400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көрнекілік әдісін дидактиканың алтын ережесі ретінде сипаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көрнекілік әдісін дидактиканың алтын ережесі ретінде сипаттау

Оқыту үрдісінде негізгі оқыту әдістерінде жататын әдістердің бірі көрнекілік әдісі. Ақыл-ойға түсінік әсерін тигізбей, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда нәрсе, заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген. Оның ойынша, білім түйсікке негізделу керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдеді. Коменский былай дейді: «Мұғалім үшін алтын ереже – бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иіс иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап, қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы-тағыларын байқасын. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түсініп, қабылдағаны жақсы». Бұл жағдайды ол балаларды оқудағы ең бағалы дәреже деп санады.

И.Г.Песталлоци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. Бұл кісімен бірге көрнекілік әдістің дамуына мәнді үлес қосқан ұлы педагогтар: Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.М.Пышкало, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин, Л.В.Занков, М.А.Рыбникова және отандық педагогтарымыздан: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев және т.б.

Көрнекілік оқушыларға заттардың өзіне немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу – көрнекілікке, сезімге, бақылау әрекетіне негізделеді. Көрнекілік – бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, оның графиктік кескіні (сурет, сызба, схема және т.б.) бола алады.

Бізді қоршаған материалдық әлем адам танымының мақсаты құрал емес. Объективті өмір сүретін зат көрнекі құрал немесе көрнекілік емес. Сондықтан, құрал түсігінен нақты заттарды, табиғи құбылыстарды шығарып тастау керек.

Сонымен, көрнекі құрал түсінігінің елеулі белгілері қандай:

- оқу міндеттерін шешу үшін жасалған кез келген материалдық немесе белсенділік мораль көрнекі құрал бола алады. Көрнекі құрал оқу моделі.

- көрнекі құрал әрдайым таным құралы ретінде нақты заттарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жақындатады.

- көрнекі құрал түсінік пен қабылдау негізінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін сезімдік бейнелерді қалыптастырады. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушыларда пайда болатын сезімдік бейне таным құрылымында басты мәселе болып табылады.

Ұлы Абай: «Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен естіп, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұщтасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері – көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттықтыру арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау берді. Ол «Қазақ жастарын ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен қарап, ажырата білулері керек» деген.

Көрнекілік әдісінің мынадай жеті «алтын ережесі» бар:

  1. Бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын көрнекілік әдісін пайдалана отырып, түсіндіру;

  2. Көрнекі құралдарды шамадан тыс көп қолданбау;

  3. Көрнекілік әдісін қолдана отырып, олардың сенімін белсендіруіне, олардың назарын сабаққа аударуына көңіл бөліңіздер, оқуға деген ынтасын оятып, ойлау мәдениетін жетілдіру;

  4. Көрнекілікті тиімді пайдалану, оқылатын объектінің маңызды ерекшеліктерін айқындап көрсету.

  5. Оқушылардың назар аударатын нәрселері жүйеленген болуы керек.

  6. Көрнекілікті білімнің қайнар көзі ретінде пайдалану;

  7. Көрнекілікті жас ерекшеліне ай етіп алу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңында «Жастардың жалпы орта білімін одан әрі жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс жағдайын жақсарту туралы» қаулысында «Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс» делінген.

Олардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Оның өзі мұғалімнің шығармашылық еңбегіне, әдіс-тәсілдерін қолданудағы шеберлігіне, терең теориялық біліміне, тәжірибесіне, әр сабаққа тиянақты даярлығына байланысты сабақ сапасын арттырудың тағы бір шарты – сабақта көрнекілік пайдалану.

Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Сонымен, көрнекілікті пайдалану заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе-заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, көрнекілік оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде көрнекілікті пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

Сабақта көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде кейін практикада қолданылатын тұжырымдар, келулеріне көмектеседі.

Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланыты олардың сабақ үстінде кешенді түрде қолдануы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдына қойылатын әрбір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлікке жеткізуге болады.

Көрнекіліктің әртүрлі құралдарын кешенді түрде қолдану қажеттілігі оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байданысты. Бұл жайт М.Н.Скаткиннің бір жұмысында жан-жақты, егжей-тегжейлі ашыла берілген. «Зат кеңістік пен уақыт аясыеда біріккен тітіркендіргіштердің белгілі кешені ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында жүйке клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады», - деп жазды. М.Н.Скаткин, мұның өзі организмнің затты тұтас нәрсе ретінде сезінуіне мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге көрнекілік құралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әртүрлі жақтарын ашып беруге, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алуға болатын жағдайда ғана пайдалануға тиімді. Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың мүмкіндігін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігін және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет.

Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің: «Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танудан басқаға аударады, мұның өзі әсіресе ес қабілеті көрнекілік образды қабылдаудан гөрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады» дейтін пікірімен келіспеске болмайды.

Көрнекі құралдарымен жұмыс істегенде мұғалім ең кемінде мынадай үш нәрсені есепке алғаны жөн:

  1. Көрнекі құралдардың мазмұнына талдау жасау;

  2. Оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни оқушының ойлау әрекетін басқару керек;

  3. Қалыптастырылатын сезімдік бейне оқу міндетін орындаумен байланыстыру керек;

Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі, нанымы, дәлелді болады. Ойлауы тереңдей түседі. Сонымен қатар, көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе заттардың әр жағынан, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.

Оқытудың көрнекілік ұстанымын негізге ала отырып жұмыс жүргізу бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімді екендігіне көзіміз жеткен. Белгілі ғалым К.Ушинский оқытудың көрнекілік ұстанымы жөнінде «Көрнекі оқытудағы басты мақсат оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып беруге, сондай-ақ одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып табылады» дейді. Ендеше оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп дамытатын – көрнекіліктер.

Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғалым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп ажырата білулері керек» деп тұжырымдайды ағартушы ұстаз.

Сан алуан көрнекліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп, топтастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символикалық, графикалық, салыстырмалы көрнекіліктер.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі