Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көшбасшы-2017"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған материал балабақшадағы ересек топ тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған интелектуалдық сайыс үш тілде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көшбасшы-2017» интелектуалдық сайысы

Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Балабақша көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін
гі ересек, топ бүлдіршіндері арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық :

1 сайыскеріміз- Жарылқасын Дәуірхан

2 сайыскеріміз- Махамбет Нұрбек

3 сайыскеріміз- Құлахмет Досымжан

Балалар, көрермендермен үш тілде амандасып алайық

Амандасу әні

Қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтсе

-Жарайсыңдар! Армандарың орындала берсін!

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нағыз білім, терең- ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Әділқазы төрайымы: Балабақша меңгерушісі Құрманай Зағипа апай

  2. Әділқазы мүшесі:Кәсіподақ комитетінің төрайымы Иса Күлпаш апай

  3. Әділқазы мүшесі: Психолог Орынбаева Майра

Жүргізуші:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл.»
ІІІ кезең «Қызықты тоғыздық.»
ІV кезең «Жорға»
V кезең «Жүзден жүйрік»

Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

1-кезең: «Бәйге»

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп бәйге кезеңі.

Ойын шарты: Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, әр ойыншының қолында карточка болады. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі бала жауап бере алады. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?
1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
5. Біз тұратын ауыл қалай аталады? (Жалаңтөс)

6. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)

7. Тудың түсі қандай? (көк)

8. Алма, алмұрт, жүзім, -жалпы атауы? (жемістер)
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24сағат)
10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп –жалпы атауы (көкөністер)
11. Сөздер неден құралады? (буыннан)
12. Жыл басы кім болды?(тышқан)
13. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда).

14. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
15. Қ. Р. Президенті?
(Н. Ә. Назарбаев)
16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
18. Адамның көру мүшесі? (көз)

19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)


2 кезең. «Жеті жұрттың тілін біл».
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» -
– дей келе кезекті «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңіне береміз

Шарты: Мұнда сендерге ұйқас жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1.Өзінше ноян

Қорқақ кім? Қоян- заяц-rabbit

2. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен .... кірпі-еж-hedgehog

3 . Аппақ доп тауып,

Шақырады ақ ..... тауық-курица- hen

  1. Айбат шегер алыстан

Аң патшасы ..... арыстан-лев-lion

  1. Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап ..... алмұрт-груша-pear

6.Құйрығы он қарыс

Бұл айбатты.... жолбарыс-тигр- tiger

7.Бәрі бірдей жұмысқа

Шығатын кім? Құмырсқа-муравей- ant

8.үгіретін аңыздап,

Бала біткен қуанып,

Қандай салқын .... балмұздақ-мороженое- ice-cream



3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

Шарты: Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 3 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 5 ұпай жинақтауға болады. Сандар түрлі түспен боялған. Қандай түс таңдайсың сол сұраққа жауап бересіңдер.

  1. 1-ден 10-ға дейін ағылшын тілінде сана

  2. Апта күндерін орыс тілінде ата

  3. Геометриялық пішіндерді ата



  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді

  2. Ағылшын әліпбиінде неше әріп бар

  3. Алма-орыс, ағылшын тілінде айт





  1. Аспан денелерін ата

  2. Дене мүшелерін ағылшын тілінде айт

  3. Түстерді орыс тілінде ата



4 - кезең: «Жорға»

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие - тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей «Жорға» кезеңіне кезек береміз. Бұл кезеңде мен сіздерге жеке – жеке мақалдың жартысын айтамын, сіздер сол мақалды аяқтауларыңыз керек. Жауап бере алмаған жағдайда достары көмектесуге болады. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай

  1. Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

  1. Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Ананың сүті бал,

Баланың тілі бал

  1. Төлден мал өседі,

Шыбықтан тал өседі

  1. Бұлақ көрсең- көзін аш

  2. Еңбек адамды көркейтеді,

Ал адам заманын көркейтеді.

  1. Отан үшін отқа түс- күймейсің

  2. Атадан жақсы ұл туса-лінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса- құлағы ме жағын жейді.

  1. Отан оттан да ыстық


5 - кезең: «Жүзден жүйрік»

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді ойынымыздың соңғы кезеңіне келдік. Бұл математикалық жұмбақ деп аталады. Алдарыңдағы тор көз парақтарға мен берген нұсқау бойынша бір бейнені шығару керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай

  1. 4 тор көз оңға

  2. 2 тор көз төмен

  3. 7 тор көз оңға

  4. 3 тор көз жоғары

  5. 1тор көз оңға

  6. 3 тор көз төмен

  7. 1 тор көз оңға

  8. 4 тор көз жоғары

  9. 1 тор көз оңға

  10. 6 тор көз төмен

  11. 10 тор көз солға

  12. 2 тор көз төмен

  13. 4тор көз солға

  14. 6 тор көз жоғары

Қорытынды: Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі Ойынға қатысқан балалардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12