Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет- жан дүниені , он екі мүшені, алпыс екі тамырды, түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды- өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықты да , күрделілігі де осында жатса керек. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді»- деп әдіскер ғалым Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту » атты еңбегінде айтып өткен.
Материалдың қысқаша нұсқасы











Қордай ауданы

Бетқайнар ауылы

27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта жалпы

білім беретін мектебі КММ




Тақырыбы


Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары









Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Алишева Шынар Кулисбековна










Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары



Жоспары:

І КІРІСПЕ

Көркем шығарма- әдебиеттің құндылығы

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Мәтінді алдын ала талдау

2. Интербелсенді әдістерді қолдану

3. Драматизация және рөлдік ойындар

4. Шығармашылық тапсырмалар мен жобалар

5. Сыни ойлау мен талдау

6. Практикалық жаттығулар

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Ғаламтор және кітап


Кіріспе

«Әдебиет- жан дүниені , он екі мүшені, алпыс екі тамырды, түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды- өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықты да , күрделілігі де осында жатса керек. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді»- деп әдіскер ғалым Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту » атты еңбегінде айтып өткен.

Оқушыларға көркем шығарманы тиімді оқытудың, шығармашылық қабілеттерін, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін оқыған мәтіндерді терең түсіну үшін түрлі әдістерді қолдану керек.

Әдебиет зерттеушісі, ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев: « Көркем шығарма- әдебиеттің құндылығы.Көркем шығарманы оқыту- оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру»- деген болатын. Әдебиет сабағында оқушы көркем шығарманы өн бойымен қабылдай білу керек. Оны қабылдай салу оңай дүние емес. Егер оқушы шығармадағы кейіпкердің жай күйін , толғанысын, эмоциясын, көркем суреттеулерді қабылдамаған жағдайда шығарманы толыққанды оқытып шығу дегеніміздің бәрі бос сөз болар еді.

Оқушыны көркем шығарманың ішіне ендіре отырып, кейіпкермен бірге толғанып, көркемшығарма болмысын оқушы бойына сіңдіретін , оқушы сезімін оятатын мұғалім.


Негізгі бөлім


1. Мәтінді алдын ала талдау

Шығарманы оқушыға оқуға берместен бұрын, мұғалім шығармамен алдын ала оқып шығып, оның негізгі тақырыбы мен идеясын анықтап алуы тиіс. Оқушылар шығарманы оқығаннан кейін өз бетінше оның негізгі тақырыбы, кейіпкерлері , оқиғалар желісі жайлы түсініктері қалыптасады. Бұл шығарманың құрылымын түсінуге мүмкіндік береді.

Әр бөлімді мұқият оқи отырып, оқиға желісін, байланысын анықтап, шығарманың идеясын белгілеу шығарманың терең мағынасын ашуға жол салады.

2.Интербелсенді әдістерді қолдану

Топтық талқылаулар: оқушылар шағын топтарға бөліне отырып, шығармадағы автор көзқарасын талдайды, пікір аламсады, өз ойларын ортаға салады. Ортаға сала отырып дәлелдеуді, басқалардың көзқарасымен санасуды, олардың көзқарасына пікір білдіре отырып, Л.В.Выготскийдің ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) қалыптасады.

Сұрақ-жауап сессиялары: оқушылар шығарманың белгілі бір тұстарын түсіндіру үшін сұрақтар қою арқылы терең талдау жасай алады. Проблемалық сұрақтар қоя отырып, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып шығарманың идеясын анықтауға мүмкіндік туады.

3.Драматизация және рөлдік ойындар.

Кейіпкерлерді бейнелеу: көркем шығарманың кейбір тұстарын сахналау немесе рөлдік ойындар ойнау арқылы шығармадағы кейіпкерлердің ішкі әлемін сезіне алады.

Эмоционалды байланыс орнату рөлдік ойындар оқушылардың кейіпкерлердің эмоциясын терең түсуіне ықпал етеді.

4. Шығармашылық тапсырмалар мен жобалар

Эссе және шығармашылық жазба: оқушылар оқыған көркем шығарма тақырыбы мен кейіпкерлеріның мінез- құлқы немесе автор идеясы туралы жазба жұмыстарын орындайды.

4.1Көркемдік жобалар: көркем шығарманың кейбір эпизоттарын суреттеу жұмыстары, тақырыпқа байланысты таныстырылымдар дайындай отырып шығарманың көркемдік мәнін ашу.

4.2 Инновациялық тәсілдер: интерактивті таныстырылымдар, бейне материалдар, электронды оқулықтар қолдану оқушылардың көркем шығарманы оқуына қызығушылығын арттырары сөзсіз.

5. Сыни ойлау мен талдау

Автордың стилін зерттеу: Шығарманың тілдік ерекшеліктерін, автордың жазу стилін және оның көркем шығарманы жазу техникасына талдау жасау.


5.1.Контекстті түсіну: Шығарманың жазылған кезеңін, сол кездегі әлеуметтік-мәдени жағдайларды зерттеп, шығарманың өзектілігін анықтау.


5.2. Салыстыру әдісі: Басқа әдеби шығармалармен салыстыру арқылы шығарманың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау.


Асхат Әлімов «Интербелседі әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты оқу құралында : Бүгінде педагогикада тек сөз ғана арқылы үйрену мүмкін еместігі дәлелденіп отыр. Керісінше білімді әрекет ету арқылы ғана үйренуге болады. Адам өз қолымен жасағанды ғана жадында сақтап, осы әрекеттердің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады: «Менің өзіме жасатсаң үйренемін» ( Конфуций). Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу , сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру,- деген ой айтады.


6. Практикалық жаттығулар

6.1.Пікірталас және дебат:

Көркем шығармадағы белгілі эпизодтар бойынша пікірталас жүргізу үшін оқушылар өз көзқарастарын білдіру негізінде дәлелдеуге немесе қарсы шығуға мүмкіндік береді.

6.2.Мәтіндік тапсырмалар:

Көркем шығарманың әр бөлімі бойынша қысқаша конспект жасау, әр бөлімді мазмұндау жоспарын жасау немесе шығарманың құрылымын визуализациялау арқылы шығарманы жүйелі талдауға дағдыландыру .

Қорытынды

Бүгінгі ақпараттар ағыны жан- жағымыздан анталап тұрған заманда оқушыны көркем шығармаға қызықтырудың өзі үлкен мәселеге айналып бара жатқаны сөзсіз. Осы шырмаудан оқушыны алып шығып көркем шығармамен сусындатып, сөз құдіретін түсінетін ұрпақ тәрбиелеу сіз бен біздің алдымызда тұрған үлкен жауапкершілік.

Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға зор үлес қосады. Мұғалімдер әр түрлі әдістерді үйлестіре отырып, шығарманың мазмұнын жан-жақты талдап, оны оқушыларға қызықты әрі түсінікті етіп жеткізуі қажет.

Осы баяндамада келтірілген әдістердің әрқайсысы оқушылардың шығарманы тереңірек түсініп, өздерінің әдеби талдау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

М. Жұмабаев айтқандай «Қазақтың тағдыры, ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына байланысты. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға , қазақ жанына, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай - ақ серттесуге болады» деп сенім артып кеткен. Серттесудің жолын кітап оқыған жастар құрары анық.



Қолданылған әдебиеттер

1. Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» Алматы «Мектеп» баспасы 2003 ж

2. А.Әлімов «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану»

«Алматы» баспасы 2009 ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі