400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем еңбек пәнінен 472 бұйрықпен жазылған қмж.1-2-3-4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тоқсанға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Визуалды өнер

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Пән: көркем еңбек

Сынып: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Иржанова Г.А

Күні: 07.09.23

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Портрет жанры. Портрет түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.3.1. Шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:портрет жанры мен портрет түрлері туралы біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:портрет жанры мен портрет түрлерін жасауда ақпарат көздерін қолданады;

Кейбір оқушылар:портрет түрлерін өз бетінше орындайды;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Педагог іс-әрекет


Оқушы іс-әрекеті


бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы












«Қол жесті» әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызу;

Топқа бөлу «Адасқан әріптер» әдісі

1-топ «Портрет» 2- топ «Жанр» 3- топ «Портрет түрі»

1 тапсырма. «Жасырын суреттер» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.







- суреттерде кімдер бейнеленген?

- адамдардың суретін салу қалай аталады?

-суреттерде қандай түстер қолданылған?


Оқушылар шеңберге тұрып, топқа бөлінеді.

Портрет жанрының түрлері

Парадтық .Камералық .Топтық

Миниатюрлік .Тарихи .Серуендік- портрет

Отбасылық .Діни портрет. Автопортрет

Оқушыларға сұрақ қойю арқылы білімін тексеру.

1.     Бейнелеу өнерінің түрлерін атта?

2.     Кескіндеме, оның жанырлары туралы айт?

3.     Пейзаж деген не?

4.     Натюрморт қандай мағынаны білдіреді?

5.     Тақырыптық сурет туралы айт?

ҚБ «Қол сигналы» әдісі











оқулық





қима қағаздар

суреттер






Сабақ ортасы




































Портрет- бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры.

Салтанатты портрет- арнайы сәнді киінген, сымбатты адамды бейнелейді.

Камералық портрет – адам қарапайым, табиғи қалыпта бейнеленеді.

Топтық портрет – екі немесе бірнеше адам бейнеленеді.

Жұптық портрет – ерлі-зайыптылар, туған- туыстар,жолдастар бейнеленеді. Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.

Ой шақыру.

Картиналарды қарастырып, келесі сұрақтарды қою ұсынылады: :

  • Картинада не байқап тұрсыздар?

  • Неге бұл картиналар портрет деп аталады?

  • Портрет дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар?

  • Бұл картиналарда адамдардың бейнесі қалай бейнеленген?

  • Портреттің қандай түрлерімен таныссыңдар?

  • Суретшілер қандай визуалды элементтер қолданған?

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, «визуалды элемент» дегеніміз не?

3 Бұл картина арқылы қандай идея және көңіл- күй берілген? Суретші бізге не айтқысы келді

2- тапсырма. Жеке жұмыс: Портретке адамның бет бейнесін салу



Дескрипторлар:

Оқушылар портрет салу ережелерін біледі;

Портрет салудағы эстетикалық талаптарды орындайды;








































постер, маркер











Альбом, қағаз, қарындаш






Сабақтың соңы


Кері байланыс: «Бір сөзбен» стратегиясы

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.



























Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп: «Айдарлы ОМ МДШО» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримжанова Жумагул Абдикаримовна

Сынып: 6

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

  • Қазақстандық суретшілердің портрет жанрындағы картиналарын зерттеу;

  • Суретшілердің жұмыстарындағы ерекшеліктері туралы білім мен түсінігін көрсету.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Педагог іс-әрекет


Оқушы әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы


Сұрақтарға жауап бер:

«Абай» портреті.

  • Картинада кім бейнеленген? Кейіпкердің мінезін суреттеңіз.

  • Картинаның авторын білесіздер ме?

  • Суретші көрерменге не айқтысы келеді?

  • Портреттер несімен ерекшеленеді?

Сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу.

Оқушыларға қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың әртүрлі суретшілермен салынған үш портретін қарастырады:




Өзін-өзі бағалау


оқулық

Сабақтың ортасы



Шоқан салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болғандықтан, оларды түгелдей кәсіптік өнерге жатқызбайды. Шоқан салған сурет.

Ш.Уәлихан ов.

Қазақстанның реалисттік бейнелеу өнері

Н.Г.Хлудовтың (1850-1935) есімімен байланысты.

Қазақстанға 1877 жылы келген ол географиялық экспедицияға қатысып, бірнеше акварель және кескіндеме полотноларын жасады. Ұлттық колориты мен этнографиялық жағынан үстірттігіне қарамастан Хлудов шығармалары көркемдік құндылыққа ие болды.

А.Бортников. «Жайлаудағы Хлудов»

Н.Г.Хлудовтың бейнелеген суреттері;

  • Қазақстанның таулы табиғатын,

қазақтардың тұрмыс-тіршілігі

1929 жылы Түрксіб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы Ә. Қастеев оқуға келді. Оның әкелген суреттерінен темірқанат талаптың болашағы зор екендігі көрінді.

«Соңғы хабар» Абай портреті «Томар» колхозы

Кескіндемелік жұмыстары қазақтың кең даласында болып жатқан өзгерістерді шынайы бейнелеген суретшілер;

- Ә. Қастеев,

- Н.Крутилников,

- Е.Сидоркин,

- Ш.Кенжебаев,

- С.Мәмбиев,

- Қ.Телжанов,

- М. Кенбаев,

- М. Лизогуб және басқа суретшілер

Суретшілер қоршаған ортада және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларды бақылап әрі талдай отырып, сезім, тебіреніс әсерлерін өз туындылары арқылы көрсетуге тырысады.

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».

Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген.

Қазақстандық суретші Гульфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі» картинасын қарастырыңыздар.

  • Картинада не бейнеленген?

  • Картинаның кейіпкерін танисыздар ма?

  • Портрет қандай түрге жатады? Неліктен?

  • Суретші бізге не суреттегісі келді?

Портрет сіздерге қандай көңіл-күй сыйлайды

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Картинаның идеясы қандай?

  • Портрет қандай колоритте орындалған? Неліктен?

  • Картинаның атауын қалай қояр едіңіз?

  • Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ұқсастық не?

  • Қазақстандық кескіндемешілердің ортақ визуалды элементтерін ата?













Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкердің мінезін суреттейді;

  • Композиция;

  • Көркемдік элементтерді, стилистиканы қолданады.

Оқушылардың практикалық тапсырмалары альбомда орындалады.



http://magnolia.kz/articles/3442-vstrecha-zhambyla-i-diny.html





https://www.youtube.com/watch?v=w49I4Uwe02A




http://nurlankilibayev.blogspot.com/p/blog-page_17.html













https://www.youtube.com/watch?v=aqdLtJC31O0





Сабақтың соңы

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?




Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі