Материалдар / "Көркем жазу" факультатив сабақтарының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көркем жазу" факультатив сабақтарының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспарды 3 сыныпқа фкультатив сабағынан бергенде пайдаландым. Сіздерге бір көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2018
9164
244 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі





Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директорының м.а Оқу ісінің меңгерушісі:

----------------- Исатаева Ш.С ---------------Абдигалиева Ж.Б

------------------2016 ж --------------------2016 ж







«Көркем жазу» факультативінің күнтізбелік жоспары

3 сынып













І санатты бастауыш сынып мұғалімі Бегалиева Асель Жанарбекқызы







2016-2017 оқу жылы



Түсінік хат


Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 3-сынып оқушыларына, оқу қабілеті төмен оқушыларға және түзету жұмыстарына арнап құрастырылған. Бұл бағдарлама «Сауаттылыққа баулу» «Алматыкітап» баспасында шыққан оқыту құралы мен «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар «Өлке» баспасында шыққан оқыту құралына сүйеніп жасалған.

Таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі» және «Өзін-өзі тану» пәндерімен тығыз байланыста жасалған.

Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың ой қорыту қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. «Өзін-өзі тану» пәнімен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен оқушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.

«Сауаттылыққа баулу» таңдау курсының бағдарламасы з-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды.














Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.

Міндеттері:

  • балаларға медико-педагогикалық көмек көрсетуге жағдай жасау;

  • толыққанды дамуына және бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру

  • балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;

  • байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

  • үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

Өзектілігі:

  • Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;

  • Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;

  • Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.





























Күтілетін нәтиже:

-  Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

-  Ақыл-ойын дамытады;

-  Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

-  Тіл байлығы жетіледі;

-  Жан-жақты ізденушілігі артады.



































«Көркем жазу» аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Өткізілу формасы


1

Мектеп - білім ордасы.

1


Топтық жұмыс, жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

2

Біздің сынып.

1


Жалпылай тапсырмалар беру, пікірталас, жұппен жұмыс.

3

Мен және менің достарым.

1


Жекелей жұмыс, үлестірмелі парақшалармен жұмыс жасау.


4

Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.

1


Жекелей, жалпылай жұмыстар жүргізу.

5

Жуан дауысты дыбыстар.

1


Топпен сөзжұмбақтар шешу, жекелей пікір білдіру.

6

Жіңішке дауыты дыбыстар.

1


Жекелей, жұптық жұмыстар жүргізу.

7

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

1


Топтық, жұптық жұмыстар.

8

Буын.

1


Жекелей үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

9

Дауыссыз дыбыстар.

1


Топтық, жалпылай жұмыстар.

10

Қатаң дауыссыз дыбыстар.

1


Жекелей, жұппен жұмыс.

11

Ұяң дауыссыз дыбыстар.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізу.

12

Үнді дауыссыз дыбыстар.

1


Топпен, жекеленген жұмыстар.

13

Тасымалдау.

1


Жұптық, жекеленген жұмыстар жүргізіледі.


14

Сөз ойла, тез ойла.

1


Жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

15

Адасқан әріптер әлемі.

1


Жекеленген, жұптық жұмыстар.

16

Мағынасы жуық сөздер.

1



17

Қарама – қарсы мағыналы сөздер.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар.

18

Көп мағыналы сөздер

1


Топтық жұмыстар жүргізіледі.

19

Өз біліміңді тексер.

1


Жұптық, жекеленген жұмыстар.


20

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

1


Жеке, жұппен, топтық, фронтальды.

21

Хабарлы сөйлем.

1


Жекеленген жұмыстар жүргізі.

22

Сұраулы сөйлем.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізі.

23

Лепті сөйлем.

1


Жалпылай, жекелей тапсырмалар орындау.


24

Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім.

1


Жекеленген, топтық жұмыстар.

25

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.

1


Топтық, жекеленген тапсырмалар беру.

26

Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік.

1


Жалпылай, топтық тапсырмалар беру.

27

Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім.

1


Жекеленген, топтық жұмыс.

28

Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім.

1


Топтық, жекеленген жұмыстар.


29

Жұмбақ әріптер.

1


Жекеленген, топтық тапсырмалар беру.

30

Жыл мезгілдері.

1


Жекеленген жұмыстар.

31

Сіз деген – әдеп,

Біз деген – көмек.

1


Топтық, жекеленген жұмыстар.


32

Дыбыстық талдау.

1


Жекеленген жұмыстар.

33

Өз біліміңді тексер.

1


Топтық, жекеленген жұмыстар жүргізу.

34

Қорытынды бақылау тесті.

1


Жекеленген, жұптық жұмыстар жүргізу.



































Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  3. М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» 2005 жыл.

  4. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.

  5. «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 3-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл.

Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!