Материалдар / Коррекционно - развивающее занятие: Развитие разговорной и неразговорной речи
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коррекционно - развивающее занятие: Развитие разговорной и неразговорной речи

Материал туралы қысқаша түсінік
Коррекционно - развивающее занятие: Развитие разговорной и неразговорной речи Цель занятия: развивать вербальную и невербальную речь. Данное занятие предназначено для учащихся обучающихся по программе надомного обучения.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : Біз- ұлы дала ұрпағымыз

Сабақтың мақсаты: – Оқушыларды Ұды дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер,шарлар, видеролик

Барысы:

1 жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Біз -ұлы дала ұрпағымыз"атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының өн ұраны орындалсын.

І жүргізуші Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.


ІІ жүргізуші: Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)

І жүргізуші: 8-"Ә" сынып оқушыларының орындауында Қазақстан мемлекеті туралы тақпақтарын ұсынады. .

1 оқушы: Аружан

Отаным менің- Қазақстан,

Аялап орны сүйемін

Отан үшін күрестерде

"Отан деп отқа күйемін

Қазағымның кең байтақ даласы бар,

Ақордадай әсембиік қаласы бар.

Отан үшін отқа күйген ата жұртта

Нар тұлғалы, қайратты дарасы бар.

2 оқушы: Абдусамат

Қазақстан- ардағым, бақыт құсым

Еркін ұшқан қырандай қалықтайсын,

Бейбіт асқақ , тәуілсіз елім менің

Алға қарай шыңдарға сен самғайсың.

Қазақ жері- көсілген жазық дала

Сол мекенді сақтаған ата- баба

Қайран елім көгерсін келешекте

Тәуелсіздікке қол жетті енді ғана.

3 оқушы:Али

Қазақстан дейн менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние өлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

4 оқушы:Айжан

Тәуелсіз мемлекет - Қазақстан

Біздерді басқармайды ешкім тыстан

Оңайлықпен келген жоқ теңдігіміз,

Аман қалған қазақпыз қырылыстан,

Егеменді , ерікті ел екенбіз,

Жылдан жылға дамыған берекеміз.

Бостандықтың таңы атқаны 25 жыл,

Халайық құтты болсын мерекеміз .

5 оқушы; Бекболат

Күн шаңырақты , күміс отау далам бар,

Сүйсіңіздер, суретіне қараңдар.

Туып өскен отаным - Қазақстан,

Күлімдеп гүл жайнаған күн шығыстан.

Асыл елім жан жүректі ұғысқан,

Ата- бабам аңсап өсен бақытым.

Айналайын Қазақстан - Гүлістан

Әйнегі күн , шатыры- аспан

Кең дала ,төсі - толқыған егін,

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан- республикам менің.

6 оқушы: Ақжүніс

Қазақстан - алтын ордам еңселі,

Татулығым, елдігімнің өлшемі,

Өз елімнің көк байрағын көтеріп,

Мәңгі бақи сүйіп өтем мен сені.

Қазақстан - өз Отаным, қорғаным,

Маған ыстық әрбір өзен - орманың.

Аманаттап бабаларым қалдырған,

Құты мекенің түсінемін зор мәнін.

Қазақстан таусылмайтын жыр- әнін,

Тәуілсіздік - мәңгі айтар ұраным.

Дінімізді, тілімізді сақтасақ,

Бейбітшілік төгіп тұрар шуағын .

7 оқушы: Нұртілек

Қабылданды мемлекеттік тіл заңы,

Елдігімнің , ұлтымыздың ол- жолы,

Қуанамыз, шаттанамыз бәріміз,

Атқанына бостандықтың ақ таны.

Қабылданды мемлекеттік рәміздер

Қуанамыз , мақтанамыз ал біздер,

Тұтас ел боп қалыптасқан қазақпыз

Қалдырғанбыз артымыздан ұлы іздер.

8 оқушы:Бану

Елтаңбан қандай келісті,

Бақытты сондай жер үсті.

Қос пырақ келег қанатын,

Шаңырақ құтты жеңісті

Ән ұран- жүрек тербеген,

Жалындап шығып кеудеден,

Асқақтап шырқай алмасаң,

Озамын деме өзгеден.

Тәуелсіздіктің болмысын,

Ел рәміздері танытқан.

Құрметтей білсең сен оны

Алғыс аламыз халықтан.

2 жүргізуші. Иә бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. 1 жүргізуші. 200жыл патшалы Ресейдің отары болдық, 70жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айрыллдық.

2 жүргізуші: Оқушылардың орындауында Хор "Жаса Қазақстан"

2 жүргізуші. Тәуелсіздік үшін халқымыз 372 рет көтеріліске шықты. 1 жүргізуші. Ол көтерілістер 1916жылғы ұлы дүрбеленге ұласты. 1986жылғы желтоқасан қоз ғалысымен тарихқа енді. 2 жүргізуші. 1920-1921, 1931-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық – зомбылықтан елінен безіп өз ұясын, руын,туған – тусқанын сақтап қалу үшін 44елге тарыдай шашылып кетті

2 жүргізуші: Ортиқбаев Абдусаматтың орындауында ән "Туған жер"



1 жүргізуші: 8 -"Ә " сынып оқушыларының орындауында көрініс"Ақтабан шұбырындылар"Видеоролик көрсетіледі.


Шал: Біраз тынығып демалайық жол жүргенімізге қанша күн болсада асқанымыз 1-ақ асу. -О, Қасірет, қасірет!!! Шыныменен – ақ сорлаганымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп. Алде сұм тағдырымыздын жазғаныма. Көрсетпеген нен калып еді, тағы да? Бәйбіше: -Қой отағасы ау, басқа түссе баспақшыл деген тағдырдын салғаны көреміз-дағы. Артта аяулы кундеріміздің келмеске кеткені рас. Әбден азып-тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде. Жасыма!!! Жігерлен, отағасы!!! Қыз: Самал жел, сонша неге ызғарлысын? Нәресте кезімде де сен емеспедін осы ызынмен жұбатқан? Ол кезде тым нәзік, есер едін. Шынары биік қара тау, неге үндемейсің? Әлде мына меннен шошынып тұрмысын? Іштей күңіреніп, іштей тұңіліп тұрмысын? Кең сары далам, қос жанардан қан ағызып кетіп барам. Жаныма жара шоқты алып кетіп барам. Мына өмірден баз кешіп налып барам, Қимастықпен жаутандап карайлаймын. Бел арқада барады қалып далам, Жасаған кеше гөр албыртты пәк перзентінді, Сені тастап кетіп барам. Балалы ана: -Балам-ау, неге сонша көп жылайсын? Әкенді алғаны аздай не көрсетпек мына қара шұнақ құдай? Құлыным- ау сенін не кінәң бар еді. Бәрінен бүйкүнә сәби емес пе едін? Ең ақыры кіндік қанын тамған жеріңе де сыймай кетіп барасың ғой!!! Құдайым қаралы өлім азабынан құтқара көр енді. (көш жүруге қамданып булылған төсек жабдықтарын арқалап сахнадан «Елім-ай» әнімен шығып кетеді.)

І жүргізуші: Қазақ жерінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Қазақ халқының атамекені, көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге , шығысы мен терістігі Сібірге және Алтай тауына күнгей Қырғызстан және Өзбекстан сондай ақ Түркіменстанмен шектеседі. Көлемі бес Франция, жерінде алуан түрлі өсімдіктер , жануарлары бар.

І жүргізуші: – Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың , Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

І жүргізуші 8-"Ә" сынып оқушыларының орындауында көрініс" Абылай ханның ордасы"

Баяу «Елім-ай» музыкасы естіліп тұрады, өлең оқылады. Қазақтың жері ежелден Тарихқа куә боп келеді, Тас,қола,темір дәуірдің Мәдениеті орнаған ел еді. Тегіміз біздің түркіден, Түркіден қытай үркіген. Білге қаған,Күлтегін Талайдың жерін сілкіген. Ер жүрек біздің бабалар Тасқа да жазу жазыпты, Білмей кеппіз біз бәрін. Атадан мұра қалыпты Алтыншы ғасыр далада Болыпты тіпті қалада Тараз,Отырар,Испиджаб, Сығанақ сынды дара да. Керей менен Жәнібек Бар қазақты жиыпты Ру аралық қырқысты Тез арада тиыпты. Ізін қуып Тәуке хан Заңның ұшын қиыпты. Жеті жарғы ,халайық Осылайша келіпті. Күн туды қазақ басына Жоңғар деген нәубеттен. Аздырды елді,тоздырды, Намыс отын қоздырды, Бөгенбай сынды батырлар Абылай сынды асылдар Дұшпан бетін қайтарды, Ел тағдырын қолға алды. Тарих сыны қазаққа Осыменен бітпеді...

ІІ жүргізуші (Хан ордасына Абылай, Төле би,.қасында Қабанбай,Бөгенбай сынды баһадүр қолбасшылар келе жатады. Қарсы жақтан Бұқар шығады.) Бөгенбай: Бұқар жырау келеді! Қабанбай:Арқаның ардагерін қарсы алайық! (Ордаға Бұқар жырау келеді.Абылай хан амандасып,оң жағынан орын береді) Бұқар жырау:Армысың,Абылай?! Абылай:Бармысыз,Бұқар баба?! (Бұқар сәл ойланып,Абылайға қарап сөз бастайды) Бұқар:Біз бармыз-ау, хан ием.Қазақтың халін айтсаңдаршы,сол мендегі зар, сол мендегі запыран...Қандауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң,ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар,Берекесі жоқ елдің бірлігі жоқ. Не қылмақ ойың бар, а,Абылай? (Ордада үнсіздік) Бұқар:(Абылайға түйіле қарап) Бар сенгеніміз сенсің,Абылай! Баста мына еліңді! Төле би:Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.Тұрған жерін тұрақтаған,тұғыры биік ел едік,іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып,атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді. Бөгенбай:Қарт баба дұрыс айтады.Үш жүздің қазағының басын қос,баста мына еліңді! Бұқар:Сайдың тасындай даңқты батырларың мен қаны қазақ сені қолдамаса,маған кел! (Абылай ойланады) Абылай:Ақиқатты ғана айтасың-ау,жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес,қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз. ...Заман қилы,жол ирек, Ойласарға орын тар, Ойланбай бірақ іс қылман... ...Елдескенмен елдесем, Есем кетпес жауыма, Белдескенмен белдесем, Еңсем түспес дауына, Қарыштап алға құлшынып, Асқарға сермеп, Арманға жетем ұмтылып, Қайтсемде елді ел етем, Өзгелермен тең етем... Абылай : Азаттық жол-азапты Төземісің әлеумет! Төзсең егер,әлеумет Зорлықты жеңер ар-намыс Шығарар тардан тәуекел Тәуекелге бел байлап, Қазақтың қайсар намысы Болмасын дер қара жер Жойқын жаудың жолында, Жойылмасын деп қайран ел Азаттықтың қаны үшін Болашақтың бағы үшін Ұлы жорық бастаймын! Еремісің әлеумет! Қабанбай: (Оң қолын кеудесіне қойып,сөз сұрайды) Хан ием,қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар.Жорыққа аттануға біз дайынбыз.Құдай қаласа,қазақ жері азат болады! Барлығы:Аттанайық,аттанайық! Бұқар:Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек!Қазақтың жағдайы қыл үстінде тұр,ағайын. Бәрі шулап: -Иә,жырау! -Табанды боламыз! -Жауға құл болғанша,өлгеніміз артық! -Аттан,аттан! (Шам сөнеді.Көшпенділер фильмінен үзінділер көрсетіледі). (Сахнада Бұқар қалады.) Ат ойнатып сен тұрдың, Шаңдатып хан шатырын. Жекпе-жекте өлтірдің Қалмақтың бас батырын. Жалпақ дала аспанын Даңқың кетті аралап, Білді сонда қас жауың Кім екенін Сабалақ. Болдың өзің бас тұлға Күресте отты күйдірдің. Ақ туыңның астында Абылайлап тұрды елің Тепкісінде жат елдің Түскен сорлап азапқа Сен теңдікті әпердің 1 жүргізуші : Туған елің-Қазаққа... -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

2- жүргізуші: Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 25 жыл

1 жүргіруші 8 -"Ә" сынып оқушысы Серікбай Бекболаттың орындауына Абай Құнанбаевтың әні " Сегіз аяқ "

2жүргізуші: Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл  және Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл, Жәңгір хан мектебіне 175 жыл толғалы отыр

1 жүргізуші :

1992 жыл наурызда Қ.Р. БҰҰ - ға мүше болды.

1992 ж қыркүйекте Бүкіл әлемдегі қазақтыңІ құрылтайы құрылды.

1993 ж Қаршада ҚазақстанРеспубликасының ұлттық валютасы енгізілді.

2жүргізуші: 1993 ж Қазақстан ядролық қарудан азат ел деп жариялады.

1997 ж 10 желтоқсан Ақмола қаласы , Қазақстанның астанасы болды.

1998 ж 6 мамырда Ақмола қаласы , Астана қаласы атауына ауысты.

1 жүргізуші 8 -"Ә" сынып оқушыларының орындауына көрініс "Жер ана сөзі"

Сахнада жарық Жер-Анаға түсіріледі. Жер-Ана: Армысыңдар, бауырымнан түлеген өрендерім! ...Мен талай ғасырлардың куәсі қойнауым құтқа толы құдіретті Жер-АнамынІ ... Жасыл шүйгін, кең жайлау, асқар тау, кербез орман, көркем бел, ерке жел. Талай жанға сая болған-қайран елім! Басыңнан талай нәубат кезең өтті ғой... Менің елім ! Тәуелсіз елім! «Менің» деп меншіктеп айтар жерің мен еліңнің болғаны қандай бақыт! Осы сөзде қаншама қуаныш, мақтаныш, тарих жатыр! Ата-бабаңыз туған жердің тоқымдай бөлігін де жауға бермеген. Ат үстінде күн кешіп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» жүріп қорғап қалған, аманат етіп сіздерге қалдырған ұлы жер ғой, ұрпағым! ... Бүгінде міне, бақыт таңы, тәуелсіздік таңы атты. Бұл тәуелсіздік-ата-бабаларыңның арман-тілек, төккен қан, аққан көз жастарының, егемен ел болуды сарғая күткен сағыныштарының жауабы .Айналайын, халқым, менің! Аз ғана уақыттың ішінде елімді, халқымды шартарап танып үлгерді.Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген елімнің енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым. Елім өркениетті замана ағысына қосылды. Халқына жаһанданған дүниені сыйлаған, қазақ ұлтын әлемге танытқан-тұңғыш Елбасың- Н.Ә.Назарбаев. Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! 1-оқушы: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар; Әлемде егемен Қазақстан бар; 2-оқушы: Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар; Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар; 3-оқушы : Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар; Сол күнге берік сеніміміз бар! Бәрі бірге: Біз, тәуелсіз елдің жас патриоттары Елбасы саясатын қолдаймыз! Келешектің іргетасын бірге қалаймыз!

ІІ жүргізуші 8-"Ә " сынып қыздарының орындауында қазақ биі " "

ІІ жүргізуші:

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

1 жүргізуші: Оқушылардың орындауында патриоттық флешмоб " Алға, Қазақстан "

2жүргізуші: Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

1 жүргізуші 8-"Ә" сынып оқушысы Бабахан Мейрамбектің орындауында ән " Байқоңыр"





1 жүргізушу: Құрметті қонақтар сіздерді Қазақстан Мемлекетінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Ендігі кезекті №54 жалпы орта мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Айтжанова Гулмира Хоршибаевнаға беріледі.





















Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мемлекеттік коммуналдық мекемесі





Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: "Біз-ұлы дала ұрпағымыз."



Сынып: 8-"Ә"

Мерзімі : 19.12.2016ж


Сынып жетекшісі : Н.Ә.Асубаева









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!