Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Көркем жазу" таңдау пәні
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түсінік хат
1 - сыныптағы
«Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты қазақ тілі
сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде
оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса,
ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын
да, маңызды да қағидалардың бірі болып
табылады.
Ал каллиграфия
ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді.
Оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі
ерекше.
Ұсынылып
отырған жоспар 1- сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа
жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту
қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар.
Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз
ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін
жетілдіреді.
«Көркем жазу»
бағдарламасы 1-сыныпқа аптасына 1 сағаттан 33 сағатқа арналып
жоспарланған.
«Көркем жазу»
бағдарламасының мақсаты:
Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі
көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды
үйрету.
Сауат ашудың
міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс
сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі
көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды
орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия)
қалыптасады.
Бағдарламада
мектеп курсына енбеген тақырыптар қамтылған . Әр бөлімде берілген
тақырыптар арқылы оқушылар әріп элементтерін жазуға, шағын
әңгімелер құрастыруға, жұмбақтарды шешуге, мақалдарды жалғастыруға,
сөздердің ұйқасын табуға, суретпен жұмыс жүргізуге, тыйым сөздер
жазуға машықтанады. Оқушының каллиграфиялық қабілетін
қалыптастыруда педагогикалық қоғамның тәрбиелік мәні
зор.
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу таңдау курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
1- сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсын 33 сағатқа есептелген. Оқыту кезеңі үш этаптан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Курстың соңында оқушылар әріп белгілерін саналы түрде және дәл орындауы қажет. Бұл курсты ұйымдастыру барысында оқушылардың жазу мәдениеті көтеріледі.
Мақсаты:
Оқушылардың жазу дағдысын меңгеруіне көмек беру , жазу тілін, тіл және әдебиет туралы алғашқы мәліметтер беру. Баланы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.
Міндеті:
-
Сабақты ұйымдастыру барсында ойын, жаттығу, тренингтерді жүйелі қолдана отырып, зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық қызметтерін дамыту;
-
Жазу тілі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
-
Графикалық қырағылығы : графикалық қателерді көру және оларды түзеу жолдарын табу, әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақату дағдыларын қалыптастыру;
-
Оқушылардың жазу, жазу тілі, жазу мәдениеті ұғымдары бойынша білімін тереңдету;
Нәтижесі:
-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі мен білігі бойынша:
-
«Көркем жазу» пәнін;
-
Көркем жазудың бастапқы негіздерін;
-
Графикалық белгілерді;
-
Жазу тәртібі;
-
Жазу нормативі;
-
Қатесіз және жатқа жазу;
Дағдылары бойынша:
-
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;
-
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;
-
Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;
-
Әріптердің жазылу алгоритмін;
-
Әріптер мен әріптерді байланыстырып жазу;
-
Жазу жылдамдық нормаларында орындау;
-
Баспа мәтінін көшіріп жазу;
-
Жай сөздерді жатқа жазу
Күнтізбелік жоспар
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
|
І-тоқсан. 9 сағат |
|
|
1 |
1 |
Жазу ережелерімен таныстыру |
1 |
|
2 |
2 |
Тік қиғаш сызықтар салу |
1 |
|
3 |
3 |
Сызықтарды параллель жүргізу |
1 |
|
4 |
4 |
Әріп жазуға дайындық элементтері |
1 |
|
5 |
5 |
Әріп элементтерін бөлек салу |
1 |
|
6 |
6 |
Бас әріп элементін үзіліссіз жазу |
1 |
|
7 |
7 |
Кіші әріп элементін үзіліссіз жазу |
1 |
|
8 |
8 |
Өзіңді-өзің тексер |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ – тоқсан. 7 сағат |
|
|
9 |
1 |
А, Н әріптері. Алматы - әсем қала |
1 |
|
10 |
2 |
Л, Р әріптері. Лақ |
1 |
|
11 |
3 |
О, Т әріптері. Орман |
1 |
|
12 |
4 |
У, Ш әріптері. Шеге |
1 |
|
13 |
5 |
С, Д әріптері. Сағат |
1 |
|
14 |
6 |
Ы, М әріптері. Ырыс алды- ынтымақ |
1 |
|
15 |
7 |
Қ, Ұ әріптері. Құстың ұясы |
1 |
|
16 |
8 |
Өзіндік жұмыс |
1 |
|
|
|
ІІІ – тоқсан. 9 сағат |
|
|
17 |
1 |
І, Е әріптері. Отбасылық еңбек |
1 |
|
18 |
2 |
К, Ү әріптері. Көлік түрлері |
1 |
|
19 |
3 |
И, Й әріптері. Ит |
1 |
|
20 |
4 |
Ғ, Г әріптері. Ғарыш |
1 |
|
21 |
5 |
ң, Ө әріптері. Аңдардың тіршілігі |
1 |
|
22 |
6 |
З, Ә Зығыр. Зығыр |
1 |
|
23 |
7 |
Ж, П әріптері. Жайлау |
1 |
|
24 |
8 |
Б, Х. Хатқа жазылған бата |
1 |
|
25 |
9 |
Өзіңді-өзің тексер |
1 |
|
|
|
ІV – тоқсан. 8 сағат |
|
|
26 |
1 |
Я, Ф, Ю әріптері. Аю |
1 |
|
27 |
2 |
Е, В,Э әріптері. Элеватор |
1 |
|
28 |
3 |
Ц, Щ, Ч әріптері. Цирк |
1 |
|
29 |
4 |
ь, ъ әріптері. Лагерь |
1 |
|
30 |
5 |
Заттың атын білдіретін сөздер |
1 |
|
31 |
6 |
Бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер |
1 |
|
32 |
7 |
Заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер |
1 |
|
33 |
8 |
Тест |
1 |
|
Оқу курсының тақырыптарының мазмұны
І – тоқсан. 8 сағат
Жазу ережелерімен таныстыру деген тақырыппен басталады. Тік, қиғаш сызықтар салуды, сызықтарды параллель жүргізуді, әріп жазуға дайындық элементтерімен, бас әріп элементін үзіліссіз жазу, кіші әріп элементін үзіліссіз жазуды және А, Н әріптерін көркем жазуды үйретеді.
ІІ – тоқсан. 8 сағат
Оқушылармен білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату. ІІ тоқсанда әріптер және сол әріптерге байланысты мәтін беріледі, сол мәтіннің тапсырмаларын орындайды. Л, Р әріптері " Лақ ", О, Т әріптері " Орман" , У, Ш әріптері " Шеге", С, Д әріптері " Сағат", Ы, М әріптері "Ырыс алды- ынтымақ", Қ, Ұ әріптері " Құстың ұясы" және бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады
ІІІ – тоқсан. 9 сағат
ІІІ тоқсанда әріптер және сол әріптерге байланысты мәтін беріледі, сол мәтіннің тапсырмаларын орындайды. І, Е әріптері " Отбасылық еңбек", К, Ү әріптері " Көлік түрлері", И, Й әріптері "Ит", Ғ, Г әріптері "Ғарыш", ң, Ө әріптері "Аңдардың тіршілігі", З, Ә "Зығыр", Ж, П әріптері " Жайлау", Б, Х "Хатқа жазылған бата" және бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады.
ІV- тоқсан . 8 сағат
Я, Ф, Ю әріптері "Аю", Е, В,Э әріптері "Элеватор", Ц, Щ, Ч әріптері "Цирк", ь, ъ әріптері "Лагерь", заттың атын білдіретін сөздер, бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер, заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер және жылдық қорытындылау ретінде оқушылардан тест алынады.
Тәжірибелік бөлім
-
әріптерді бас әріппен көркем жазу;
-
әріптерді кіші әріппен көркем жазу;
-
әріп элементін үзіліссіз жазу;
-
әр түрлі ойындар.
Оқушылардың білім деңгейін бақылау
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс.
Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық
талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның
оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың
түсуі.
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының жалпыға міндеттібастауыш білім беру стандарты. Негізгі ережелер-Астана 2002 ж.
-
Безруких М.М. Трудности обучения пияьму и чтению в начальной школе. – Москва: Первое сентября.2009 ж.
-
Безруких М.М. Методика оценки сформированности навыков письма и чтения. – москва: Первое сентября. 2009 ж.
-
Кенжеғұлова А. Оқушылардың жазба тіл дағдысын қалыптастыру. Алматы: Бастауыш мектеп.2005 ж.
-
Тематическое планирование для 1 класса. Учебно- методический комплект «Планета знаний». Москва: Начальная школа
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
-
Көркем жазу. Ерешева К. Калмуханбетова К. Алматы 2012 ж.
Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету
Оқыту - теориялық : оқулық, лекция.
Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, тест жинағы, тәжірибелік, сарамандық жұмыстар жинағы.
Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, реферат, зерттеу жұмысын суреттеу. Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама.
Оқыту – көрнекілік: альбом.
Оқыту – библиографиялық.
Таңдау курсы бойынша оқу әдістемелік кешенінің тізімі
-
Ғаламтор.
-
Қазақ энциклопедиясы.
-
Газет, журналдар.
ҚАРАЛДЫ: БЕКІТЕМІН:
Әдістемелік бірлестік отырысы Педагогикалық кеңес отырысы
28.08.2023ж., хаттама №1, 31.08.2023ж.,
ӘБ жетекшісі______ О.Жумашева Педагогикалық кеңес төрайымы,
басшысының м.а.____Т.Коскадамова
«Көркем жазу»
топтық сабақтың
БАҒДАРЛАМАСЫ
1-сынып
2023-2024 оқу жылы
(аптасына 1 рет, жылдық сағат саны-33 с.)
Пән мұғалімі: Сапабекова А.С.