3-
сынып
Көркем жазудан үлгі
сабақтар
1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға
әдемі жазу - өнер екенін ұғындыру.
Сабақтың мақсаты: а)
Оқушыларға көркем жазу сабағының маңызы
туралы
түсінік
беру.
ә)Әріпті тану, сөз буындарынан ажырата білуге,
сауатты жазуға, каллиграфиялық талаптарға сай
жазуға,көркем орындауға
дағдыландыру.
б) Қызығушылығын,жан-жақты
көзқарасын дамыту.
Әдісі: жаңа
сабақ,әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер,жазба
турлері, мақал,жұмбақтар.
Сабақ
барысы.
Ұйымдастыру
бөлімі:
а)Сабаққа дайындығын
тексеру.
Психологиялық
дайындық
Оқушылар қағазға өздерінің
жағымсыз қасиеттерін жазып, қоқыс жәшігіне
тастайды.
(Әр оқушы сабақта отырған
жағымсыз қасиеттерін, көңіл күйлерін тастап, жақсы көңіл күймен
сабақта бастайды.)
Әдемі, Көркем сөздерін таңдай
отырып 2-ге бөлінеді
Жаңа
сабақ:
Кіріспе сөз.Мұғалімнің көркем
жазудың маңызы туралы қысқаша мәлімет
береді.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат
ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты –
балаларға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу –
аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені, сауат ашу кезеңінде дыбысты
әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп
қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану
тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес,
оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай
жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру
міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем
жазу дағдысы (каллиграфия)
қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза,
анық, әдемі жазуды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем
етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы
бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы
бар.
(Көрнекілікпен
жұмыс)

Суретпен
жұмыс.
(Суреттегі заттардың атауларын
тап, көркем жаз)

Сергіту сәті:Аспанға қарап ай
көрдім
Төмен қарап жер
көрдім
Оңға, солға
бұрылып
Егеменді ел
көрдім
Топтық
жұмыс
-
Жұмбақтар
-
Мақал
мәтелдер
-
Сөз құра, тез құра
(Ақпараттандыру сөзінен бірнеше сөз тізбектерін
құрастыру)
Сұрақ-
жауап.
- Балалар бүгінгі сабағымыздан
не түйдік?
- Көркем жазу – өнер
екендігін
- Сабақ ұнады
ма?
- Көркем, әдемі сөздері қандай
сөздер? (мәндес)
- Олай болса алдығы уақытта
көркем әрі сауатты жазу дағдыларымызды төменгі сыныптарға үлгі
боларлықтай арттырайы
Топтан сабаққа жақсы қатысқан
оқушыларды жұлдызша арқылы марапаттау