көркем жазу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

көркем жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі жөніндегі

К.Т.Тлеукулов орынбасары:Байдаулетова .Г.К





«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп

Қайназар бастауыш мектебімен»





Тақырыбы: «Көркем жазу» үйірме жоспары

(1-сыныпқа арналған)










.


2018-2019 оқу жылы


Түсінік хат

Көркем жазу оқушының мектеп табалдырығын аттаған күнінен басталады. Көркем жазудың мақсаты – дұрыс, анық, тез жазуды және оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптас-тыру.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйреніп қана қоймай, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.

Демек, мұғалімнің алдында әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбей, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Көркем жаза білудің әр адам үшін маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттіліктің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі.

Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді. Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының бәрі баланың көзіне, жазуына, жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді.

Көркем жазу сабағына қойылатын гигиеналық талаптар төмендегіше:

Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек.



Сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады.

Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек.



Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт.




Оң қолмен жазса, жарық сол жақтан, сол қолмен жазса оң жақтан түсуі керек.


Жазу ұзақтығы 1 сыныпта 5 минут, 2 сыныпта 8 минут, 3 сыныпта 12 мин, 4 сыныпта 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн.


Мақсаттары:

1) мәнерлі, тез, үзбей жазу дағдыларын қалыптастыру;

2) қол саусақтарының кіші моторикасын, қиялын дамыту;

3) әріп элементтерін дұрыс байланыстыра білуді меңгерту;

4) өзіне, өзгелерге құрметпен қарауға, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.


Міндеттері:

1)каллиграфиялық дұрыс жазуын қалыптастыру;

2)алған білімін іс жүзінде пайдалана білу;

3) гигиеналық талаптарды жұмыс барысында орындау,дене сымбатына көңіл бөлу;

4) өз бетінше жұмыстана білуге дағдыландыру;






Оқушылардың тұлғалық қалыптасуы бағытындағы күтілетін нәтижелер:

- гигиеналық талаптарды орындауға дағдыланады;

- әріп элементтерін дұрыс салу дағдысы қалыптасады;

- тазалық пен тиянақтылыққа үйренеді;

- өз жұмысына сын көзбен қарап, талдау жасай алады;

-алған білімі мен дағдыларын барлық сабақтарда пайдаланады.

Пәнаралық байланыс:

Сауат ашу. Түрлі жаттығу жұмыстарын орындай отырып, әріптерді дұрыс байланыстыра жазады;

Математика. Цифрларды жазу, кесінділерді өлшеу барысында көзбен мөлшерлей алады;

Дүниетану. Кеңістік туралы ұғымы қалыптасады;

Бейнелеу өнері. Суретті салу, штрихтау, бояу арқылы ойлауы дамиды;

Дене шынықтыру. Қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытады.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі:

Көркем жазу сабағы факультатив есебінен аптасына 1сағат. Жылға 33 сағат.

Ұйымдастыру формасы: топтастыру, жұптық жұмыс

Қорытындылау формасы: Мектепке алғаш келген баланың көтеріңкі көңіл күймен қайтуына бағыттап қамтамасыз ету.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

-оқушылардың ерекшелігін ескере отырып ауызша мадақтау мен марапаттау;

-түрлі-түсті геометриялық фигуралармен мадақтау;

- «Тамаша!», «Жарайсың!» деген ынталандыру сөздерін пайдалану;




«Көркем жазу» қосымша курсының бағдарламасы:

І. Жазуға дайындық кезеңі. (5 сағат)

Алғашқы жаттығулар түрлері. Жазу жолының 1/3 бөлігі. Жазу жолының ½ бөлігі. Рельс сызықтары. Жанастырып жазу.

ІІ.Әріп элементтерін жазу түрлері. (21 сағат)

Тік, қиғаш сызыққа байланысты А әрпін салу. Жанастырып жазу (Р, Л, Ш, И, Й әріптері). Доға салып үйрену (Р, Д, О, Ө әріптері). Екі нүктені жанастырып жазу арқылы біріктіру (і, с, д, а әріптері). Са, ас, да, ад буындарын жазу. Ілмек біз жаздыру (Қ, К, Е, Ы, Н, ң әріптері). J ілмек салып үйрену (ш, а, н, л, й, м әріптері). Ілмек жіп жаздыру (Д, Б әріптері). ь, ъ, У, Ұ, Ү белгі-әріптері. Әріптердің төменгі бөлігін құрастыру (Я, Ю, Э әріптері). В, г, ғ, ж, з әріптерін сауатты жазу. Үзбей жазуға үйрету. Жоғарыдан қосып жазу. Тақтадан сөздер көшіру. Қазақтың ою-өрнектерін бейнелеу. П, с, т, ф әріптері. Жалғастырып үзбей жазу. Х, Һ,ч әріптері. Жатқа жұмбақ жазу. Ілмекті үзбей жазу. Ц, Щ әріптері.


ІІІ.Жазудың түрлі тәсілдері (көшіріп жазу, шағын мәтін, диктант, мазмұндама). (7 сағат)

Балдақ ою-өрнегі, сурет бойынша әңгіме құрау. Адам аттарын жазу. Мазмұндама жаздыру. Астыңғы байланыс, мәтінді көшіру. Алфавитті жатқа жазу. Қорытынды диктант. Қатемен жұмыс.













Күнтізбелік жоспары


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Алғашқы жаттығулар түрлері.

/// /// /// тік, қиғаш сызықтар.

1



2

Жазу жолының 1/3 бөлігі.

1


3

J Ілмек біз жаздыру.

1


4

Жазу жолының ½ бөлігі.

+ + + + және J

Ілмек жаздыру.

1


5

II II II // // // рельс сызықтарын жазу.

1


6

Жанастырып жазу.

параллельді сақтауға үйрету.

1


7

Тік қиғаш сызыққа байланысты А А әрпін салу.Буындарды жазу.

1


8

Жанастырып жазу.

Р,Л,Ш,И,Й әріптерін салу, бірнеше сөздерді жазу.

1


9

Доға салып үйрену.Р,Д,О,Ө әріптерін жазу. Шағын сөздерді көшіру.

1


10

Екі нүктені жанастырып жазу арқылы біріктіру.Кіші с,д,а әріптерін жазу, са, ас, да, ад буындарын жазу.

1


11

Ілмек біз жаздыру. Қ,К,Е,Ы,Н,ң әріптерін жазу.Тақтадан көшіріп жазу.

1


12

І ілмек салып үйрену. Кіші ш,а,н,л,й,м, әріптерін жазу, оған қатысты сөздерді жаздыру.

1


13

Ілмек жіп жаздыру. Д,Б әріптерін жазу.Буындарды жаздыру.

1


14

Ь,Ъ,У,Ұ,Ү белгі әріптерін салу. Адам, жер – су аттарын жазу.

1


15

Әріптердің төменгі бөлігін құрастыру. Ил,мл,нл,ал,им тағы да басқалар. Я, Ю, Э элементтерін жазып машықтану. Сөздік диктант.

1


16

В, г, ғ, ж, з әріптерін сауатты жазу. Оқулықтан мәтін көшіру.

1


17

ЖУ-ЖР-ЖД жазба әріптерінің жазуын жалғастыру. Үзбей жазуға үйрету.

1


18

Жоғарыдан қосып жазу.Ою, қою,өрік, бөрік сөздерін жазу.

1


19

К,л,м,ә әріп элементтерін сауатты жазу. Тақтадан сөздер көшіру.

1


20

Қазақтың ою-өрнектерін бейнелеу. Жатқа мақал- мәтел жазу.

1


21

П,с,т,ф әріптерін салу. Шағын хат жазу.

1


22

Жалғастырып үзбей жазу.

1


23

Х,һ,ч элементтерін сауатты жазу.

1


24

, ℓ жалғастыру.

Жатқа жұмбақ жазу.

1


25

Ілмекті үзбей жазу.

1


26

Ілмек бізді үзбей жазу. Ц;Щ әріптерін сауатты жазып үйрену. Сөздер топшамасын көшіріп жазу.

1


27

Балдақ ою-өрнегін салу.

1


28

Ботамойын өрнегінің

Суретін салып, әңгіме құру.

1


29

Адам аттарын жазып, сөйлемдер құрау.

1


30

Сөздер санын көрсету.

Мазмұндама жаздыру.



31

Астыңғы байланыс. Алма, шана, ағаш сөздерін жазу. Мәтінді көшіріп жазу.

1


32

Алфавитті жатқа жазу.

1


33

Қорытынды диктант.Қатемен жұмыс.

1



































Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» Ш.Әуелбаев.

  2. «Көркем жазу» жинағы Р.Өмірзақова.

  3. «Балдырған» журналдары, №1,3,5,7-2011ж.

  4. «Бастауыш мектеп» журналы, 2010ж.

  5. «Бастауыш мектепте оқыту», 2012ж.

  6. «Бастауыш сынып», 2013ж.

  7. «Мектептегі психология», 2011ж.

  8. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.


Құрастырушылар:

Аманова Р.О. Жайманова З.Е. Бопилова Р.Е. – №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдер


Пікір жазғандар:


Ахметова З.Б. №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі


Мұқанбетқалиев А.С. – БҚАТУ-дың қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Мұғалімге ұсынатын әдебиеттер:

«Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» Ш.Әуелбаев

«Көркем жазу» жинағы Р.Өмірзақова.

«Балдырған» журналдары, №1,3,5,7-2011ж.

«Қазақтың ою-өрнектері», Алматы-2001ж.

Мазмұндама, диктанттар жинағы.



























































































































































































































Күні:

Мұғалім:

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы жаттығулар түрлері.

/// /// /// тік, қиғаш сызықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Алғашқы жаттығулар түрлерімен таныстыру. /// /// /// /// тік, қиғаш сызықтарды сызып үйрену. Оқушылардың рухани дүниесін дамыту. Көркем жазу туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Жазу гигиенасы: дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дұрыс пайдалану ережелері, саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.

Тәрбиелілігі: өзіне қызмет етуге, өзгелерге көмектесуге, татулыққа баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем жазуға дағдыландырып жетілдіру.

Көрнекілігі: сурет, жазу үлгісі

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

Қайырлы таң, Жер-Ана!

Қайырлы таң, достар!

Қол ұстасып, қане біз,

Достасайық бәріміз!

ІІ.Жаңа сабақ.

  • Балалар, біз бүгінгі сабақта алдымыздағы дәптерге әдемі жазудың құпия сырымен танысамыз. Қане, бәріміз тақтадағы суретке қарайық.

Партаға дұрыс отыру ережелерімен танысайық (суреттегі баланың отырысына зер сала отырып, өздерін қалыпқа келтіреді. Дәптерді қалай қойғанын да назардан тыс қалдырмау)

- Қолымызға қаламымызды алайық (қай қолымен жазатынына назар аудару, дәптерді соған сәйкес ыңғайлап қою. Сабақ бойына қадағалап отыру)

- Балалар, бүгін дәптерімізге тік, қиғаш сызықтарды салып үйренеміз. Тақтаға салып көрсету.

1. Кіріспе әңгіме. Барлық қоршаған орта түрлі сызықтардан тұрады. Ал тақтадағы сызықтар неге ұқсайды? (шөп, күн, кірпінің инесі, т.т.).

2.Суретпен жұмыс.

«Күн мен ай» туралы ертегі құрастырту.

Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.

III.Дәптермен жұмыс.

Алдымен ауада жазып үйренеміз.

Тік, қиғаш сызықтарды дәптерге жазып үйрету.


3 ./ / / / / / / / / / /


// // // // // // // // //


/// /// /// /// /// /// /// /// ///


Сергіту сәті

Аспанға қарап Күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

4. Астана. Үкімет үйі. Президент. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату (суретке қарай отырып).

5. «Кім жылдам ойыны (еліміздегі қалалардың аттарын атау).

IV. Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта немен таныстық?

- Айналамызда тік, қиғаш сызықтарға ұқсас нелер бар?

V.Мадақтау. (сабақ барысында партада отыруын, жазуын, сабаққа қатысуын)



Күні:

Мұғалім:

2 -сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Жазу жолының 1/3 бөлігі. Ілмек біз жаздыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жазу жолының 1/3 бөлігіне жазуды, ілмек біз жазуды үйрету. Оқушылардың таным дүниесін кеңейту.

Тәрбиелілігі: Партада дұрыс отыруға машықтандыру. Дәптердің негізгі, көмекші жолдарымен таныстыру, дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай алу. Өз елін, жерін сүюге, құрметпен қарауға, табиғатын қорғауға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл көркемдігін дамыта отырып, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: жазу үлгісі, жұмбақтар

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, еңбекке баулу

Әдісі: сұрақ–жауап,түсіндіру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, сабақ барысына зейіндерін аудару.

Сәлем, көршім!

Сәлемімді қабыл алып,

Тамаша ғой, бүгін деші.

Жабырқамай, күлімдеші.

ІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар, алғашқы сабақта қандай жаттығулар жазғанымызды еске түсірейік.

-Тік, қиғаш сызықтарды ауада тағы бір қайталап салып көрейік. (қалам ұстауларына назар аудару)

- Бүгінгі сабақта жаттығудың келесі түрі – ілмек біз түрін салып үйренеміз.

1.Кіріспе әңгіме. Біз күнделікті өмірде байқап отырғанымыздай ілмек біз адамның қолынан жасалатын нәрсенің сұлулығы үшін қажет.

-Ілмекпен не тоқимыз?

(ілмектеп тоқылған бұйымдардың суретімен таныстыру)

-Ілмек неге ұқсайды? (қармаққа,ілгішке,мысықтың құйрығына,т.т.)

Сол себепті бүгінгі сабағымызда ілмекті әдемі салып үйренеміз.

2.Суретпен жұмыс. Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.


III.Дәптермен жұмыс.

3.Жазу жолының 1/3 бөлігі. Ілмек біз жаздыру.


Сергіту сәті

Біз кішкентай балдырған,

Қорықпаймыз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.


  1. «Кім тапқыр?» ойыны (жұмбақтар шешу)

Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)

Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (бұрқақ)

IV. Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта қандай жұмыс жасадық?

-Жазу жолының 1/3 бөлігі туралы не білдік?

- Ілмек біз қалай салынатынын тағы да ауаға жазайық.

(оқушылардың қол қимылына назар аудару)


V.Мадақтау

(жазу техникасын дұрыс орындаған, ережеге сай отырған оқушыларды мадақтау)



Күні:

Мұғалім:

3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Жазу жолының ½ бөлігі.

+ + + + және ілмек жаздыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жазу жолының 1/2 бөлігін жазуды, + + + + + арифметикалық амал таңбасын салып үйрету. Ілмек біз жазу жолын қайталау. Оқушылардың ойлау көкжиегін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз елін, жерін сүюге, құрметпен қарауға, табиғатын қорғауға тәрбиелеу. Қалам ұстау ерекшеліктерін ескере отырып, әдемі жазу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем жазуға дағдыландырып жетілдіру.

Көрнекілігі: мазмұнды сурет, ойын.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, математика.

Әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру.

Түрі:аралас сабақ


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

2.Психологиялық дайындық.

Мұғалім: - Екі көз не үшін керек ?

Балалар: - Жақсылықты көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?

Балалар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?

Балалар: - Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?

Балалар: - Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

ІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар, жазу сабағында қалай отыру кректігін еске түсіріп, соған сай дұрыс орналасып,отырып алайық.

-Бүгін біз жазу жолының 1/2 бөлігін, + + + + + және ілмекті жазамыз.

- Өткен сабақта танысқанымыздай енді көркем жазудың 1/2 бөлігіне жазып үйренеміз. Ілмек біз түрін салып дағдыланамыз.

1.Кіріспе әңгіме. Өткен сабақтағыдай ілмек біз түрін жазуды жалғастырамыз.

-Ал жоғарыдағы таңба сіздерге таныс па?

-Қайдан көрдіңдер? (өз ойларын айтады)

2.Суретпен жұмыс.

Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.

III.Дәптермен жұмыс.

Жазу жолының 1/2 бөлігі. Ілмек біз жаздыру.

(ауада жазып қолды жаттықтыру)


3.

+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +++ +++ +++ +++ +++ +++ +++


Сергіту сәті

Там, там, тамшы, там,

Там, там, тамшы, там

Тамшы там, нөсерлет,

Тамшыдан өсер көк.


4. «Кім жүйрік?» ойыны (+++ амалдарын тез тақтаға орындау.)

IV. Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта немен таныстық?

-Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.

V.Мадақтау.












Күні:

Мұғалім:

4-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: II II II // // // рельс сызықтарын жазу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: II II II // // // рельс сызықтарын жазу. Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.

Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Қалам ұстау ерекшеліктерін ескере отырып, әдемі жаздыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем жазуға дағдыландырып жетілдіру.

Көрнекілігі: пойыз суреті, ережелер

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану.

Әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, сабақ барысына зейіндерін аудару.

Таң әлі атқан жоқ

Маңай әлі қараңғы

Әтеш ерте оянып,

Жан–жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку-ка-ре-ку, тұр-тұрлап,

Оятады баланы.

ІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар, қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Пойыз қандай жолмен жүреді?

-Пойыз жүретін жол қалай аталады?

- «Көңілді паровоз» ертегісін құрастыру.

- Бүгінгі сабағымызда көркем жазудың бір бөлігі рельс сызықтарын жазамыз. Қатарласқан екі сызық (параллель сызық) түрін салып үйренеміз.

1.Кіріспе әңгіме. Пойыз туралы сұрақпен жетелей отырып әңгімелесу. Пойызбен барар жерімізге тез жету үшін, рельс сызықтарын әдемі салып үйренеміз.

2.Суретпен жұмыс.

Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.

III.Дәптермен жұмыс.

- Рельс сызықтарын ауада жазып үйрету.

Негізгі жазу жолына жаздыру.


Сергіту сәті

Бала, бала, балақан

Қане, қайсы, алақан?

Саусақтарың әйбәт

Былай-былай ойнат


4.Көлік түрлеріне қатысты жұмбақтар шешу

5. «Поезд» ойыны (II II II тез тақтаға орындап, межелі орынға жету.)

IV. Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта немен таныстық?

-Ауада жазуды қайталау арқылы, жазу техникасына көңіл бөлу.

V.Мадақтау.










К үні:

Мұғалім:



7- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жанастырып жазу.

Р, Л, Ш, И, Й әріптерін салу, бірнеше сөздерді жазу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Әріптерді көркем жазуға, сауатты жазу дағдыландыру.

Дамытушылық Дыбыстардың айтылу себептерін анықтау; Сөйлем ішінде сөздерді айыра біліп, дұрыс жаза білуді үйрету

Тәрбиелік: Шапшандыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: венн диаграммасы,топтастыру әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,жазу үлгілері

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Балаларды психологиялық сабаққа дайындау;


Психологиялық жаттығу.

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, Көк аспан,

Амансың ба, Достарым

Сендерді көрсем қуанам!

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Дыбыстарың түрлеріне тоқталып өту

ІІІ.Жаңа сабақ - Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасаймыз. Берілген сұрақтар бойынша оқушылар и, й дыбыстарының айырмашылықтарын, ұқсастықтарын табады.

  1. Р, Л, Ш дыбыстары қандай дыбыстар?

  2. И, Й дыбыстары қандай дыбыстар? (Екі дыбысқа ортақ пікір айтады).

2. Сөз басында кездесе ме?

3. И, Й қандай дыбыстан соң жазылады?

4. Қай буындарда кездеседі?

Ережені өздері қорытындылап шығарады: «И – дауысты, й – дауыссыз. И әрпі сөз басында, дауыссыздан соң, ал й әрпі дауыстыдан кейін жазылады». Сөздік жұмыс.

Мұғалім: Балалар, өздеріңайтқандай, дауыссыз й дыбысы кейбір жекелеген сөздердің басында ғана кездеседі.

Мысалы: йод, йокс. Йод – жараға жағатын сұйық дәрі. Йокс – суық тиіп тұмауратқанда қолданылатын дәрі. Онымен ауызды шайып, ем жасайды.


Йокс – тұнба, тым әрлі,
Йокс – шипа, бұл дәрі.
Йокспен шайсаң ауызды,
Йокс қуар тұмауды.

Сергіту сәті.
(Орындарынан тұрып, шеңбер құрады. Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.)
Доп қудым, --------- Су ақты,
Көп қудым. --------- Қуатты.
Шөп будым, -------- Қар жауды,
Көп будым. --------- Мол жауды.



Қызығушылықты ояту.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

1топ

Сөйлемдерді ауызша толықтыр.

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы....болады.

Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы .....болады.

И әрпі ....жазылады.

Й әрпі ....жазылады.

И әрпінің алдынан ы, і естілгенімен олар......

И, ш, і, й, и //и ш/ ш і //і й //й

Ирек, ширек, киіз, қияр, шымшық сөздерін жазу

2топ

Өлеңді көшіріп жазу.

И, й әрпі бар сөздерді теріп жаз.

И және й әріптері бар сөздерді тауып, айырмашылығын табу.

Келесі тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.

Жазылуы айтылуы

Биыл быйыл

Киім .......

Оқиды ........

Жиын ..........

3топ

Сый. тый сөздерінен қандай сөздер тарайды?

Сыйла тыйылды

Сый тый

..... ......

Игіліктің ерте кеші жоқ,

Шешеннің тілі ортақ.

Таза, ұқыпты етіп, дәптерге көшіріп жазу.


Сабақты қорытындылау

«Кім біледі?» Ойыны.

а) Бала, машина, қуыршақ, балапан, балабақша сөздерін буынға бөлу.

ә) Сөзді қалай буынға бөлеміз?

Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
































































К үні:

Мұғалім:


13 - сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ілмек жіп жаздыру. Д, Б әріптерін жазу. Буындарды жаздыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды әріп элементтерін дұрыс жазуға; ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды уйрету

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту, тіл байлықтарын толықтыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу; сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, баяндау, жинақтау.

І.Ұйымдастыру бөлімі.


Психологиялық дайындық.

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Өтілген тапсырманы тексеру, пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біздер бүгін сабақта ойын арқылы өткендерімізді қайталайтын боламыз.

Ойын шарты: Барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз.

Ал ендеше тұрмайық

Ойынымызды бастайық

Не үйрендік, не білдік

Соны ортаға салайық

«Жалғастыр» ойыны.

(Өлеңнің екі жолын оқу. Балалар жалғастыру керек.)

Отан сенің ата – анаң,

Отан – досың, бауырың

................................

..................................

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

.....................................

...................................

Жиып – теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

.....................................

.....................................

Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп,

...................................

...................................

Д. Б. әріптерін жазылу жолдарын түсіндіру

Да дә до де ду ды дү дө дұ

Ба бә бо бе бу бы буындарын оқыту. Сөз құрату.


Дәптермен жұмыс.

Ілмек жіп жаздыру

Д, Б әріптерін жазу.

Буындарды жаздыру.

Б

Д

Балқаш ,

Владимир ,

Владивосток ,

Дана ,

Дәулет. (әріптерді, сөздерді жолдың шетіне дейін толтырып жазу)


ІҮ.Қорытынды. «Не білдік?, Не үйрендік?» ойыны


Shape4

Б

Shape3

Д

Shape1

бу

Shape2

до


Досың көп те, қасыңда,

Дәулеттісін онда сен.

Достық деген асылға,

Дақ түсіре көрме сен.

Ү.Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.





К үні:

Мұғалім:

16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: В, г, ғ, ж, з әріптерін сауатты жазу. Оқулықтан мәтін көшіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды сөз құрамында келетін ғ мен г дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға үйрету;

Сөз соңында ғ, г –ген айналатынын еске түсіру; әріптерін жазылу жолдарын түсіндіру

Дамытушылық: Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру Тіл байлығын дамыту, білімді бекіту.

Тәрбиелілік: оқушылардың ой қорыту қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, баяндау, жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды сабаққа дайындау.

«Ойлан, тап» ойыны.

Жұмбақтар шешу:

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама,


Өшірді, сүртті,

Өзгені құртты,

Өзін де құртты.


Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады.


ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Өтілген тапсырманы тексеру,пысықтау.


ІІІ.Жаңа сабақ. - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз сөзжұмбақты шешу арқылы басталады.

Сөзжұмбақты шеш.

Shape5

  1. ЖShape6 ыл мезгілінің аты.

  2. Суда жүзетін не?

  3. БShape7 іздің төбеміздегі әлем.

Shape8

В, г, ғ, ж, з әріптерін сауатты жазу.

Оқулықтан мәтін көшіру.


Вв, Зз, Жж, Ғғ, Гг әріптерін жазылу жолдарын түсіндіру.


Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Жинап алдық күш

Төрт, бес, алты

Біз жазамыз мықты

Дәптерімізді ашайық

Көрсетілген үлгіге,

Әдемі етіп жазайық



Вв,

Зз,

Ж,ж,

жануар,

Жанар,

Зейін.

Жалқаудың жауы – жұмыс.

Вова шығып далаға,

Вагон сүйреп ойнады.

Владимир,

Владивосток,

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан « Әже» мәтінін көшіру

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

«Сөз ойла көп, ойла» ойыны.

а) Әріптерден, буындардан сөз құрату. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Мысалы: а – дауысты, л – дауыссыз, а – дауысты

ә) кітап, әже, Айгүл, мектеп сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.


Ү .Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.



23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Х, һ, ч элементтерін сауатты жазу.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды әріп элементтерін дұрыс жазуға уйрету; оқушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру.

Дамытушылық: рухани байлығын, тіл байлығы, өз ойын нақты, мағыналы жеткізе білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік: Балалардың сөздік қорын дамыту, толықтыру. Ой-өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, баяндау, жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Психологиялық дайындық

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін.

Қайырлы күн, қайырлы!



«Кім біледі?» Ойыны.


ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Өтілген тапсырманы тексеру, пысықтау.

ІІІ.Жаңасабақ. - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз суреттермен жұмыс жүргіземіз.


Х,һ,ч элементтерін сауатты жазумыз керек




Сергіту сәті

Біз жазғамбыз, біз жазғамбыз.

Саусақтармыз жолды.

Әрі-бері дем алдырымыз.

Қайта жазу жазамыз.


Тақтамен жұмыс

Ауада жазу



Х, һ, ч жазылу жолдарын түсіндіру.

Х, х.

Хамида,

ч,

Чапаев - азамат соғысының батыры.

әріптер элементтерін сауатты жазу



ІҮ Сабақты қорытындылау

«Адасқан сөздер» ойыны.

а) Тақтаға ілінген суреттердің астына кеспе әріптермен аттарын жазады.

ә) Осы сөздерге сөйлем құрату.


Ү.Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.








Қорытынды

Сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет.

Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз – әріптерді тастамай, шатастырмай, үзбей, бір қалыпты жазу. Оқушыға әріп элементтерін бір-бірімен дұрыс байланыстырту керек.

Дұрыс байланыстыра жазуды меңгерген оқушы сауатты жазады. Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады.

Ойын түрінде берілетін жаттығулар бүлдіршіндердіңің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу – мұғалімнің төл ісі.

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.

Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады. Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал келесі жаттығу көз бен қолдың координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады.

Сауатты жазуға төселдірудің тиімді әдістерінің бірі – жатқа жазу. Жұмбақтарды қызыға шешу, жаттау, оларды дұрыс, сауатты жазуға төселдіреді.

Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу және осы сөздердегі әріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады.

Қосымшалар:






Әріптерді байланыстырып жазу үлгілері:


Бақылауға арналған үлгілер:



«Орынын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орынын белгілейді.

«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға әріптер жасырылады. Мұғалім жасырылған әрбір әріпті сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.

Мысалы,

Бірі тік, бірі көлденең,

Қандай әріп бұл деген? (Т)

Екі тіреу тұрғызды

Ортадан жол жүргізді. (Н)



«Бұл қай әріп?» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді.

«Сөз ойла, тез ойла!» жаттығуы арқылы бір әріпке бірнеше сөз ойлап жатқа жазады немесе жұмбақтардың шешуінен жаңа сөздер шығарады.


Қалалар Жемістер

Shape9 Shape10 .... .......

АShape12 Shape11 Shape13 Shape14 ...... А ........

....... ........


Сауатты, әрі көркем жазуды осылайша түрлендіріп жүргізу арқылы оқушыларды жалықтырмай көздеген мақсатқа жете аламыз.


























Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» Ш.Әуелбаев.

  2. «Көркем жазу» жинағы Р.Өмірзақова.

  3. «Балдырған» журналдары, №1,3,5,7-2011ж.

  4. «Бастауыш мектеп» журналы, 2010ж.

  5. «Бастауыш мектепте оқыту», 2012ж.

  6. «Бастауыш сынып», 2013ж.

  7. «Мектептегі психология», 2011ж.

  8. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.


Құрастырушылар:

Аманова Р.О. Жайманова З.Е. Бопилова Р.Е. – №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдер


Пікір жазғандар:


Ахметова З.Б. №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі


Мұқанбетқалиев А.С. – БҚАТУ-дың қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Мұғалімге ұсынатын әдебиеттер:

«Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» Ш.Әуелбаев

«Көркем жазу» жинағы Р.Өмірзақова.

«Балдырған» журналдары, №1,3,5,7-2011ж.

«Қазақтың ою-өрнектері», Алматы-2001ж.

Мазмұндама, диктанттар жинағы.



Shape15

46


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
37232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі