Көру
бұзылыстары бар балалардың оқыту
ерекшеліктері
Орта
білім алуы төмендегі себептерге:
көрмейтін және нашар көретін оқушылардың
танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу
қарқынының баяулығы және жалпы білім
беру пәндеріне елестету олқылықтарын
толтыру мен оқушылардың қоршаған орта
туралы білімдеріне мүмкіндік беретін
пропедевтикалық бөлімдерді қосу
қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат
алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына
(ұстап көру арқылы ақпарат алуды
пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу
мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне;
рельефті суреттер және сызбаларды
оқуға; тифлоприборларды және бақылау,
тәжірибелік және лабораториялық
жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте
бағдарлай алуға арналған құралдарды
пайдалану қажеттілігіне байланысты
Анатомиялық-физиялогиялық
ерекшеліктері
Адам
өміріндегі 80% ақпаратты көз арқылы
қабылдап алады. Көру қызметі адамға
кеңістікті бағдарлау, өзінің қозғалыс
аймағын кеңейту, әлеуметтік тәжірибесін
байыту сияқты құндылықтарды меңгеру
үшін өте қажет. Ал, осы көру функциясы
бұзылуының нәтижесінде балалардың
даму мүмкіндігі шектеледі.Көрмейтіндердің
жоғары психикалық процестері (зейін,
логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу
тілі) қалыпты дамиды. Бірақ сезім, зият
сияқты қызметтер арасында өзгеше
бұзылыстар пайда болады да, абстрактілі
ойлаудың басымдылық сипатын білдіреді.
Тактильді кинестетикалық түйсік нашар
көретін балаларда маңызды рөлді
атқарады. Тері сезімталдығының
сенсибилизациясы әсіресе, алақанда,
саусақтарда байқалады. Көруі нашар
балаларда есте сақтаудың көлемінің
төмендеуі, есте сақтау материалының
жеткіліксіздігі байқалады. Көрмейтін
балалар қоршаған ортадағы адамның
әрекетін және қимылын қабылдау
мүмкіндігінен айырылғандықтан еліктей
алмайды.
.Көру
бұзылыстары бар балалармен
коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды
ұйымдастыру және жүргізу жолдары.Көрмейтін,
нашар көретін және кейіннен көрмей
қалған балаларға арналған арнайы жалпы
білім беру ұйымының міндеттері алғашқы
ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының
бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының
орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер
жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық
қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас
дағдыларын дамыту. Көрмейтін және нашар
көретін оқушыларды оқыту негізгі
мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына
байланысты оқу материалын өзгерту және
қайта қарастыру ескерілген жалпы білім
беру мектебінің бағдарламалары бойынша
іске асырылады. Көрмейтін оқушыларды
оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша
рельефті-нүктелік қаріппен басылған
жалпы білім беру мектебінің оқулықтары,
оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту көру
арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі
қаріппен және арнайы дайындалған
суреттермен басылған жалпы білім беру
мектебінің оқулықтары бойынша
жүргізіледі. Күрделі бұзылыстары бар
көрмейтін және нашар көретін оқушылар
барлық оқу жылдарында арнайы оқу
жоспарлары мен бағдарламалар бойынша
білім алады. Көрмейтін, нашар көретін
және кейіннен көрмей қалған балаларды
оқыту процесінде жұмыстың арнайы
түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар,
тифлотехника және басқалары қолданылады
Орындаған:
Аманбердина Еркежан
Сонымен
бірге, олар қоршаған ортадағы құбылыс
және объектінің көптеген белгілерін
қабылдай алмайды. Бұларда өз- өзіне
қызмет жасау дағдысы шектеледі
Нашар
көретіндердің заттар мен құбылыстарды
танудағы кейбір мүмкіншіліктері болады.
Олардың көру қабылдауы сақталғанымен
толық емес, баяу, нақты емес. Көрмейтіндер
арақашықтықтағы қимылсыз тұрған
заттардан, берілмеген дыбыстарды
түйсінуге қабілетті, олар иісті жақсы
ажыратады, олардың бастамасын, бағытын
анықтайды. Көрмейтін бала-лар ойын, оқу
және кәсіби әрекетті меңгеруде
қиыншылықтармен кездеседі. Л.Г.Выготский
бойынша, көрмейтін балалардың «алтыншы»
(жылылық) сезімі болады. Ол біршама
қашықтықта тұрған затты байқауға
мүмкіндік береді
.Нашар
көретіндерде маңызды анализатор болып
табылатын көз жанарын пайдалануға
мүмкіндігі бар. Көрмейтін
және нашар көретін балалардың қоршаған
ортаны қабылдауында түйсік үлкен орын
алады. Тактильді қабылдау түрі сезімдер
кешенін алуды (жанасу, қысым, қозғалыс,
жылы, суық т.б) қамтамасыздандырады
және дененің формасы мен өлшемін
анықтауға көмектеседі. Қолмен, саусақпен
«көруге» үйренеді.