Көркем еңбек пәнінде оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Көркем еңбек пәнінде оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдермен қалай жұмыс жасау керектігін көрсету. Оқушылармен бірлесе жұмыс жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін

өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазір бүкіл әлемде интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Көркем еңбек сабағында оқушылармен жұптық және топтық жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес,сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, мәтін тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы пішініне әр түрлі сөздер арқылы қатысты сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен сөздерді табу, оқушының тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады. Сонымен қатар қайталау сабағында ән-музыка, бейнелеу түрлерін көбірек пайдалану, оқушыға ұсынылған жаттығуда мәтін құрауға жиі көңіл бөлу де шығармашылық қабілетті арттырады. Жаттығулардың бір қатары оқушының танымдық белсенділігін дамытып, шығармашылық әрекетін қалыптастыруға негізделеді. Оқушы тақырыпты меңгергеннен кейін жаттығу арқылы ойын жүйелеп, жұмыс жүргізуде, тапсырманы орындауда ойлау қабілетін жетілдіре түседі. Ойлау мен сөйлеу қабілеті бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушының ойын жүйелеуде әртүрлі әдіс-амалдар қолданылады:

-жаңа материалды меңгеру;

-оқушыға бағыт беруғ яғни түрткі сұрақ, реплика беру;

-оқушының өзін көбірек сөйлету;

-тақырыпты бекіту;

-игерілген білімді тиянақтау;

-көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану:

Оқушының өз бетімен ізденісіне деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, олар оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін тақырыбын түсіну, ашу, ондағы негізгі ойды бөліп алу; шығармадағы негізгі кейіпкер, оқиға, құбылыс туралы өз пікірін тұжырымдау; өз ойын дұрыс жазу, айту оқушының байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып, жетілдіруге, сөз қорын молайтуға, өзіндік көзқарасын орнықтыруға септігін тигізеді.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұқбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуна көмектесетін амал.

АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъектдәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден– дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Мысалы: «Жеңіл көйлек тігу» тақырыбын өткен кезде «Түсіну деңгейі»топқа сұрақтар жазылған көйлек мозайкалары таратылады,оқушылардың өз білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы жүргізіледі.

Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

«Қолдану деңгейі» бойынша Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады Бұл жерде оқушылар «Топтастыру стратегиясы» арқылы постер қорғайды.

І топ ұлттық көйлек

ІІ топ заманауи көйлек

ІІІ топ тұрмыстық көйлек

Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.Бұл деңгейде оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындайды.Жұптық жұмыс орындайды. Қалдықтармен жұмыс жасап,көйлектің эскизін дайындайды.

«Талдау деңгейі» «Реттілік» кезеңі.Топтағы оқушыларға сұрақ парақшасы таратылады.

Бұйымды әрлеп үтіктеу үлгі дайындау

Фурнитураларды (түйме,ілмек,гүл т.б) қадау материалды пішу

Сызба дайындау бұйымды тігу.Оқушылар жеңіл көйлек дайындаудың технологиялық реттілігін дұрыс орналастырады.

«Жинақтау деңгейі» бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірін тыңдау арқылы қорытынды пікірге келеді.

«Бағалау деңгейі» бойынша: Не білдік?, Не үйрендік?, Сен қалай ойлайсың? Осы сұрақтар арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгендерін ортаға салады.

Кері байланыс: Қай тапсырма қиын болды,қайсысы оңай болды

Сарамандық жұмыстағы қателіктерге талдау жасау

Оқушылар смайлик арқылы көрсетеді.

Төртіншіден– дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді.

Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі . Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс - әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым:

-оқушының шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

-қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

-қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлініп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

-қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.

Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады. Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады . «Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір –бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікірін айтып сабақты қорытындылай алады . « Ыстық орындық», «Сұрақтарды ұстап ал», «Ассоциация» «Джигсо» әдістері, яғни диалогтік оқыту барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай «білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады» сондықтан бір-бірін оқыту оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық.

Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан- жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейнекөріністер алып оған талдау жасау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды.

Мысалы: 5 сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары» тақырыбында сабақ өткізгенімде алдымен сыныпты түстер бойынша 3 топқа бөлдім. Әр топқа қазақ халқының ұлттық киімдері, баспанасы ,зергерлік бұйымдарымен мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету мақсатында оқушыларға сұрақ қоя отырып қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдер,зергерлік бұйымдары барлығы дерлік ою-өрнекпен әшекейленеді деген мәтіндер бойынша топтық тапсырмалар бердім. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге,бір - бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды.АКТ- ны пайдалана отырып алған мәліметтерін үш тілде баяндай алды. Қазіргі таңда АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыларымызды мына қадамдарға бағыттайды .

1.Оқушы танымын кеңейтеді

2.Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды . 

3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады.

Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнің де еңбек өнімінің жоғарлауы болады. Қорыта келгенде Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне

мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

      Заман талабына сай көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологияялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеацияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі.

Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялықбілімінің негізін қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.

Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б. Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.

       Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

Әлімбаев, Ә. “Қазіргі педагогикадағы инновациялық әдістер.” Алматы: Білім баспасы, 2018.

Омарова, Г. “Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.” Білім журналы, №3, 2020.

Куланова, Б. “Көркем еңбек пәні және оның маңыздылығы.” Педагогика және психология, №5, 2021.

Сабырова, Р. “Мектептегі білім берудегі интерактивті технологиялар.” Оқушылардың шығармашылығын дамыту: жинақ. Алматы: Педагогика баспасы, 2019.

Баймұхамедова, С. “Заманауи оқыту технологиялары.” Оқу құралы. Астана, 2020.

Ахметова, Л. “Оқушылардың көркем еңбек сабағында қызығушылығын арттыру жолдары.” Педагогика журналы, №4, 2022.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2025
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі