Қ.А.Яссауи
атындағы №123 мектеп-гимназиясы
Алматы
қаласы
Дайындаған:
Насырқан Аружан Мұратқызы
8
в сынып оқушысы
Жетекшісі:
Умарова Нурила Турылбековна,
«Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің
мұғалімі
КӨРКЕМСӨЗ
МАЙДАНЫНДАҒЫ ДАРА АҚЫН, МЕНІҢ СҮЙІКТІ
ТҰЛҒАМ
Халық
мұңының жаршысына айналған, шынайы
талант, ақын Фариза Оңғарсынова тірісінде
– ақ аңызға айналған бақытты адам еді.
Ақын өмір шындығына байыпты көзқараспен,
нақты мысал, көрнекті идеялармен
қаруланған туындылар береді. Өткен
кеңестік құрылыс пен бүгінгі егеменді
ел өміріндегі жекелеген әлеуметтік
мәселелер бұл дәуірде де өзі мәнін
жоймағандығын аңғартады. Жастарға
замана жайынан ой ұқтырып, қоғамның
әлеуметтік жағдайын сынай жырлайды.
Мысалға «Семсер мен қалқан», «Өнер мен
саясат», «Жерге наз», «Заңдылық көп
тірлікте» тағы басқа да жырларында
ақынның азаматтық ажары айқын танылады,
тілін, дінін білмегендерді сөге қарайды:
Туған тілін білмеген тұлға болмас
халқына, думандатқан күнменен өте шығар
даңқы да, не керемет күштің де ана тілсіз
бармақтай, қара жердің үстінде тірегі
жоқ қаңбақтай, дей келе тілдің қадірін,
қасиетін жастарға жеткізуге ұмтылады.
Сонымен
қатар ұлттық өнер мен әдебиет сынды
рухани байлықтың шырағын сөндірмеуге
жастарды насихаттайды. Өнегелі өсиетке
толы туындылары ақыл мен тәрбиеге толы
болып келеді:
Біреулер
масаттанып табысына,
жүгірер
бас пайдаға жан ұшыра.
Біреулер
билік тисе маңғазданып,
ұмытар
қайда екенін абзал халық.
Даңқ
қуған біреу жүр сабылумен,
біреу
жүр кей бастыққа жағынумен.
Біреудің
арманы, айтар саған мұңы -
үй
- іші, мал басының амандығы.
Біреу
жүр сұлу жарды аңсап анық,
таңданып
тұрса екен деп барша халық.
Тамақ
тоқ, қүйбең жұмыс тосып алда,
біреулер
дән риза осыған да...
Ал
мен ше?
Ұққандықтан
соның бәрін,
отырам
оттай жанып - сөніп, жаным – деп жаны
да, шабыты да халық, абзал халық екендігін
анық суреттей білген.
Фариза
ақын жастарды отанды сүюге шақыра келе
мынадай өлең жолдарымен айшықтап берген:
Ол сенің ғұмырлы анаң, Отан – үйдің
ертеңі, қаны, жаны., Қазақстан мекені
қайсарлардың, Қазақстан алатау, алып
далам - дей келе, жастарды патроиттық
сезімге бөленуге, отанға деген махабаттарын
ұлғайтуға үндейді.
Менің
ойымша, ақын апамыздың есімінің қойылуының
өзінде бір ерекшелік бар сияқты. Фаризаның
есімін Манаш ауылындағы Нәсимолла
есімді татар молдаға әкесі бозжорғасын
беріп, азан шақырып қойдырған екен.
Әкесі балық шаруашылығында басшы
қызметкер болып, отбасымен Каспий теңізі
маңындағы Манаш ауылына көшіп келеді.
Фариза «бірегей» деген мағынаны
білдіреді.
Фариза
Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық
жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен,
қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз
тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.
Фариза
Оңғарсынова - көркемсөз майданында ақын
мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық,
ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік
секілді қасиеттердің биігінен көрінген
ақын.