400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көрсеткіштік теңдеулер және көрсеткіштік теңдеулер жүйесін пайдаланып есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
• Көрсеткіштік теңдеулер мен көрсеткіштік теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін пайдаланып есептер шығару үшін оқушының қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыратын әр түрлі әдіс- тәсілдер пайдаланылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күн: 25.01.17ж

Сыныбы: 11 А

Пәні: алгебра

Сабақтың тақырыбы

Көрсеткіштік теңдеулер мен көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерін пайдаланып есептер шығару

Сілтеме

Дерек көздері:

Білім стандарты, оқулық авторы: А.Е.Әбілқасымова «Алгебра және анализ бастамалары» «Мектеп» баспасы, 2015 ж. Интернет көздері.

Жалпы мақсаты

Көрсеткіштік теңдеулер мен көрсеткіштік теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру

Оқушылар үшін күтілетін нәтиже

  • Көрсеткіштік теңдеулер мен көрсеткіштік теңдеулер жүйесінің шешу тәсілдерін пайдаланып есептер шығарады

  • Оқушылар топ болып түрлі тапсырмаларды орындайды;

  • Өз жұмыстарын және өзгені бағалайды;

Тапсырмалар/ Wikiматериал-дары/

Интерактивті тақта, Берілетін тапсырмалар және олардың дұрыс жауаптары, интернет желісінен алынған материалдар , оқулық , тест тапсырмалары.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

СТО

«Раунд Робин»

«Келесі, әрі қарай»

«Кеңейтілген тапрсырмалар»

  1. Диалогтік оқыту

  2. Жеке жұмыс.

  3. Топтық жұмыс.

Орындалатын жұмыстар

  1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  2. Оқушыларды топқа бөлу.

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

  5. «Раунд Робин» әдісі бойынша өтілген тақырыптарды қайталау.

  6. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.

  7. Ашық журналды толтыру.

  8. Кері байланыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Қызығушылықты ояту кезеңі



1. Ынтымақ тастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут


-Оқушылар бүгін мен сіздерге мынадай ұлағатты сөздерді ұсынғым келіп отыр:

«Білек керек заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік»

және білімнен жақсырақ қазына болмас,

Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас».

Осы өлең шумағын қалай түсінесіңдер?

-Ендеше, бүгінде әр саналы адамға қымбат болып табылатын білім қазыналарыңыз толыға түссін деген тілекпен сабағымызды бастаймыз.


Оқушылар өз ойларын айтады.



2. Топқа бөлу

1 минут

Оқушыларды

Iтоп. Көрсеткіштік теңдеу және

II топ. Логарифмдік теңдеу

2 топқа бөледі.

Синус, косинус, тангенс және котангенс атаулары жазылған суреттерді алып, топтасады.

Топ мүшелерін сайлап алады. Ашық журналмен танысады.


Үй тапсырмасын тексеру

2 минут

«Көрші – көрші» стратегиясы

бойынша көршісінің үй жұмысын дайын жауаптарымен тексереді

№255-256



«Сәйкес жұлдыздар»

Топ басшысы дұрыс жауаптар санына сәйкес әр оқушыға жұлдыздарды салып отырады.


1.Мағынаны тану кезеңі

«Келесі, әрі қарай»

3 минут


  1. «Раунд Робин»

5 минут















Ой толғау кезеңі


  1. «Жылдам есепте»

4 минут



  1. «Қатені тап»

3 минут



  1. «Дәлелде»

10 минут


  1. Сергіту.

2 минут


  1. «Келешекке көмек»

Тест тапсырм.

5 минут

«Ашық және жабық сұрақтар» стратегиясы

Әр топқа кеңейтілген ашық сұрақтар қойылады. Жылдам әрі, дұрыс жауап беруі тиіс. Егер қиналған сұрақтары болса, «әрі қарай» деп келесі сұрақты тыңдай алады.


4 топқа төрт плакат беріледі. Өтілген тақырыптар бойынша, ережелер немесе есеп шығару барысында қолданылатын формулаларды тізіп шығуы керек. Әрбір екі минут сайын плакат келесі топқа ауысып отырады. Топтың жұмысы өзіне қайтып келгенше жалғасады.

Формулалар тақтаға бүгінгі жұмыстарына көмекші құрал ретінде тақтаға магниттің көмегімен ілінеді.




төрт топқа есептеуге әр түрлі екі есептен беріледі.


Қатесі бар формулалар және есептер беріледі. Топ болып қатені табуы керек.



Оқулықпен жұмыс

№263.268. 271




Притча тамашалайды


ОЖСБ, ҰБТ тест кітапшаларынан алынған тесттер беріледі.

Қосымша 6

Әр топ 2 минуттың ішінде барынша көп сұраққа дұрыс жауап беруі тиіс. Ұпай жұлдыз түрінде жауап берген оқушыға қойылады.

Оқулықты немесе басқа да ақпарат көздерін пайдаланбай қажетті деп тапқан формулаларды жазып, сызбаларды сызады. Екі минут сайын плакаттарын келесі топқа ауыстырып отырады. Алдына келген өзге топтың жұмысына жеткіліксіз формулаларды жаза түседі. Жұмыстарын тақтаға іледі. Өз білімдерін өзге топтың оқушыларымен салыстырады, таразылайды, қажеттісін санаға сіңіреді.


Өз тобына берілген есептерді топ болып шығарады, тақтаға жазады. Өзге топтың есебін тексереді, болып жатса қатені табады.


Берілген тапсырмадан қатені табады және тақтаға жазады. Әр топ өз жұмыстарын дәптерге түсіріп отырады.

Деңгейлік тапсырмаларды топ болып шығарады.


«Бәрі сенің қолыңда» притчаны тамашалайды


Жеке жұмыс.

Әр оқушы ИТ көрсетілген ортақ тапсырманы жеке орындайды, дұрыс жауаптарымен салыстырып, өз жауаптарын тексереді.


Жұмыс барысында белсенді жұмыс жасаған оқушыларға топ мүшелері жұлдыздарды салып отырады.









Топ шешімімен есеп шығаруда белсенділік көрсеткен оқушылар өз жұлдыздарын алады. Өзге топтың есебінен қате тапқан оқушыға да жұлдыз беріледі.


Дұрыс жауаптарына сәйкес жұлдыз санын салады.

Қорытынды

  1. Бағалау

1 минут



Кері байланыс

1 минут








  1. Үйге тапсырма

1 минут

Қорытынды формативті мұғалім жариялайды, мадақтайды.


«Блоб ағашы»

-Оқушылар бүгінгі сабағымызға рефлексияны Білім ағашы арқылы жасаймыз. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлеріңізді, іс-әрекеттеріңізді, топтағы өз орныңызды мына суретте бейнеленген адамдарға жүрек стикерін жапсыру арқылы көрсетулеріңізді сұраймын.

№267

Тест жинақтарынан 10 есеп шығару.

Әр топ өз ашық журналдарын тақтаға іледі.



Жүрек стикерін өзі қалаған жеріне жапсырады. Өзіне бүгінгі сабақ бойынша баға береді.





Блоб ағашы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі