400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері: теория мен тәжірибе.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері: теория мен тәжірибе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Қарасай ауданы

«Б.Соқпакбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Нурмаханбетова Дина Асылбекқызы



«Көркем еңбек» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері: теория мен тәжірибе.

Қазіргі кезеңде білім беру саласында ақпараттықкоммуникациялық технологиялар мен цифрлық құралдардың кеңінен қолданылуы оқу процесін тиімді әрі интерактивті етуге мүмкіндік береді. Бұл тенденция әсіресе көркем еңбек пәнінде маңызды орын алады. Көркем еңбек сабағында цифрлық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға, сондай-ақ заманауи өнер мен дизайнды үйренуде ерекше әсерін тигізеді. Бұл мақалада қыздар тобына арналған көркем еңбек сабағында заманауи цифрлық құралдарды енгізудің тиімділігі мен қажеттілігі талқыланады. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың педагогикалық процесс пен шығармашылық білім беру жүйесіндегі рөлі қарастырылады.

Кілт сөздер: заманауи цифрлық құралдар, көркем еңбек, білім беру технологиялары, шығармашылық қабілеттер, мультимедиялық құралдар, оқыту әдістемесі, педагогикалық инновациялар.

Заманауи білім беру жүйесі күннен-күнге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді талап етіп отыр. Бұл процеске көркем еңбек пәні де белсенді қатысып, цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізудің нәтижесінде сабақтар жаңа әрі қызықты формада өтуде. Көркем еңбек сабағында цифрлық технологиялар мен құралдардың қолданылуы оқушылардың шығармашылық көзқарасын дамытуға, оларға қазіргі заманғы өнер мен дизайн бағыттарын меңгеруге мүмкіндік береді.

Қыздар тобы үшін көркем еңбек сабағы ерекше маңызға ие, өйткені бұл пән арқылы олар тек шығармашылық дағдыларын ғана емес, сонымен қатар сән, дизайн және қазіргі заманғы өнер саласындағы мамандықтарға дайындық алады. Заманауи цифрлық құралдардың көмегімен білім алушылар жаңа технологияларды меңгеріп, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруда маңызды қадамдар жасайды. Бұл орайда, педагогтің кәсіби құзыреттілігі мен цифрлық білім беру технологияларын пайдалану дағдылары басты рөл атқарады.

Қазіргі заманның цифрлық құралдары білім беру процесіне айтарлықтай

ықпал етеді. Көркем еңбек сабағында мультимедиялық құралдарды, графикалық редакторларды, бейнемонтаж бағдарламаларын және түрлі шығармашылық платформаларды қолдану өте тиімді. Бұл құралдар оқушылардың өз жұмыстарын шығармашылық тұрғыдан көркемдеуге, заманауи дизайн элементтерін енгізуге мүмкіндік береді.

Цифрлық құралдар арқылы 3D модельдеу де жүзеге асырыла алады. Бұл процес оқушылардың үшөлшемді объектілерді түсінуіне, өз шығармашылығында жаңа технологияларды қолдануына мүмкіндік береді. Қыздар тобы үшін сән, интерьер дизайны, зергерлік бұйымдар жасау сияқты шығармашылық бағыттарда бұл құралдардың ықпалы зор.

Заманауи цифрлық құралдарды енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылуда. Бұл тәсілдер оқушыларды инновациялық ойлауға, мәселелерді шешуде жаңа жолдарды іздеуге, сондай-ақ өз идеяларын нақты жүзеге асыруға үйретеді. Мысалы, Pixlr, Procreate, Krita сияқты сандық сурет салу бағдарламалары оқушыларға өздерінің өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді, ал SketchUp секілді бағдарламалар интерьер дизайны мен архитектураға қызығушылығы бар қыздар үшін өте тиімді.

Цифрлық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың идеяларын визуализациялауға мүмкіндік береді. Оқушылар сандық форматта шығармашылық жұмыстарды жасай отырып, технологиялар мен өнердің үйлесімді түрде өзара байланысын түсінеді.

Цифрлық құралдар арқылы оқушыларды қазіргі заманғы өнер түрлерімен таныстыру маңызды. Көркем еңбек сабағында әртүрлі мультимедиялық материалдарды көрсету, заманауи өнер туындыларын зерттеу және талқылау арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы қалыптасады. Цифрлық құралдардың көмегімен оқушылар тек бейнелеу өнерімен танысып қана қоймай, сондай-ақ жаңа технологияларды пайдалану арқылы өнер туындыларын жасаудың дағдыларын меңгереді.

Мысалы, digital art (сандық өнер), motion graphics (қозғалыс графикасы) сияқты жанрлар қазіргі заманда өте танымал болып табылады. Бұл құралдар бастауыш сыныптар мен жоғары сыныптар үшін де тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, 3D модельдеу мен анимация, графика мен бейнемазмұнды жасау арқылы қыздар өз идеяларын шынайы өнер туындыларына айналдыруға мүмкіндік алады.

«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған оқыту

құралдары, соның ішінде, оқыту әдістері мен үйрену әдіс–тәсілдері, енді, оқыту мақсатына жетуге және оқушылардың, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып таңдау негіз болады. Бұл оқытудың педагогикалық әдіс–тәсілдері сындарлы оқытудың, скаффолдинг, моделдеу, дамыта оқыту, әрдеңгейлі оқыту, саралап оқытудың теорияларына негізделе анықталған [3]. Осы оқыту мен үйренудің әдіс–тәсілдері «Көркем еңбек» оқу сабақтарында оқушылардың біршама танымдық және тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады.

Білім берудегі цифрлық құралдар – оқыту мен оқудағы ақпаратты берудің сапасын, жылдамдығын және тартымдылығын дамыту үшін әзірленетін сандық құралдардың ішкі жиынтығы [4]. Оларға электрондық білім беру жүйелері, әлеуметтік желілер, бейнесер-вистер, графикамен жұмыс істеу және ойын оқу материалдарын жасау қызметтері және т.б. жатады. Мұндай ресурстарды құрудың мақсаты –білім беру нәтижелері мен үлгерімін бақылау процесін жеңілдету, балалардың қызығушылығын және қатысуын арттыру. білім беру процесінде білім алудың, жаңғыртудың, талдаудың және қолданудың әртүрлі формалары арқылы білім беруді ашық және қолжетімді етеді. Білім беруде цифрлық құралдарды пайдаланудың басты мақсаты – оны жақсарту.

Бұл тұрғыда мұғалімдердің заманауи технологияларды қолдану қабілеті, педагогикалық әдістемелері мен оқу үдерісін жаңа әдістермен жандандыруы маңызды. Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін бағалаудың жаңа әдістері мен сандық құралдарды қолдану олардың бойында жаңа дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі:

1. 1.Все возможности Google Forms // Медиа нетологии URL: https://netology.ru/blog/google-formy 22.03.2021. 2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, екінші басылым, 2015. – 23 б.

Әлімова А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы/«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі