жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
Пән мұғалімі: Ахметова Ғ.А.
Сыныбы: 5
2017-2018 оқу жылы
Еңбек ауылы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік-қолданбалы шығармашылық Күні: 27.11 Сынып: 5 сынып( қыздар) Мұғалімнің аты-жөні: Ғ.Ахметова |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі және жасау технологиясы 5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану. 5.2.3.3-*Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану. 5.2.6.1.-Материалдар мен құралдарды техника қауіпсіздігін сақтап,қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау
|
||||
|
Сабақ мақсаттары |
|
||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Сабақтағы лексикамен терминалогия Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, , кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру • Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделіп, мен... • Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады. • Мен ою-өрнек композициясын ..... жасау үшін қолдандым. • Берілген бұйымды жасауда шебер келесі... қолданды. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі: - ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі; - өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды; - шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақтағы тақырып, негізінен жаратылыстану және қазақ әдебиеті пәнімен тығыз байланысты. Жаратылыстану пәні арқылы қыздар өрнектердің шығу тарихына үңілсе, қазақ әдебиеті арқылы, қазақ халқының сәндік –қолданбалы өнеріндегі кестемен бізкестенің, кестелеп тоқу өнерінің негізгі орыны мен маңыздылығын түсінеді; |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
- Сабақ барысында презентация көрсету үшін компьютер қолданылады. Оқушылар өз дағдыларын жетілдіреді, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі. |
||||
|
Бастапқы білім |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2А Сәндік-қолданбалы шығармашылық Сабақ тақырыбы: Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау. Осы тақырып бойынша қыздар жұмыс жасап, ою-өрнек түрлеріне және кесте өнеріне зерттеу жүргізіп, зерттеу нәтижесінде практикалық жұмыс барысында оқушылар кесте түрлерімен танысып, өздері нобай бойынша кесте жұмысын жасап шығады. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы Сабақ ортасы Сарамандық жұмыс
Сабақтың соңы
Кері байланыс
|
Психологиялық ахуал. Сабақты жақсы көңіл-күйде бастау мақсатында оқушылар сәлемдескеннен кейін ортаға шығып, шеңбер құрып жақсы тілектер айтады. Жіптер арқылы 2 топқа бөлінеді: 1 топ – тоқымашылар 2 топ – кестешілер Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту. Топтық жұмыс. Алдыңғы оқуды қайталау үшін «Қарлы кесек» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алынады. Дескриптор Білім алушы: - сұрақтарға дұрыс жауап береді; - өз ойын еркін жеткізеді; Осы критерийлер бойынша оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау процессі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында бағалау парағы әр топқа беріледі және топбасшы сабақ барысында бағалап отырады. Бағалау + белгісімен белгіленеді. Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд көрсетіліп, бізкестенің түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады.
С Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: * Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі және жасау технологиясы *Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану. *Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану. Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:
Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар мақта матасынан жасалынған, ақ түсті беторамал алып келеді, сол орамалдың бетіне оқушылар кестемен жұмыс жасайды. Дескриптор Білім алушы: - Нобайға қарап кестелеуді жалғастырады; - Кестені тоқуда симметрия заңдылығын ұстанады; -Кестенің дұрыс тоқылуын қадағалайды; -Қауіпсіздік ережесін ұстанады; Дифференциациялық тапсырма бұл сабақта паралеллді түрде жүреді. Өйткені, оқушының жалпы сыныппен, жас ерекшелігіне қарай берілетін тапсырмаға қарамай, әр оқушының ізденіс жұмысы әртүрлі болады. Құрылысы күрделі, түстік шешімі әртүрлі түстерді үйлестіріп кестелесе осы тапсырма бойынша баланың деңгейі жоғары болғаны.Ал, егер құрылымы онша күрделі емес бірнеше иірімнен ғана тұратын нобай болса, онда деңгейі төмендеу деген сөз.
«Бір қадам» әдісі арқылы оқушылар мақал – мәтел айтып жарысады. Сергіту сәті. «Оп - оңай» әні. Кестемен жұмыс барысында оқушыларға көркем еңбекке байланысты жаңылтпаштар мен жұмбақтар беріледі.
|
Көркем кестемен сәнделген бұйымдар Тапсырма парақшалары Бағалау парағы Қазақ сәндік-қолданбалы өнер – Кесте – баумен кестелеу қолөнер шеберлігі бойынша видеобейне, дыбыстық жазба Қолөнердің түрлері; Кесте Жаңадан үйренушілерге кесте Кестені орындауға арналған қажетті материалдар: инелер, қайшылар,оймақ, ирис және мулине жіптер, кергіш, маталар. Ән Тест парақшалары Стикерлер |
|||
|
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға тесттік жұмыс беріледі. Тест сұрақтары 1 - топ
а) кесте өнері ә) зергерлік өнері б) ұсталық өнері 2) Кесте кергішті қай қолда ұстаған дұрыс? а) оң қолда ә) сол қолда б) аяқта 3) Жануар текті оюөрнектер қандай бұйымдарда қолданылады? а) тұрмыста ә) киімде б) әшекейлерде 4) Өрнек элементтерінің үйлесімді реттілікпен орналасуы қалай аталады? а) матив ә) раппорт б) симметрия Тест сұрақтары 2- топ
а) 2 ә) 4 б) 6 2) Жұмыс көзден қанша қашықтықта болуы керек? а) 30-40 см ә) 15-20см б) 50-60см 3) Қазақта ою өрнектер неше топқа бөлінеді? а) 4 ә) 3 б) 2 4) Өрнек элементтерінің белгілі бір реттілікпен кезектесуі қалай аталады? а) ырғақ ә) элемент б) ассиметрия Дескриптор Білім алушы:
Кері байланыс «Екі жұлдыз –бір тілек» әдісі арқылы сабақтың ұтымды тұстарымен келесі сабақта жақсартуға болатын тұстарына ұсыныс жаза алады.
Қорытындылау мақсатында мұғалім жалпы сабаққа кері байланыс береді. Оқушылардың жасаған әр-бір іс-әрекеті жайлы, бағалау парағындағы нәтижені айтып өтеді. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|
|||||
Тексерді: ДОІЖО: Нұрымбетов Б.О.
абақ
тақырыбы: Көркемдік
кестемен бұйымды безендіру.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген