жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коронавирус дегеніміз не?
КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН АЛДЫН АЛУ
КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН АЛДЫН АЛУ
Коронавирус инфекциясының вирусы адамда түрлі ауыртпалықтағы респираторлы ауруларды тудырады. Аурудың белгілері жай (мерзімдік)тұмаға ұқсас. Аурудың ауырлығы түрлі факторларға байланысты, оның ішінде ағзаның жалпы жағдайы мен жасына байланысты. Ауруды алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет.
1 . ЕРЕЖЕ.
Қолыңызды
сабынмен жиі жуыңыз
Тұрмыстық
жуу құралдарын қолдана отырып,
тазалап және дезинфекция жасаңыз.
Қол гигиенасы - коронавирус инфекциясының
таралуын алдын алудың маңызды шарасы.
Қолды сабындап жуу вирустарды жояды.
Қолды сабындап жууға мүкіндік жоқ болған
жағдайда спиртті және зарарсыздандыру
майлықтарын пайдалану керек. Үстел,
есік тұтқалары, орындықтар, гаджет
т.б. заттарды үнемі тазалап дезинфекция
жасау вирустарды жояды.
2 ЕРЕЖЕ. ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАҢЫЗ
Вирус ауру адамнан сау адамға ауа-тамшы жолымен (түшкіру, жөтел кезінде ) жұғады, сондықтан ауру адаммен 1 метр қашықтықты сақтау керек. Көзіңізді, мұрын мен аузыңызды қолыңызбен ұстаудан аулақ болыңыз. Коронавирус осы жолдармен тарайды.
Аурудан сақтану үшін қолда бар сақтану құралдарын пайдаланыңыз, маска киіңіз.Түшкіру мен жөтел кезінде ауыз бен мұрынды бір реттік майлықтармен жауып, кейін оларды лақтырып тастау керек. Аурудан сақтану үшін көпшілік орындар мен артық сапарлардан бас тарту қажет.
3 ЕРЕЖЕ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ЖҮРГІЗІҢІЗ
Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияқа қарсылығын арттырады. Физикалық белсенділік,дәрумен мен минералды заттар, ақуызы мол тағамдарды қолданыңыз,толыққанды ұйқы мен дұрыс режимді сақтаңыз.
КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Үйде қалып және тез арада дәрігер шақырыңыз. Дәрігердің кеңесіне құлақ түріңіз,төсекте жату режимін сақтап, сұйықтықты көп ішіңіз.
КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Дене температурасының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітелуі, қалтырау, әлсіздік, дем алудық қиындауы, буынның ауруы, конъюнктивит.
Кейбір жағдайларда асқазан- ішектің бұзылуы: айну, құсу, іш өту.
АСҚЫНУЛАР
Асқынулардың ішінде вирусті пневмония бірінші орында. Пневмония кезінде адамның жағдайы тез нашарлайды, 24 сағат арасында пациенттің өкпеге ауа жетпеуі өрбиді, ол өкпені механикалық желдетуді колдануды қажет етеді.
Емдеуді тез арада бастау аурудың ауырлық дәрежесін жеңілдетуге ықпал етеді.
ОТБАСЫНЫҢ БІР МҮШЕСІ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ШАЛДЫҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК ?
Дәрігер шақырыңыз.
Үйде ауруға жеке бөлме бөліңіз. Ол мүмкін болмаған жағдайда аурудан 1 метр қашықтықты сақтаңыз.
Ауру адаммен, әсіресе, балалардың, қария адамдардың, созылмалы ауруы бар адамдардың араласуын шектеңіз.
Бөлмені жиі желдетіңіз.
Тазалықты сақтап, тұрмыстық жуу құралдарымен дезинфекция жасап, заттарды жиі жуу қажет.
Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз.
Ауруды күту кезінде аузыңызды, мұрныңызды жауып,басқа да сақтану құралдарын пайдаланыңыз(сүлгі , шарфт.б. ).
Ауру адамды бір ғана отбасы мүшесі күту керек.
2019 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Індет Қазақстанға да жеткен соң, елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, коронавирус мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды.
Informburo.kz Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша Covid-2019 туралы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын, дерттен сақтану жолын ұсынады.
Covid-2019. Бұл не?
Covid-2019 – коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі.
Коронавирустың қаупі қандай?
Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:
65 жастан асқан адамдарға;
бес жасқа дейінгі балаларға;
жүкті әйелдерге;
иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.
Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.
Covid-2019 симптомдары
Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:
дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
құрғақ қатты жөтел;
бастың ауруы;
кеуде тұсының ауруы;
ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
жүрек қағысының жиілеуі;
пневмония;
безгек;
мұрынның бітуі;
фарингит;
диарея.
Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.
Коронавирус қалай жұғады?
Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.
Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан, вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.
Коронавирустан қалай сақтану керек?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:
Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
Бөлмені жиі желдетіңіз;
Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
Профилактикалық 5 шара
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
науқас адамдармен байланысқа түспеу;
салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Карантинге кімдер жатқызылады?
Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің "Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шараларды ары қарай күшейту туралы" 2020 жылғы 4 наурыздағы №12 жаңа қаулысына сәйкес, Covid-19 коронавирустық инфекция бойынша қауіпті елдердің тізімі жасалды. 1А санатына жататын мемлекеттен келгендер міндетті түрде медициналық мекемеге оқшауланады. Қалғаны үй карантиніне жатады:
1 А санаты – ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия;
1 Б санаты – Франция, Германия, Испания;
2 санат – Швейцария, Ұлыбритания, Нидерландтар;
3 санат – Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ.
Ескерту: Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің 14 наурыздағы қаулысынасәйкес коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізім өзгереді. Жаңа қаулы 17 наурыздан бастап күшіне енеді:
1 А санаты – Иран, Италия;
1 Б санаты – ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Испания;
2 санат – Австрия, Бельгия, Дания, Катар, Норвегия, Нидерландтар, БАӘ, Швейцария, Швеция;
3 санат – Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Люксембург, Словения, АҚШ, Чехия, Жапония.
Үй карантинінде жатқан адамдар нені ескеруі керек?
Covid-2019-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер үйде оқшауланған науқастарға келесі кеңестерді ұсынады:
Үйден шықпаңыз;
Жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатыңыз;
Қажеттілік үшін бөлмеден шыққан жағдайда, маска киюді ұмытпаңыз;
Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз;
Қолыңызды жиі дезинфекциялаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында тазалық шараларын қатаң сақтаңыз;
Қолды бір рет қолданатын қағаз майлықпен сүртіңіз;
Мүмкіндігінше бөлек гигиеналық бөлме пайдаланған жөн;
Үйге қонақтардың келуін шектеңіз.
14 күндік карантинге жатқызылған адам ол аяқталғаннан кейін де 10 күнге дейін телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.
"Мифтерге сенбеңіз!"
Жаңа вирустық инфекциялар таралғанда әдетте күмәнді, жалған ақпарат таралады. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус жайында танымал мифтердің жалғандығын хабарлады:
Қытайдан келген пошта қауіпті емес – хаттар мен сәлемдемелерден жаңа коронавирус жұқтырып алуға болмайды;
Үй жануарлары, мысықтар мен иттер Covid-2019 жұқтырушысы емес. Оған ешқандай ғылыми дәлел жоқ;
Пневмонияға қарсы вакциналар жаңа коронавирустан қорғамайды. Оған арнайы екпе қажет, оны дәл қазір ғалымдар әзірлеуде;
Сарымсақ, күнжіт майы, ауыз шаюға арналған сұйықтық немесе мұрынға арналған тұз ертіндісі вирусқа қарсы көмектесетініне еш дәлел жоқ;
Антибиотик коронавирусты емдеуге көмектеспейді. Егер вирус бактериялық инфекцияға әкелсе, дәрігеріңіз антибиотик тағайындауы мүмкін, себебі анибиотик бактериялық инфекцияны емдейді. Бірақ, ол коронавирустан емделуге көмектеспейді;
Коронавирустың алдын алатын не емдейтін дәрілер жоқ. Ғалымдар қазір сондай препаратты әзірлеумен айналысуда.
Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, бірден дәрігерге жүгінуі керек. Медициналық көмек симптомдарды жеңілдетуге және аурудың әрі қарай дамуына жол бермеуге көмектеседі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген