400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

көркем әдебиет саласы бойынша ҰОӘ конспектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл суретте ұл бала мен қыз бала жолдан өтіп бара жатыр. Көшеде жүру тәртібін сақтап бағдаршамның жасыл түсі күтіп тұр. Балалар,көшеде жол тәртібін сақтамау- адам өміріне өте қауіпті. Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына қарап, арнайы жаяу жүргіншіге арналған жолмен өту керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

II –ші кіші «Көгершін» тобына арналған перспективтік жоспар.

Білім беру саласы: Қатынас. Көрем әдебиет

№

Мазмұны

Сағат саны

Өткізілген күні

1-жарты жылдық

Апта тақырыбы: «Менің дстарым»

1.

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы»

Мақсаты:Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар(мамандық) арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс- әркетін бағалау, алған әсерлерін өз ойларымен айтып беру білігін дамыту.

1

12.09.17

Апта тақырыбы: «Жиһаз»

2.

Тақырыбы: Күз

Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау. Адамдар еңбегңне құрмет сезімін тәрбиелеу. Ырыс, құт – береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл – қозғалысын дамыту.

1

26.09.17

Апта тақырыбы: «Табиғат әлемі»

3.

Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?» Ш. Ахметов Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Күз, жаңбыр, алма, жапырақ сөздерін дұрыс айтуға үйрету. Табиғатқа деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

1

10.10.17

Апта тақырыбы: «Күз байлығы»

4.

Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)

Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

1

24.10.18

Апта тақырыбы: «Мен және қоршаған орта»

5.

Тақырыбы: «Жемістер жыры» Н.Жанаев

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту,жемістердің атауымен «Жемістер» деген топтастыру сөзді негізу.


1

07.11.17

Апта тақырыбы: «Мамандықтардың бәрі қажет»

6.

Тақырыбы: «Мен» Е.Өтетілеуұлы.

Мақсаты: Балаларды әдеби шығармамен таныстыру, шығарманы жаттау.

1

21.11.17

Апта тақырыбы: «Менің туған жерім»

7.

Тақырыбы: «Отан» (өлең)

Мақсаты:Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке деген құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Өз Отанын сүюге жетелеу.

1

12.12.17

Апта тақырыбы: «Қош келдің жаңа жыл!»

8.

Тақырыбы: «Қыс»

Мақсаты: Балаларды қыс мезгілінде болатын мерекелермен таныстыру, мерекеде өздерін дұрыс ұстауларын үйрету. Сөздік қорларын дамыту.

1

26.12.17

Апта тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

9.

Тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру.Жан- жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

1

09.01.18


Апта тақырыбы: «Қар не үшін керек?»

10.

Тақырыбы: Қар

Мақсаты: Өлеңдегі киіпкерлердің іс- әрекетін бақылау арқылы балаларды еңбек етуге, үлкендерге қолдан келгенше көмектесуге тәрбиелеу.

1

23.01.18

Апта тақырыбы: «Техника және біз»

11.

Тақырыбы: Әке мен бала

Мақсаты: ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.

1

13.02.18

Апта тақырыбы: «Мұхиттар мен теңіздер әлемі»

12.

Тақырыбы: Су асты әлемі

Мақсаты: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру; Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру; Айналасымен өзара қатынас орнату, мінез - құлық мәдениетімен дағдыларын меңгерту; Үлкендермен, достар арасында әдептілікке, табиғатты сүюге, оған қамқор болуға тәрбиелеу.

1

27.02.18

Апта тақырыбы: «Өнер көзі халықта»

13.

Тақырыбы: Наурыз мерекесі

Мақсаты: Балаларды Наурыз мерекесімен таныстыру. Балаларды тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіменің мазмұның айтуға үйрету. Мерекеге деген жағымды сезімдерін ояту, артикуляциялық аппаратарын дамыту. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кележатқан мерекеге сүйспеншіліктерін арттыру.

1

13.03.18

Апта тақырыбы: Ертегілер әлемінде. Театр әлемі

14.

Тақырыбы: Шалқан (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әркеттерін, жүріс – тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

1

27.03.18

Апта тақырыбы: Жандіктер қос мекенділер

15.

Тақырыбы: Шыбын мен көбелек

Мақсаты: Әңгіменің негізгі ойын анықтап, көбелек пен шыбынды салыстыру. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйренуге және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Жануарлар жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өмірі.

1

10.04.18

Апта тақырыбы: Аялайық гүлдерді

16.

Тақырыбы: Ғажайып гүл

Мақсаты: Балаларды көркемдік талғамға тәрбиелеу.Сиқырлы гүлдердің бейнесін мүсіндеуді көрсету және басқа материалдарды қолданып мәнерлі де әдемелеп сәндеу. Өнерге деген қызығушылықтарына мүмкіндік туғызу.

1

24.04.18

Апта тақырыбы: Көңілді жаз

17.

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан

Мақсаты: «Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.

1

22.05.18

Апта тақырыбы: «Қош келдің жаз!»

18.

Тақырыбы: Жаз

Мақсаты: Балаларды жаз мезгілімен, өлен жолдарымен таныстыру, мәнерлеп айтқызуға оқуға үйрету.

1



Барлығы


18






























Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

(2-ші кіші тобы)

Білім саласы: «Қатынас» Күні: 26.09.17ж

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз» (өлең)

Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау. Адамдар еңбегңне құрмет сезімін тәрбиелеу. Ырыс, құт – береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл – қозғалысын дамыту.

Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Күз мезгілінің суреттері, хрестоматия, себет.

Сөздік жұмыс: Күз, ырыс, құт – береке, молшылық.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар қазір бізде жылдың қандай мезгілі?

Дала бізде салқын ба, жылы ма?

Ағаштар бізде қадай?

Жапырақтардың түстері ше?

Ал , ендеше балалар тобымыз жылу үшін, сендермен өлең жаттайық, қалай қарайсындар.


Балалармен бірге қосылып, « Күз келгенде» әнін орындайды.

Күз келгенде

Күз келіпті , көңілсіз.

Десек те, десек те.

Күздің берер жемісі,

Есепте , есепте.

Қайырмасы:

Түрлі түсті бояуын

Жер бетіне кестелеп

Күз келгенде егінші

Егін жинар дестелеп.

Қазір күз мезгілі.


Дала өте салқын.

Ағашатардан жапырақтар түсіп жатыр.

Жапырақтар сары

Келіседі.






Жетекешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Жұмбақтар:

Қызыл , сары немелер.

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

(Жапырақ)

Жарайсыңдар! Келесі.

Жиын –терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жарайсыңдар.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішентай бұтақтар

Үп- үлкен болып өседі.

Д.О « Сурет бойынша әңгімеле»

«Күз»


Шешімін табуға тырысады.



Жапырақ




Күз мезгілі.





Өлең жолдары бойынша қимылдар жасайды.

Рефлексиялы түзету

Қорытындылау: « жеміс жинау»

«Күз жомарт» әні орындалады.

Белсене ат салысып ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: жыл мезгілінің қасиеттерін, өзгерістерін

Түсінеді: Адмдардың күздегі еңбектерін

Қолданады: ҰОІ де өлең жолдарын.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

(2-ші кіші тобы)

Білім саласы: «Қатынас» Күні: 12.09.17ж

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)

Мақсаты:Қоршаған ортаның жан- жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс – әрекетін бағалау, өз ойлары мен алғанәсерлерін айта білу білігін дамыту.

Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Суреттер, хрестоматия.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар біз бүгін мамандықтар қаласына саяхатқа барамыз. Онда көптеген адамдар мен кәсіптер бар.

Ол қаладағы кәсіпкерлерге сендердің көмектерін керек. Олар өздерінің қызметтері жайлы білмей жатыр.

Енді сол жандарға көмектесуге қалай қарайсыңдар?

Ал енді сендер ыңғайланып отырыңдар. Біз саяхатымызды «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеіімен бастаймыз.

Қызығушылық танытады.

Жетекшінің әңгімесін тыңдайды.


Кәсіпкерлер жайлы мәлімет алады.


Ыңғайланып отырып өлең жолдарын тыңдайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын.

Әсем қала жазамын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі,

Тау –тау болып үйілген.

Оның қазған кендері.

Ғарышкер:

Тұңғышты- ғарышты,

Тұнып тұрған алысты.

Орындалып арманы

Ғарышкерлер шарлады.

Өлең шумақтары кімдер жайлы айтылған?

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына,

Оңға қарады, солға қарады

Үлкен тау деп ойлады.

Д.О « Кім боламын»

Балалар қалаған мамандық иесінің суретін алып, әңгімелейді.


Жетекшімен бірге өлең жодарын қайталап маман иелелерін жаттап отырады.



Шахтердің еңбектері жайлы әңгімелеп , осы мамандықтың пайдасы жайлы әңгімелейд.



Әр маман иелері жайлы болды.



Өлең жолдары бойынша қимылдарын жасайды.





Қызығушылық танытып ойнайды.

Рефлексиялы түзету

Қорытындылау, сурет арқылы:

Балалар назар аударыңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар? Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген?


Қойылған сұрақтар бойынша жауап беріп, маман иелерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Мамандық тын қыры мен сырын

Түсінеді: Әр мамандықтың міндеттірн

Қолданады: Өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуда

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Күні: 24.10.17 ж

Білім саласы: «Қатынас» «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: « Алтың дән» (өлең)

Мақсаты: Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер , хрестоматия.

Cөздік жұмыс: Алтын дән

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ғажайып сәт:

Балалар қараңдаршы біздің алаңға бір қорап жатыр екен. Бұны кім тастап кетті екен. Ішінде не бар екен? Білгілерің келе ма балалар?

Қорап ашылмай жатыр балалар. Қане қандай сиқырылы сөз білеміз.

Сұр сандығым ашыл,

Ішінен шумақ шашыл.

Қораптың ішінен Диқаншы ата шығады.

Педагог: Балалар қараңдаршы атамыздың көңіл күйі жоқ екен.

Кәне балалар атадан сұрайықшы неге ол кісіге не болды екен.

Ата балаларға егін шауып жүргенде айтатын өлең жолдарын ұмытып қалғанын және ол өлеңсіз ісінің алға баспайтынын айтып күрсініп қалады.

Педагог ата сіз қорықпаныз біздің топтың балалары өте ақылды , біз сізге өлең жолдарын еске түсіруге көмектесеміз. Солай ма балалар? Атаға көмектесеміз бе?

Қызығушылық танытып. Алаңда жатқан қорапқа назар аударады.

Педагогпен бірге қорапты ашуға дайындалады,


Жетекшімен бірге қайталайды.


Балалардың назарларын атаға аударады.


Балалар атадан сұрап- жағдайын біледі.




Балалар барлығы қосылып ия деп жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

«Кіріспе әңгіме»

  • Ал енді, балалалар, бәріміз атаға өлең жолдарын есіне түсіру үшін, ақын апамыз Күләш Ахметованың « Алтын дән» атты өлеңін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап берейік.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән,

Тербеледі, толқиды.

Сұрақ – жауап:

  • Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?


  • Сендерге өлең жолдары ұнады ма?


Сергіту сәті:

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан.

Жай- жай – жай

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді.




Орындарына отырып өлең жолдарын тыңдап, мазмұнынын айтуға дайындалады.




Жетекшінің сонынан өлең жолдарын қайталап, тілдерін жаттықтырады.



  • Ауа райы және дән туралы.


  • Ия , ұнады.




Өлең жолдары бойынша қимылдар жасап сергіп алады.

Рефлексиялы түзету

Қорытындылау:

Қазақтың нақыл сөздерін балалардың ойына салып, қайталатып айтқызу.

« Ас атасы- нан»

«Нан болса – ән де болады»

Балалар жарайсыңдар диқаншы атамыз сндерге өте риз болып, кетті. Енді ол егінді әндетіп шабатын болады. Ақылды балалар үлкенге көмектеседі деп мақтау әдісін жүргізу.



Балалар жетекшінің соңынан қайталап жаттайды.



Балалар риза болады, қуанады, мақтанады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: « Алтын дән» өлеңінің мазмұны мен мәнін.

Түсінеді: Нанның үлкен еңбекпен келетінін.

Қолданады: Алтын дәннің нәтижесі- нан, оны қадірлеу керек екенін

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Күні: 21.11.17

Білім саласы: «Қатынас» «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: Е. Өтетілеуұлы «Мен».

Мақсаты : Балаларды шығармамен таныстыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын дамыту.

Билингвальды компоненті: я – мен

Қызымет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды отырғызу. Балалардан қандай жыл мезгілі екенің сұрау.Қандай мереке жақындапкеле жатқанын сұрау.

Көктем мезгілінде болатын өзгерістерді сұрау.


Психологиялық сәт

Аппақ көше бар дала,

Аппақ ойлймен қыраттар

Ақ шатырлы қар бала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

Балалар тәрбиешінің айтқанын тындайды. Сұрақтарға жауап береді.

Қазір көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде күн жылынады, қар ери бастайды.



Аппақ көше бар дала,

Аппақ ойлймен қыраттар

Ақ шатырлы қар бала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балалар, көктемде адамдар қалай киінеді?

Балалар, адам тірі жан. Адамдар не істейді?

Қазір біз мына суретке қарап адамның дене мүшелері туралы әңгімелейміз.

Мынау –бас. Мен басымды жуамын. Мынау- тіс.Мен тісімді тазалаймын.Мен бетімді, қолымды жуып сүртемін.

Балалардан өздері жайлы сұрау.

Отбасында неше адамсыңдар?

Үйлерінде немен айналысатындарын сұрау.



Балалар аквариумды көріп қуанады. Тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді.

Адамдар көктем мезгілінде кішкене жылырақ киінеді. Суретке назар аударады.

Мынау –бас. Мен басымды жуамын. Мынау- тіс.Мен тісімді тазалаймын.Мен бетімді, қолымды жуып сүртемін.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Әр бала өз отбасында кімдер тұратының айтып береді.

Балалар үйлерінде не істейтіндерін айтып береді тәрбиешіге.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың білгендерінен сұрақ-жауап алу.

Сабақты қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалар еркін отырып өздері жайлы айтады. Тәрбиешінің көмегімен сабақты қорытындылайды.

Тәрбиешінің мадақтағанына қатты қуанады

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Балалардың қыс мезгілінін белгілері туралы түсініктерінарттыру.

Түсінеді: Адам және адмның дене мүшелеріне түсінік беру.

Қолданады: Суреттер, сұрақ-жауаптар, жұмбақ.






























Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім саласы: «Қатынас» «Көркем әдебиет»

Күні: 12.12.17

Тақырыбы: « Отан»

Мақсаты: « Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер , үнтаспа, хрестоматия.

Cөздік жұмыс:Атамекен, туған жер.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ғажайып сәт: Балалар қараңдаршы бізге қонаққа өздерің сияқты балалар қонаққа келді.

Олар сендерге өздерінің «туған жерлері» туралы өлеңдерін айтып беруге келіпті.

Қане, балалар олармен амандасып қойындар.

Балалар ,ендң сендер өздеріңнің туған жерлерін туралы бұл қонақтарға да , тақпақ айтып беру керексіңдер. Сол тақпақты бәріміз бірге жаттайық. Келісесіңдер ме?


Қызығушылық танытады.


Келген қонақатармен амандасады.


Жетекшінің айтқан сөздерімен келіседі.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар, енді айтындаршы.

  • Біз қандай мемлекетте тұрып, өмір сүріп жатырмыз.

  • Өте жақсы. Ал, біздің ұлтымыз қандай?

  • Балалар, Мемлекет, Қазақстан Республикасы, басқаша бір сөзбен қалай атаймыз. Білесіңдер ме?

  • Дұрвс, балалар бр сөзбен «Отан» деп атаймыз.

Cөздік жұмыс:Атамекен, туған жер.

Жақсы. Енді балалар , енді біздің қонақтарымызға отанымыз жайлы, оның ғажаайып жерлері жайлы , оның сұлулығы жайлы өлең жолдарын жаттайық

Отан деген- атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана,

Отан- үлкен.

Қазақстан- туған ел.

Өте жақсы. Балалар біз отанымызды құрметтеу керекпіз. Өйткені оған біздің үлкен аталарымыз күресіп, небір қиыншылықтар көрген. Сондықтан өскенде сендерде сол аталарын сияқты отанымызыды қорғайтын болсыңдар.


  • Қазақстан Республикасы.

  • Біздің ұлтымыз қазақ.



  • Туған жер. Отан.


Қайталап айтады.

Cөздік жұмыс:Атамекен, туған жер.


Қайталаайды.

Отан деген- атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана,

Отан- үлкен.

Қазақстан- туған ел.



Жетекшінің айтқанын мұқият тыңдап, келіседі.

Рефлексиялы түзету

Балалар, бізге қонақа келген балалар өте қуанышты. Олар сендердің отан туралы тақпақтарын өте әдемі, ал балалалр өте ақылды деп айтып жатыр.

Енді, балалар келеген достарымызбен қоштасайық.

Балалар, біз бүгін не туралы өлең жолдарын жаттадық. Өте жақсы. Енді балалар отан туралы мақал – мәтел айтайық.

Отан – оттанда ыстық.

Отан үшін, отқа түс- күймейсің.

Жарайсыңдар. Өте жақсы.


Қуанады. Мақтаныш болады.



Келгени қонақтармен қоштасады.

Отанымыз, атамекеніміз жайлы.



Жетекшінің сонынан қайталайды.

Қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: «Отан» жайлы өлеңнің мәнін, мазмұнын.

Түсінеді: Өз Отанын , жерін, атамекенін, сүйіп, құрметтеуді.

Қолданады: Мақал – мәтелдер арқылы ой – өрісі кеңейтеді.






















ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в І младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения: 09.01.18

Тәрбиеші/Воспитатель:Жәкіш Г.А

Білім беру саласы/Образовательная область: «Қатынас»

Пән/Предмет: «Көркем әдебиет»

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Аңдар қалай қыстайды

Тақырыбы/Тема: Аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік- воспитательная: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру.Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық развивающая: Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету.

3.Оқыту- обучющая: Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру.

Педагогикалық технологиялар /пед.технологии: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері

Билингвалдық компонент : Жабайы жануарлар – дикие животные, қоян – заяц, тиін – белка, түлкі – лиса, аю – медведь.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/Ход занятий:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент (2 мин)

-Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті. Тиін, қоян. Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.

2. Негізі бөлімі/основная часть

Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп:
– Бұл не? – деп сұрайды.
– Кәрзеңке – деп жауап береді тиін.
– Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып.
- Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін.
– Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы тиінге кәрзеңке қалай көмекші болады, тиін онымен не істейді?
Балалар: Тиін оған жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар салады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар күз түсіп, қыс келе бастағанда тиін өзінің ағаш қуысындағы үйіне жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар тасып, қысқа мол қылып азық жинайды. Өйткені қыста жердің бетін аппақ қар басып қалады да, жаңғақта, саңырауқұлақта табылмайды.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян мен тиін үй жануары ма, әлде жабайы жануарлар ма? Олар қайда тұрады?

Тәрбиеші: Ал қоян қысқа азық жинай ма?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Иә қояндар қысқа азық жинамайды. Олар ағаштардың бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді. Сол себепті бағана қоян тиіннің кәрзенкесіне таңғалған еді.

3. Қорытынды/итоговая часть(2 мин)

- қандай орман аңдарымен таныстық?

- тиін немен қоректенеді?

- қоян қысқы азық жинайды ма?

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.01.18

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Қар не үшін керек

Тақырыбы: Қар

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Өлеңдегі киіпкерлердің іс- әрекетін бақылау арқылы балаларды еңбек етуге, үлкендерге қолдан келгенше көмектесуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Қыс мезгілінің көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Балаларды  ұжым мен ойнауға, және ептілікке үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: қардың суреттері

Билингвалдық компонент: қар- снеговик, күрек- лапота

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Қонаққа күрек ұстаған қуыршақ келеді. Балалармен амандасады.

-Сен мұнда не істеп жүрсің?

Қуыршақ:

-Мен мына затты тауып алдым, бірақ не үшін керек екенін білмеймін

-Бұл зат не үшін керек екенін білу үшін бізбен бірге бол, төрге шық.

Қуыршақпен амандасады.

2. Негізі бөлімі

Қ.Сыдықовтың «Қар» өлеңін оқып беру

Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалардың жауабы:

Қар қыста жауады. Қар тоғайларды тондырмау үшін керек.Адамдар қарды тазалайды.

Өлеңді балаларға жаттату. Мазмұнын түсіндіру арқылы, қуыршақ балаларға не үшін жолдарды тазалау керектігін түсіндіреді. Сол арқылы балаларды еңбек етуге ынталандырады

Қимылды ойын.

Балалар қыста жылыну үшін жасалатын әрекеттерді орындайды: құлақтарын, қолдарын ысқалайды, жүгіреді,секіреді.

3. Қорытынды (2 мин)

-Қар қай мезгілде болады?

-Қар не үшін керек?











ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:.13.02.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Техника және біз

Тақырыбы: Әке мен бала

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, құметтеу сезімдерін ояту, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Шығарманы қайталап айтып беру дағдыларын дамыту.

3.Оқыту: Сөзді түсіну, әңгімели білу, сұраққа жауап беру іскерліктерін қалыптастыру. Ересектер мен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:Ы.Алтынсаринің партіреті

Билингвалдық компонент: әке- отец, бала- ребёнок

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Апа қонаққа келеді. Сәлеметсізбе,балалар! Мен сендерге кітап әкелдім. Менің көзім нашар көретін болғандықтан, бұл қандай кітап, не туралы екенін біле алмадым.
Сендер бұл кітаптың не туралы екенін білгілерің келеді ме?
Ал, олай болса сендердің тәрбиешілерің бізге кітап не туралы екенін айтып, ішінен бір шығарманы оқып берсін.

ІІ. Негізі бөлімі

1. Әңгіме жүргізу

. Тәрбиеші кітапты алып оның не туралы екенін баяндап, парақтап жатқанда кітап ортасынан бір қағаздан жасалған әшекейленген орамал түсіп қалады. 
Балалар, бұл не, деп қараса әшекейленген орамал болып шығады. 
Менің кестелеген орамалым ғой. Балалардың көңілін тәрбиеші әшекейге аударады да:
-Ал сендер осындай етіп орамал әшекейлей аласыңдар ма? Ендеше үстелдің үстінде жатқан карточкаларды алып екі топқа бөлінеміз. І топ-кімде орамал- Өнер орталығына барып орамалды әшекелейлесін. ІІ топ - кімде кітап суреті -кітаптар бұрышындағы орталығына барып- шығарманы тыңдайық. 
2.Дыбыстық жаттығу:
ла-ла-ла доп ойнады бала,
ке-ке-ке ағаш шапты әке, 
ға-ға-ға мен таптып таға, 
е-е-е ағашта өсті шие.
Бұл ұйқас сөзде негізгі сөздер қандай? 
Балалардың көңілін тақтада ілінген әңгіме суретке аударады. Кімдерді көріп тұрсыңдар? 
Ал ендеше біз Ы. Алтынсарин атамыздың «Әке мен бала» шығармасын тындайық.
Ы. Алтынсарин туралы мәлімет беру, портретін көрсету таныстыру. 
3.Әңгімені мазмұндау: 
-Әкесі баласына нені алып жүр деді?
-Тағаны кім алды?
-Әкесі тағаны не істеді?
-Не сатып алды?
-Бала жерге түскен шиені не істеді?
-Әкесі баласына шиені беріп не айтты?
Ал, енді әңгіме желісін тірек сызба арқылы ретімен айтып беріңдерші. 
Сөздік жұмыс: таға, қанағат, аяңдап жүру, жалмажан, иіліп, қыйынсыну, үндемеу, тіләза.
4.Д/о: «Көмекшілер»
Ойын шарты: Отбасы мүшелерінің жанұядағы өмірлік шаруашылық қиымылдарын көрсету. Қимылдарын жасап, қолдарын созып көрсетеді. Сұлба бойынша дұрыс сызады.

5. Сергіту сәті

Менің әжем әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Кім бізге қонаққа келді. Балалар біз бүгін Ы.Алтынсарин атамыздың қандай шығармасымен таныстық?


































ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 27.02.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып:

Тақырыбы: Су асты әлемі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Үлкендермен, достар арасында әдептілікке, табиғатты сүюге, оған қамқор болуға тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Айналасымен өзара қатынас орнату, мінез - құлық мәдениетімен дағдыларын дамыту.

3.Оқыту: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру;

Педагогикалық технологиялар:

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

-Балалар табиғат өлі және тірі табиғат болып бөлінеді.Өлі табиғатқа құм,тас,топырақ,су,ал- тірі табиғатқа өсімдіктер,жануарлар жатады.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу.

-Су қандай табиғатқа жатады?
-Ал қалай ойлайсыңдар,адамдар сусыз өмір сүре алама?
-Адамдарға су не үшін керек?
-Ал жанурлар мен өсімдіктерге су не үшін керек?
-Жер бетіндегі судың бәрін ішуге болмайды.Олар ащы,тұщы болады.Өзендердің,көлдердің сулары ащы болады ,оларды ішуге болмайды.Оларды бақшада пайдаланамыз,құстар мен аңдар ішеді.Адамдар құбырлардан ағатын суды пайдаланады.
-Судың пішіні бола ма?
Бір ыдысқа сүт,бір ыдысқа су құйып қасық салып оның қайсысынан қасық көрінетін бақылайды. Яғни «Су-мөлдір,сүт-мөлдір емес».
-Балалар суды орыс тілінде вода дейміз.
2.Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарап,талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Бір отырып,бір тұрып
Біз тынығып аламыз.
3. Жұмбақ жасыру

-Балалар сендерге жұмбақ жасырамын.
Дәміде жоқ,түсіде жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Көз жасын төгіп елжіреп,
Жүреді көкте көлбіреп,
Жел қуса кетер селдіреп.(Бұлт) 
4.Триз (ойын) «Жақсы,жаман»
-Қар жауса жақсы неге?
-Қар жаумаса жаман неге?
-Жаңбыр жауса жақсы неге?
-Жаңбыр жаумаса жаман неге?
Ойын: «Тез ойла»
Мақсаты:есте сақтау,тез ойлау,жылдам жауап беруге үйрету.
1.Су адамға не үшін керек?
2.Өсімдіктер сусыз өсе алады ма?
3.Балықтар қайда өмір сүреді?
4.Судің иісі,түсі барма?
5.Өлі табиғатқа нелер жатады?
6.Суды шашып,төгіп ластауға болама?

5. Сөздік жұмысы

Жаңбыр- бәріміз бірге қайталаймыз. Ол дегеніміз- су тамшылары. Жаңбыр жаз кезінде жауса егінде молшылық болады.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-Қыс мезгілінде су неге айналады?
-Су адамға қажет пе?
-Су қандай табиғатқа жатады?
-Судың дәмі,иісі болама?
Қандай суды пайдаланады адамдар?
-Суға шомылғанды ұнатасыңдар ма?
-Суды үнемдейміз бе?
Суды шашпай, ластамай, әр жерге төге бермей қадәрлеуіміз керек.Сусыз адамдар, жануарлар, өсімдіктерде өмір сүре алмайды екен.Балаларды мадақтау. Суреттерді көреді.





























ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 13.03.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Өнер -көзі халықта

Тақырыбы: Наурыз мерекесі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік:Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кележатқан мерекеге сүйспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Мерекеге деген жағымды сезімдерін ояту, артикуляциялық аппаратарын дамыту.

3.Оқыту: Балаларды Наурыз мерекесімен таныстыру. Балаларды тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіменің мазмұның айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: наурыз мейрамының суреттері

Билингвалдық компонент: ұлттық ойындар- национальный игры

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Психологиялық сәт

Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата- ана да, бала да.

Біздің үйге ұя салды, алақай,

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянады.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Наурыз- жыл басы,Ұлыстың ұлы күні. Адамдар  бір-біріне табыс, бақытты өмір тілейді. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады.21-22-сі күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді. Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады. Оларды атап өтер болсақ:

Күш сынаспақ- бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Хан «алшы» - бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. 
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.  Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. 
Наурыз айының сегізінші жұлдызында ең қымбат,асыл жан аналарымыздың мерекесі.Оны-халықаралық әйелдер мерекесі деп атайды.

2. Сұрақ- жауап.

-Наурыз мейрамында қандай дәстүрлі ас пісіріледі?

-Қандай ұлттық ойындар ойналады?


3.Сергіту сәті

Мен барған сайын,

дастархан дайын.

Қояды құртың,

қосады майын.

4.Сөздік жұмысы

Арқан тарту- бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады 
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

 5.Ұлттық ойын «Күш сынаспақ»

-Балалар, кәне, отырған орнымызда бір- бірімізге бұрылып, білек сынасу ойынын ойнайық.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Күн мен түн қай күні тенеледі?

Қандай ұлттық ойындар туралы білдіңдер?




































ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 27.03.18

Тәрбиеші: Тортаев Г.К

Білім беру саласы:Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Ертегілер әлемінде. Театр әлемі

Тақырыбы: Шалқан (орыс халық ертегісі)

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Достыққа, әдемілікке. ұқыптылыққа, кішіпейлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы, тіл байлығын, ойын, зейінін сөздік қорын дамыту.

3.Оқыту: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әркеттерін, жүріс – тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Еңбек сүйгіштікке баулу, мақал – мәтелдер жаттату, жұмбақ жасыру, ертегі кейіпкерлерін сахналау, ертегі мазмұның меңгерту.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Шалқан ертегісінін макеттері (шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан.)

Билингвалдық компонент: ата- дедушка; әже- бабушка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
-Балалар сендер көп ертегі біледі екенсіндер. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз орыс халқынын ертегісі «Шалқан» мұқият тыңдайсындарма?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу.

Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
Ата: Ой бәрікелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.
Кемпір - кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс - ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
Ит: Аф - аф - аф көмектес десендер көмектесейін.
Тәрбиеші: Ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды сура алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу - мяу - мяу көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бырақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан - тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші: Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстайды.
Олар тарт - тарт ақыры шалқанды сурып шығарады.
Тәрбиеші: Міне балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық.
Тәрбиеші: Балалар тышқан бәрінен де мықты екен.
2. Сергіту сәті:
Бас бармағым, атам менің,
Балан уйрек, әжем менің,
Ортан терек, әкем менің,
Шұлдыр шүмек анам менің,
Кішкентай бөбек бұл мен.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Шалқанды екен кезде шалқан қандай болды?
-Шалқан не арқылы өсті?
- Күту арқылы, күннің жылуы арқылы
-Шалқанды кім екті?
-Шалқан қандай болып өсті?
-Үлкен болып өсті.

- Шалқанды тартып алуға кімдер көмектесті?
Ата, әже, кыз, мысық, ит, тышқан


























ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.04.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Жәдіктер. Қос мекенділер

Тақырыбы: Шыбын мен көбелек

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.

3.Оқыту: Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Әңгіменің негізгі ойын анықтап, көбелек пен шыбынды салыстыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: шыбын мен көбелек суреттері

Билингвалдық компонент: көбелек- бабочка, ақ- белый

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

«Қазіргі көңіл күйің қалай?» деген сұраққа сәйкес түрлі түсті қағаз таңдайды
Ақ қағаз - жақсы, көңілдімін.
Сары қағаз - орташа, бір нәрсені уайымдап отырмын
Қызыл қағаз - онша емес, жүрексініп отырмын
Көк қағаз - ашулымын, ренжіп отырмын

ІІ. Негізі бөлімі

1.Жұмбақ

Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)
2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлге ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)

2.Әңгімелесу

Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз.
С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.
Көбелек - ау, көбелек,
Көкке ұшқан өрмелеп,
Сені ұстау тым қиын,
Айлакерсің керемет.
Шаршадым - ау, шалдықтым,
Қуып сенің соңыңнан,
Ұстасам да шап беріп,
Шығып кеттің қолымнан

3.Сергіту сәті
Көк шалғында келеміз алшаң басып аяқты,
Кенет, алдымызда шалшық су секіреміз,
әрі қарай жүріп аяңдаймыз.

Алдымызда қызыл-жасыл көк гүлдер,

ұшып-қонған көбелектер
жүгіріп көбелекті қуайық.

Кенет аспан бұлттанды,

жаңбыр жауды, жапырақтың
астына тығылайық.
4. «Түрлі- түсті көбелек»

Мақсаты: көбелектердің қанатың түстеріне қарай орналастыру, құрастыру. Ойынды ойнай отырып тілдері дамиды.

5. Сөздік жұмысы

Көбелектер- олар өте жеңіл және әдемі ғажайып жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік. Ең ірі көбелектің қанаты 30 см. Жалпы бұл әсем жәндіктердің ғұмыры қысқа- бірнеше күн ғана. Дегенмен олардың ішінде ұзақ өмір сүретіндері де бар.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Бүгін біз қандай шығарма мен таныстық?

Көбелектер қандай ауа райын ұнатады?

























ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 24.04.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Аялайық гүлдерді

Тақырыбы: Ғажайып гүл

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды көркемдік талғамға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Есте сақтау, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.

3.Оқыту: Дала гүлдері мен бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру. Гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер

Билингвалдық компонент: гүл – цветок – flower

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар көктемде жер жыртады, егін, бау – бақша егеді.
- Ағаштар бүршік жарып, гүлдер, шөптер шығады.
- Көбелектер, аралар, шегірткелер ұйқыдан оянып гүлден – гүлге қонып хош иісімен, тозаңдарымен қоректенеді.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

- Қар астынан ең алғашқы болып бәйшешек шығады.
- Көктемде қызғалдақ, бәйшешек, бақ - бақ, жауқазын, т. б. гүлдер өседі.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл гүлдер дала гүлдеріне жатады. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады. Дала гүлдері туралы кім қандай тақпақ біледі?

2.Тақпақтар
1 - ші бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2 - ші бала: Алғаш рет күркіреп,
Ағыл – тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы – жауқазын.
3 - ші бала: Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
- Дала гүлдері туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Далада өсетін гүлдердің пайдасында білдік.
- Ал балалар біздің топта қандай гүлдер бар? (Балалар гүлдерді атап айтады).
- Традесканция, алоэ, колеус, кактус, кливия, бальзамин, пион.
3.Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
(Дала гүлдерін атағанда орындарынан тұрады, бөлме гүлдерін атағанда қол шапалақтайды).

4.Жеке жұмыс
- Ал сендер гүлдер қандай бөлшектерден тұратынын білесіңдер ме?
(Балалар үлгі сурет бойынша көрсетеді)
- Ал жақсы өсу үшін не қажет?
(Балалар гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет екенін айтады.)
- Тағыда не қажет?
(Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.)
- Жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін.
5.Сөздік жұмысы.

Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Анда санда жапырақтарына су бүркіп тұрған жөн. Себебі гүл шаңды жақтырмайды. Топырағында қопсытып отыруымыз керек. Ол тамырларына өте пайдалы. Тамырына тигізіп алмау керек, зақымдануы мүмкін. Тамыр топырақтың астында болады. Олар көрінбейді. Өсімдіктің су ішуіне көмектеседі. Тамыр дем алу үшін қопсытып тұруымыз қажет.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Біз бүгін немен таныстық?

Гүлдерді қалай күтіп баптау керек?


































ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 22.05.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Көңілді жаз

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: орман аңдарын қорғауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық: қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: ертегі кітабы

Билингвалдық компонент: арыстан- лев

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Ғажайып сәт:

Балалар тынышталып, отырамыз, тыңдайықшы біреу есігіміздің сыртынан қағып тұрған сияқты.

Естиікші қане тынышталып, кім екен? Кім екен, қазыр мен қарап келейін.

Ой, бұл біздің сұр қоянымыз ғой, балалар қараңдар кім келді қонаққа?

Балалар қоян бізге бір нәрсе бергісі келетін сияқты, қараңдаршы оның қолында бір зат бар. Кітап, жарайсыңдар! Сұр қоян біздің бұл кітапты ашып ішінде қандай ертегі бар екенін сұрап, біліп беріңдерші деп көмек сұрап жатыр. Қоянға қандай ертегі екенін біліп береміз бе балалар?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Балалар бұл кітап даладағы аңдар туралы екен. Олардың біреуі үлкен, енді біреуі өте кішкентай. Үлкені ормандағы аңдардың патшасы болса, кішісі жерді тесетін жәндіктердің қатарына жатады.

Балалар бұл « Арыстан мен тышқан» ертегісі екен. Ертегіні толықтай оқып беріп, мазмұныны бір айтып шығу.

2.Сұрақ – жауап әдісі:

  • Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

  • Арыстан қайда жүреді?

Балалар арыстан мен тышқанды салыстырайқшы қане?

3.Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Ағаш үйді құрамыз.

4.Д\о: «Үлкен және кіші» берілген суреттер арқылы аңдарды салыстыру.

5. Сөздік жұмысы Орман аңдары- олар аты аталып тұрғандай орманда өмір сүреді. Қандай тіршілік иесі болмасын өзінің тіршілік ететін жері болады. Орманда жабайы аңдар, құстарда тіршілік етеді.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар жарайсыңдар ,сұр қоян сендерге өте риза болып, ертегіні оқып, оның мазмұнын айтқандарына алғысын айтып жатыр.

Балалармен сұрақ – жауап әдісін жүргізіп сабақты қорытындылау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі