Материалдар / «Көркем гимнастиканың спорттық медицинадағы алатын орны» атты ғылыми жоба
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Көркем гимнастиканың спорттық медицинадағы алатын орны» атты ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық медицинадағы көркем гимнастиканың алатын орны туралы жоба. Көркем гиснастика қаншалықты спортшының өміріне пайдалы екені айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2021
284
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«АХМЕР ОРТА МЕКТЕБІ» КММ





Секция: медицина, психология

 



Тақырыбы: Көркем гимнастиканың спорттық медицинадағы алатын орны 

 

 

  










Орындаған: Амербекова Айшабибі

7 «A» сынып оқушысы


Жетекшісі: Конакбаева Жадыра Кабылбековна

Ахмер орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Гуманитарлық ғылымдар магистрі



Өскемен қаласы, 2021 жыл

 МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Спорттық медицина жайлы мағлұмат.........................................................5

2 Көркем гимнастика – менің өмірімнің өзегі...............................................7

3 Спорттық медицинадағы көркем гимнастика..............................................................................................................11

Қорытынды ...........................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................15

Практикалық бөлім

Қосымша











 


















КІРІСПЕ

З ерттеу жұмысының cипаттамасы. Зерттеу жұмысының негізгі кілт сөздері: көркем гимнастика және оның негізгі құралдары, спорттық медицина. Ғылыми жобаның тақырыбына деген қызығушылығым қалай оянды десек, мен бес жасымнан бастап көркем гимнастикамен шұғылданып келемін. Отбасым да спорттан алыс емес. Спорттың бұл саласынан қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар мен турнирлерде жетістіктерге де жетіп үлгердім (№1 қосымшада көрсетілді). Бірінші өткен жаттығу сабағы мен үшін сондай қызықты болды. Бұрын көрмеген арнайы спорттық құралдар, атап айтсам, лента, доп, шеңбер, түйреуіш (булавы) (№2 қосымшада көрсетілді). т.б. Оларды көрген кезде көркем гимнастикаға деген қызығушылығым, тіпті, еселене түсті десем артық емес. Әлеуметтік желілерден көркем гимнастика жайлы көптеген ақпараттармен танысып, түрлі спортшылардың номерлерін қарап жүрдім. Есейе келе көркем гимнастика менің денсаулығым үшін, салауатты өмір сүруім үшін, әдемі болуым үшін аса маңызды екенін ұқтым. Көркем гимнастика қаншалықты спорттық медицинамен байланысты және қаншалықты адамның психикасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді деген іштей ойлар болды. «Көркем гимнастиканың спорттық медицинадағы алатын орны» деген тақырыпты зерттеуді қажет етеді деп шештік.

Ғылыми жобаның өзектілігі. Бүгінде Қазақстан спорт саласы даму үстінде. Сол дамудың бір бөлшегі ретінде спорттық медицина саналады. Спорт саласында спорттық медицинасыз жетістікке жету мүмкін емес. Спорттық медицина дене тәрбиесі мен спорттың денсаулыққа, дене дамуы мен организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне әсерін зерттейтін медицинаның саласы. Спорттық медицина адамның үйлесімді дамуы, оның денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін арттыру, өмірдің белсенді кезеңін ұзартуды, спорттық құралдарды және әдістерді тиімді пайдалануды қарастырады. Адамның үйлесімді дамуына гимнастика да әсер етеді.

Ғ ылыми жобамның мақсаты. Көркем гимнастиканың адам денсаулығына, тән сұлулығына әсерін өз тәжірибемнен ала отыра зерттеу.

Зерттеудің нысаны: өзім, спортшылар, оқушылар және спорт дәрігерлері.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеліп отырған тақырыптың деректемелік негізі оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес басылымдарда жарияланған түрлі материалдар, өзімнің жетістіктерімді айғақтайтын грамоталар, конкурстардағы фотосуреттерім, тренердің маған берген мінездемесі.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Зерттеу жұмысында қосымша ретінде көрсетілген материалдарды жинақтап, басылым бетіне немесе әлеуметтік желіде жариялау.

Зерттеу жұмысының әдістері. Ғылыми жұмыс баяндау, ғылыми-танымдық әдебиеттерді талдау, салыстыру, сипаттау, жинақтау, статистика мәліметтерін пайдалану әдістері негізінде орындалды.
















  1. Спорттық медицина жайлы мағлұмат

Спорттық медицинаның мақсаты болашақ мамандарды дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт кұралдары мен тәсілдерін дұрыс колдану аркылы жаттығушының денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді ұзақ өмір сүруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды қалыптастыру.

Спорттық медицинаның міндеті:

дене бітімінің дамуы мен денсаулықты бағалау ерекшеліктерін оқып білу;

спорт түріне байланысты ағзаның негізгі жүйелерінің жаттығу барысындағы қызметтік өзгерістерін, жалпы жұмысқа кабілеттілігін, энергия қорын анықтау және бағалау принциптерімен танысу;

спорт түріне, дәрежесіне және сауықтыру дене тәрбиесіндегі дәрігерлік-ұстаздық бақылауды ұйымдастыру түрлері мен жүргізу әдістерін білу;

оқыстан дамитын сыркаттық жайттар мен тірек-қозғалыс жүйелерінің зақымдарының пайда болу себептерін, клиникалық белгілерін, сақтандыру жолдарын және жедел медициналық көмек беру әдістерін білу;

жоғарғы қарқынды жаттығулар мен сайыстардан кейінгі шаршаған ағзаны қалыптастыру принциптерін білу.

Дәрігер спортшының денсаулығын әрқашанда қадағалап отыруы қажет және спорт дәрігері спортшыға тек құрылған жоспар бойынша ғана жаттығу қажет екендігін ұсынады. Егер спортшыда демікпе пайда болса, жүрек соғысы жиілесе, жүрек маңайы ауырсынса, жаттығуды тоқтатып, дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Медициналық деректердің және спортшыны жіті бақылауының негізінде (ЧСС, ЧД, ЭКГ, биохимиялық зерттеулердің және басқа көрсеткіштер) дәрігер спортшыға жаттығу барысын жоспарлау және ұтымды өткізу үшін объективті деректер береді. Спорт дәрігері мен жаттықтырушының бірігіп жұмыс атқаруы – бұл оқу-жаттығу барысы тиімділігінің негізі. Ол: іріктеу, рұқсат беру, денсаулықты қадағалау, ауруды және жарақатты анықтау, ескерту, мөлшерден тыс шаршауды ескерту, жаттығу кезіндегі төзімділікті, демалуды, тамақтану және т.б. қадағалау сынды барлық бөлімді қамтиды. Спортшылардың жарысқа барар алдында және жарыстан қайтқан кезде медициналық тесеруден өтуге арналған арнайы бағдарламасы болады.

Спорттық медицина спортшы денсаулығы үшін аса қажет фактор. Себебі, спортшы тек жарыс уақытында ғана емес, қалыпты жағдайда да өз деңгейінде болуы қажет, сонымен қатар, жарыс үстінде де түрлі оқиғалар орын алуы ғажап емес. Бұл мәселелерге спорт медицинасы жауап береді. Спортшылар физикалық жаттығу барысында денсаулыққа кереғар жарақаттар алып қалудың алдын – алуын білу қажет. Ол бірінші мақсат. Ал екіншісі, спортшылардың дайындық үстінде денсаулығын нығайту, физикалық резервін ұлғайту.

Сонымен қатар елімізде «Спорттық медицина және оңалту» қауымдастығы жұмыс атқарады. Қауымдастықтың басты мақсаты бірінші, ол шетел тәжірибесін меңгеру арқылы өзіміздің мамандардың басын қосу, екіншіден, спорттық медицинаны, оның жетістіктерін елімізге кеңінен насихаттау. Осы насихаттау жұмысының көрінісі жарық көріп жатқан Қазақстандағы алғашқы «Спорттық медицина» журналы.

Елімізде бұнымен қоса, спорттық медицина жөнінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10020 тіркелген № 109 бұйрығы.













  1. Көркем гимнастика – менің өмірімнің өзегі

Ө зексіз ағаш болмайды. Мен де өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Жоғарыда айтып кеткендей, мен бес жасымнан бастап жеті жыл «Динамо» және «ФОК» спорттық-сауықтыру орталықтарына аптасына бес рет барып жаттығамын. Келесі кезекте көркем гимнастиканың тарихына тоқталсам. Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Көркем гимнастиканың өмірге жолдама алған жері Европа контингенті. Алғашқы рет көркем гимнастика ғажаптары туралы шығарма жазған адам француз азаматы Дельсарт. Ол «көркем қозғалыс грамматикасы» атты еңбегінде бала үшін «Әліппе» қасында сондай керек деген тұжырым айтады. Бұл идеяны іске асырушы ырғақты гимнастиканың атасы саналған швейцариялық Далькроза. Ол кісінің тұжырымы бойынша «Әйел адам бойыңда барлық керемет бар, бірақ бір ғана жетіспейтін нәрсе ол қөркем қимыл-қозғалыс, мәнерлі жүріп-түру салты» деп ақтарыла жазды. Кейбір мемлекеттердің дене шынықтыру пәні мұғалімдерін дайындау бағдарламасында «көркем, ырғақты қимыл-қозғалыс техникасын меңгеру» арнайы пән ретінде оқытылады (№3 қосымшада көрсетілді).

1 934-35 оқу жылынан бастап Москва дене тәрбиесі мәдениет институтында көркем гимнастика кафедрасы жұмыс істейді. Дүниежүзіне атағы белгілі балет бишісі Айседора Дункан мектебінің оқушыларының негізгі дәрістерінің бірі - көркем гимнастика. КСРО-дағы көркем гимнастика спортынан спорт шебері атағын алған спортшы Лилия Назмутдинова. Сымбат сұлулығын насихаттайтын көркем гимнастика өнері қазақ қыздарын да айналып өткен жоқ. Көркем гимнастика саласында Сәуле Барлыбаева, Алтын Батырбекова сынды өнер иелері қазақ қыздары арасынан әлемдік ареналарда өнер көрсеткен еді. Ол кісілерден кейін арада бір шама үзіліс болғанмен, соңғы кездері республикалық сындарда біраз гимнастшылар өнерімен көрермендерді қуантуда. Олардың ішінен Гүлжан Оспанова, Әлия Юсупова, Айгүл Қамбаровалардың есімін зор ілтипатпен айтамыз. Айгүл Қазақстан Республикасының әлденеше дүркін чемпионы (№4 қосымшада көрсетілді).

Көркем гимнастика – қыздарға арналған спорт түрі. Аталмыш спортпен жасөспірімдер 4-5 жастан бастап айналысады. Гимнастика адамның денсаулығын нығайтуға, сұлу келбетін қалыптастыруға, дене икемділігі мен үйлесімділігін сақтауға септеседі. Сондай-ақ, оқу-жаттығу тобы баланың жасына, физикалық дайындық деңгейіне қарай құрылады.

Көркем гимнастика - тек ептілік, күш-қуат пен төзімділік қасиеттеріне баулып қана қоймай, гимнастикалық заттарды қолдана білуге үйретеді (шеңбер, доп, түйреуіш, лента). Гимнастика - спортшылардың хореография мен музыканы байланыстыра білуін және спортшылардың сезім ритмін қалыптастыруын, әр қозғалысын айқындап көрсетуін талап етеді. Себебі, ол гимнастшылардың эстетикалық тәрбиесіне айтарлықтай әсер береді. Баланың гимнастика жаттығуында алған білімін үнемі жетілдіріп, оның элементтерін толық меңгеріп отырғаны абзал. Себебі көркем гимнастиканың арнайы жаттығу элементтерін орындаған сайын, ол адамның өзіне сенімді болуына, тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

К өркем гимнастика тек қана қыздар айналысатын спорт түрі болғандығына қарамастан жер жүзінде бұл спорт түрінің жанкүйерлері басқа спорт түрлерінің жанкүйерлерінен аз емес.

Көркем гимнастикасының формасы – суға түскенде киетін киім, жеңіл аяқ киім, жеңіл жұқа шұлық. Гимнастшыларға сыртқы бейнесінің әсем болуы үшін қатаң талап қояды. Жарыста әрбір гимнастшы қыз әдемі, балғын, таза болуы шарт. Шаштарын төбеге тартып жинап, би процесі барысында тарқатылып кетпес үшін лак себеді. Кейде купальниктің түсіне орай шаштарына жылтырақ зат себуге болады. Спортшыға қойылатын бұл талаптар оны жауапкершілікке, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелейді.

Осы тұста Платонның келесі даналық сөзі еске түседі, «Құдай тағала адамдарға өнердің екі түрін қосып береді, олар: музыка және гимнастика». Яғни, мен гимнастикамен айналыса жүре музыканы тыңдай аламын, музыканы тыңдай жүре әуендік қабілетімді, тыңдау қабілетімді де дамытамын. Көркем гимнастика – спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Ол әлемге жұмсақтық, жылу және нәзіктік сыйлайды. Ол бізге сұлулық символы ретінде қажет.

Көркем гимнастиканы жартылай балет өнері деп тұжырымдаушылар да бар, бірақ бұл дәлелсіз болжам, ол нағыз спорт өнері, оның ішіндегі ең күрделілері деген дұрыс.

Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы. Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене қ ұрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.









  1. Спорттық медицинадағы көркем гимнастика

Көркем гимнастика бала дене тәрбиесіндегі дене бітімі дамуының, мүсіннің дұрыс қалыптасуының басты құралы болып табылады. Бұл спорт түрімен айналысу үйлесімділікті, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімділікті жетілдіреді, балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалыс еркінділігі қалыптасады. Яғни, баланың денсаулығымен қатар, психикалық қасиеттерінің дұрыс жетілуіне де үлкен пайдасын тигізеді. Қазіргі кезде көркем гимнастика әуеннің, спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Көркем гимнастиканың негізі музыка болып табылады. Бұл дегеніміз эстетикалық дамуы және дене шынығуының жетілуі жолымен жүру. Мектепке дейінгі жас әрбір адам өміріндегі жауапты кезең. Денсаулықтың негізі және дұрыс дене шынықтыруды дамыту осы жасөспірімдік шақта қалыптасады, дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылық артады, жігерлі, саналы мінез-құлықты жеке тұлға тәрбиеленеді. Көркем гимнатика спортшының гармонды дамуын, дене қозғалысының барлық жағынан қалыптасуын, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Бұл спорт түрімен айналысу барысында тұлға бойында өмірге ең маңызды негізгі білім, қозғалу шеберліктері мен дағдылары, барлық адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Жаттығу барысында балалар көркем гимнастиканың негізгі жаттығуларын орындауға үйренеді, ұжыммен әрдайым қарым-қатынаста болады.

Гимнастиканың басты мақсаты спортшының физикалық даярлығын жақсарта түсу ғана деп ұғу қате. Өйткені мұнда бапкерлер шәкірттерінің дене бітімінің сұлулығымен қатар бойындағы сенімділігін арттыруға, тіпті,өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға барын салады. Спортшының есте сақтау қабілетін дамытып, уақытын бақылауға да тигізер септігі мол. Бүгінде көркем гимнастиканың фитнес пен йога секілді қолжетімді түрлеріне сұраныс жоғары. Көркем гимнастикадан жарыстардың барлығы 13х13 метр көлеміндегі кілемдерде өтеді. Спорттың бұл түрімен әдетте тек қыздар шұғылданады дегенімізбен, бүгінде ерлер арасында ырғақты гимнастикаға қызығушылар саны артқандығын айта кеткен жөн. Бір ерекшелігі, гимнастшылар допинг қолданатын спортшылар қатарына жатпайды. Оның бірден-бір себебі, бұлшықетке байланысты. Мұнда, әлгінде айтып кеткендей, қозғалыспен қатар дене бітімнің сұлулығы есепке алынады.

Көркем гимнастиканың адам өміріне зияны жоқ па деген де сұрақтар қойылады. Бірақ, спорттық дәрігерлердің зерттеуі бойынша жас организмнің дамуына, қатаюына көркем гимнастика керек. Жаттығу, машықтану барысында жүрек-қан тамыр, демалу, дем шығару жүйелері белсенді жұмыс жасайды дейді. Жай отырған адамға қарағанда, гимнастикамен машықтанып жатқан адамның пульсының жиілігі екі есе жұмыс жасайды. Ол дегеніміз гимнастшылардың жүрек-қан тамырлар жүйесі жақсы жұмыс істейді, дем алу аймағы да жоғары дәрежеде өз жұмысын атқарады. Гимнастшылар бүкіл кеуде тұсымен дем ала алады, сондықтан оттегіне ашықпайды, қандарында оттек жеткілікті болғандықтан бүкіл денелері емін-еркін тыныстайды.

Көркем гимнастикалық жаттығулар спортшының арқасының, омыртқасының, белінің дұрыс дамуына жол ашады.

Қазіргі таңдағы түрлі аурулар эпидемиясы көп қозғалмағандықтан, салауатты өмір салтын ұстамағандықтан, адамдардың көбінде отырып жасайтын жұмыс болғандықтан пайда болады. Ал, гимнастшыларда ешқашан артық салмақ болмайды.

Гимнастикамен айналысатын спортшының иммунды жүйесі жақсы, бұлшықеті нығыз, жұмыс істеуге деген құлшынысы әркез жоғары болады. Әрине, зиянды әрекеттерден алшақ жүреді.

Дегенмен, кез келген спорттағыдай көркем гимнастикада да жарақат алып қалу мәселесі кезігеді. Статистикалық мәліметке жүгінсек, аптасына екі сағаттан үш рет машықтанатын спортшы 3,5 жылдан соң травма алуы мүмкін. Атап айтсақ, аяғының астыңғы бөліктері (ұшы), тізе жіне табан маңайындағы буындар. Себебі, секіру кезінде салмақ осы бөлікке көп түседі.

Соңғы зерттеулердің 97%-ы жоғарыда айтылған травмалардың спортшы өміріне айтарлықтай қауіпті емес екендігін айтып отыр. Жалпылай айтқанда, көркем гимнастиканы қауіпсіз спорт түріне жатқызады.

Көркем гимнастшыларға белге эластикалық белдік тағуға , табан мен аяқтың ұшына бинт орауға кеңес беремін.

Міне, осындай ситуациялық жағдайларда спорттық медицина сөзсіз керек, спорттық дәрігерлер сөзсіз керек. Дәрігер тарапынан спорттық кеңес, алдын-алу, оңалту, бағалау, зерттеулер қажет. Әрине, біздің елде бұл сала енді дамып келеді, әлі жас. Дегенмен, медицина мен спорт бір-бірімен тығыз байланыста.




























Қорытынды

Жасөспірім қыздар өмірінде гимнастика, оның ішінде көркем гимнастика спорттың барлық түрінің элементтерінен құралған әдемі гармониялық спорт. Физикалық жаттығулар, координациялық қозғалыстар, пластика, балет т.б. қосындылары.

Сондықтан да гимнастшылардың арқалары мен жүрістері ең әдемі. Өсіп келе жатқан қыздарға, әйелдерге ол өте маңызды. Көркем гимнастикамен машықтанатын кез-келген ару басқа спорт түрлеріне тез үйренісіп кете алады. Атасақ, бидің түрлеріне, аэробика, тренерлік жұмыс.

Әрбір гимнастшы әдемі күлімсірей алады, жұрттың алдында қысылмай өзін ұстай біледі, йықты дұрыс бұра алады, сенімді түрде басты ие біледі. Болашақта спортшы басқа маман иесі болғанның өзінде бұлар оның күнделікті әдетіне айналады. Бұған мен сенімдімін.

Иә, мен көркем гимнастиканы басқа сөздермен алмастыра аламын. Көркем гимнастика – спорт, әдемілік, эстетикалық тәрбие, гармония, қайталанбас нәзіктік, би, музыка. Мен өзімнің көркем гимнаст екеніммен мақтанамын!










578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!