400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көркем еңбек 2әсынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Себеттегі гүл» композициясын құрастыруды үйрету 2 сынып көркем еңбек ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты:

Көркем еңбек

Уақыты:


Кабинет:13

Мұғалім:


Сабақтың атауы

«Себеттегі гүл» композициясын құрастыруды үйрету

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды табиғи материалдардан «Себеттегі гүл» композициясын құрастыруды үйрету
Білімділік: Оқушылардың композиция туралы білімдерін кеңейту, «Себеттегі гүл» композициясын құрастырудың әдіс - тәсілдерін көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа, тазалыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын арттыру шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Психологиялық ахуал

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалім: Жақында қандай мереке?
Оқушылар: 8- наурыз. Аналар мейрамы.
М: Жарайсыңдар, балалар, бүгін біздер «Себеттегі гүл» композициясын құрастырамыз.
Композиция (құрылыс)- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады. Ал еңбекке баулу пәнінде композиция дегеніміз - бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру. Енді қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Қауіпсіздік ережесі
1. Желімді пайдаланған кезде жұмыс орнына целлофан немесе қағаз төсе.
2. Желімді қылқаламмен көп іліп алма.
3. Қылқаламды арнаулы орынға қой.
4. Қайшымен ойнауға болмайды.
5. Инені киіміңе шаншыма.

6. Инені арнаулы орында сақта.
7. Құралдармен ойнама.
8. Біреуге үшкір затты ұсынғанда ұшын өзіңе, сабын кісіге қаратып бер.

Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Ой толғаныс

Жұмыстың орындалу реті.
Қатырма қағазды үлгіге сай қиып, клеймен жапсырамыз. Гүлдің шаблонымен бастырып , себетке салып ,жапсырады.
(Оқушылардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылады.

Үйге тапсырма

Мазмұндау,мақалды жаттап ал

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
38 ұстаз жүктеп алған
18.01.2024
1436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі