жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға география пәнін оқытудың тиімді әдіс –тәсілдері»
«Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға география пәнін оқытудың тиімді
әдіс –тәсілдері»
География оқушыларға дүниетанымдық білім берумен қатар, олардың алған білімдерін еске сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және табиғат құбылыстарын жете бақылағыштыққа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сезімдерін жетілдіруде маңызды орны бар қызықты пәндердің бірі. Сабақ барысында баланың сөйлеу мәдениеті, дәлелдей алу дағдысы, картамен жұмыс жасау, талдау, қорыту, өз бетімен жұмыс жасау қасиеттері шыңдалады.
Соған байланысты бала дүниетанымын қалыптастырып, ақыл- ойын дамытып, ой-өрістерін кеңейтуде сабақтың сапасы баламен жүргізілетін жұмыстарға тікелей байланысты.
Әсіресе көз жанарларынан айрылған немесе көру мүмкіндіктері төмен балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр баланың жеке қасиеттеріне , психикалық дамуына , қабілеттеріне, көру мүмкіндіктеріне қарап, терең үңілмей білім берудің қажетті деңгейде, жүйелі ұйымдастырылуы мүмкін емес.
Себебі көру мүмкіндіктері шектеулі балалардың дені сау балаларға қарағанда ойлау, есте сақтау, қабылдау қасиеттері тежеліп, кешеуілдейтінін оқу үрдісінде байқап жүрміз. Дегенмен әрбір бала мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуға тиісті.
Осы орайда, көру қабілеттері шектеулі балаларға білім беріп, тәрбиелеу барысында ұстаздың өз ісінде үлкен шеберлігін, баламен жете түсінісе алатындай үлкен еңбегін қажет етеді. Әсіресе бұл балалармен жұмыстануда тек пән мұғалімінің сабақ беруімен шектелмей тифлопедагог, психолог, көз аурулары дәрігерлерімен бірлесе отырып, сабақ құрылымы ұйымдастырылса және сабақ беру барысында әр баланың көру қабілеттерін сақтай, түзей отырып, әр оқушымен жекелеген жұмыстар жүргізу арқылы, оқытудың тиімді жақтары қарастырылса, бала бойындағы қабілеттерді ашып, оның сапалы білім алуына мүмкіншілігі мол.
Міне осы көру мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыстануда өз сабақтарымда яғни, география пәнін меңгертуде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибемде қолдана отырып, оның мынадай ең басты тиімді жақтарына көз жеткіздім.
Біріншіден, бұл әдісті қолдану арқылы баланың дамуына бақылау жасауға, білімді ізгілендіруге, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіншілік мол.
Екіншіден, оқушылардың өз-өзіне баға беріп, қызығушылықтарының артуына септігі мол.
Үшіншіден, мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, әр баланың қабілеттері ескеріліп, тапсырмалардың әр деңгейде құрылуында.
Өз сабақтарымда саралап деңгейлеп оқыту әдісін қолдана отырып, көз жанарлары бұзылған балалардың оқу материалын меңгеруін мынадай төрт деңгейге бөлдім.
I- деңгей тапсырмаларын оқу материалын жай, төмен меңгеретін оқушылар орындайды. Бұл деңгейдегі тапсырмалар өтілген тақырыпты пысықтау, қайталау мақсатында өтіген материал бойынша қарапайым сұрақтармен жеңіл тапсырмалардан тұрады. Оқулық материалдарын пайдалана отырып жұмыс жасау, суретке сипаттама беру, картадан обьектілерді табу сияқты тапсырмалар беріледі.
II-деңгей тапсырмалары сәл күрделене түседі. Бұл деңгей тапсырмаларын сыныптағы оқу үрдісінде белгілі бір табыстарға жете алатын оқушылар орындай алады. Бұл деңгейдегі тапсырмаларда салыстыра отырып сипаттама беру, мысал келтіре отырып жауап бере алатын тапсырмалар беріледі. Географиялық диктантар орындатуға болады.
III- деңгейдегі тапсырмаларды оқыту үрдісінде бағдарлама материалын табысты меңгеретін, өз ой пікірі бар оқушылар орындай алады. Бұл деңгейдегі тапсырмаларда географиялық ұғымдарға анықтама беру, проблемалық сұрақтар қою, өз ойын айту, тұжырымдау, жоспар жасау, сөзжұмбақ құрастыру, тест құрастыру сияқты бала бесенділігін оятатын қосымша іздену сұрақтарынан, тапсырмаларынан тұрады.
IV- деңгей тапсырмалары оқушының өз еркіне беріледі. Оқушы қабілетіне қарай әртүрлі дәлелдерді келтіре отырып, ғылыми түрде шығармашылықпен айналысады.
Осындай оқушы қабіетіне қарай деңгейлік тапсырмаларды бере отырып, белгілі бір мерзімнен кейін табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ауыса алады.
Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта- жігер, белсенділік пен дағды өсіп отырады. Бұл балалар қазір осы бағытқа толығымен қалыптасып, деңгейлік тапсырмаларды орындауда араларында жарыс туындап, пәнге деген қызығушылықтары артып отыр.
Көру қабілеті бұзылған балаларға көру қабілеттеріне қарай үлкен шрифты оқулық түрлерінің, Брайл әріптерімен жазылған қазақша оқулықтардың, рельефті көрнекі құралдардың, қажетті құрал жабдықтардың жетіспеу қиындықтары бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жетелейді. Ұлғайтқыш құрылғыларды қолдану, қолдан қима карталар жасап қолдану арқылы, көз жанарларына салмақ түспейтіндей жұмыстар жүргізіп, материалды қайткенде де бала санасына сіңіру басты мақсатым болып табылады.
Яғни, жалпы айтқанда деңгейлеп саралап оқыту технологиясы нәтижесінде оқушы білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетідірудің жолдарын белгілейді.
Қазіргі коррекциялық педагогиканың негізгі дамуы да мектеп оқушыларын дифференциялды және жеке дара оқытумен сипатталады. Бұл үрдіс ғылыми практикалық айналым негізінде қойылып, көру қабілеттері нашар балаларды оқытуға байланысты мамандалады.
Көптеген жетекші тифлопедагогтардың зерттеулерінің көрсетулерінше көздері нашар көретін немесе соқыр оқушылармен жұмыс істеу үшін көру және қосалқы сезім мүшелерінің қабілеттерін ескермеуге болмайды. Сол тұрғыда арнайы мектептердің қазіргі заман тұрғысындағы негізгі міндеті толық емес көз көру қабілетін сақтап қана қоймай, қосалқы сезім мүшелерінің дамуына ықпал жасайды, міндетті түрде оқушыға көру талдағыштарының мүмкіншіліктерін дұрыс қолдана білуге үйретеді. Сол арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде осы қызметтің жандануына үлес қосады.
Сыныпта көздері нашар көретін оқушылар болатын болса онда оқыту процесында оларың аурулары, қойылған диагноздары ескерілуі керек, соған байланысты әрбір оқушыға берілген материады түрлі түсті кестелерді толық түрде көрсетіп қабылдаттыру міндетті емес, керісінше жеке дара ерекшеліктеріне байланысты әрбір оқушыға дифференциялды түрде жақындап, жекелеп оқыту қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген