400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдармен, құрал жабдықтармен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1бөлім: Дизайн және технология

Күні:

Сынып: 5


Мектеп: «Тұрыш мектеп-балабақша кешені» КММ


Мұғалімнің аты – жөні: Әнебаева Гүлжайна Әділбекқызы


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдармен, құрал жабдықтармен танысу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

Сабақ мақсаттары

- Ұлттық мәдениет туындыларындағы кесте өнерін зерттеу;

- Сәндік-қолданбалы өнердегі кесте өнерінің рөлін анықтау;

- Шығармашылық нобай арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту;


Бағалау критерийі

-Оқушылар кестелеуге арналған құрал жабдықтар туралы мәлімет алады, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасайды.

­-Оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасайды.

Тігіс түрлерін анықтайды, Шығармашылық қабілетін арттырады.

- Оқушылар кестелеуге арналған материалдармен танысады, тәжірибе алады.


Тілдік мақсаттар

Кесте - вышивка – embroidery

Шым кесте - вышивка гладью – padded satin stitches

Көктеу – сметать – sweep

Сәнді кесте – декоративная вышивка – decorative embroidery

Жіптер – нитки – thread

Кергіш – пяльцы –hoop

Оймақ – наперсток – thimble

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Кестелеудің.........түрі қазақ қолөнеріне тән деп ойлаймын.

Көркем кестелеу туралы айтатын болсам........

Барлық халықтарға тән сәндеу түрі.........деген пікірдемін

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім

Ою-өрнектерді матаға түсіре алады. Ұлттық ою-өрнектердің атауларын біледі. Ою-өрнектерден композиция құра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың басы

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сыныппен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

2. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру, яғни шаттық шеңбері арқылы сабаққа оқушыларды сабаққа дайындау.

Бейне материал көру

- Экранда не көрсетілді?

-Көркем кестелеу дегенді қалай түсінеміз?

Оқушыларға әртүрлі кескін маталар беріледі, соның ішінен жібек, мақта, зығыр маталар арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

І топ «Жібек мата»

ІІ топ «Мақта мата»

ІІІ топ «Зығыр мата»

Жаңа сабақты меңгеру: Кесте-сәндік-қолданбалы өнердің кеңінен тараған түрі. Мұнда өрнек пен суреттер қолмен немесе мәшине тәсілімен әртүрлі матада, былғарыда, киіз бен өзге де материалдарда зығыр, мақта,мата, жібек, жүн жіптерімен, сонымен қатар бисер, меруерт, асыл тас, жылтырактармен және т. салынады


Сабақтың ортасы



І тапсырма.

Кестеге арналған құрал-жабдық.

(топтық жұмыс)

І топ «Жібек мата» Кестелеуге арналған құрал жабдықтар беріледі. Оқушылар құрал жабдықтардың атауларын атап мәлімет береді.

ІІ топ «Мақта мата» Құрал жабдықтардың атаулары беріледі, оқушылар плакатка суретін салып анықтама береді.

ІІІ топ «Зығыр мата» Оқушыларға мозайка беріледі, Мозайканы құрастырып, құрал жабдықтардың суретін шығарып оған мәлімет беріп анықтайды.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

-Оқушылар кестелеуге арналған құрал жабдықтар туралы мәлімет алады, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасайды.


-Қауіпсіздік ережесін сақтайды

-Құрал жабдықтардың қызыметін біледі.




II-тапсырма Кестедегі тігістер түрі

І топ «Жібек мата» Оқушыларға екі түрлі кенеп мата беріледі. Оқушылар кенептегі матадагы суретті қанай тігістермен тігілгенін қалай тігілгенін атайды.

ІІ топ «Мақта мата» Оқушыларға есептік және еркін тігіс қалай тігілетінін көрсету керек. Оқушыларға мата ине, жіп беріледі.

ІІІ топ «Зығыр мата» Оқушылар Есептік және еркін тігісті плакатка схема түрінде көрсетеді.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасайды.

Тігіс түрлерін анықтайды, Шығармашылық қабілетін арттырады.


-Қауіпсіздік ережесін сақтайды

-Есептік және еркін тігіс түрлерінен жұмыс жасады.



Сабақтың соңы


ІІІ тапсырма

Кестелеуге арналған материалдар

І топ «Жібек мата» Оқушыларға маталар түрлері беріледі. Оқушылар маталардың атауын табу керек.


ІІ топ «Мақта мата» Оқушыларға маталардың атауы беріледі және маталар беріледі. Солардың ішінен сәйкестендіру керек.


ІІІ топ «Зығыр мата» Оқушыларға әр түрлі маталардан қандай киім кешек және бұйымдар тігілетінін атап постер қорғайды

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Оқушылар кестелеуге арналған материалдармен танысады, тәжірибе алады.

-Оқушылар әр материалдың түрін анықтап атауларын еске сақтайды.

-матаның сапасын біледі.




Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтағы тақырып туралы бұрын не білетінін, сабақ барысында не білгенін, келесі болашақта не білгісі келетінін жазады

БББ әдісі

БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ


Әр топ орындаған тапсырмалары арқылы бір-бірін өздерінің ұнаған, түсінген жұмысына 1-10 дейінде балдық жүйемен бағалайды.

7-10 – керемет

4-7 – өте жақсы

0-4 - жақсы

Рефлексия парағы таратылады

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


  • Оқушыларды топтастыру барысында өз қалауларына қарай топқа бөлуге жағдай жасаймын;

  • Диалогтық қарым – қатынас жасау мақсатында оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін түсіндірме сұрақтар қоямын;

  • Оқушыларға топтық тапсыраларды бере отырып сабақтан не түсінгендеріне көз жеткізіп отырамын;

  • Әр тапсырадан кейін кері байланыс жүргізу арқылы оқушылардың жұмысын бағалап отырамын.


Білім алушылардың жұмыстарын жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарай отырып ынталандырамын. Пікір арқылы яғни жарайсың,талпын.


  • Оқушылардың өзара қарым қатынас мәдениетін қалыптастыру;

  • Аудитория тазалығы, желдетілуі, жарықтылығын қадағалау;

  • Практикалық жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауларын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі