Материалдар / "Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру"

"Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдар және мектепалды даярлық сынып педагогтеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сейтбекова Гульмира Жолдасқызы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері


Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру


Қазіргі кезде COVID-19 корновирустық инфекциясы пандемиясына байланысты облысымызда жергілікті атқарушы орган жанындағы ТЖ жөніндегі штабтың және облыстың бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысы қамтамасыз етілді. Осы орайда Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген МДҰ кезекші топтарға арналған жұмыс істеу алгоритмі барлық мекемелерге жіберілген.

Сонымен қатар МДҰ-дарға коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Мектепке дейінгі ұйымдарға көбінесе ана-аналары жұмыс істейтін және оларды қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар балаларын апарады.

МДҰ-да балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға қауіпсіз жағдайлар жасау үшін жауапкершілік МДҰ басшысына жүктеледі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда мектепалды жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруіне бағытталады.

Мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметі қашықтықтан оқыту режимінде негізгі оқу қызметтері бойынша өткізіледі: «Сауат ашу негіздері»-2 сағат, «Математика негіздері»-2 сағат, «Қоршаған ортамен танысу»-1 сағат. Кіріктірілген (күніне 1 оқу қызметі) оқу қызметтерін синхронды немесе асинхронды форматта жүргізеді. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып жүргізілетін бейне сабақтар 15 минуттан аспайды.

Кезекші сыныптардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші сыныптарды құрады.

Кезекші топтарда барлық оқу қызметтері мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес мектепте өткізіледі. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: қол орамалдар, дымқыл бактерияға қарсы майлықтар мен маскалар (5 жастан бастап).

Педогогтер ескеруі қажет:

- топта және учаскеде (беседка) болғанда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында балаларды үнемі бақылау;

- үй-жайда да, учаскеде (беседка) балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыруда, режимдік сәттерді өткізу кезінде арақашықтықты сақтау;

- балалар әрекетінің түрлерін өткізуде басқа педагогтер мен тәрбиешінің көмекшісін тарту;

- Музыка, дене шынықтыру залында бұқаралық іс-шаралар, экскурсиялар және т. б. өткізуге тыйым салынады.

Ата-аналар ескеруі қажет:

- кез-келген аурудың белгілері байқалғанда баланы МДҰ-ға апармау;

-МДҰ-ға баланың келмеуінің себебі туралы әкімшілікке, тәрбиешіге алдын-ала хабарлауы қажеттігін;

- ойыншықтарды және басқа да заттарды үйден балабақшаға әкелмеуін;

- шкафты өңдеу үшін бос қалдыруды;

- балабақшадағы шкафта баланың тек 1 күн киетін киімі болуы керектігін білуі тиіс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ