400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем əдебиет Шал мен бала сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық 3сынып оқытатын мұғалімдерге көркем əдебиет пəнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңаөзен қаласы

№23 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі:Иманбаева Гүльбаршин

Сыныбы 3 «Б»

күні---06/11/2018

Пәні: Көркем әдебиет
қатысқан оқушылар саны:25
Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев туралы мәлімет беріп, «Шал мен бала» мәтінімен таныстыру және түсіндіру.
2) Оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, сауатты оқуын, сөздік қорын дамыту.
3) Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, сурет, плакат.интерактивті тақта көркем әдебиет дәптері
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Оқулықпен жұмыс


 Өте жақсы, сендер қандай жақсы оқушылар едіңдер. Өздеріңдей оқу озаты, кішіпейіл, үлгілі баламен танысқыларың келеме?
- Олай болса, біздің келесі тақырыбымыз сол баланың атаға көрсеткен қайырымдылығы жайында болмақ. Сонымен қатар бұл мәтінді жазған Бердібек Соқпақбаев екен. Ол – балалар жазушысы. Ол туралы не білесіңдер?
(балалар білгендерін айтып береді.)
- Балалар, білгенімізді ортаға салайық әр бір жауаптарыңыз үшін ұпайларың көбейеді.
- Дұрыс айтасыңдар. Сендердің айтқандарыңды менде толықтыра кетейін.
Бердібек Соқпақбаев – 1924 жылы, 15 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданында туған. Әзіл оспақ өлеңдерде шығарған. Анасынан ерте айырылып, өмір тауқыметін ерте тартқан. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағы жарық көрді. Ол жиырмадан астам роман, повест, әңгіме жазды. Оның «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожаның мінез - құлығы өзіне ұқсайтындығын автордың өзі айтқан болатын. Оның «Жекпе - жек», «Аяжан». «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион» т. б. шығармалары кеңінен таныс.
жаңа сабақ : шал мен бала

Мәтінді мәнерлеп оқып беру
а) Мәтінмен жұмыс.
- Жақсы, балалар енді мәтінді алдымен мен оқып шығайын, сендер мұқият тыңдаңдар жарай ма?
(Мұғалім мәтінді баяу, асықпай балаларға түсінікті етіп оқып шығады, түсіндіреді)
- Балалар, мәтіннің ішінде сендер түсінбей қалған сөздер болуы мүмкін. Мысалы есікке қарай бейімделді деген жерде бейімделді сөзі есікке қарай жақындады дегенді білдіреді. Шал ілгері лықсып деген сөзде ілгері жылжып дегенді білдіреді.
- Басқа қандай сөз сендерге түсінікті емес?
- Өте жақсы балалар, олай болса осы мәтінді енді өздерің екі сөйлемнен қатар - қатар бойынша оқып шығыңдар.
(Балалар мұғалім айтқандай екі сөйлемнен оқып шығады.)
- Қараңдаршы, балалар бұл мәтіннің бізге берер тәрбиесі өте мол. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндік солай емес пе?
-
ә) Білгенге маржан.
- Олай болса, мәтін не туралы екен?
- Атай қайдан келе жатыр еді?
- Мәтіндегі тақырбас баланың аты кім еді?
Біз Мәуленнен үлгі алуымыз керек. Ол үлкен жақсы іс жасады. Бірақ балалар, ұрлық жасауға бола ма?
- Дұрыс айтасыңдар. Олай істеуге болмайды. Біз қателессек кешірім сұрауымыз керек пе?
Өте жақсы. Мәулен қандай бала?І.

Жаңа сабақты бекіту
1. «Орнын тап» ойыны.
- Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Сендер мына тақтадағы шығарманың оқиғаларын
рет - ретімен орналастыруларың керек жарай ма?
- Иә
Атаның әңгімесі – 3
Трамвайдан түскенде – 1
Атаның немересі – 4
Атаның балаға риза болуы – 6
Бейтаныс баланың көмегі – 2
Ата мен немересінің әңгімесі – 5

Сабақты қорыту.
- Балалар, сонымен бүгінгі тақырыптан не түсіндік?
- Мәуленнің атаға көмектескені дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
- Сендерде жолда үлкен кісілерге көмектесесіңдер ме?
- Біреудің бауынан жеміс ұрлауға бола ма екен?
- Үлгілі оқушы болуға тырысамыз ба?
- Өте жақсы балалар, сендердің мәтінді түсінгендеріңді көріп тұрмын. Ендеше жинаған дөңгелекшелерді санап кімнің жеңімпаз болғанын анықтайық.

ІХ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұндауға дайындалып келу.
Бағалау.

Кері байланыс















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі