жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көркем еңбек пәні бойынша "Білгір іскер" атты зияткерлік танымдық ойын.
Шолақсай орта мектебі
«Білгір іскер»
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Ихтиляпова Б.Б.
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Білгір іскер» атты зияткерлік танымдық ойын.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың
білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын
сынау, өз – өзіне деген сенімділігін,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Технология сабағынан алған білімдерін
тексеру.
Сабақтың
түрі: Танымдық
– зияткерлік ойын
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті
тақта, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Көркем еңбек» пәні бойынша ұйымдастырылған 5 - 6 - сынып қыздарының қатысуымен өтетін «Білгір іскер» атты зияткерлік - танымдық ойынымызды бастайық.
Ал
енді, ойынымыздың әділ бағасын беретін
әділқазы алқасымен таныстырып
өтейін.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жүргізуші:Ойын барысында қатысушыларымыз ұяшықтарды аша отырып, түрлі қызықты сұрақтарға жауап береді.
Әділ-қазылар алқасы әр дұрыс жауап берген сұраққа ұяшықта көрсетілген ұпайды қоясыздар, егерде сұраққа жауап бере алмаса, басқа қатысушы жауап беруіне болады және ұпай дұрыс жауап берген қатысушыға есептеледі.
Міне,
құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер,
қонақтар ойынның барлық ережелерімен
таныстық, онда іске сәт.
Олай
болса ойынымызды бастайык.
Қ
ЖҰМБАҚ
1)Шешесі жол ашады, баласы оны жауып отырады?
(Қайшы, ине- жіп)
2)Бәрі де бір күнде туған, бірақ бойлары әр қилы, кіре салып, басын шығарады? (түйме)
3)Кейде ашылады, кейде басылады. Көзіне қол сұқсаң, жағы ашылады? (Қайшы)
4)Бәрі алдымда, келдім кеттім, сенің бетің- менің бетім. Сенің мұрның менің мұрным, бұрсаң оны- мен де бұрдым? (айна)
5)Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты? (үтік)
6)Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді? (тігін машинасы)
СӘНГЕР
(Оймақ)
2)Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ
бөлшектерді қалай атайды?
Мысалы, сумка, қолшатыр, көзәйнек, қолғап, әмиян т. б. (Акссесуарлар)
3)
Бояуларды үлкен неше топқа бөлеміз? (2
топқа. Табиғи және жасанды)
4)
Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді
атайды? (шалбар, белдемше, шорты)
5)
Қазақтар киім тігуге өздері өндірген
қандай материалды жиі пайдаланған?
(жүн, тері)
6) Ұлттық киімдер қандай стиль түріне жатады? (фольклорлық)
АНАГРАММА
2) АШЙЫҚ (ҚАЙШЫ)
3) КҮІТ (ҮТІК)
4)
ҚАШАРАТЫҚЫҚ (АРАҚАШЫҚТЫҚ) Қол
жұмыстарын орындауда көз бен бұйым
арасындағы арақашықтық шамамен неше
см болады? (30)
5)
ШИМАСЫНА ГІНТІ (ТІГІН МАШИНАСЫ)
6) ОҚТ (ТОҚ)
ІСКЕР
2)
Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы
зат қалай аталады? (Кергіш)
3)
Тігін машина тігіс түрлері (сырып
тігу,қосып тігу, көмкеру, қондыру,
бастыру, айыра қайып тігу)
4) Қол тігіс
түрлері (көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш
көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып
тігу)
5) Қалдық маталарды құрастырып
жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
6)
Әр нәрсені көркемдеп жобалау қалай
аталады? (Дизайн)
МАҚАЛ-МӘТЕЛ
2) Ине (Оқу – инемен құдық қазғандай)
3) Білім (Күш-білімде, Білім – кітапта)
4) Жақсы (Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен)
5) Жұмыс (Жақсы жұмыс – жанға тыныс)
6) Қол (Көз - қорқақ, Қол – батыр)
1
БІЛГІР
2)
Әртүрлі маталардың қиындыларын жапсырып,
мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай
атайды? (Коллаж)
3)
Оюды үлкен неше топқа бөлеміз? (4 топқа.
Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес,
геометриялық)
4)
Бисердің Отаны? (Египет, АҚШ, Канада,
Жапония)
5)
Ең алғашқы тігін машинасын ойлап тапқан
кім? (Леонарда да Винчи) (Қазіргі
заманауи түрін ұсынған Исаак Зингер)
6)
Стеклярустың бисерден айырмашылығы?
(Ол түтікше болып келеді)
Жүргізуші: құрметті сайыс қатысушылары барлық ұяшықтар ашылды.
Енді үй тапсырмасына кезек берсек. Яғни, уйде өз ойларымен салынған Қазақ киымдерінен дизайнерлік жұмыс, альбом бетіне түсіру.
Әділ-қазылар жеңімпаз тобын анықтағанша, жанкүйерлермен ойын ойнасақ.
Мен
сіздерге мақал- мәтелдің басын оқимын
сыздер жалғасын табу керексіздер. Тапқан
жанкүйерлер тәттілерге ие боласыздар.
(сұраққа жауап берген оқушыларға кәмпит
беру)
1.
Шыдамды
еңбек, алғыр ой,
(нағыз
досың біліп қой!)
2.
Ер
дәулеті — (еңбек)
3
Ер
қадірін ер білер, (Зер қадірін зергер
білер)
4.
Жігіт
адамға (жетпіс өнер де аз)
5.
Қыз
еркем кестесімен көркем, (Ұл еркем
өнерімен көркем)
6.
Білетінің бір тоғыз, (Білмейтінің тоқсан
тоғыз)
7.
Қыз
- әкесіне жұлдыз, (шешесіне күн)
8.
Қыз
– (қонақ)
9.
Қыздың
қабағы күлімдесе – (құт келеді)
10.
Әділін
айтсаң —(әдемі айтқаның)
11.
Ұстаның
бізі сүйкімді, (жақсының сөзі сүйкімді)
12
Шебердің инесі де алтын, (соққан күймесі
де алтын)
13.
Шебердің
қолы — ортақ, (Шешеннің тілі
ортақ)
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/page/2/
14.
Көп
ісінде (береке)
15.
Еңбек
етсең ерінбей,(тояды қарның тіленбей)
16.
Ащы еңбектен (тәтті нан)
17.
Ермек қуған бәлеге жолығады, (еңбек
қуған қазынаға жолығады)
18.
Еңбек – ширатады, (өмір –үйретеді)
19.
Шеберді (саусағы асырайды)
20
Еңбектің көзін тапқан, (Байлықтың өзін
табады)
Жүргізуші:-Жанкүйерлер
сіздерге көп рахмет.. Сөз кезегін
сараптауға және ұтып алған ұпай санын
атауға әділқазы алқасына берелік.
Жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен
және түрлі сыйлықтармен марапатталады.
Жүргізуші:
Рахмет сіздерге, құрметті әділқазы
алқасы.
Осымен
бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат
етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі
биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз
биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз
намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз
сымбатты да білімді болсын, ағайын!
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген