Ересек тобындағы
ұйымдастырылғаноқу қызметінің
технологиялық
картасы
Білім беру
саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Тақырыбы: Р. Тышқанбаев «Қазақ жері»
(жаттау)
Мақсаты: Қазақстан Республикасы
туралы түсініктерін кеңейту. Астана қаласымен таныстырып, еліміздің
рәміздерін дұрыс атауға, оларды қүрметтеуге
үйрету.
Міндеттері: Білімділік:Еліміздің мақтанышына
айналған эталондар мен таныстыру арқылы сөздік қорын байытып,
грамматикалық тұлғада анық сөйлеуге
дағдыландыру. Дамытушылық:Сана –сезімін, ойлау
қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Отанын сүюге, қадірлеуге
тәрбиелеу
Сөздік
жұмысы: Алтын адам, Бәйтерек,
барыс, ақ орда.
Керекті
құралдар: Астана қаласының көрікті
жерлері, рәміздер, Қазақстан картасы
Қостілдік
компонент: Отан-
Родина.
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері:
Құдіретті күн,мен сені жақсы
көремін.
Құдіретті күн ,мен сенен
өтінемін,
Құдіретті күн, маған денсаулық
пен жылулық сыйла!
|
Бәрі бірге айтады
Үстелде дөңгеленіп отырады.
|
|
Ұйымдастыру– іздестіру
|
Әңгімелеу
Р. Тышқанбаев ағаларыңның
«Отан», «Қазақ жерім», «Қазақстан Республикам менің» атты көптеген
балаларға арналған өлеңдері бар.
Р. Тышқанбаев ағамыз
елін-жерін сүйетін азаматтардын бірі болған. Бала кезінен бастап
Отан, туған жер туралы кітаптар оқыған. Көптеген өлеңдерінің ішінен
бүгін біз «Қазақ жері» атты өлеңімен
танысамыз
Қазақ жері.
Шұғылалы
таңымыз,
Қазақ жері бағымыз.
Қайнауымен мөп-мөлдір.
Сусындайды жанымыз,
Қазақ жері сәніміз.
Мәулесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз.
Әңгімелесу
-Балалар, бұл өлеңде не туралы
айтылған?
-Қазақ жері дегенді қалай
түсінесіңдер?
-Туған жер, Отан туралы қандай мақалдар
білесіңдер?
|
Қызығушылық танытады
Зейін қойып тыңдайды.
Қазақ жері туралы айтылған
Қазақ жері дегеніміз-ол біздің Отанымыз, біздің
туған жеріміз
Білетін мақалдарын айтады.
1.Отан оттан да ыстық
2.Отан –отбасынан басталады
3.Туған жерге туың тік.
4.Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер
болмас.
|
|
|
Дидактикалық ойын: «Сөз
таңда»
«Туған» деген сөзге
байланысатынын сөз ойландар.
Туған жер дегеніміз –біз туып,
өскен жеріміз. Сондықтан оны Отан деп
атаймыз.
Сергіту сәті:
-Бүгін тұған еліміз, отанымыз
Қазақстан республикасы туралы айтып үйренеміз-деп
хабарлайды.
Өзіміздің сүйікті елемізге жақсы тілек тілеуді
өтінеді
-Біз қай елде тұрамыз?
Бейне таспадан Қазақстан
туралы қысқаша үзінді көрсетеді.
Балалардың зейінін
Қазақстанның картасы- на аударады. Қазақ жерінің –үлкен, кең,
байтақ қазба байлықтарының мол екенін айтып өту. Онда көптеген
қалалар, ормандар, далалар. таулар, өзен-көлдер,
бар.
|
Туған жер, туған қала, туған
өлкем
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол
қолым.
Барлық істі
атқарған.
Қазақстан Республикасында.
Мұқият қарайды.
Қазақстан картасын қызығушылықпен
қарайды.
Қазақ жерінің үлкен, кең, байтақ қазбаларының мол
екені туралы мағлұмат алды
|
|
Рефлексивті–
реттеушілік
|
Сұрақтар қояды :
-Біздің Елбасымыз кім?
-Қазақстанның нышандары қандай?
-
Біз қандай тақпақ жатадық?
- Өлең жолдарын кім
жазған?
«Жүректен жүрекке»
шеңбері
«Бейбітшілік барлық жерде»
01-«Ж»-№20
Тәрбиеші балаларға бөліктерден кемпірқосақ құрып,
мынадай сөздерді айтуды ұсынады:
Бейбітшілік барлық жерде,
Мына менде және сенде!
Бейбітшілік – адамдарда,
Біздің әсем ғаламшарда!
Үлкен-кiшi бәрiне,
Тыныштық керек әрине!
|
Н.Ә.Назарбаев
Әнұран, ту, елтаңба
«Қазақ жері» өлеңін
жаттадық
Р.
Тышқанбаев
|
Күтілетін нәтиже:
Білу
керек: Қазақ жазушылары туралы,
тақпақтар, мақал – мәтелдер.
Болу
керек: Қазақ жері туралы, ҚР
рәміздері туралы түсінік.
Істей білу
керек: Туған жерін, елін сүюді,
құрметтеуді.