пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп









«Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өз бетінше ізденушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту»











Баяндамашы: Жайыкбаева Меруерт













Шымкент қаласы



Аннотация

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.

Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.




Аннотация

Мы, народ Казахстана, чтобы, не отставая от времени войти в число развитых стран мира, а также для сохранения национальных ценностей должны пораньше перейти на латиницу. Это - требование времени.

Переход на латиницу один из путей независимости нашего национального сознания. Один пример, название нашей страны в новом варианте мы написали бы Qazaqstan,а не Kazakhstan.



Annotation

We, people of Kazakhstan must change our alphabet to the Latin one in order to come into the list of developed countries of the world and keep the national values. It is time demands.

Changing into the Latin alphabet is one of the ways of independence of our national thoughts. Only one example, the name of our country in a new variant of writing would be Qazaqstan, not Kazakhstan.















Жоспар:

І. Кіріспе


    1. Латын әліпбиіне көшу мәселесі.


ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қоғам болып  кірісу керек

2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.

2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы.


ІІІ. Тәжірибе бөлімі

3.1. Сауалнама және оның қорытындысы.

3.2. Мәтінді латын әліпбиінің әріптері арқылы жазу.

3.3. Шымкент қаласындағы атауы латын әліпбиімен жазылған ғимараттар

ІV. Қорытынды.























Кіріспе

Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым «Латын әліпбиі-рухани тәуелсіздікке жасалған алтын қадам». Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта осы тақырып көп айтылып, талқылануда. Мені де осы сұрақ ойландырды. Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.

Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне кең таралған.

Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.

Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.

Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.

Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін латын алфавитіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.

Ал, 1929-1940 жылдары латын алфавиті Қазақстанда қолданыста болды. Бірақ, Кеңес Одағы заманында 1940-1941 жылдары Қазақстан Үкіметі қаулысымен кириллицаға көшті. Кириллицада қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті және тарихы жазылды. Бұл өткен тарих, оны ешкім сызып тастай алмайды. Бірақ, енді мынадай мәселелер туындап келе жатқаны белгілі: бұрын кириллицамен жазылған шығармалар қайда қалады? Оларды келешек жас ұрпақ оқи алама, - деген заңды сұрақ қойылып келеді. Ол мәселе қазіргі ақпарат заманында техника арқылы жүзеге асуға тиісті деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді? Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге болады:

Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтан да тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар.Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең.

Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді.

Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады.

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді. Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек.

Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.

2.1. Қоғам болып  кірісу керек

Тіл, тілдің дыбыс жүйесі – өзгер­мейтін құбылыс емес. Кез келген тілдің дыбыс жүйесінде дыбыс реңктерінің дифференциациясы, көрші тілдің, кірме сөздердің әсерінен болған дыбыстық өзгерістер орын алады. Мысалы, орыс тіліндегі [а], [э] дыбыстарынан сөз ­басталмайтын зандылықты шет тілден енген анкета, аббат, абзац, атака, арба, ангел, эпоха, эра, этика, экзамен, эффект, этаж сияқты сөздер бұзып келеді. Сондай-ақ екі дауыстының қатар келуі де орыс тілі фонетикалық жүйесіне қайшы. Бірақ қазір орыс тіліндегі поэт, ореол, аут, театр, вуаль, какао, радио, пунктуация сөздерінде екі дауысты қатар таңбалана береді. Және ге, ке, хе дыбыс тіркесімдері де кірме сөздерде жазылып, айтыла береді: кедр, герой, схема, агент, аскет. Сондай-ақ орыс тіліндегі [ф] әрпі тек кірме сөздерді таңбалау үшін қолданылады: форум, факт, фонаръ, софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профилъ. <һ> фонемасы бұрын бог, благо сөздерінің айтылымында болса, қазір кірме сөздерде қолданылады».
Кез келген жүргізілмек рефор­маның межеленген соңғы нәтижеге қол жеткізілуі оның негізгі мақсат-мүддесі, іске асырылу мерзімі мен ауқымына, көлеміне байланысты. Әліпби реформасы да жалпыұлттық сипат алғанда ғана табысты болып, көзделген үдеден шықпақ.
Әліпби реформасы – замана талабы, Жалпыұлттық Үшінші Жаңғыруға аяқ басқан еліміздің толыққанды, заңды Ұлттық шекарасы, Ұлттық туы, Ұлттық әнұраны, Ұлттық валютасы сынды Мемлекеттік тілін де тұғырына қондырып, конституциялық мәртебесіне сай толыққанды жұмыс істетудің бірден-бір кепілі.
Әліпби реформасының басты мақсаты – Мемлекеттік тілді жеке-дара Қазақстан Республикасының Ұлттық рәмізіне айналдыру екені айқын, басымдылықпен айтылып, бұл тек қазақ тіліне қатысты мәселе емес, Жалпыұлттық мемлекеттік реформа екені кеңінен түсіндірілуі, насихатталуы шарт.
Еліміздегі мемлекеттік билік тар­мақ­тары – Парламент, Үкімет, Сот, т.б. халыққа қызмет көрсететін органдар Әліпби реформасын тез арада бастан өткеріп, қалың көпшілікке үлгі көрсетуі шарт.
Әліпби реформасының өзегі ретінде, біздіңше, Білім реформасы да жедел қолға алынып, қоса-қабат жүргізілуі керек. «Бір Отан – Бір (мемлекеттік) тіл» реформасы қоса жүргізілгенде ғана қолға алынып отырған Әліпби реформамыздың нәтижесі болмақ.

Қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ, – деді ол. Өйткені бұл «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтқанда «орыс-қазақ әліпбиі» десе де болады. Өйткені әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі болып орнығып алды. Орыс тілінде қалай жазылса қазақ тілінде де солай жазылу керек, орыс тілінде қалай айтылса қазақ тілінде солай айтылу керек болды. Мысалы немістің Jahrmarkt (Ярмаркт) деген сөзін орыстар ярмарка деп аударса, қазақтар өздеріне бейімдеп жәрмеңке деп атады. Қазақ тіліне, оның болмысына ешқандай қиянат, қысым жасалған жоқ. Қазақтың әп-әдемі о бастан келе жатқан сөзіне айналып кетті. Самовар деген сөзді самаурын деп атадық. Большевикті де сол кездерде латын қарпінде де, кейін кириллге көшкенде де бәлшебек деп жазатын болған. Мұндай сөздерді бұрынғы газет-журналдардан, кітаптардан байқауға болады.
Латын қарпіне көшу арқылы әр адам өзіне бір қажетті дүниені таба­тыны сөзсіз. Кезінде пайғам­бары­мыздың Меккеден Мединаға көшкені секілді бұл – үлкен һижра. Мұның нәтижесі бүгін белгілі болмайды. Мұның нәтижесі он жылдан кейін, жиырма жылдан кейін көріне бастайды. Әсіресе үлкен буынның азаматтары бұл көшке ілесе алмай да қалуы мүмкін. Бірақ кез келген нәрсенің өз қайыры болады.
Әрбір әріптің, дыбыстың артында тұрған үлкен құндылық бар. Мысалы қазақ тілінен «ө» немесе «ә» деген әріп жоғалып кетсінші. Біз басқа ұлтқа айналамыз. Сондықтан біз осы мәселеге мұқият қарауымыз керек.
Латын әліпбиіне көшу – ұлттық нар тәуекел. Тағдырымызды, табиға­тымызды, болмысымызды өзгерту деп ойлаймын. Қазір түсінбеуіміз мүмкін. Бірақ осының негізінде мемлекеттік тілдің әлеуеті, өзіміздің тіліміздің табиғаты жаңарып жатса, жаңғырып жатса біз одан ұтылмаймыз деп ойлаймын. Әліпбиді жасау сырт көзге оңай болғанымен оны санаға енгізу, көңілге қондыру сияқты басқа да көптеген жұмыстар бар. Осының бәрі өңірлерден басталады. Өзімізді жаңғырту, өзіміздің табиғатымызды өзгерту деген мәселеге келе жатырмыз. Жаңа әліпбиімізді жаңғыртатын дүние деп есептейтін болсақ шын мәнінде бұл іске қоғам болып кіріскен абзал. Бұл тек қана азғантай топтың мәселесі емес. Оған патриотизм керек. Өзіміздің тілімізге деген жаңа жанашырлықтың үлкен бір майданын бастау керек. Латын қарпіне көшу мәселесін жаңа бір бағытқа, жалпыұлттық мәселеге айналдыра білсек деген тілегіміз бар. Бұл іске бәріміз атсалысайық, – деп жиналған жұртшылықтың ойын бір арнаға тоғыстырды.

2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы туралы.

Латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселе көтерілгеннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы және оның әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.

2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.

Алдыңғы жобамен салыстырғанда диграфтардың барлығы дерлік апострофпен өзгертіліп, әліпбидегі әріптің саны 32 болып отыр.

Диграфпен белгіленген ә, ө, ү, дыбыстарының таңбалары ae, oe, ue түрінде екі дауыстының әрпі қатар тұрғаннан кейін визуалды түрде қабылдауға қиындық туғызатындығы белгілі еді, себебі а-ның да, е-нің де өзіне тән дыбыстық сипаты бар, көп жағдайда, әрине көз үйренбегеннен соң, екі дауысты сипатында қабылдауымыз мүмкін болатын және бір әріптің орнына екі әріпті жазу арқылы мәтіннің көлемі ұлғаятыны да анық жайт.

Міне, бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды және төмендегідей өзгерістереніпті:


Біріншіден, алдыңғы жобадағы 8 диграф апострофпен өзгертіліп, апострофпен берілген әріптердің саны 9-ға жеткен және «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталған;

Екіншіден, аффрикат ц әліпбиден алынып тасталған;

Үшіншіден, Уу әрпі Ww-мен таңбаланса, енді Y’y’түрінде апостроф арқылы берілген;

Төртіншіден, Іі мен Йй таңбалары Ii сипатында белгіленсе, қазіргі жобада қазақтық төл дыбысы жеке Ііарқылы, ал Ии мен Йй бір ғана І’і’ арқылы апострофпен таңбаланған;

Бесіншіден, алдыңғы нұсқадағы Йй әрпі Jj арқылы болса, қазір ол әріппен Жж белгіленіпті.

Осыларды саралай келе, бұл әліпби нұсқасындағы диграфтың апострофпен өзгертілгені, Цц-ның алынып тасталғаны, қазақ тілінде Ии дауыстысы жоқ екендігі ескеріліп, Ии мен Йй-ді бір таңба арқылы беруі, жалы алғанда, «бір дыбыс – бір әріп» принципі сақталғанғандығы көңіл құптарлық іс болып отыр.

Дегенмен, Уу-ды Ww түрінде таңбаласақ, Жж, Шш әріптерінің Zh zh, Sh sh түрінде диграфпен белгіленуі бұрыннан өзімізге таныс болғандықтан сол сипатында қалдырып, апострофты азайтуға мүмкіндік жасауға болар еді немесе Жж-Jjнұсқасын өзгертпей, Шш-ны Cc-мен де таңбалауға болады, себебі бұл әріп қолданылмай тұр.Уу-ды Ww түрінде таңбалауды жөн көріп отырғанымыздың тағы бір себебі Уу-ды да, Ыы-ны да YyY’y’деп таңбалауға қатысты. Ыы мен Уу әріптері жуан-жіңішке жұпты құрайтын дыбыстардың таңбасы болмағандықтан, екеуі бірдей таңбаланып, тек апостроф арқылы ажыратылып тұрғандығы қиындық туғызатын сияқты. Ал АаӘә (AaA’a’), ОоӨө (OoO’o’) дыбыстарының жуан-жіңішке сыңарлары ретінде апострофтың қойылуы түсінікті. Сондай-ақ Ыы дыбысының жіңішке сыңарын І’і’ арқылы, ал  Ии мен Йй-ді Іі арқылы белгілеген жөн болар деген ойдамыз.

Жалпы алғанда, қазіргі ұсынылып отырған әліпби жобасында игерілмей тұрған үш әріпті (ХхСс,Ww) ұтымды пайдаланған дұрыс болар еді.

Әрине, аталған әліпби жобасының әлі бекітілмегенін, талқылауда екенін ескерсек, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жалпы халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қазақ тілінің заңдылықтарына сай әліпбидің өмірге келетініне шүбә болмауға тиіс деп ойлаймын.

2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы.

Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.

1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған латын әліпбиімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мемлекеттік баспасөзі, көркем әдебиеті т.б. жарық көріп тұрды. Кейіннен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі келтіреді, біртұтас кеңес халқын жасаймыз, барша жұрт орыс тілінде сөйлесе, солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деген желеумен әліпбиді кириллицаға көшіріп жіберді.

Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мәселесі көпшілік арасында біраз пікірталасқа айналып отыр.

Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу біздерге көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.

Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.

Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömir т.б

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.












Тәжірибе бөлімі

3.1. Сауалнама және оның қорытындысы.

Мен осы жобамды жүргізу барысында өзімнің әріптестерімнен арасында «Латын әліпбиіне көшу» туралы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды.


Тұжырым: Осы сауалнама қорытындысына қарап мен адамдар бірте-бірте бұл мәселеге дұрыс көзқараспен қарайды деген ойдамын.













3.2. Мәтінді латын әліпбиінің әріптері арқылы жазу.

Мен осы жұмысымды жүргізу барысында оқушыларыма мәтінді латын әліпбиінің соңғы нұсқасында жаздырып көрдім. Оқушылар латын әліпбиімен жазуға төселмегендіктен, жазуда қиындықтар кездесті..





Сонымен қатар қазақ тілі оқулығындағы 29-жаттығудағы «Магнит» деген мәтінді де жаздырдым. Қолдары біршама жаттығып қалған секілді, аса қиналмады. Осы жұмысты жүргізбей тұрған кезде мен «Үйрене алады ма?» деп ойланушы едім. Қорқынышым сейілді. Демек сіздердің де қолдарыңыздан келетініне сенімдімін. Жазып көріңіздер!






3.3. Шымкент қаласындағы атауы латын әліпбиімен жазылған ғимараттар


Осы жұмыстың аясында мен қаланың біраз жерлерін аралап, латын әліпбиінде жазылған біршама ғимарат атауларын көрдім.


















Қорытынды

Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.

Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындары аралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.

Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.

Ендігі ретте латынға көшу не үшін қажет?- дейтін сауалға ғалымдардың дәлелдеуімен жауап беріп көрейік.Бұл сауда мен экономика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге жақын мәселе. Себебі, шетелден келетін күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік өнімдеріне дейін, соның ішінде бренд өнімдерінің барлығы дерлік атауы латын графикасымен жазылған. Біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде сағат сайын, сәт сайын осы мәселемен ұшырасамыз. Мысалы, Mersedes, Toyota, Land Cruzier деген атаулардың барлығын айна-қатесіз оқып, қиналмастан оның қандай маркалы автокөлік екендігін жазбай танимыз.Сонымен қатар, тұрмыстық техника құралдарын алатын болсақ LG, Samsung, Panasonic, Sony тағы басқаларының барлығының аты латын графикасымен жазылған. Бұл – әлемдік стандарт атаулыларының барлығына латын графикасы тән екендігін, атаулардың барлығы латын әрібінде жасалғандығын көрсетеді.Сондай-ақ, латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны, мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.

Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.

























Ұсыныс:

  1. Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру.

  2. Латын әріпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.

  3. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.

























Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.

  2. Городкова Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,

  3. Боровский Я.М , Болдырев А. Учебник латинского языка изд-4

  4. Ақпараттық көздер.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі