15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көркем жазу-тиянақты білім кепілі
Көркем жазу-тиянақты білім кепілі
Бастауыш сынып мектептерінің алдында қойған жауапты міндеті- оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру. Өйткені каллиграфиялық мәдениет жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі. Жазудың әдемі болуы, оқушының мінез-құлқын оятуға,
ой-өрісін дамытуға мейлінше әсер етеді. Таза, сұлу жазылған жұмыстар оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар сырттай көзге де сүйкімді.Көркем жазу оқушыны ұқыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. 1- сыныпта көркем жазу сауат ашу кезінен басталып, оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі. Әдетте, мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмысын жүргізуі тиіс.
Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге, керекті төмендегідей дәстүрлі ережелерді қамтиды:
-
Оқушының жазу кезінде дұрыс отыруға машықтандыру.Көзбен қалам ұшының ара қашықтығы 25-30 см кем болмау керек.
-
Дәптерді дұрыс орналастыру.
-
Қаламды дұрыс ұстауға машықтандыру.
Қаламды үш саусақпен қарыстырмай еркін ұстау, сұқ қолымен үстінен бармақпен сол жағынан ортаңғы саусақпен –асты мен оң жағымен ұстау
Саусақтар қалам ұшынан 2-2, 5 см қашықтықта болуға тиіс. Пастаны жиі тексеріп, ауыстырып отыру, еріп кетпеуін қадағалау.
Бұл талаптарды орындау бастауыш сынып оқушылары үшін айтарлықтай дәрежеле оңайлыққа түспейді. Мұғалім ара- тұра жазу барысында қозғалыс минуттарын өткізіп тұруы қажет.
Мұғалім тарапынан ұдайы қадағалау әрбір оқушымен жалықпай жұмыс жүргізуді талап етеді.
Оқушылар аталған ережені меңгергеннен кейін бас әріптерді жазуға көшеді. Әріптерді сөз ішінде бір-бірімен байланыстырып, қоса білуді үйренеді. Әріптерді дұрыс таңбалап жазу үшін, көркем сабақтары ұдайы жүргізіліп жазу минуттары және отыруы тиіс. Бұл кезеңдегі көркем жазу жұмысы тығыз да қарқынды етіліп өткізуді қажет етеді. Жазуды жазылуын оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді біртіндеп көшкен жөн. Басқаша айтқанда, жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі.
Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әрәптерді жазу ғана емес, сонымен ғана жеке сөздер мен сөйлемдерді жазу да кіреді.
Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқынын жылдамдатуға көңіл бөлінеді. Кіші әрәптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады.
2-сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі.Оқушылардың 1 сыныпта үйренген икемділігі бұл сыныпта дамытылады. 2 сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты- жазу қарқынын жеделдету, біркелкі ритмикалық жазуға көшіру. Оқушының оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп, ондағы сұрақ тапсырмаларды еркін оқып түсінуі қандай қажет болса, оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау да соншалық қажет екенін естен шығармау керек. Бұл кезеңде графикалық жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.
3 сыныпта оқушылардың жазу икемділігі одан әрі жетілдіріледі. Әріптерді кішілеу етіп тез жазуға арналған графикалық жаттығулар жүргізіледі.
Алдыңғы сыныптардағыдай көркем жазу бұл сыныпта да қазақ тілі сабақтарының материалдарымен тікелей байланыстырылып жүргізілуі тиіс. Бағдарлама талаптарына сай әрбір қазақ тілі сабақтарының 6-8 минуты көркем жазуы беріледі. Қажет жағдайда жеке сабақ етіп өткізуге де болады.
Каллиграфиялық бұзылу себебі неде?
- Оқушының жақсы жазуы әрине мұғалімге тікелей байланысты. Өкінішке орай көптеген мұғалімдер сауаттану кезеңі біткен соң, бар күшті мәтін оқуға жұмсап, каллиграфиялық машықтарын қалыптастыруға жеке көңіл бөлмейді. Әріп үлгілері оқушы дәптеріне үнемі жазылып, көрсетіле бермейді. Теріс жазылған әріптердің түзетілген үлгілері дәптер жолағына қосылмайды. Кіші және бас әріптердің жазылу үлгілері сыныптың көрнекті жеріне үлініп қойыла бермейді. Сондықтан да жазусыз оқу тиянақты бола алмайды. Жазуға үйрету барысында кішкентай оқушының жас ерекшелігімен санасудың үлкен мәні бар. Мұғалім жазу процесінің кішкентай оқушы үшін қиын да күрделі жұмыс екенін естен шығармау тиіс.
Әріп таңбасын түсірудің өзі оқушының сол әріп бейнесін көз алдына айқын елестете білуіне тікелей байланысты. Әріп формасын жете танымаса,оны жазу да қиын. Мысалы, Ә әрпін жазу процесінде сызық жоғарыдан оң жаққа, одан төмен қарай иіліп, жарты дөңгелек жасау арқылы төменнен жоғарылаған бағытпен оңға бұрылып бітуді керек етеді.
Бұл ережелерді дұрыс орындау, әрине аталған әріптің бейнесін айқын білуді бірден-бір керек етеді. Демек, бұрыс жазуға қалыптасу кезінде сөз дыбыстары мен оларды таңбалайтын әріптер арасында тығыз байланыс жасалатынын байқаймыз. Мұнымен бірге жазып отырған баладан партада дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қаламды дұрыс ұстау ережелерін мұқият сақтау талап етіледі.
Қазақ алфавитіндегі әріптердің басым көпшілігі жоғарыдан төмен қарай бағытталып жазылады. Кейбір бас әріптер ғана А,Л,М,Я төменнен басталып жазылады.
Бұл әріптерді көркем етіп жазудың алға қойған мақсаты-балаларды сұлу, таза және түсінікті етіп жазуға үйрету.
Ол үшін мынандай талаптар жүзеге асырылуы тиіс:
-
Әріптер мен әріп элементтерін бұзбай дұрыс жазу.
-
Әріптермен әріп элементтерінің биіктігі, көлемі, арақашықтығы, көлбеулігі бірдей біркелкі болуы керек.
-
Әріптерді өзара дұрыс байланыстыра білуді жетілдіру.
-
Жазу тазалығын сақтау артық сызықтар жасамау.
Жазу жылдамдығы жазу жұмысының сапалы көрсеткіші болып табылады. Ол шын мәнінде жазуға үйретудің негізгі бір түрі мақсаты екенін ұмытуға болмайды. Тәжірибеде тез оқудың маңызы қандай болса, тез жазудың да мәні де сондай. Таза жазудың негізгі бір мүмкіндігі үліліссіз жазу. Көптеген әріптер бірнеше элементтен тұрғанымен, олар қол үзбей бірден жазуды керек етеді. Үзіліс элемент санына байланысты емес. Әріпте қанша элемент болса, жазуда сонша үзіліс жасау керек болады деп түсінуге болмайды. Мысалы. а әрпі
неше элементтен тұрады. Бірақ ол бір тактімен үзілмей а болып жазылады. Жазу қарқыны арта бастағанда мұндай екі элементті әріптерді үзбей, тұтастыра жазуға баса көңіл аударылады.
Қорыта келгенде, мұғалім әрбір оқушының өзіндік жазу ерекшелігіне тән жіберілетін графикалық қателерді мұқият байқап, ондағы қателер мен ұқыпты жұмыс жүргізуді ұмытпауға тиіс.
«О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Баяндама
Тақырыбы:

Оқыған: Асиева Н.Б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген