400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Көркем әдебиет "Қыс көрінісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың эмоциялық көңіл-күйін көтеру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.02.19ж.

Тәрбиеші: Асылбекова Ж.С.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: «Қыс көрінісі.»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Суретке деген қызығушылығын арттыру. Зейін дамыту.

Оқыту: Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету.Синонимдерді сөздік қорына еңгізу.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қыс көрінісі сурет

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): қыс-зима

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

. Балалар қазір бізде қыс мезгілі.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Қыс көрінісімен танысамыз.
2.Негізгі бөлім:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен?
Аяз қыстап, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Ол қандай ай?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.
- Ал енді балалар суреттегі қыс көрінісіне қараймыз. (суреттерді жапсырады)).
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Ақпан айы
- Ақпан айы қыстың соңғы айы. Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз
Адам, торғай, ағаш, күн, жануарлар
Бізді қоршаған орта
Іздену барлау
Тәрбиеші: - Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге байланысты, балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық.
- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.

- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
(Осы кезде есік қағып «Қоян» келеді).
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерге өзіммен бірге жұмбақ ала келдім, кім шешуін табады екен.
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым (Сәбіз)
Олай болса балалар осы сәбіз арқылы жауып тұрған қардың суретін салып бересіңдер ме?
- Балалар алдымыздағы беттің түсі қандай? Қандай пішінге ұқсайды? Қардың түсі қандай?
- Салған суреттерімізден қоянға көрме жасап берейік.
Қоянға ұнады ма екен?
- Рахмет сендерге балалар тамаша сурет салдыңдар. Сендердің салған суреттеріңді алып орманға қайтайын. Достарыма көрсетемін. Сау болыңдар.
Сау бол қоян
(Балалар қызыға қарайды. Суретке қарап әңгіме айтады, қимылмен көрсетеді)
3.Қорытынды:
- Балалар сендер қыс мезгіліне байланысты тақпақтар білесіңдер ме?
- Енді балалар ойын ойнайық Д. о «Ойлан тап» (Қыс мезгіліне байланысты суреттерді тақтаға жапсырады)
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
(Үш ай бар)
- Қандай айлар?
(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Ақпан қыстың қандай айы?
(Ақпан қыстың соңғы айы)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі