400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көркем әдебиет: Сабақ жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы «Қайырымдылық »

Мақсаты: Адам жүріс – тұрысының ерешеліктерін бағалауға үйренуді жалғастыру,өзге адамға мейірімділікті,қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері.

-Балалар,бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша!Ал енді бәріміз қолдарымыз

дан ұстасып,бір-бірімізбен бірлікті қолдай-

тынымызды білдірейік.Педагог балалармен

шеңбер бойына жиналып,төмендегі өлең

жолдарын бірге қайталайды:

Достығымыз берік боп,

Бекітейік қолменен.

Қуанышты шеңберге,

Тұрған жақсы доспенен.







Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,өлең жолдарын қайталайды.

Іздену ұйымдастырушы


-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінде Д.Данабековтың «Қайырымдылық» әңгімесін оқып,мазмұнымен танысамыз.Әңгімені оқып,мазмұнын айтып беру.

-Құстар біздің неміз?

-Құстарға біз не береміз?

-Құстар қайда ұшады?






Досымыз.

Жем.

Аспанда.

Шартты

түзетуші


«Құстардың қимылы» ойыны.

Ойын мақсаты:Әуеде ұшып жүрген құстардың қанаттарын қақтырып,жерден тары шоқытып,көлден суды ішкізіп,еркін қимылдату.

Ойын шарты:Педагог көрсеткен қимылдарды ауада тізбектелген құстай жүріп көрсету.Ойын осылай жалғаса береді.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Құстар туралы.

Меңгеру керек: Құстарға әрқашан қомқор болуды.

Игеру керек: Шығарманың мазмұнына байланысты қамқорлық,мейірімділік қасиеттерін.





«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы «Әке мен бала»

Мақсаты: Әңгімені тыңдай білу дағдыларын дамыту.Үлкендерді тыңдауға,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.


Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға,бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.



Балалар шеңбер бойына тұрып,қимылдар жасайды.

Іздену ұйымдастырушы



-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала»

атты әңгімесімен танысамыз.Суретпен таныстыру. «Әке мен бала» шығармасын оқып беру.

-Баланың тіл алмағаны дұрыс па?

-Әкесінің әрекеті дұрыс па?

-Қайсысының мінезі ұнады?

-Сендер әке-шешелерінңнің тілін аласыңдар ма?







Балалардың жауабы.

Шартты

түзетуші



-Әңгіме сендерге ұнады ма?

-Сенің досыңның мінезі қандай?



Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтижелер:


Білу керек: Әңгімені тыңдауды.

Меңгеру керек:Әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне отырып,еңбексүйгіштік қасиетті.

Игеру керек: Үлкендерді сыйлауды.









«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс»

Мақсаты: Ақын туындыларына деген қызығушылықты қалыптастыруға баулу.Қалтырайды,ағарады,қар,қыс,үлбіреген,аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік қорларын кеңейту.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбер:

Аппақ,аппақ дала,

Аппақ ауыл,қала.

Жапалақтап ақша қар,

Жауа берші,жауа.

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа.

Қар атысып ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша,Тамаша! – Балалар шаттық шеңберіміз не туралы айтылды!


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап,өлең жолдарын қайталайды.



Қыс туралы.

Іздену ұйымдастырушы


Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын Абрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

-Қыста жердің бетін не басады?

-Қардың түсі қандай?

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу:

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызыл қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды,тауды да,

Бояған ақ түспенен.

Арқылы оқылған өлең шумақтарын әңгімелеуге жетелеу. Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.



Қар

Аппақ,жұмсақ,суық





Сұрақтарға жауап береді.



Қимылдарын жасайды.

Шартты

түзетуші

Балаларға мақтадан қар жасату,еңбектерін бағалау,мадақтау.



Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Жыл мезгілдерін.

Меңгеру керек:Қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын.

Игеру керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін.


«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы «Түлкі мен қоян»

Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіре отырып,қимылдарын көрсете білуге баулу.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер бойына тұрып,педагогтің көмегімен Өтепберген Ақыпбекұлының төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.



Қимылдармен жасайды.

Іздену ұйымдастырушы


Бүгінгі іс-әрекетімізде «Түлкі мен қоян» ертегісін оқып,мазмұнын ашамыз.Ертегіні оқып беру.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Түлкі кімді көреді?

-Қоян оған неге жақындамады?

-Түлкі нені жақсы көреді?


«Қояндар» ойыны.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы,қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.





Балалардың жауабы.


Секіріп,қоянның қимылдарын жасайды.

Шартты

түзетуші


-Балалар,сендерге ойын ұнады ма?

-Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегімен таныстық?

Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Адамгершілік қасиеттерін бағалауды.

Меңгеру керек: Ертегінің мазмұнын.

Игеру керек: Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіруді.



«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шырша» (өлең)

Мақсаты:Өлеңді оқу,өлең мазмұнымен таныстыру,мәңгі жасыл шыршаның қысы-жазы бір түсте болатындығын айтып өту.Шырша туралы толық мағлұмат беру, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Сонша әсем,сонша бай.

Ағаш бар ма шыршадай!

Балалар шеңберге тұрып,қимылдарды толық жасайды.


Іздену ұйымдастырушы


-Ал,балалар,бүгін сендерге бір жұмбақ жасыра мын.

Жұмбақты мұқият тыңдау керек.

Тікен,тікен,тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

-Енді,балалар,осы тақырыпта берілген «Шырша» өлеңін мәнерлеп оқимыз.Авторы-ақын Есентай Ерботин.

Жасыл шырша төрдегі,

Дейді: «Бәрің көр мені!»

Кеткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып.

Түрлі түсті шамдары –

Түнде ғажап жанғаны.

Көргендерді елітеді,

Керемет бір ертегі.

-Шырша қандай?

-Шырша әдемі болуы үшін оған не ілеміз?

«Шыршаны безендіру» ойыны: Мақсаты: бала

лардың қызығушылығын ояту,шапшаңдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.Ойын шарты:ортада тұрған жасыл шыршаны әдемілеп безендіру.




Жұмбақтың шешуін табады.











Балалар шырша туралы білетіндерін әңгімелейді.

Ойынға қызығушылық танытады.

Шартты

түзетуші

-Балалар,сендерге безендірілген шыршамыз ұнады ма? - Несімен ұнады?

Балалар алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек:Өлеңнің мазмұнын.

Меңгеру керек:Шыршаның қысы-жазы бір түсте екенін,оның әдемі ағаш екенін.

Игеру керек: Ағаштардың керек екенін.Олардың пайдасы бар екендігін.

«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит»

Мақсаты:Балаларды мейірімділікке,өзге адамдарға,жануарларға қамқорлық сезімін білдіруге талаптандыру.Ертегі арқылы балаларды табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Психологиялық сәт:

«Ертегілер» әні үнтаспадан тыңдалады.

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемнің,

Қызығында жүрдім.

Бірақ оянып кеттім, Әттең.

Балалар шеңбер бойымен бір-біріне қарап тұрып қимылдар жасайды.


Іздену ұйымдастырушы


Берілген ертегідегі орман аңдарының суреттері арқылы ертегінің мазмұнымен таныстыру. Алдымен ертегіні мәнерлеп оқу.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін дамыту. «Саусақ театры» арқылы ертегіні сахналау.Ертегіні сахналау алдында балалардан сұрау.

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегі не жайлы?

-Ертегіде қандай құстар бар екен?

«Құс қимылы» ойыны:

Мақсаты: әртүрлі қимылдар жасау арқылы бойларын сергіту.

Ойын шарты: Педагог балаларға өлең оқиды.

Құс болып ұшамыз,

Жерге қонамыз.

Жемді шоқып жейміз,

Суды ұрттап ішеміз.

Жайлап қанат қағамыз,

Орнымызды табамыз.






Балалар ойларын айтады.




Ойын ойнайды.Балалар пеадгогтің айтқан сөздерін қимылмен көрсетіп,тез,жылдам жасайды.

Шартты

түзетуші

Балалардың алған білімдерін тиянақтау, әрекет теріне қолдау жасау.



Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Айболит – орман дәрігері екенін,

Меңгеру керек:ертегі арқылы қоршаған ортаны қорғай білуді.

Игеру керек: дәрігер өз қызметін қалай атқаратынын,қалай көмек көрсетуге болатынын.


«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлең)

Мақсаты: Жемістерді (алма,өрік,қара өрік,шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбер:

-Балалар бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр.Олай болса,бәріміз шеңбер бойымен айналып тұрамыз.

«Күз-жомарт» әнән орындайық:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз-жомарт»,-дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап,өлең жолдарын қайталап айтады.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы,не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

-Ал енді,балалар,мына өлең шумағын тыңдайық.

Алма:

Нарттай қызыл алмам бар, Жазда әдемі киінем

Мәз болады алғандар. Тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін, «Меннен аулақ жүр» деймін

Кешігуді білмеймін. Уылжыған өрікпін,

Піспей тұрған кезімде Мен бау-баққа көрікпін.

Қара өрік:

Қара өрік деген атым бар, Алыңдар баққа ектіріп,

Менненде дәм татыңдар. Сақтаңдар ұзақ кептіріп.

Дәрі орнына жүруге, Шаймен ішкен сусындар,

Кейде менің хақым бар. «Па,шіркін-ай» деп тұрып.

Оқылған өлең шумақтарын сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу, талқылау.

Сергіту сәті: Алма,алма көп алма,

Қызыл,жасыл көк алма.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Күз мезгілі


Алма

Шие

Өрік

Балалар қолдарымен жемістерді ұстап,көлемін,түсін анықтайды.

Оларды қарап бір-бірімен салыстырады.









Өлең шумағын қимыл қозғалыспен орындайды.

Шартты

түзетуші

Тәрбиеші балалардан бүгінгі іс-әрекеттен алған әсерлерін,көңіл-күйлерін,не үйренгендерін сұрайды.



Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуді;

Меңгеру керек:үлкендердің еңбегін бағалай білуді,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды;

Игеру керек: жемістер туралы түсініктерін.


«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)

Мақсаты: еңбекке қызығушылықты қалыптастыру,оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Жылулық шеңбері:

-Балалар бәріміз шеңбер бойымен айналып тұрамыз.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.



Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап,өлең жолдарын қайталап айтады.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын апамыз Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін оқимыз.

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән

Тербеледі толқиды.

Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып.

Күн астында ақ бидай,

Билейді қол ұстасып.

Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.

-Алтын дән дегеніміз-сап-сары болып өсіп тұрған бидай. Астықты күзде жинайды.Өсіп тұрған бидайды комбайын орып, астықты жүк машиналары қамбаға тасиды.Алтын дән ақырында дастарқанға ас атасы-нан болып келеді.

Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.



Мұқият тыңдайды.















Өлең шумағын қимыл қозғалыспен орындайды.


Шартты

түзетуші

-Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай өлең шумағымен таныстық?

-Сендерге өлең ұнады ма?


Балалардың жауабы.



Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: өлеңнің мазмұнын;

Меңгеру керек:нанның үлкен еңбекпен келетінін;

Игеру керек: алтын дәннің нәтижесі –нан,оны қадірлеу керек екенін.





«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз. Н.Айтов.


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталап айтады.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Шалқан» ертегісін саусақ театры арқылы сахналаймыз.

Ертегіні саусақ театры арқылы көрсете отырып,мазмұнын ашу.

Сұрақ-жауап.

-Қандай кейіпкерлерді естеріңе сақтадыңдар?

-Ата көмекке кімді шақырды?

-Әже көмекке кімді шақырды?

-Немересі кімді шақырды?

-Күшік кімді шақырды?

-Мысық кімді шақырды?

-Сонымен бәрі бірігіп не істеді?



Балалар қызықтайды.




-Әжені

-Немересін

-Күшікті

-Мысықты

-Тышқанды

-Барлығы тартып Шалқанды жұлып алады.

Шартты

түзетуші

-Ендеше,балалар ,өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің атрибуттарын киіп,ертегіні сахналайық.


Рөлдерге бөлініп сахналайды.



Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: ертегіні мұқият тыңдауды;

Меңгеру керек:ертегіні зейін қойып тыңдап,кейіпкерлердің көңіл-күйін сезінеді.

Игеру керек: сахналау арқылы мазмұнын игереді;






«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын» (өлең).

Мақсаты: құрдастарымен өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікті шешу тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Біз балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да,қайда да,

Сенімді боламыз.



Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап орындайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын ағамыз Ермек Өтетілеуұлының «Мен тәртіпті баламын» өлең шумағының мағынасын түсініп мәнерлеп оқимыз.

Моншадан келгенде,

Суық суды ішпеймін.

Шалшық суды көргенде

Бәтеңкемен кешпеймін.

Тұрысымен төсектен,

Сұрамаймын нанды да,

Үйге қонақ келгенде,

Көп мазаламаймын да.

Мен тіл алғыш баламын,

Тәртіпті де боламын.

Сұрақ-жауап:

-Балалар біз қандай болуымыз керек?

-Әке –шешемізді тыңдаймыз ба?

-Сендер қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

«Кім жылдам» ойыны.

Мақсаты:ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Ойын шарты: шашылған гүлдерді жинап себетке салдыру.



Мұқият тыңдайды.













Балалардың жауаптары.



Шартты

түзетуші

Қортындылау:

Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Анам жұмысқа кеткенде,

Үйде ойнап қаламыз.


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасаудың ережелерін;

Меңгеру керек: әдептілік ережелерін;

Игеру керек: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді.

«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» (өлең).

Мақсаты: балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынас нормалары және қоғамдағы жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыруды жалғастыру,сыпайлықтың қарапайым әдеттерін тәрбиелеу.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Психологиялық сәт:

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін,

«Кеш жарық!»-деп кіремін.

(Е.Өтетілеуұлы).


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап орындайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын ағамыз Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді оқып беру.


Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.

-Балалар біз қандай болумыз керек?

-Әдепті,жақсы балалар бар ма топта?


«Қалай амандасу керек?» ойыны.

Мақсаты:әдептілік ережелеріне баулу.

Ойын шарты:балалар жұптасып,сыртқы және ішкі шеңбер құрады.Тәрбиешінің нұсқауы бойынша қарама-қарсы тұрған балалар бір-бірімен амандасады.




Мұқият тыңдайды.



-Әдепті,жақсы

-Бар. Мысалы.............




Бір-бірімен амандасады.



Шартты

түзетуші

Қортындылау:

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға

Жасасақ бір жақсылық,

Қайтарады саған да.

Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: әдептілік ережелерін;

Меңгеру керек: қоғамдық орында жүріп-тұру ережелерін;

Игеру керек: ойын арқылы жақсы қасиеттерді.


«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жақсы деген немене,жаман деген немене» (өлең).

Мақсаты: қалай істеуге болады,қалай істеуге болмайтынын, жақсы деген немене,жаман деген немене дегенді түсінуге мүмкіндік туғызу. Әдептілікке тәрбиелеу.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады,Солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде орыс ақыны Владимир Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене» өлең шумағымен танысамыз.

Өлең шумақтарын мәнерлі,мағыналы оқып,мазмұнын ашу,түсіндіру.

Ойын арқылы балалардың ой –пікірлерін сұрақ-жауап арқылы жетелеу.

«Мен қандаймын» ойыны.

Мақсаты:адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.

Ойын барысы:балалар шеңберге тұрып,бір-біріне допты беріп,адам бойындағы жақсы қасиеттерді айтады.

Мысалы:

-Айдын, сен жақсы баласын, ақылдысын. т.б






Мұқият тыңдайды.




Ойын ойналады.

Балалар қызығушылық тапқырлық танытады.

Шартты

түзетуші

-Жақсы деген сөзді қалай түсінесің?

- Жаман деген сөзді қалай түсінесің?

-Еңбексүйгіш баланы қалай атайды.

Балалардың жауабы.



Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: жақсы қасиет пен жаман қасиетті ажырата білу;

Меңгеру керек: әдептілік нормаларын;

Игеру керек: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді.







«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Екі дос» (өлең).

Мақсаты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету.Ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Достық

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы,

Еңбек ортақ,жер ортақ,

Ортақ бізде барлығы.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз. Е.Елубаев.



Балалар шеңбер бойына тұрып, тақпақты қимылмен жасайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Қадыр Мырза Әли ағамыздың «Екі дос» өлеңін оқып,мазмұнын ашамыз. Өлеңді оқып беру.

Шекіссек те екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекембіз,

Анамызға айтпаймыз.

Айтып қанша қажеті?

Біліп қойса біздерді,

Ойнатпайды бір жеті.


Өлең шумағында не жайлы айтылғаны туралы түсіндіру.

-Балалар біз бір-бірімізбен қандай болуымыз керек?

-Өз достарың туралы айтып беріңдерші.





Мұқият тыңдайды.









Балалардың жауабы.



Шартты

түзетуші

Мақал-мәтел айту арқылы қортындылау.

Досы барды жау алмайды.

Аққуды атпайды,

Досын сатпайды.

Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.


Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: достық қарым-қатынас туралы;

Меңгеру керек:достың қандай болуы керегін түсінеді;

Игеру керек: құрдастарымен сыпайылық қатынаста болуды.

«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________ Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан (латыш ертегісі)

Мақсаты:«Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру арқылы тіл байлықтарын молайту, қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту.


Оқу іс –әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс – әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Жылулық шеңбері:

Күлімде,күн,күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Күлімде,күн,күлімде,

Жайнай түсті күнім де.

Жарқыраған жұлдыздай,

Жарқ-жұрқ еткен түнімде.


Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.


Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Бүгінгі іс-әрекетімізде «Арыстан мен тышқан» атты латыш ертегісімен танысамыз. Ертегі өте қызық екен.

Ертегі мазмұнын айту.

Сұрақ-жауап.

-Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

-Арыстан қайда жүреді?

-Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде?

-Арыстан мен тышқан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тышқан шықты інінен,

Азық іздеп жерінен,

Секірейік,секірейік,

Шаршағанды кетірейік.







Балалар жауап береді.

Саваннада

Арыстан-үлкен,тышқан-кішкентай

Балалар өлең шумағына қимылдар жасайды.




Шартты

түзетуші

Қорытындылау.

-Балаларға әртүрлі қимылдар жасату.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп

Беті-қолын жуады




Қимылдар жасайды.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі мазмұнын

Игереді: ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыруды

Меңгереді: ертегіні өз ойымен байланыстырып айтуды.



«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна»(ертегі)

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін,жүріс-тұрысын талдауға,оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.Сыпайлыққа тәрбиелеу.


Оқу іс –әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс – әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Психологиялық сәт.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық


Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме

-Балалар,бүгін біз «Түлкі мен Тырна» ертегісін оқып,мазмұнын ашамыз.

«Түлкі мен Тырна» ертегісін оқып беру.


Сергіту сәті

Қанат жаям жалма-жан

Талпығандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.


Сұрақ – жауап

- Қалай ойлайсыңдар,осы ертегіде Түлкі мен Тырна бір-біріне қонақжайлық көрсете алды ма?

- Түлкі кіммен дос болыпты?

- Түлкі қонағын қалай күтіпті?

- Тырна Түлкіні қалай күтті?





Ертегі тыңдайды.




Қимылдар жасайды







Тырнамен

Балалардың жауабы

Шартты

түзетуші


Қорытындылау.

-Түлкі қандай аң?

-Тырна қандай құс?




Жабайы,қу

Мойны ұзын

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді

Меңгереді: жақсы қасиеттерді










«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»(ертегі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға,жан-жауарларға мейірімділік білдіруге,өзара көмектесу,қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.


Оқу іс – әрекет кезеңдер

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Арым таза,ақ көңіл

Адамдыққа сенемін

Абыройлы,ақ ниет

Адалдыққа сенемін.


Өлең шумақтарындағы қимылды айта отырып жасайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме

-Балалар,сендер қандай ертегілер білесіңдер?

-Бүгін біз «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні оқып беріп мазмұнын айту.


Сұрақ – жауап арқылы балаларды жетелеу.

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

-Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

-Ешкі тоғайға не үшін барады?

- Ешкі тоғайға кеткенде кім келеді?

-Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?



Балалардың жауабы


Ертегіні тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Шартты

түзетуші

«Қасқыр мен жеті лақ» ойыны.

Шарты:балалар ертегі мазмұнын игеріп,қасқыр,ешкі лақтардың жауаптарын жақсы білуі керек.Тәрбиеші рөлге бөліп,атрибуттарды үлестіреді.Ешкі мен лақтар жеңішке дауыспен,қасқыр жуан дауыспен ,сосын жіңішке дауыспен сөйлейді.Ойын осылай жалғаса береді.



Ертегіні сахналайды




Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.

Игереді: мейірімділік,қайырымдылық қасиеттерін

Меңгереді: шығарманы зейін қойып тыңдауды.







«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Телефон» (өлең).

Мақсаты: көркем сөзге деген ынталарын дамыту,кейіпкер бейнесін сомдау,мәнерлі дауыс ырғағы сөйлеу көркемдігі мен орындау қабілеттіліктерін қалыптастыру,әдептілікке тәрбиелеу.


Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.


Балалар шеңбер бойына тұрып, тақпақты қимылмен жасайды.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде орыс ақыны Корней Чуковскийдің «Телефон» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сылдыр етті телефон:

-Бұл кім?

-Піл.

-Өзің кімсің,бұл қайдан?

-Түйеден.

-Сізге не керек?

-Керек еді шоколад.

-Кімге?

-Менің балама.

-Көп керек пе?

-Азырақ.Бес-алты пұт жетеді.

Керек емес ондай көп.

Одан артық жей алмайды,

Балам әлі өскен жоқ.

Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу.

-Балалар,телефонды қай кезде,не үшін қолданамыз?

-Телефонмен қалай сөйлесу керек?

«Қазақтелеком» желілі ойын.





Мұқият тыңдайды.















Балалар ойларын айтады.

Сыпайы,әдепті сөйлесу керек



Шартты

түзетуші

-Балалар сендерге ойын ұнады ма?

-Еннді үнтаспадан Ермек Өтетілеуұлының «Телефон» өлеңін тыңдап,оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: өлеңнің мазмұнын;

Меңгеру керек:сөйлеу көркемдігін; Игеру керек: қажетті сыпайылық қасиеттерді.

«Ақбота» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні:___________ Тәрбиеші: ________________

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Торғай мен мысық»

Мақсаты:өлеңді есте сақтауға,педагогтен кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.

Iс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себеп

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер бойына тұрып,бір-біріне күлімдей қарап әңгімелеседі.

-Мен әдемімін.

-Мен ақылдымын.

-Мен бақыттымын.

-Мен әдепті баламын.


Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауамен дем алып,

Жақсы ойлар табайық.

Осы жақсы лебізді,

Бір-бірімізге сыйлайық.

-Енді балалар келіңдер,кілем үстіне жайғасайық!


Балалар шеңбер құрып тұрады.






Балалар шеңбер бойына тұрып, тақпақты қимылмен жасайды.



Шеңбер бойымен отырады.

Іздену ұйымдастырушы


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Ертай Ашықбаевтың «Торғай мен Мысық» оқып беру, әңгімелеу.

Жем шоқыған торғайға

Көзі бірден түсіп.

«Бұл әдемі ас болмайма?»-

Қадам басты мысық.

Бір,екі,үш,

Торғай,торғай ұш!

Сұрақ – жауап:

-Торғай нені шоқыды?

-Мысық не істемек болды?

Сергіту сәті:

«Торғай мен Мысық».

Балалар шеңбер құрып тұрады.Санамақ арқылы бір бала мысық болып сайланады.Қалған балалар торғайлар рөліне енеді.

«Мысық ұйықтайды!»-дегенде,торғайлар жем шоқуға шығады.

«Мысық оянды!»-дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады.Ұсталған бала ойыннан шығады.





Мұқият тыңдайды.






-Жемді

-Торғайды жегісі келді.


-Балалар шеңбер бойына тұрып, ойын ойнайды.






Шартты

түзетуші

Қортындылау.

-Мысық қандай әрекет жасады?

-Торғайлар не істеді?

Торғайды ұстап алмақ болды.

Жем шоқыды.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: педагогтен кейін қайталауды;

Меңгеру керек:өлең мазмұнын түсініп,жаттай білуді;

Игеру керек: құстарға қамқорлық жасау қасиетін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
5602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі