Көркем мәтінді талдау әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем мәтінді талдау әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім стандарты мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі функциялары төрт дағды бойынша, яғни (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) оқытылу негізделген. Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім беру стандарты ережелері бағдарламасына сай коммуникативтік оқу-әрекеттері мен білім, білік дағдыларды іске асыру мақсатында оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалынып ұсынылған. Сонымен қатар, әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отыратындығын ескере, ұсынылып отырған бағдарлама «спиральді оқыту» әдісі негізінде мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым коммуникативтік дағды-біліктерін шыңдау мақсатында құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қaзaқ тiлi caбaқтapы жaзылым, oқылым, aйтылым, тыңдaлым дaғдылapының epeкшeлiктepi apқылы icкe acaды. Coндықтaн күндeлiктi caбaқты дaғдылap epeкшeлiгiн ecкepiп құpy, oқy cayaттылығын apттыpyдa мaңызды poль aтқapaды. Coның iшiндe oқылым дaғдылapының epeкшeлiктepi oқy cayaттылығын apттыpyдың бipдeн бip жoлы-мәтінмен жұмыс

Жаңартылған білім стандарты мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі функциялары төрт дағды бойынша, яғни (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) оқытылу негізделген. Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім беру стандарты ережелері бағдарламасына сай коммуникативтік оқу-әрекеттері мен білім, білік дағдыларды іске асыру мақсатында оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалынып ұсынылған. Сонымен қатар, әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отыратындығын ескере, ұсынылып отырған бағдарлама «спиральді оқыту» әдісі негізінде мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым коммуникативтік дағды-біліктерін шыңдау мақсатында құрылған.

Мектеп табалдырығында дамып, талпынып келе жатқан баланы ерте жастан, яғни бастауыштан бастап оқуға машықтандырып, кітапханаға барып тұруына, функционалдық сауаттылығын арттырып, қлыптастыруына ықпал жасамаса қоғамда «сауатсыздық» нышаны орын алатыны сөзсіз. Ғалымдардың айтуы бойынша 8-сыныптан бастап оқушылардың 60% -ы өз бетімен оқу мен жазуға деген құлшынысты жоғалтады. Түлектердің үштен бірі де мүлде оқығысы келмейтіні дәлелденген. Сонымен қатар, ресми деректерге сүйенсек, мектеп оқушыларының 40% -ы көркем мәтінді түсінуде қиналады. Олар мектепте білім алғанымен, қызметке келгенде жазудың негіздерін білмейтіндіктерін көрсетті, тіпті әртүрлі жағдайларда кездескен формаларды (бланкаларды) толтыра алмай кейбір ақпараттардың мәтіннің мазмұн мағынасын түсінбейді. Жалпы, барлық зерттеушілердің пікірі бойынша сауаттылықтың төмендеуі адамдардың тиісті білім алмауынан, жан-жақты оқытпауынан, оқуға үйретпеуінен болады. Осыған орай, қазіргі кезде функционалдық сауатсыздықпен күресу лингвистердің міндеттерінің бірі болып табылады. Президенттің айтуынша, «білім беру тек оқытумен шектеліп қалмай, керісінше, әлеуметтік бейімделу процесіне бейімделуі керек». Айтылған өзекті проблемалық мәселелерді сараптай келеоқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым коммуникативтік дағды-біліктерін қалыптастыру, шыңдау қазақ тілі пінңне деген қызығушылығы мен шыармашылық қабілеттерін арттыр мақсатында мұғалімдерге және оқушыларға қосымша қажетті әдістемелік құрал ретінде аталған авторлық бағдарламаны ұсынып отырмын.

Пәнаралық байланыс: бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға,сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді, ұлтжандылыққа, ана тілін жетік меңгеріп құрметтеуге негіздейді.

Авторлық бағдарламаның өзектілігі: оқу сaуaттылығы -оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі секілді қабілеттерін ашады. Оқушылардың бойында білім-білік дағдылары мәтінді оқу, aқпaрaтты қaбылдaу, мәтін ішінен іс-әрекетті белгілеу, ақпaрaттaн түйінді ойды жинaқтaу мәтіннің мaзмұнын бaғaлaу арқылы сауаттылық деңгейі артады;

Авторлық бағдарламаның мақсаты: оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне біліп олардың түйініне ой жүгірте білуге, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға, пайдалана білуге баулу.

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

-оқылым стратегияларын, оқу функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

-мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту;

шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;

-тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін

құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;

-ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалайалатын тұлға даярлау.

Күтілетін нәтиже:

-мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтай алады;

-коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді орынды қолданады;

-диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді;

-оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) сауатты қолданады;

-оқылым және тыңдалым дағдылары бойынша мәтіннің мазмұнын түсінеді, практикада қолдана алады;

-ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалайалатын тұлға қалыптасады.

Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: жаңашылдық немесе қолданыстағы бағдарламалармен салыстырғанда осы бағдарламаға енгізілген жаңа түсініктемені қалпына келтіру мақсатында ұсынылған авторлық бағдарлама жаңартылған білім мақмұнына негізделіп типтік-үлгілі бағдарлама мақсаттарына сүйене отырып құрастырылған.

Бағдарламаның ғылыми табиғаты– оның жаңа білім беру парадигмасы

философиясына, әдіснамасына, психологиясына және педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сәйкес әзірленген.

Бағыттылығы:

-оқушыларда ББД қалыптастыру ғана емес, жеке тұлғасын дамыту жәнетәрбиелеу;

-алалардың психофизиологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау;

-білім беру процесінің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық,психологиялық бағыттылығын қамтамасыз ету;

-білім беру мазмұнының гуманистік, интеграциялық және инновациялықтәсілдерге сәйкестігін қамтамасыз ету және т.б.;

-ғылым талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету (проблеманың болуы, ғылыми гипотеза, проблеманы гипотетикалық шешу, ғылыми негізделген зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін зерттеу алдында алынған мәліметтермен салыстыру);

Білім өнімі: оқушылардың сабақ барысындағы танымдық, зерттеушілік іс-әрекетерінің барысында әзірленетін материалдар.

Оқушының оқу өнімі: конспект, тезистер, тарихи талдау, ғылыми мәселелерді өздігінен шешуі, нақыл сөздерін есте сақтау, эссе, шығарма таныстырылым, рөлдік ойындар, ізденіс жұмыстары, мазмұнын тану, ой қорыту, ойтолғау т.б.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша күтілетін нәтиже – қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік негізінде, сыйластық, бірлескен жұмыс, ашықтық, білімі мықты, қарым-қатынас қабілеті, тәртібі қалыптасқан, кеңейтілген дағдыларды меңгерген: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; әртүрлі коммуникация түрлерін қолдану, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру; топта және жеке жұмыс жасау, жұптық жұмыстарды орындай білу, алған білімдерін жинақтап, әртүрлі мәселелерді шешуде қолдану икемділіктерін дамыту.

Бағдарлама «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету туралы ереже» (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңына (06.05. 2020 ж. енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.

Ақпараттық–әдістемелік бөлім


Авторлық бағдарлама түсінік хатта көрсетілгендей мақсат, міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламадағы тарауларға орай алынған тақырыптар білім беру стандартына сай игеруге тиіс материалдарды қамтиды. Ал осы тақырыпты игеруде қашықтан оқу барысында қолданылатын инновациялық тәсілдері тақырыптарды толық меңгеруге көмектеседі. Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы берілген тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар формативті бағаланады. Шығармашылығын дамытатын, тақырыпқа сай берілген тапсырмалар оқушылардың даму рейтингін бақылап, мониторинг жасауға көмектеседі. Оқушы жұмысын бағалауда төмендегідей ерекшеліктерге:

  • оқушының шығарманы түсіне отырып, мәнерлеп оқуына;

  • талапқа сай, нақышына келтіріп, қашықтан айта білу шеберлігіне;

  • ақын шығармашылығын толығымен игеруіне;

  • қаламгерлер мұрасын дәріптеуге бағытталған түрлі шығармалар, көркемсөз оқу байқауларына қатысуына;

  • шығармашылық, ізденіс жұмыстарымен айналысуына баса назар аударған жөн.



Мәтінмен жұмысты бағалау критерийі

«9-10» - оқушы шығарма мазмұнын түсінудегі тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларын еркін орындай алса, мазмұны мен идеясын еркін түсініп, тапсырмаларын орындай отырып, жұмысты мұқият орындаса қойылады.

«7-8» - оқушы тапсырманы шығарма мазмұнын түсіну барысында тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларына байланысты қателер жіберсе, ойын жеткізуде немесе талдауда сәл қателіктер болғанда қойылады.

«5-6» - мәтінді оқығанмен, талдауда белсенділік танытпай, тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларын орындауда қателері болса.

«3-4» - мәтінді оқуда қиналып, талдауда белсенділік танытпай, тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларын орындауда жіберілген қателері көп болса, тақырыптан ауытқушылық орын алғанда қойылады.

«1-2» - шығарманы оқымай, мазмұнын мүлде игермегенде қойылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
1274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі