Көркемдік жазба 7 сынып қыздар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркемдік жазба 7 сынып қыздар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Бөлімі

Сәндік қолданбалы өнер

Педагогтің Т.А.Ә.

Кошанова Айгерим Алтынбековна

Күні :

Мектеп:№ 67 орта мектеп

Сынып: 7 қыздар

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары

Оқу мақсаты:

7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығутегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Мақсаты:

Оқушылар тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерттеп, сипаттайды және шығармашылық жұмысты орындау барысында ақпарат көздерін тиімді таңдап, қолданады.

Құндылықтарға баулу:

Әділдік пен жауапкершілік айы.

Шындықты айту, бәріне бірдей қарау, шешім қабылдауда әділ болу және өзгенің құқығын құрметтеу. Өз ісіне, сөзіне, шешіміне жауап бере білу, тапсырылған жұмысты уақытында және сапалы орындау.

Апта дәйек сөзі:

«Әділдік пен жауапкершілік - біртұтас ұғым»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

3 минут








Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, құрал-жабдықтарды тексеру. Өткен сабаққа шолу.


Психологиялық ахуал қалыптастыр оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.



Миға шабуыл:

Суретке қарап өнер түрін атаңдар?

Бұл жұмыстардың ерекшеліктері неде?

Оқушылар мұғаліммен амандасады.



Бір-біріне сәттілік тілейді. Бүгінгі көңіл- күйлерімен бөліседі. Орындарына жайғасады.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: мадақтау.



Жарайсыңдар!




Презентация.




Ортасы

35 минут














Жаңа білімді меңгерту.

Көркем өрнек салудың негізгі түрлері

Қазақстанның ежелгі шеберлерінің

ыдыстарга салған өрнектері. Ағаш ыдыс- тарға бояумен өрнек салып, әшекейлеу Қазақстанда бұрыннан пайда болды. Суретшілер сурет салуға әртүрлі мәдениеттің өзара кірігу дәрежесімен қазақтың ою мотивтерін пайдаланған. Қазақтың тоймерекелерінде көркем өрнекпен әшекейленген ыдыстардан қымыз ішуге болады. Ою-өрнек түстерінің үйлесімділігі ма олар белгілі бір реттілікпен орналасуы тиіс. Композицияға байланысты тус пен сурет таңдалады. Қазақ шеберлері үшін

нызды күнді, отты; сары түс - жастық шақ, көктемді түс таңдаудың символикалық мәні бар: көк түс аспанды; қызыл түс білім мен даналықты, сағыныш, мұңды; қара түс жерді; жасыл түс бейнелейді. Қазақстанда ою-өрнектермен безендірілген алғашқы қыш құмыра бұйымдары, б. з. д. V мыңжылдықта, неолит кезеңінде Қазақстанның оңтүстік өңірінің қалаларында пайда болған. Қыш құмыра жасау өнері кеңінен таралған, бұйымдар ою-өрнектермен безендіріле отырып өндірілген.

Қыш құмыра бұйымдарының көпшілігі қара бояумен боялған, сондықтан ою-өрнек сызықтарының контуры айқын көрінеді. Ерекшеліктерінің бірі күрделі оюлардың үздіксіз салынуы болып табылады. Балшықтан жасалған бұйымдар өрнектеліп, жасыл түске боялған және әшекейлеуге жылтырақ пайдаланылған. Осы кезеңде ою-өрнек түрлері өзгереді, көлемді өрнектер, нүктелермен толтырылған үшбұрыштар қалады. Оның орнына ирек немесе көлденең сызықтар жиі қолданылды. Сонымен қатар, қолмен жапсыру, баспа таңба, қадамер бастыру арқылы әшекейленеді. Бұл қадамер «торлы шеңбер» немесе «дөңгелек шабағы» түрінде болады.

ХІѴ-ХѴ ғғ. қыш ыдыстардың беті тегіс, түрлі түсті оюлармен өрнектелген. Өрнек сызықтары анық, түстері ашық. Негізгі суретті айқындау үшін кереғар түстер немесе геометриялық өрнектер қолданылған. Бұйымның беті жарық жағы бойынша бөлінген, онда күн сәулесі бей- неленген немесе геометриялық пішінді өрнектер салынған.

Ежелгі шеберлер бұйымның бетін түгел ою-өрнектермен әшекейлеуге тырысқан. Негізгі сурет арасындағы бос орындар- ды нүктелер, шиыршықтар, үзік-үзік сызықтармен толтырған.


Суретшілердің әрбір буыны өнерде жеке және қайталанбас өз үлестерін қалдырады. Тәуел-сіздік алған уақыттан бері Қазақстанда сәндік-қолданбалы өнер ұрпақтың үздіксіз байланысы мен улкен шығармашылық мүмкіндігін көрсете отырып, өз дамуының жаңа кезеңіне жетті. Отандық жас авторлардың туындылары еліміздегі және шет елдердегі музейлер мен жеке галереяларда лайықты орын алды.


Батик - матаға сурет салу өнері. Батиктің бірнеше түрі болады: салқын, ыстық, «кракле» әсері, көркем бедер салу, еркін өрнек, түйінді батик.

Еркін өрнектен басқа тәсілдердің барлығының негізінде резервтеу қағидасы жатыр. Резервтеу барысында матаның боялмайтын жерлері бояудың кенепке жайылуын шектейтін арнайы қоспамен көмкеріледі. Ол матаға сіңеді де, оның жекелеген жерлерін бояу әсерінен қорғайды. Жұмысты орындау үшін тек анилин бояғыштар жарамды, себебі бояудың басқа түрлері мата бетінен ширатылып кетеді.

Салқын батик. Бұл тәсіл резервті тұйықталған сұлба түрінде түсіріп, соның төңірегінде бояумен көркем сурет салуды тұспалдайды.

Ыстық батик. Балқытылған резерв сурет сұлбасына түсіріледі немесе кенептің жекелеген жерлерін жабады.

Матада еркін өрнек салу. Бастапқы сурет бояумен салынады, резерв тек соңғы өңдеу бары- сында қолданылады.

«Кракле» әсері. Жұмыс ыстық батик тәрізді бірнеше қабат бояу арқылы орындалады. Алайда, жұмыс соңында резерв салқындаған соң, жұмыс жақтаудан алынып, абайлап мыжылады, содан соң қайтадан жақтауға керіледі. Жұмыстың бет жағына қара бояу жағылады. Біраз уақыт кептіріліп, резервте сақтайтын құрам ыстық үтіктің көмегімен алынады.

Көркем бедер салу техникасында матаға өрнек салу барысында алдын ала дайындалған ағаш қалыпқа қою бояуды жағады да, қосымша басып түсіреді, яғни суретті матаға «тығыздайды».

Түйінді батик алдыңғы тәсілдерден ерекшеленеді. Кенеп түрлі тәсілдермен бүктеледі, бірнеше жерінен байланады немесе жіппен тігіледі, содан кейін бояумен боялады.


Хохлома ағашқа салынған сәнді өрнек. Дәстүрлі хохлома өрнегі өсімдіктерді: қойбүлдірген мен шетен жидектері, бүршік атқан бұтақтарды бейнелейді. Құстар, балықтар және т. б. бейнелер сирек кездеседі.

Хохлома өрнегінің басты ерекшелігі суретші өрнектердің сұлбаларын алдын ала нақты салмайды. Тіпті жіңішке үзік сызықты қажет ететін ұсақ бөлшектері қарындашпен салынбай, бірден жұмсақ қылқаламмен боялады. Хохлома көркем суреті бірнеше элементтерден тұрады:

«кішкене соналар» қылқалам ұшымен жоғарыдан төмен қарай жеңіл қимыл жасау арқылы орындалады;

«бір тал шеп»- бояуды біраз бірқалыпты жуандата отырып түсіреді;

Ағаш ыдыс. Хохлома өрнегі

«тамшылар» қылқаламды қағазға басу арқылы салынады;

«қылқандар» - бірдей жуандықтағы шиыршықталған тұтас сызықтар;

«бұйра» - элемент ортасында сәл салмақ салына орындалады;

«шоқ бұта» - едәуір қарапайым симметриялы орналасқан элементтерден «кішкене со- налар>>, «бір талшық шөп», «тамшы», «қылқандар» мен «бұйрадан» тұрады;

- «жидектер» қызылжидек, қарақат, шетен жидектері қадамөрмен (тығыз түтікке оралған қағаз жолағы), қарлыған, құлпынай жидектері қылқаламмен салынады. Кепкен бояу үстінде жидектер сары түспен бейнеленеді.


Хохлома мәскеулік икона жазушы дарынды шебердің арқасында пайда болды деген аңыз бар. Ол патша игілігіне қызмет еткен, ал патша болса, одан сый-сияпатын аямаған. Алайда шебер еркіндікті аңсап, жасырын орманға қашып кеткен. Сол жерде тұрақтаған шебер енді халқына қызмет етуді ойлайды, өз туындыларында орыс халқының жаны мен туған жерінің әсемдігі көрініс тапқанын қалайды. Соның нәтижесінде сәнді гүлдер мен қылдырықтай бұтақтармен көмкерілген алғашқы хохлома шыныаяқтары пайда болады.


Практикалық жұмыс:

Қауіпсізідк ережесін сақтай отырып, тапсырманы орындаңдар.

Хохлома көркем суретіне нобайлар салыңдар.

Нобайларыңда хохломаның бірнеше элменттерін пайдаланыңдар.

Дескрипторлар:

1.Оқушылар ҚЕ еске түсріе отырып, оны сақиайды.

2. Хохлома элементтерін біле отырып, пайдалануды үйренеді.

3.3-4 хохлома суретіне нобайлар салады.


Қабілет бойынша саралау – Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар әртүрлі күрделілікпен беріледі (жеңілден күрделіге қарай).



Мұғалімнің ақпаратын оқушылар тыңдайды.
































































































































































































Оқушылар практикалық жұмысты қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, орындайды.

Хохлома көркем суретіне бірнеше эскиздер салады.














































































































































Аяқталуы

5 минут




Үйге тапсырма:

22-25 беттерді оқу


Рефлексия:

Сабақта не қызық болды?

Сабақта не қиын болды?


Қорытынды.

Көркем сурет салудың қандай тұрлерімен таныстық?

Батиктің қандай түрлері бар?

Хохлома өнері туралы не түсіндіңдер?



Үй тапсырмасын нақытылап алады.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.




Оқушылар мұғалымнің сұрақтарына жауап беруге тырысады.


Өте жақсы!









жарайсыңдар!








.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2025
154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі