400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану


Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологиялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады.

Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеацияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі.

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялықбілімінің негізін қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.

Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады:

1. Ойындық технология - мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.

2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б.

3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.

Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б. Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.

Модульдік оқыту технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу

Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Жас өспірімдерді еңбекке

тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау. Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді.

Әдебиеттер тізімі: 1. Ұ.Жазықбаева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент,2000. 2. Т.Ш.Оралбекова Технология оқулығы. Алматы, 2016. 3. Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2017


Жетісай ауданы

Жетісай қаласы

"А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ" КММ

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Сыдыков Габит Курбанбекович




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
09.03.2023
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі