Көркем еңбек «Ағаш өңдеу жинағы» 5 - сынып Оқу - әдістемелік құрал.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем еңбек «Ағаш өңдеу жинағы» 5 - сынып Оқу - әдістемелік құрал.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқу-әдістемелік құрал 5-сынып оқушыларына арналған «Ағаш өңдеу» пәнінен оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған. Ағаш – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын табиғи материалдардың бірі. Одан әртүрлі үй жиһаздары, еңбек құралдары, тұрмыстық бұйымдар жасалады. Оқушыларды ағашты қолмен өңдеу дағдыларына үйрету олардың еңбек мәдениетін қалыптастырып, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы қаласы Алатау ауданы «№205 жалпы білім беретін мектеп»




Көркем еңбек «Ағаш өңдеу жинағы» 5 - сынып

Оқу - әдістемелік құрал.





Еңбек пәннің мұғалімі: Мухамет Муса










2025 - 2026 жыл





Түсінік хат мазмұны


Бұл оқу-әдістемелік құрал 5-сынып оқушыларына арналған «Ағаш өңдеу» пәнінен оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған.

Ағаш – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын табиғи материалдардың бірі. Одан әртүрлі үй жиһаздары, еңбек құралдары, тұрмыстық бұйымдар жасалады. Оқушыларды ағашты қолмен өңдеу дағдыларына үйрету олардың еңбек мәдениетін қалыптастырып, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамытады.

Ағаш өңдеу ережелері:

Жұмысқа дайындық ережелері

Жұмыс орнын таза және жарық ұста.

Құрал-саймандарды алдын ала тексеріп ал.

Артық заттарды үстел үстінен алып таста.

Арнайы киім киіп, жеңді түріп жұмыс жаса.

2. Қауіпсіздік ережелері

  • Құралды тек өз мақсатына сай қолдан.

  • Жұмыс кезінде құралды дұрыс ұста (араны екі қолмен, қашауды сыртына қарай).

  • Құралдың өткір жағын өзіңе қаратып ұстама.

  • Жұмыс кезінде басқаға алаңдама, ойынды құрал-жабдық қасына апарма.

  • Электр құралдарын тек мұғалімнің рұқсатымен пайдалан.

3. Ағашты кесу және өңдеу ережелері

  • Ағашты кескенде тақтайды мықтап бекіт.

  • Сүргілегенде құралды бір бағытта жүргіз.

  • Қашаумен жұмыс істегенде қолыңды қорға, саусақты жүздің алдына қойма.

  • Бұйымды тегістегенде тегістегішті бірқалыпты қимылмен жүргіз.

4. Жұмысты аяқтау ережелері

  • Құрал-саймандарды тазалап, орнына қой.

  • Жұмыс орнын жинап, қалдықтарды арнайы қорапқа сал.

  • Қолыңды жуып, киіміңді тазала.

Ағаш өңдеу тарихы : Ағаш – адамзат қолданған ең көне табиғи материалдардың бірі. Оның тарихы мыңдаған жылдарға созылады.



Ежелгі дәуірде

  • Адамдар ағашты ең алдымен баспана салуға, от жағуға, қару-жарақ пен еңбек құралдарын жасауға пайдаланды.

  • Жай құралдармен (қолбалта, тас пышақ) кесіп, шауып, өңдеп отырған.

Орта ғасырларда

  • Ағаш өңдеу өнері дамып, ыдыс-аяқ, арба, есік, терезе, жиһаз жасауда кең қолданылды.

  • Қазақ халқы киіз үйдің уық, кереге, шаңырағын, ағаш ыдыстарды (тостаған, астау, ожау) жасаған.

  • Әшекейлік ою-өрнек те осы кезеңде кең тараған.



Жаңа дәуірде (XVIII–XIX ғғ.)

  • Темір аралар, қашаулар, сүргілер, бұрғылар пайда болды.

  • Шеберханалар ашылып, ағаш ұсталығы жеке кәсіпке айналды.

  • Көркем ағаш ою мектебі қалыптасты.



Қазіргі заманда

  • Ағаш өңдеу саласы өнеркәсіпке айналды.

  • Заманауи электр құралдары (электр ара, электр сүргі, фрезер) және компьютерлік станоктар қолданылады.

  • Дизайндық ағаш бұйымдары, жиһаздар жасалып, халық тұрмысында кеңінен пайдаланылуда.



Мақсаты:

  • Оқушыларға ағаштың түрлері мен қасиеттері туралы білім беру;

  • Ағашты қолмен өңдеу әдістерін үйрету;

  • Құрал-саймандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  • Еңбек қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу;

  • Шығармашылық жұмысқа, ұқыптылыққа баулу.



Міндеттері:

  • Ағаш өңдеудің негізгі технологиялық операцияларын меңгерту (кесу, сүргілеу, қашау, тегістеу, жону, әшекейлеу).

  • Қарапайым ағаш бұйымдарын жасауға үйрету.

  • Құрал-жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қалыптастыру.

  • Еңбекке баулу арқылы оқушылардың зейіні мен ой-қабілетін, шыдамдылығы мен төзімділігін дамыту.

















Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылар ағашты өңдеудің негізгі түрлерін меңгереді;

  • Әртүрлі құрал-саймандарды қолдана алады;

  • Қарапайым ағаш бұйымдарын жасай алады;

  • Жеке және топпен жұмыс жасауға дағдыланады;

  • Еңбек мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренеді.

  • Бұл құрал мұғалімдерге сабақ жоспарын құруда, оқушыларға тәжірибелік жұмыстарды орындатуда әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.


































Ағаш өңдеу жылдық жұмыс жоспары Барлық сағат саны: 34 сағат

Аптасына: 1 сағат

1-тоқсан (9 сағат)

Тақырыбы: Ағаш өңдеуге кіріспе

Бағдарламаның бөлімі

Оқу мақсаты


Күтілетін нәтиже

Сағат саны

Уақыты

1

Түсінік хат. Пәннің мақсат-міндеттері.

Пән мазмұнымен танысу

Ағаш өңдеудің маңызын түсінеді

1


2

Ағаштың түрлері мен қасиеттері.

Ағаш материалдарын ажырату


Түрлерін атап, қолдануын біледі

1


3

Ағаш өңдеу тарихы.

Тарихи деректерді білу


Қазақ халқының ағаш өнерін таниды

1


4

Ағаш шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері.

Қауіпсіздік техникасын сақтау


Жұмыс кезіндегі тәртіпті біледі

1


5

Ағаш өңдеуге арналған құрал-саймандар.

Құралдарды танып білу


Құрал-саймандарды ажыратады

1


6

Қол арамен жұмыс істеу.

Кесу тәсілдері


Дұрыс қолдана алады

1


7

Сүргімен жұмыс істеу.

Тегістеу тәсілдері


Сүргіні қолдануды меңгереді

1


8

Қашаумен жұмыс істеу.

Ойып өңдеу тәсілдері


Қашаумен қауіпсіз жұмыс істейді

1


9

Қорытынды жұмыс: қарапайым бұйым (қорапша, тақтайша).

Қарапайым бұйым жасау


Жасаған бұйымын таныстырады

1


2-тоқсан (8 сағат)

Тақырыбы: Ағашты кесу және тегістеу

10

Ағаш кесу тәсілдері.

Кесу бағыттарын меңгеру


Кесу дағдысын қалыптастырады

1


11

Тақтайларды біріктіру әдістері.

Қосылыс түрлерін білу


Қарапайым қосылысты жасайды

1


12

Бұйым өлшемін белгілеу (сызғыш, циркуль, карандаш қолдану).

Өлшем сызуды үйрену


Сызғыш, циркуль қолданады

1


13

Бұрыштық қосылыстар жасау.

Қосылыстың түрлерін білу

Бұрыш қосылыстарын орындайды

1


14

Тегістеу жұмыстары.

Тегістеу құралдарын қолдану


Бірқалыпты тегістейді

1


15

Шегелеу, жабыстыру әдістері.

Қарапайым бекіту тәсілдері

Шегені дұрыс қағады

1


16

Қауіпсіздік ережесін қайталау.

Қауіпсіздікті еске түсіру


Жұмыс кезіндегі тәртіпті сақтайды

1


17

Практикалық жұмыс: шағын ағаш бұйымын жасау.

Бұйым дайындау


Бұйымды аяқтайды

1


3-тоқсан (9 сағат)

Тақырыбы: Көркемдеп өңдеу

18

Қазақ халқының ағаш ою дәстүрі.

Ұлттық мұраны білу


Ағаш ою өнерін түсінеді

1


19

Өрнек түрлері (қошқармүйіз, өсімдік өрнегі).

Ою-өрнектерді ажырату


Қошқармүйіз т.б. таниды

1


20

Ою-өрнек түсірудің қарапайым тәсілдері.

Қарапайым өрнек сызу

Жай өрнекті орындайды

1


21

Қол құралдарымен өрнек ойып үйрену.

Қашауды қолдану


Өрнек ойып көреді

1


22

Жай өрнекті бұйымды дайындау.

Практика


Өрнекті тақтайша жасайды

1


23

Жабдықтарды дұрыс пайдалану.

Ережені білу


Дұрыс қолданады

1


24

Ағаш бұйымдарын сырлау және бояу.

Бояу тәсілдері


Бұйымды сырлайды

1


25

Шығармашылық жұмыс: ою-өрнекпен тақтайша жасау.

Өрнекті бұйым дайындау


Бұйымды әшекейлейді

1


26

Қорытындылау.

Өткенді пысықтау

Жұмысты бағалайды

1



4-тоқсан (8 сағат)

Тақырыбы: Шығармашылық жобалар

27

Жобалық жұмысқа кіріспе.

Жоба таңдау


Бұйым идеясын ұсынады

1


28

Бұйым таңдау және эскиз жасау.

Эскиз сызу


Бұйымның суретін сызады

1


29

Материал мен құралдарды дайындау

Жұмысқа дайындалу

Құралдарын әзірлейді

1


30

Бұйымды кесу және біріктіру.

Негізгі өңдеу


Бұйымды құрастырады

1


31

Бұйымды өңдеу және тегістеу.

Аяқтау жұмысы


Бұйымды тегістейді

1


32

Бұйымды әшекейлеу.

Әрлеу тәсілдері


Әшекейлеп безендіреді

1


33

Дайын бұйымды қорғау (сынып алдында таныстыру).

Жұмыс таныстыру


Жобасын қорғайды

1


34

Жылдық қорытынды. Оқушы жетістіктерін бағалау.

Бағалау

Қорытынды баға алады

1










Білім беру ұйымының атауы

205 ЖББМ

Пәні:

Еңбекке баулу

Педагогтің аты-жөні:

Муххамет Муса

Сабақтың тақырыбы:

Ағаш өңдеуге кіріспе. Қауіпсіздік ережелері

Күні:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1 – Ағаш материалдарының негізгі түрлерін білу;

5.1.2.1 – Ағаш өңдеу құралдарын ажырату;

5.1.3.1 – Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаты




Білімділік: Оқушыларға ағаш өңдеу пәнінің мазмұнын түсіндіру, еңбек құралдарымен таныстыру.

Дамытушылық: Қауіпсіздік ережелерін меңгерту, еңбекке қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тәртіпке баулу

Күтілетін нәтиже


Оқушылар ағаш өңдеу пәнінің мазмұнын біледі.

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Құралдарды таниды және дұрыс қолдануға дайын болады.

Әдіс-тәсілдер:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету плакаты

Бағалау критерийлері



Ағаш өңдеу пәнінің мазмұнын түсіндіреді;

Құрал-саймандарды таниды және атын айтады;

Қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолдана алады

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты тексеру. Қауіпсіздікке қатысты шағын бейне/плакат көрсету.

Амандасу,түгендеу



Сабақтың ортасы

1. ІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Пән мазмұнымен таныстыру

«Ағаш өңдеу» курсының маңызы

Сабақта қандай жұмыстар істелетінін түсіндіру

Ағаш өңдеу құралдарымен таныстыру (қол ара, сүргі, қашау, балға т.б.)

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

Құралдарды дұрыс ұстау

Жұмыс орнын таза ұстау

Жарақат алудан сақтану жолдары.

Мұғалім түсіндіруі.


Қазақ халқының ағаш бұйымдары (оюлы сандық, астау, тостаған т.б.)

Құрал-саймандарды таныстыру:

Қол ара, сүргі, қашау, балға, бұрғы т.б.

Әр құралдың қолданылу тәсілі көрсетіледі

Қауіпсіздік ережелері:

Құралды дұрыс ұстау

Жұмыс орнын таза ұстау

Өткір құралды абайлап қолдану


Дескриптор:

Ағаш өңдеудің маңызын айта алады;


Құрал-саймандарды суреттен/қолдан танып, атайды;

Қауіпсіздік ережелерін атап, тәжірибеде қолданады














Сабақтың соңы


ІІІ. Қорытындылау (10 мин.)

Сұрақ-жауап:

Ағаш өңдеу дегеніміз не?

Қандай құралдарды білесіңдер?

Қауіпсіздік ережесін атаңдар. Бағалау:

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді (ауызша мадақтау, смайлик, жұлдызша).

V. Үй тапсырмасы (2 мин.) «Ағаш өңдеу тарихы» тақырыбына қысқаша конспект жазу.

Қол ара – ағашты кесу үшін.

Сүргі – ағаш бетін тегістеу үшін.

Қашаулар – ағашты ойып өңдеу үшін.

Балға – шеге қаққанда.

Бұрғы – тесік жасау үшін.

Өлшеу құралдары – сызғыш, метр, циркуль, бұрыштық өлшегіш.


Құрал-саймандарды тек өз мақсатына сай қолдану.

Қолды өткір жүздің алдына қоймау.

Жұмыс орнын таза ұстау.

Өткір құралдарды абайлап ұстау.

Құралды жұмыс біткен соң орнына қою.

Электр құралын тек мұғалімнің рұқсатымен қолдану.














Білім беру ұйымының атауы

205 ЖББМ

Пәні:

Көркем еңбек

Педагогтің аты-жөні:

Муххамет Муса

Сабақтың тақырыбы:

Ағаштың түрлері мен қасиеттері

Күні:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.2 – Ағаштың негізгі түрлерін ажырату;

5.1.1.3 – Ағаш материалдарының қасиеттерін сипаттау;

5.1.2.1 – Қарапайым ағаш түрлерін тұрмыста қолдануды білу.

Сабақтың мақсаты


Ағаштың түрлерін (жапырақты, қылқан жапырақты) таныстыру;

Олардың қасиеттерін түсіндіру;

Тұрмыста қолданылуын мысалдар арқылы көрсету.

Күтілетін нәтиже


Ағаштың негізгі түрлерін (жапырақты және қылқан жапырақты) ажырата алады;

Әр ағаштың қасиеттерін сипаттай алады (қаттылығы, жеңілдігі, иілгіштігі, түсі);

Ағаш материалдарының тұрмыста қолданылуын мысалдар арқылы түсіндіреді;

Топтық жұмыс барысында өз ойын жеткізуді және басқалардың пікірін тыңдауды үйренеді;.

Әдіс-тәсілдер:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету плакаты

Бағалау критерийлері


Ағаш түрлерін ажыратады (жапырақты, қылқан жапырақты);

Әр ағаштың қасиетін сипаттайды;

Ағаштың тұрмыста қолданылуын түсіндіреді.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың тақырыбын ашу (суреттер көрсету)

Амандасу,түгендеу



Сабақтың ортасы

1. ІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Пән мазмұнымен таныстыру Ағаштың қасиеттері:

Қаттылығы

Иілгіштігі

Түсі, текстурасы (беткі өрнегі)

Жеңілдігі

Мысалдар:

Қайыңнан – ағаш ыдыстар, ойыншықтар

Қарағайдан – үй құрылысы

Еменнен – берік жиһаз


Мұғалім түсіндіруі.

Ағаштың негізгі екі түрі бар:

Жапырақты ағаштар (емен, қайың, жөке) – қатты, берік, жиһаз, еден, ыдыс жасауға қолданылады.

Қылқан жапырақты ағаштар (қарағай, шырша, самырсын) – жеңіл, жұмсақ, құрылыс пен есік-терезе жасауға қолданылады.


Дескриптор:

Сурет арқылы ағаш түрлерін таниды;


Қасиеттерін атайды (қаттылығы, түсі, жеңілдігі, иілгіштігі);


Мысал келтіреді (үй жиһазы, ыдыс, құрылыс). қолданады

















Сабақтың соңы


ІІІ. Топтық жұмыс (10 мин.)

Әр топқа ағаш түрлерінің суреттері беріледі.

Топтық жұмыс – әр топ ағаш түрін сипаттап, қолданылуын постерге жазады.

Суретпен жұмыс – ағаштың суреттері арқылы түрін анықтау.

«Ойлан – Жұптас – Бөліс» – қасиеттерін ойлап, жұппен талқылап, сыныпқа жариялау.

Тапсырма: сурет бойынша ағаш түрін атап, қасиетін және қолданылуын жазу.

IV. Қорытынды (5 мин.)

Сұрақ-жауап:

Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?

Қайыңнан не жасауға болады?

Қылқан жапырақты ағаштың қасиеті қандай?

. Бағалау:

Белсенділік пен жауаптарға смайлик, жұлдызша беру.

V. Үй тапсырмасы (2 мин.) «Менің отбасым тұрмыста ағашты қалай қолданады?» атты шағын әңгіме жазу.

Ағаштың негізгі түрлерін (жапырақты және қылқан жапырақты) ажырата алады.

Әр ағаштың қасиеттерін сипаттай алады (қаттылығы, жеңілдігі, иілгіштігі, түсі)

Ағаш материалдарының тұрмыста қолданылуын мысалдар арқылы түсінді.

Топтық жұмыс барысында өз ойын жеткізуді және басқалардың пікірін тыңдауды үйренді.

Қауіпсіздік ережесін сақтап, ағашпен жұмысқа қызығушылық танытты.






















Білім беру ұйымының атауы

205 ЖББМ

Пәні:

Көркем еңбек

Педагогтің аты-жөні:

Муххамет Муса

Сабақтың тақырыбы:

Ағаш өңдеу тарихы

Күні:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1 – Ағаш өңдеу тарихы туралы бастапқы білім алу;

5.1.1.2 – Ежелгі дәуір мен қазіргі заман ағаш өңдеуінің ерекшеліктерін салыстыру;

5.1.2.2 – Ағаштан жасалған ұлттық қолөнер бұйымдарын тану.

Сабақтың мақсаты


Ағаш өңдеудің пайда болу тарихымен таныстыру;

Ежелгі заманда ағаштан жасалған бұйымдар туралы мәлімет беру;

Қазақ халқының дәстүрлі ағаш өңдеу өнерін танып-білу.

Күтілетін нәтиже


Ағаш өңдеу тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі дамуын түсінеді;

Ежелгі және қазіргі ағаш өңдеу тәсілдерін салыстырады;

Қазақ халқының дәстүрлі ағаш бұйымдарын (сандық, кебеже, асадал, оюлы есік т.б.) ажыратады;

Топтық жұмыс барысында суретпен жұмыс жасап, ақпаратты постерге түсіріп қорғайды;

Ағаш өңдеу өнеріне деген қызығушылығы артады.

Әдіс-тәсілдер:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету плакаты

Бағалау критерийлері


Ағаш өңдеудің тарихы туралы айтады;

Ұлттық бұйымдардың түрін дұрыс атайды;

Салыстыру кестесін толтырады..

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты тексеру Сабақ тақырыбын ашу (көне ағаш бұйымдарының суреттерін көрсету)

Амандасу,түгендеу



Сабақтың ортасы

1. ІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Пән мазмұнымен таныстыру Салыстыру:


Ежелгі дәуір

Қазіргі заман

Қол ара, балта

Электр ара, станок

Қарапайым ыдыстар

Жиһаз, құрылыс материалдары

Ою-өрнекті бұйымдар

Зауыттық өндіріс, дизайн

Мұғалім түсіндіруі.


Ағаш өңдеу – адамзаттың ең көне кәсіптерінің бірі.

Ежелгі адамдар ағаштан құрал-сайман, үй, ыдыс жасаған.

Қазақ халқы ағаштан сандық, кебеже, ер-тұрман, асадал жасаған.

Қазіргі заманда ағаш өңдеу заманауи станоктармен жүзеге асады.


Дескриптор:

Сурет арқылы ағаш түрлерін таниды;


Қасиеттерін атайды (қаттылығы, түсі, жеңілдігі, иілгіштігі);


Мысал келтіреді (үй жиһазы, ыдыс, құрылыс). қолданады




Жұлдызша

мен бағалау











Сабақтың соңы


ІІІ. Топтық жұмыс (10 мин.)

Әр топқа ағаш бұйымдарының суреттері беріледі.

Тапсырма: бұйымды атау, тарихы мен қолданылуын жазу.

Постер қорғау.

IV. Қорытынды (5 мин.)

Сұрақ-жауап:

Ағаш өңдеу қай дәуірден басталды?

Қазақ халқының ағаштан жасалған қандай бұйымдарын білесіңдер?

Бүгінгі ағаш өңдеу қандай ерекшеліктерге ие? .

Бағалау:

Топ жұмысына критерий бойынша баға беру..

V. Үй тапсырмасы (2 мин.) «Менің отбасымдағы ағаш бұйымдар» тақырыбында шағын әңгіме жазу.






Дескриптор:

Ағаш өңдеудің тарихын айтады; Ежелгі дәуір мен қазіргі замандағы ағаш өңдеу ерекшеліктерін салыстырады;

Ұлттық ағаш бұйымдарының атауын дұрыс жазады және суреттен таниды;

Ағаш бұйымдарының тұрмыстағы қолданылуын түсіндіреді;

Топтық жұмыс барысында постер дайындап, сынып алдында қорғайды. Қазақ халқының дәстүрлі ағаш бұйымдарын (сандық, кебеже, асадал, оюлы есік т.б.) ажыратады;

Топтық жұмыс барысында суретпен жұмыс жасап, ақпаратты постерге түсіріп қорғайды;

Жұлдызша мен бағалау











Жұлдызша мен бағалау






Жұлдызша мен бағалау
















Білім беру ұйымының атауы

205 ЖББМ

Пәні:

Көркем еңбек

Педагогтің аты-жөні:

Муххамет Муса

Сабақтың тақырыбы:

Ағаш шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері.

Күні:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.3.1 – Ағаш шеберханасында жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін білу;

5.1.3.2 – Құрал-саймандарды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;

5.1.3.3 – Қауіпті жағдайларды алдын алу жолдарын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты


Шеберханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін меңгерту;

Ағаш өңдеу құралдарын қауіпсіз қолдануды үйрету;

Жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


Қауіпсіздік ережелерін атайды;

Құралдарды қолданғанда сақтық шараларын түсінеді;

Жұмыс орнын таза ұстаудың маңызын біледі;

Топтық жұмыс арқылы қауіпсіздік ережелерін постерге түсіреді.

Әдіс-тәсілдер:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету плакаты

Бағалау критерийлері


Қауіпсіздік ережелерін дұрыс атап көрсетеді;

Құралды дұрыс ұстауды көрсетеді;

Топтық тапсырманы орындап, қорғайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты тексеру Сабақ тақырыбын ашу (көне ағаш бұйымдарының суреттерін көрсету)

Амандасу,түгендеу



Сабақтың ортасы

1. ІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Пән мазмұнымен таныстыру

Киім тәртібі: Шеберханаға тек арнайы киіммен (алжапқыш, қолғап, қажет болса көзілдірік) кіру керек. Киім денеге кедергі келтірмеуі тиіс. Жұмыс орны: Жұмыс орныңды таза ұста. Құралдарды ретімен қой.Артық заттарды үстел үстінде қалдырма

Құрал-саймандармен жұмыс

Әр құралды тек өз мақсатына сай пайдалан. Құралды дұрыс ұста, өткір жүзін өзіңе қаратып ұстама. Электр құралын тек мұғалімнің рұқсатымен қолдан.

Жұмыс кезіндегі тәртіп.

Сабақ барысында ойнап, әзілдеп құрал қолдануға болмайды. Бір-біріңді итермелеуге, алаңдатуға болмайды. Жұмысты тек мұғалімнің нұсқауы бойынша орында.

Жұмыс соңында. Құралдарды орнына қою. Жұмыс орнын жинау.

Қауіпсіздікті тексеріп шығу

Мұғалім түсіндіруі.

Шеберханадағы жалпы тәртіп:

Арнайы киім, көзілдірік, қолғап кию;

Құралды тек мұғалімнің рұқсатымен қолдану;

Жұмыс орнын таза ұстау.

Қауіпті жағдайлардан сақтану:

Өткір құралдарды дұрыс ұстау;

Қолды жүздің алдына қоймау;

Электр құралын абайлап қолдану.




Дескриптор:

Шеберхананың жалпы тәртіп ережесін атайды;

Құралды қалай дұрыс ұстау керегін түсіндіреді;

Жұмыс кезінде қандай әрекет қауіпті екенін айтады;

Өз ойларын топтық жұмыс арқылы жеткізеді.



Жұлдызша

мен бағалау












Сабақтың соңы


ІІІ. Топтық жұмыс (10 мин.)

Әр топқа жағдайлық тапсырма беріледі (мысалы: «Құралды дұрыс ұстамаған жағдайда не болуы мүмкін?»).

IV. Қорытынды (5 мин.)

Сұрақ-жауап:

Қай құралмен жұмыс істеу кезінде абай болу керек?

Шеберханада қандай киім кию керек?

Қауіпсіздік ережесін сақтамаса не болады?

Бағалау:

Оқушыларды «смайлик», «жұлдызша» арқылы бағалау.

V. Үй тапсырмасы (2 мин.) «Мен шеберханада қалай қауіпсіз жұмыс істеймін?» тақырыбында шағын эссе жазу.






Ағаш өңдеу тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі дамуын түсінеді;

Ежелгі және қазіргі ағаш өңдеу тәсілдерін салыстырады;

Қазақ халқының дәстүрлі ағаш бұйымдарын (сандық, кебеже, асадал, оюлы есік т.б.) ажыратады;

Топтық жұмыс барысында суретпен жұмыс жасап, ақпаратты постерге түсіріп қорғайды;

Ағаш өңдеу өнеріне деген қызығушылығы артады

Топтық жұмыс барысында өз ойын жеткізуді және басқалардың пікірін тыңдауды үйренді.

Қауіпсіздік ережесін сақтап, ағашпен жұмысқа қызығушылық танытты.

Жұлдызша мен бағалау











Жұлдызша мен бағалау






Жұлдызша мен бағалау










Білім беру ұйымының атауы

205 ЖББМ

Пәні:

Көркем еңбек

Педагогтің аты-жөні:

Муххамет Муса

Сабақтың тақырыбы:

Ағаш өңдеуге арналған құрал-саймандар

Күні:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1 – ағаш өңдеуге арналған негізгі құрал-саймандарды атау және ажырату;

5.1.2.2 – құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;

5.1.3.1 – құралдарды қолдана отырып қарапайым тәжірибелік жұмыс орындау.

Сабақтың мақсаты


Оқушылар ағаш өңдеуге арналған негізгі құрал-саймандарды біледі және атайды;

Құралдардың қызметін ажыратады;

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды үйренеді.

Күтілетін нәтиже


Қауіпсіздік ережелерін атайды;

Құралдарды қолданғанда сақтық шараларын түсінеді;

Жұмыс орнын таза ұстаудың маңызын біледі;

Топтық жұмыс арқылы қауіпсіздік ережелерін постерге түсіреді.

Әдіс-тәсілдер:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету плакаты

Бағалау критерийлері


Қауіпсіздік ережелерін дұрыс атап көрсетеді;

Құралды дұрыс ұстауды көрсетеді;

Топтық тапсырманы орындап, қорғайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты тексеру

Мұғалім «Бұл не?» ойынын ұйымдастырады: суреттен ара, балға, сүргі, қашау, егеу көрсетіліп, оқушылар атын табады.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Амандасу,түгендеу



Сабақтың ортасы

Жаңа білім:


Мұғалім ағаш өңдеуге арналған негізгі құралдарды таныстырады:


Ара – ағашты кесуге арналған.

Балға – шегелерді қағуға арналған.

Қашау – ойық ойып, ағашты өңдеуге арналған.

Сүргі – ағаш бетін тегістеуге арналған.

Егеу – қырларын тегістеуге арналған.

Интерактивті слайд, бейнематериал көрсету.


Дескриптор:

Құрал-саймандарды дұрыс атайды;


Құралдардың қолданылу мақсатын түсіндіреді;


Қауіпсіздік ережелерін айтады;


Қарапайым тәжірибелік жұмыста құралдарды дұрыс қолданады.


Жұлдызша

мен бағалау





Picture 4







Сабақтың соңы


ІІІ. Топтық жұмыс (10 мин.)

Әр топқа құралдардың суреттері беріледі.

Тапсырма: құралдың атын жазып, қызметін түсіндіру

Практикалық жұмыс:


Мұғалімнің бақылауымен оқушылар құралды қолданып көреді (мысалы: сүргімен ағашты тегістеу, арамен кішкене бөлік кесу).


Қауіпсіздік ережелері:


Құралды дұрыс ұстау;

Жұмыс орнында артық заттардың болмауы;

Жұмыс кезінде ойнамау, қалжыңдаспау;

Әр құралды тек өзінің мақсатына пайдалану.


.IV. Қорытынды (5 мин.)

Сұрақ-жауап:

«Құралды тап» викторина ойыны (мұғалім сипаттама береді, оқушылар құралдың атын айтады).


Рефлексия: «Мен білдім… Маған қиын болды… Мен қолдана аламын…»

Бағалау:

Оқушыларды «смайлик», «жұлдызша» арқылы бағалау.

V. Үй тапсырмасы (2 мин.) «Менің ағаш шеберханам» тақырыбында құрал-саймандардың суретін салып, аттарын жазып келу.






Ағаш өңдеу тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі дамуын түсінеді;

Ежелгі және қазіргі ағаш өңдеу тәсілдерін салыстырады;

Қазақ халқының дәстүрлі ағаш бұйымдарын (сандық, кебеже, асадал, оюлы есік т.б.) ажыратады;

Топтық жұмыс барысында суретпен жұмыс жасап, ақпаратты постерге түсіріп қорғайды;

Ағаш өңдеу өнеріне деген қызығушылығы артады

Топтық жұмыс барысында өз ойын жеткізуді және басқалардың пікірін тыңдауды үйренді.

Қауіпсіздік ережесін сақтап, ағашпен жұмысқа қызығушылық танытты.

Жұлдызша мен бағалау











Жұлдызша мен бағалау






Жұлдызша мен бағалау
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2025
76
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі