Материалдар / көркем жазу 1 сынып авторлығы сабак жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

көркем жазу 1 сынып авторлығы сабак жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
көркем жазу 1 сынып авторлығы сабак жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2023
622
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

көркем жазу 1 сынып авторлығы сабак жоспары

1 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әріп элементтерін салу

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: әріп элементтерін дұрыс жазуға үйрету

ә) дамытушылық: сауатты жазуға дағдыландыру.

б) тәрбиелік: әдемі, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдыстыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

Психологиялық дайындық.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп біліп,

Өсе берсін санамыз.

Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. ( кітап)

Алуан түрлі із салғанның өзі еді,

Өзінен де пайдалысы өзегі.

(Қарындаш)

Дәптермен жұмыс.

Үлгіні жазу.

7+ су, 5+ ік, 100+ ім

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Күнде бестік аламын.

Қуанып үйге қайтамын.

«Ұйқасын тап» ойыны. Жыртылып,жұтап

Тұрмасын ...... (кітап)

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді .... (шымшық)

Кезіп жүрген шаңдақты,

Көрдім жаңа .... ( қаңбақты)

Алмастан тыным,

Шабады... (құлын)

Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әріп элементтерін салу

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: әріп элементтерін дұрыс жазуға үйр

ә) дамытушылық: сауатты жазуға дағдыландыру

б) тәрбиелік: әдемі, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлау;

б) назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

Сәлеметсіз бе , күннің көзі!

Сәлеметсіздер ме, өсімдіктер әлемі!

Сәлеметсіздер ме, қоршаған орта!

Жаңа сабақ.

Жаңылтпаш айту.

Шын еңбекшіл – өрмекші,

Өрмекші – шын өрнекші.

Оюға ою өрнектеп,

Үйрет өстіп қолды ептеп.

Дәптермен жұмыс.

Үлгіні жазу.

Ребус шешу.

3+ кір, 2 + лік, к+3.

Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.

3 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Әріп элементтерін салу

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: әріп элементтерін дұрыс жазуға үйрету ә) дамытушылық: сауатты жазуға дағдыландыру

б) тәрбиелік: әдемі, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлау;

б) назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Дәптермен жұмыс.

Әріп элементтерін жазу.

Ребус шешу.

Shape1 Shape2

М + , , +на.


Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.


4 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Аа әріпі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: А а әріпі әдемі жазуға үйрету

ә) дамытушылық: ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту

б) тәрбиелік: көркем жазуға, әдемі жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері, сөзжұмбақ, жұмбақтар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлау

б) назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.


Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.

Ұшады, қонады,

Гүлдердің қонағы.

Түр – түсі сары ала,

Не нәрсе ......

(ара )

Дәптермен жұмыс.

А а әрпінің элементтерін жазу.

Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,

Әнге шырқап саламыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Сөзжұмбақ «А»

Сөздердің бәріне «А» ортақ. Мұнда қандай сөздер жазылған.



Сабақты қорту.

Бағалау.

5 – сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Тт, П п әріптері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: әріптерді әдемі және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.

ә) дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

б) тәрбиелік: көркем жазуға, сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері ,сөзжұмбақ, жұмбақтар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,іздену.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлау б) назарларын сабаққа аудару.

Сабақтың жоспары:


Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тып – тыныш,

Борда дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап.

Отырайық партаға.

Жаңа сабақ.


Жұмбақ шешу.

Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты.

(пияз)

Кесе – кесе мұқалды.

Жони – жони жұқарды. (пышақ )


Дәптермен жұмыс.

Т т………………………………………………………………

П........................................................................................................................................................................................................п…………………………………..............................................



Сергіту сәті

Орнымыздан тұралық,

Қолымызды созайық.

Бойымызға күш жинап,

Бір шынығып алайық.

Ребус шешу.

Shape3

Т + ,т +10


«Ұқсасын тап!»

Аппақ доп тауып, шақырады ақ .... (тауық)

Сабақты қорыту.

Бағалау.

6 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Р р, Г г әріптері.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: каллиграфиялық талапқа сай әріптерді сауатты жазуға үйрету.

ә) дамытушылық: көркем жазуға дағдыландыру,

б) тәрбиелік: көркем жазуға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері, жұмбақтар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлау;

б) назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық тапсырма.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық күнге,

Шуақ шашқан елге

Бәріміз де бірге.

Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу


«Егіз» десек- екінші,

Сегіз десек үшінші.

Бұл қайсы әріп екенін

Өзің қарап түсінші.


Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

Әр үйде бар, тапқышым, кәне, тапшы ?

(Радио)

Р р, П п әріптерің элементтерін, әріп жазу.

Дәптермен жұмыс.

Р р ...........................................................................................................................................................................................................

Г г....................................................................................................

Сергіту сәті.

Қырғауыл боп ұшамыз,

Түлкі болып қашамыз.

Қырғауылдай тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз.

Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.


7 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Л л,М м әріптері.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: М м және Л л әріптерінің элементтерін каллиграфиялық талапқа сай жазуға үйрету.

ә) дамытушылық: ой –өрісін, көркем жазуға дағдыландыру

б) тәрбиелік: көркем жазуға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері, ойындар

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Жаңа сабақ. «Ой ашар»

Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады.

(Мысық)


Дәптермен жұмыс

Л л....................................................................................................

М м...................................................................................................

Сергіту сәті.

«Ұқсасын тап!»

Жағасында бұлақ, жайылып жүр .... (лақ)

Бата алмас түлкі, үсті тікен ....( кірпі)

Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сұр ... (көжек)

«Менің мысығым» тақырыбы бойынша әңгіме жазу.

Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.


8 – сабақ.

Сабақтың тақырыбы: О о әріпі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: О о әріпін әдемі және сөздерді әдемі жазуға үйрету.

ә) дамытушылық: әріптерді, сөздерді қатесіз жазуға дағдыландыру

б) тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері ,суреттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4.Сабақты қорыту

5.Сабақты бекіту

6.Бағалау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлау;

б) назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Мұғалімнің айтқанын

Мықтап ойға тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ,

Кілең « 5»- ке оқимыз.

Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.


Сақинаға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (О)

popup_img


Отан


Отан деген – атамекен.

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан үлкен.

Қазақстан – туған ел!

Өлеңі не туралы айтылған?

Өз Отандарың туралы не айтар едіңдер? ( Оқушы ойын тыңдау)

Топтастыру.

Shape6 Shape4 Shape5

Shape7 Shape8


Дәптермен жұмыс


О о әріпін жаздыру.

О о ............................................................................................................................................................................................................

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайықү

Қолымызды созайық.

Бойымызға күш жинап,

Бір шынығып қалайық.

«Ой қозғау»

Shape9




Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.




9 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: С с әріп

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: әріптерді әдемі және сөздерді әдемі жазуға үйрету.

ә) дамытушылық: әріптерді, сөздерді қатесіз жазуға дағдыландыру

б) тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: әріп элементтері ,суреттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!