Көркем жазу байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем жазу байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын нығайтып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әдемі жазу – өнер»

Мақсаты: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру.

Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын нығайтып,

ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Түрі: байқау
Қатысатын сыныптар: 1 сыныптар

Жүру барысы:

- Құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! 1 сыныптар арасында өтетін "Әдемі жазу - өнер" байқауына қош келдіңіздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Таныстыру.

«Мен күннің шуағы» әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызу.

Күннің суреті арқылы өздерін таныстырып, бір-біріне тілек тілейді.

ІІ. Негізгі бөлім.

  • Байқауға оқушылардың дәптерлерінің жүргізілу деңгейі, тазалығы, көркем жазулары басшылыққа алына отырып іріктеліп алынды. Әр сыныптан 3 оқушыдан, барлығы 15 сайыскер қатысады.

  • Байқау 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Суретті бастыру және бояу».

Бұл бөлімде сайыскерлер суретті қаламмен бастырып сызып, түрлі түсті қарындашпен бояйды.
Бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- Суретті сызық бойымен бастыру;
- Бояуды дұрыс таңдай білуі;
- Жұмыстың ұқыптылығы.

2-кезең: «Суретті диктант»

Бұл бөлімде сайыскерлер суреттегі заттардың атауын жазады.

Бөлімінің критерийлері: (әр сөзге 2 ұпайдан барлығы 12 ұпай)
- сөздің суретке сәйкестігі;
- сөздің қатесіз жазылуы;

- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы.

Өшіргіш, қарындаш, кітап, қалам, сызғыш, дәптер.

Сергіту сәті. «Балдаурен» әні. Қайрат Інжу

3-кезең: «Мәтінді көшіру».

«Аңдар мекені» мәтіні көшіріліп жазылады.
Бөлімінің критерийлері: (10 ұпай)
- сауаттылығы;
- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;
- тазалығы.

Қорытынды

  • Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Әдемі, анық жазу арқылы сендер еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиеленесіндер.























«Әдемі жазу - өнер» байқауы

Бағалау парағы





Сыныбы



Оқушының аты-жөні

1-кезең

- Суретті сызық бойымен бастыру;
- Бояуды дұрыс таңдай білуі;
- Жұмыстың ұқыптылығы.

5 ұпай

2-кезең

- сөздің сурет- ке сәйкестігі;
- сөздің қате -сіз жазылуы;

- каллиграфия нормасын сақ тай отырып жазуы.Өшіргіш, қарындаш, кітап, қалам, сызғыш, дәп -тер. (әр сөзге 2 ұпайдан барлы ғы 12 ұпай)

3-кезең

-сауаттылығы;
- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;
- тазалығы.

10 ұпай

Барлық ұпай саны

Орны

1








2








3








4








5








6








7








8








9








10








11








12








13








14








15















«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ













«Әдемі жазу – өнер»

(1 сыныптар арасында көркем жазу байқауы)

2023-2024 оқу жылы



Жауапты: Мухаметрахимова А. Е

Наккажина Д. К




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2023
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі