жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жылдық тақырыптық жоспары
Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жылдық тақырыптық жоспары
«Қатынас саласы»
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Алтын күз |
1 |
|
2 |
Оқу құралдар хикаясы |
1 |
|
3 |
Алма |
1 |
|
4 |
Айтшы әжетай |
1 |
|
5 |
Ойыншықтар |
1 |
|
6 |
Менің Қазақстаным |
1 |
|
7 |
Қыс
|
1 |
|
8 |
Жана жылым тамаша |
1 |
|
9 |
Біз тебеміз сырғанақ |
1 |
|
10 |
Шана |
1 |
|
11 |
Аққала |
1 |
|
12 |
Көктем сәні |
1 |
|
13 |
Наурыз тойы |
1 |
|
14 |
Төлдер айтысы |
1 |
|
15 |
Тоқтар батыр |
1 |
|
16 |
Жарқын жаз |
1 |
|
|
Барлығы |
16 сағат |
|
«Әлеументтік саласы»
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
||||||||||||||||||||||||
1 |
Қайдан келдің бауырсақ? |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
2 |
Қайырымды қоян |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
3 3 |
Ынтымағы жарасқан отбасы |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
4 4 |
Алтын бала |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
5 555 |
Ауылда |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
6 6 |
Көліктер |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
7 7
|
Тәуелсіздік көк байрағы
|
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
8 8 |
Ормандағы шырша тойы |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
9 9
|
Қысқы баспана
|
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
10 |
Шынықсын денеміз |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
11
Қарлығаш пен дәуіт |
Қарлығаш пен дәуіт
|
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
12 |
Не сыйлау керек |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
13 |
Келе бер көктем |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
14 |
Сәруар |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
15 |
Жеңіс күні |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
16 |
Жаз |
1 |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Барлығы |
16 сағат |
|
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 14.09.17
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Алтын күз.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.
Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Күндей жарық, айдай арайлы, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнді бастайың. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз неше айдан тұрады? - Күзді неге «алтын күз» деп атайды? |
Балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады. Бір- біріне жылы лебіздерін, тілектерін сыйлайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Ойын: «Табиғат мейірімді». Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады. - Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді). - Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді). Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату. Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі. - Жемістер мен көкөністерді ата. Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б. Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б. Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.) Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?» Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек. Мұғалім балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады. Жұмбақ шешу. Жауып жаңбыр, жерде сабыр, Шөп, жапырақ солады. Айтыңдаршы, бөбектерім, Бұл қай кезде болады? (Күзде)
|
Сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен танысады, жаттайды.
Жемістер мен көкөністерді атайды.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып іледі.
Жұмбақтың шешімін табады.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды. Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады. |
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Көкөністер мен жемістерді ажыратады.
Нені игереді:
Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен танысады, жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Күні:28.09.17
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру.
Оқу құралдары туралы түсінік беру.
Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: қаламсауыт.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Оқу құралдарының суреттері
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. Педагог оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың үясы. (Мектеп)
Ұшымен қазық торкөзді жазық Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап-дәптерлер, қалам-қарындаштар сатып алады. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.
Жұмбақтарды шешімін табады.
Оқу құралдардың атауларын айтады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету. - Жанатбек биыл қайда барады? - Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді? - Жанатбек дәптерді қалай былғады? - Қалам, дәптерлер неге ренжісті? - Атасы немересін қайда апарды? - Мұғалім Жанатбекке не берді? - Жанатбек кітаптарды қайда салды? - Кітап достарына қандай ақыл айтты? - Кітаптың айтқаны дұрыс па? - Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па? «Бірлік бол май, тірлік болмас» - жоғары дауыс орта дауыс төмен дауыста айтылады. Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету.) Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?» Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек. Тыныштық сәті: Баяу ойналатын музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. «Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!» Парта үстінде оқу құралдары жатыр. Көздерін ашады. Балалар өз ойларын айтады. Жұмбақтың шешуін тап. Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам) Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор)
|
А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен танысады, әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Мақалды талдап, қайталайды.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атайды.
Көздерін ашады. Балалар өз ойларын айтады.
Жұмбақты шешеді. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Мектепте оқыған сендерге ұнай ма? - Оқу құралдарын қалай ұстау керек? - Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды? - Оқу құралдарын ата.
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстай біледі.
Нені игереді:
А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен танысады, әңгімелейді.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:12.10.17
Тақырыбы: Алма.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу.
Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: жабайы.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Алма ағашының суреті, қоянның, қарғаның, кірпінің, аюдың суреті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алма беріп, жылы лебіздерін білдіреді. - Жансая, сен осы алмадай әдемі бол! - Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол! Педагог: - Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілі неше айдан тұрады? - Күз айында қандай жемістер піседі? - Алма, алмұрт, шие, жүзім. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.
Сұрақтарға жауп береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Дидактикалық ойын: «Дәмін тап». Ойын шарты: педагог жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек. Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру. Педагог: - Жылдың қай мезгілі еді? - Жабайы алма қайда қалды? - Алманы кім көрді? - Қоян Қарғаға не деді? - Қарға не істеді? - Кірпі нені алып кетті? - Үшеуі қайда барды? - Аю не деп жауап берді? - Қандай мақал айтты? Балалар жауап береді. «Береке басы бірлікте» - жоғары дауыс орта дауыс төмен дауыста айтылады. Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі. - Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық. Сергіту сәті: Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін алманың Анамызға сыйлайың! (Қимылмен көрсетеді). |
Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табады.
Сұрақтарға жауап береді.
Мақалды талдап, қайталайды.
Көздерін ашады. Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Сұрақтарға жауап алу: - Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің? - Бірге бөлісіп жеген дұрыс па? - Алма қайда өседі? - Достар бір-біріне қандай болу керек.
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Жемістер мен көкөністерді ажыратады.
Нені игереді:
«Алма» ертегісін әңгімелейді;
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Мұғалім: Қашқымбаева А
Күні:26.10.17
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Айтшы, әжетай.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: қаракөл қой, табын, жиен аға, нағашы, жезде.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жылқышы, тәрбиешінің суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге қосылып айтады: Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог: - Жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілі неше айдан тұрады? - Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Күз мезгілі несімен ұнайды? - Бүгін біз Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз. - Бала әжесінен нені сұрады? - Әжесі қалай жауап берді? - Атасы кім екен? - «Жылқышы» деген сөзді қалай түсінесің? - Анасы қайда жұмыс істейді? - «Тәрбиеші» деген қандай мамандық иесі? - Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді? Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз. (Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?» Ойынның шарты: Педагог тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, қолдарын алға созады, алақандарына күннің сәулесі жылуын төгіп, саусақтардан өткен жылу денелеріне, жүректеріне барады. Көздерін ашады. Жылулықты сөздік пе? Балалардың жауабы.
«Мақалды аяқта» ойыны: Бұл ойында педагог кез келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды. Ата - бәйтерек, ... (бала - жапырақ)
|
Сұрақтарға жауап береді.
Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысады.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табады.
Бұл ойында педагог кез келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Еңбек етсең, жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы - білімді, еңбексүйгіш болу керек. |
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Ата- анасының мамандығы туралы біледі;
Нені игереді:
Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысады.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:16.11.17
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.
Сөздік жұмысы: арғымақ, қарғып.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ойыншық суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады: Біз ұқыпты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Ойыншықты жинаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог: - Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма? - Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер? - Ойыншықтарды қалай ұстау керек? Дәптермен жұмыс: Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату. Іші тола бөлменің (бөлменің суреті). Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің. Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық. Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті), Мінем оған қарғып-ақ. Мына тұрған қояным (қоянның суреті), Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын. Сөздік жұмысы: - Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз. - Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.
Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап». Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды. - Менің ойыншығым ... /әдемі/. - Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/. - Допты жоғары ... /лақтырдым/. Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу. Добым, добым, домалақ, Тоқтамайсың домалап. Үстел үстін бұл дірдің, Тәрелкені сындырдың. Тентек болып кеттің деп, Тұрмын сені тепкім кеп. (Саусақпен, аяқпен көрсетеді).
Дәптермен жұмыс: - Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт. - Жұмбақтың шешуін тап. Бір құлағы сөйлесе, Бір құлағы тыңдайды, Білсең айтшы ендеше, Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон). |
Сұрақтарға жауап береді.
Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттайды.
Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Балалар өздеріне ұнайтын ойыншықтың суретін салады.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Ойыншықтарды қалай ұстау керек? - Қандай ойыншық түрлерін білесің? - Ойыншықты кімдер жасайды? - Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің ? |
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейеді, күтіп ұстауды;
Нені игереді:
Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:30.11.17
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады: Отан деген - атамекен, Отан деген - туған жер. Отан — ана, Отан - үлкен, Қазақстан - туған ел! |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог: - Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Біздің Отанымыз - Қазақстан. - Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады? - Рәміздерді атаңдар. - Қазақстан Республикасының Президенті кім? - Қазақстан картасын білесің бе? - Сендер қай қалада тұрасыңдар? Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау. Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау, Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау, Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен, Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан... Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз. Сергіту сәті: Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі. (Қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап». Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б. |
Сұрақтарға жауап береді.
Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдайды.
Өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.
Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Қазақстанның орналасуын, жерлерін.
Нені игереді:
Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:14.12.17
Тақырыбы: Қыс.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.
Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері, слайдтар, үнтаспа.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Қыста қар неге жауады? - Қардан не жасауға болады?
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді. Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау. Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан. Қардан жасап аққала, Сырғанаймыз шаттана. Педагог: - Сендерге аққала соққан ұнай ма? - Аққаланы неден соғады? - Ендеше аққала соғып көрелік.
Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді).
Қимылды ойын: «Қар жинау». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.
Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап. Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі).
Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр». Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады. |
Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Балалар екі топқа бөлінеді.
Жұмбақтың шешуін табады.
Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастырады.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? - Қыс айында қандай мерекелер болады? - Қыс мезгілі несімен ұнайды? - Қардан тағы не жасауға болады?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Қыс мезгілінің ерекшелігін;
Нені игереді:
Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:11.01.18
Тақырыбы: Жаңа жылым — тамаша.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Қыс туралы білімін бекіту.
Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру.
Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.
Сөздік жұмыс: ырыс-құт, әлем.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жаңа жыл мерекесі суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеседі. Мереке туралы балалар өз ойларын айтады. Тыныштық сәті: Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Көз алдарына Жаңа жыл мерекесін, жасыл шыршаға ілінген ойыншықтарды, шыршаны айналып ән айтып жүрген балаларды елестетеді. Жаңа жыл мерекесі қандай тамаша! От-шашулар не деген керемет. Көздерін ашады. Көңіл күйлері жайлы әңгімелесу.
Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Жаңа жылым - тамаша» өлеңін жаттау. Әкелді жыл ырыс-құт: Әлемде той, тыныштық. Жарқын өмір жаңаша, Жаңа жылым - тамаша. Педагог: Қыс - жылдың қызықты мезгілі. Жаңа жыл мерекесі - отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Әрбір келген жыл ырыс, құт-берекесімен, өз жақсылығымен келеді. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды. Жаңа жыл мерекесінің қонақтары - Аязата мен Ақшақар.
Дидактикалық ойын: «Шыршаны құрастыр». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Дәптермен жұмыс: Шыршаны безендір.
|
Көз алдарына Жаңа жыл мерекесін, жасыл шыршаға ілінген ойыншықтарды, шыршаны айналып ән айтып жүрген балаларды елестетеді
Ә. Табылдының «Жаңа жылым - тамаша» өлеңін жаттайды.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастырады.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды? - Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғыларың келеді? - Аязатадан қандай сыйлық күтесіңдер?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін;
Нені игереді:
Ә. Табылдының «Жаңа жылым - тамаша» өлеңін жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:25.01.18
Тақырыбы: Біз тебеміз сырғанақ.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: шыңдайды, құйындатып, мығым.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Сырғанап жүрген балалар суреті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды. Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог: — Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай? - Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды? Суда мұз бар, Жерде қар бар, Боран борап соғады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Қыс) Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап». Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі. Дәптермен жұмыс: Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттау. Сырғанакқа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ. - Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма? - Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек? - Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба? Сергіту сәті: Ішік, пима, қолғаптар, Арада жоқ тоңғақтар. Баста қалың малақай, Біз тоңбаймыз, алақай. (Қимылмен көрсетеді). Дәптермен жұмыс: Қыс мезгілінің ұнаған сәттерін, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ребус шешеді. Тыныштық сәті: Балалар денелерін еркін ұстап, көздерін жұмады. Көз алдарына қыс мезгілін елестетеді. Терең тыныс алады. Ауа неткен таза, айнала аппақ қар, жылт-жылт етеді. Қарды алақанымызға салдық, сұп-суық. Аққала соқтық. Аққаламыз қандай әдемі болып шықты. Көзімізді ашамыз. |
Жұмбақтың шешуін табады.
Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табады.
Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттайды.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Өз ойларын қағаз бетіне түсіреді.
Балалар денелерін еркін ұстап, көздерін жұмады.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма? - Сырғанақта немен сырғанайсыңдар? - Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек? - Қардан не жасауға болады?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Қысқы ойындар, оның маңызын;
Нені игереді:
Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Сынып:МАД
Күні:22.02.18
Тақырыбы: Шана.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: күн ұзақ.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанап жүрген балалар суреті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді. Педагог: - Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Қыста қардан не соғамыз? - Сырғанақта немен сырғанаймыз? (Шана) |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Суретпен жұмыс: Г.Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен таныстыру. - Бала ұйқысынан тұрып, қайда қарады? - Ол терезеден кімді көрді? - Әкесі мен шешесі не істеп отырды? - Бала ата-анасына қандай сөз айтты? (Жаттап алу.) - Әкесі баласына не әкеліп берді? - Анасы баласына қандай ақыл айтты? Анасы неліктен олай айтты? - Баласы не деп жауап берді? Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. (Қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Қандай қимыл жасағанын тап». Ойын шарты: Бастаушы түрлі қимылдар ( шаңғы, хоккей, коньки, шана) жасайды, балалар қандай қимыл жасағанын табуы керек. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сәттерін елестетеді. Шанамен сырғанап ойнаған қандай қызық. Отыруға да ыңғайлы. Қардың үстімен заулап сырғанайды. Көзімізді ашамыз. Балалар өз ойларын айтып береді. |
Г.Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Балалар қандай қимыл жасағанын табады.
Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сәттерін елестетеді.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай? - Қыста қандай қызықтар болады? - Қысқы ойындарды ата. - Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажыратады;
Нені игереді:
Г.Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен танысады.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Аққала.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: ақша қар.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Аққаланың, аққала соғып жатқан балалардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог: - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Қыста қардан не жасауға болады? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Дәптермен жұмыс: F. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау. Ауыл алды ақша қар, Ақша қарда балалар Соғып жатыр аққала. Педагог: - Қыста жерде не жатады? - Қардан не жасауға болады? - Аққала соғып көрдің бе? Сергіту сәті: Аула сырты, баққа да Тұрғызамыз аққала. Аққаланы айналып, Би билейміз шаттана. (Қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді. Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды? Дәптермен жұмыс: Өздері соққан аққаланың суретін салады. Жұмбақты шеш. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны. (Аққала) |
F. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен біріге отырып, қимылдарды қайталайды.
Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастырады.
Жұмбақты шешеді. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Аққаланы неден соғамыз? - Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз? Ескерту: Суық тиіп қалмас үшін қалың киіну керек. |
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын;
Нені игереді:
F. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:15.03.18
Тақырыбы: Көктем сәні.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жабайы аңдардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Қосылып айтады: Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғайық. Әдепті де, тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог: Табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғағанымыз. Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.
Суретпен жұмыс: «Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру. - Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды? - Қандай аңдар жиналды? - Ақбөкен не деп жауап берді? - Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді? - Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?
Дидактикалық ойын: «Кім тез құрайды?» Ойын шарты: Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.
Сергіту сәті: Арыстан ақырады, қоян секіреді, Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды. (Қимылмен көрсетеді).
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз. Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап-жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық. |
«Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастырады.
Тәрбиешімен қимылды қайталайды.
Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеді. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Көктем сәні - ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуді;
Нені игереді:
«Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды танысады.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні: 5.04.18
Тақырыбы: Наурыз тойы
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: көгерсін, теңелді.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Наурыз тойының суреттері, наурызкөже пісіріп жатқан аналар суреті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог: - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі неше айдан тұрады? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз? Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттату. Күн менен түн теңелді, Күн шуаққа кенелді, Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы - салтымыз, «Көгерсін», - деп халқымыз, Көшеге тал егеміз. Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем жап-жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп түр. Балалар алтыбақан ойнап, аналар наурызкөже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды. Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Наурыз тойы несімен ұнады? Дидактикалық ойын: «Бұл қай салт-дәстүр?» Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол туралы толық айта білуі керек. Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді - жыл басы. Шуақ төкті жарық күн Мейрамында халықтың. (Қимылмен көрсетеді). Суретпен жұмыс: Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қос.
Ұлттық ойын: «Қамшы алу». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе, сол баланың епті болғаны.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттайды.
Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді.
Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табады.
Тәрбиешімен бірге қимылды қайталайды.
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады.
Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтереді.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Наурыз мерекесі қандай мереке? - Наурызкөжені кімдер пісіреді? - Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейеді;
Нені игереді:
Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні:19.04.18
Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі).
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: Төрт түлік, төл.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады. - Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді. - Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді. - Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Дидактикалық ойын: «Төлін тап». Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
Суретпен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру. - Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты? - Лақ не айтты? - Құлын ше? - Бұзау не деді? - Қошақан, бота не деді? - Адам не деп жауап берді?
Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым. Айналайын ботам, қандай күлте жотаң, Жалт-жұлт етіп лаң, жағалайсың бұл аң. (Қимылмен көрсетеді). Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап. Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым) Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты, Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты) Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы) |
Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін табады.
«Төлдер айтысы» ертегісімен балалар танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен бірге қимылды қайталайды.
Жұмбақтың шешуін табады.
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар? - Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата. - Малдарды қалай шақырады?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата біледі;
Нені игереді:
«Төлдер айтысы» ертегісімен балалар танысады.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Көркем әдебиет
Күні: 3.05.18
Тақырыбы: Тоқтар батыр.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға түсіндіру. Балаларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ғарышкерлер суреті, зымыран, Байқоңыр суреті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Көкке ұшамын, Ұшқыш болар баламын. Соңынан ерем Ер ғарышкер ағаның. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. «Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз». (Зымыран) Педагог аспан әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіровпен таныстырады. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуені ойналады. Балалар көздерін жұмып, терең тыныстайды. Денелерін еркін ұстайды. Көз алдарына аспан әлемін елестетеді. - Біз ұшақта отырмыз, жаймен аспанға көтерілеміз, аспанға көтерілдік. - Біз қалықтап ұшып жүрміз, ұшып жүрміз, жерге жаймен қонамыз, жерге қондық. - Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Дәптермен жұмыс: Педагог Т. Молдагалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен таныстырады. Айналады бір сенен, Есіміңді білсе әлем. Ғарышқа ұшқан қазақтың Тұңғышына бір сәлем! Қабанбайдың ұланы, Бөгенбайдың қыраны, Айтылатын мәңгілік Қазағымның жыр-әні. Сергіту сәті: Біз ұшамыз, ұшамыз, Бар әлемді құшамыз. Әрбір ел мен қалаға. Қуаныш, бақыт сыйлаймыз. (Қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Ұшақ». Ойынның шарты: Балалар ұшаққа отырады, ұшақ оталды, қанатымызды жаямыз, баяу қозғаламыз, аспан әлеміне ұшамыз. Міне, көкте ұшып жүрміз. Ойын осылайша жалғасады. Дәптермен жұмыс: Ғарыш кемесін салу. |
Балалар жұмбақтың жауабын табуы тиіс.
Аспан әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіровпен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Т. Молдагалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен танысады.
Тәрбиешімен бірге қимылды қайталайды.
Ғарыш кемесін салады. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім? - Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек? - Өскенде ғарышкер болғың келе ме?
|
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетіннәтиже:
Нені білу керек:
Аспан әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіровті біледі.
Нені игереді:
Т. Молдагалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен танысады.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Жарқын жаз.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: жарқылдап, қаңқылдап, қалтылдап, қауыз.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жаз айының суреттері, слайдтар.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Барлығы бірге айтады: Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ, Тұратын көз тартып, Жаз келді күншуақ. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Күндер ысып, шөп пісіп, Ел пішенін орады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Жазда) Дәптермен жұмыс: Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастырту. - Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар? - Жазда балалар қайда шомылады? - Мал қайда жайылады? - Жазғы демалыста қайда барасың? - Жаз мезгілі несімен ұнайды? Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Н. Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттау. - Жаз қалай келді? (жарқылдап) - Қаздар қалай ұшып келді? (қаңқылдап) - Көбелектер қайда қонды? (гүлге) - Не жауады? (жаңбыр) - Гүлдер несін ашады? (қауызын) - Ненің төсінде? (жайлаудың) - Не басталады? (қызық-думан). Дидактикалық ойын: «Жылдың қай мезгілі екенін тап». Ойын шарты: Бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастыру керек. Сергіту сәті: Жаз келіпті дегенше, Алма пісті дегейсің. Бағымызда ендеше Алма тарту көбейсін. Жаз келіпті дегенше, Қарбыз пісті дегейсің, Бақшамызда ендеше Қарбыз жинау көбейсін. (Қимылмен көрсету). Тыныштық сәті: - Қане, балалар, бір сәт тыныштың сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды. - Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. Балалар жаз мезгілі туралы өз ойларын айтады. |
Балалар жұмбақтың жауабын табуы тиіс.
Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсінеді. Н. Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттайды.
Бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастырады.
Балалар жаз мезгілі туралы өз ойларын айтады. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: - Жаз мезгілі - жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата - әжелеріне барады. |
Сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді
Нені игереді:
Н. Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттайды.
Нені біледі:
-тапсырмаларды орындайды;
-өз ойларын толық жеткізеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген