Материалдар / "Көшбасшы-2024"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көшбасшы-2024"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зияткерлік сайысының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2024
200
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы,

Шардара қаласы,

Амангелді Иманов атындағы

жалпы білім беретін мектебі







«Көшбасшы-2024»

зияткерлік сайысының жоспары





Математика пәні мұғалімі: Қалдарбек Ақерке









2023-2024 оқу жылы


Көшбасшы-2024 (зияткерлік сайыс)


Сайыстың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”озып шығып, жаратылыстану пәнінің лидері атағын алатын оқушыны анықтау.

  2. Дамытушылық: 5 «а,б» сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.


Қатысушылар: 5 «А,Б»сынып оқушылары.

Жүргізуші: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқыған зердеге, миға тоқудың нәтижесі.

Бүгінгі сайысымыздың ұраны.

Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 5 а,б сынып оқушылары. «Көшбасшы-2024» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Сайысқа қатысатын үміткерлерді таныстырып кетейін. Барлығы 16 оқушы. Өздерін және ұрандарын таныстырып өтеді)

  1. Есболай Ғазиз 5-«А» сынып оқушысы(Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар)

  2. Абылхасым Айғаным 5-«А» сынып оқушысы(Алға,қатарыңнан қалма)

  3. Абыл Диас 5-«А» сынып оқушысы(Күш-бірлікте)

  4. Ахмет Дінислам 5-«А» сынып оқушысы(Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні ғаріп)

  5. Бекмұрат Еркебұлан 5-«А» сынып оқушысы(Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін)

  6. Сарсенбай Байтөре 5-«А» сынып оқушысы(Асау тұлпар желдей ескен арыңды, Оқу менен еңбекке сал барыңды

  7. Тілеуберген Нұрсерік 5-«А» сынып оқушысы(Арыстандай айбатты бол,жолбарыстай қайратты бол)

  8. Жақып Қарақат 5-«А» сынып оқушысы (Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда)

  9. Асан Әділет-5-«Б» сынып оқушысы(Арыстанмын, қайратыма кім шыдар?)

  10. Жаңбыр Нұрым-5-«Б» сынып оқушысы(Кекшіл болма, көпшіл бол)

  11. Чоли Ұлжалғас-5-«Б» сынып оқушысы(Еңбек етсең емерсің)

  12. Беген Айару-5-«Б» сынып оқушысы(Әділдік көкке жетелер)

  13. Оразбай Әсет-5-«Б» сынып оқушысы(Ақыл ойды тәртіпке келтіретін-білім)

  14. Смайл Самал-5-«Б» сынып оқушысы(Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та бар қалан)

  15. Егенберді Диар-5-«Б» сынып оқушысы(Әрқашанда алға,биіктерге самға)

  16. Юрий Есен-5-«Б» сынып оқушысы(Досы көпті жау алмайды



Ендігі кезек әділқазылар алқасы.

Сарапшылар: Мектеп директоры- Байбашев Садықбек , ДОІЖО-Шағдарова Гүлсара,ДҒӘІЖО-Әлайдар Қалмомын ,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айдарханова Клара , география пән мұғалімі Еримова Ләззат,математика пәні мұғалімі

Исатаева Гүлжамал,ағылшын пәні мұғалімі-Тұрақбаева Айгүл,көркем еңбек пәні мұғалімі-

Сәруар Ердәулет

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. Бәйге

  2. Көкпар

  3. Жеті жұрттың тілін біл

  4. Қызықты бестік

  5. Жорға


І. Бәйге кезеңі

- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

Бағалануы 10 ұпай. Ұпай сандарын айтып отыру. Ұпайы аз ойыншы келесі ойынды бастайды. Жауап бере алмаса, жауап беру келесі ойыншыға ауысады.

1 сұрақ. Күн жүйесіндегі ғаламшалар саны. 9

2 сұрақ. Үлкейтікш дүрбіні Галилео Галилей қай жылы ойлап тапты? 1609 жылы

3 сұрақ. Жер ғаламшаларының жалпы ауданы 510 млн км2

4 сұрақ. Алғашқы глобусты кім жасады және қай жылы? М. Бехайм 1492 жылы

5 сұрақ. Ай мен жердің ара қашықтығы? 384 000 км

6 сұрақ. Жердің географиялық қабықтары

  1. Атмосфера

  2. Литосфера

  3. Гидросфера

  4. Биосфера

7 сұрақ. Ең алғашқы құрлықтар қалай аталды? Гондвана, Лавразия

8 сұрақ. Тау жыныстарын ата?

  1. Магмалық

  2. Метаморфтық

  3. Геогенді

9.Антоним дегеніміз не? Бір-біріне қарама-қарсы сөздер

10.Қазақ хандығы қай жылы құрылды? 1465-1466жж

11.Жерді ңборпылдақ қабаты?топырақ

12.Көптік жалғаулы зат есімге мысал келтір? балалар

13.Әдемі сөзінің синонимі?көрікті

14.Археология нені зерттейтін ғылым?адамзаттың өткен тарихын

15.Шахматты неше адам ойнайды? 2

16.Дене тәрбиесінің негізгі құралы? гигиена

ІІ кезең. Көкпар.

Әр пәннен 5 сұрақтан беріледі. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай ойыншы бірінші болып карточкасын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді.

Қазақ тілі

  1. Омоним дегеніміз не?

  2. Көнерген сөздер.

  3. Кірме сөздерді ата.

  4. Лексика деген не?


Қазақстан тарихы

  1. Тарихты оқып білу не үшін қажет?

  2. Тас дәуірінің кезеңдері?

  3. Қола дәуір кезеңдері?

  4. Орта ғасырлық қалалардың бөліктері?

Математика

  1. Екеуі шахматты төрт сағат ойнады. Әрқайсысы жеке-жеке неше сағат ойнайды? 4 сағат

  2. Тауық бір аяғымен бес килограмм тартады, егер ол екі аяғымен тұрса неше килограмм тартады?

  3. Бөренені төрт бөлікке бөледі. Сонда оны неше рет аралады?

  4. Сағаттың төрт тен бір бөлігінде неше минут бар? 15 минут

Қазақ әдебиеті

  1. Абай табиғат лирикасы.

  2. Ыбырай Алтынсарин кім?

  3. Ахмет Байтұрсынов аудармалары.

  4. Лириканың қандай түрлері бар?


Жүргізуші:Енді екі кезең бойынша ұпай санын анықтау. Бағалану 10 ұпайдан. Ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.



ІІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл».

«Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».

Мұнда сөздер қазақша, орысша қатесіз,дұрыс айтуларыңыз тексеріледі. Барлықтарыңызға табыс тілеймін.

1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. Көктем-Весна

2. Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын. Дос – Друг

3. Футбол алаңындағы ойын заты. Доп - Мяч

4. Қабат – қабат қаттама

Ақылың болса аттама. Кітап – книга

5.Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді. Ит – Собака

6.Ұшқан ... , жүгірген аң. Құс – птица

7.Әр адамның шағын Отаны. Отбасы – Семья

8.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. Аспаз-повар


ІҮ кезең. «Қызықты бестік»

Жүргізуші:Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.


10,20,30,40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді де, жауабы дұрыс болса, ұяшық таңдайды.


  1. Жаратылыстану 10 20 30 40

  2. Тұлға 10 20 30 40

  3. Ғылым 10 20 30 40

  4. Құбылыстар мен қасиеттер 10 20 30 40

  5. Тарих айнасы 10 20 30 40


Жаратылыстану

10 Дүниежүзінде қанша құрлық бар?

20 Атмосфера нені зерттейді?

30 Мариан шұңғымасы қай мұхитта орналасқан?

40 Экватордың ұзындығы.



Тұлға

10 Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. Томирис

20 Қазақ арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер. Т.Әубәкіров

30 Қазақстан Республикасының алғашқы президенті. Н.Ә.Назарбаев

40 Жаратылыстанушы ғұлама ғалым. Әл-Фараби



Ғылым

10 Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? Космонавтика

20 Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ғылым саласы. Экология

30 Иіріліп оралып, тосағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласы? Медицина

40 Ауа-райын зерттейтін ғылым. Метеорология


Құбылыстар мен қасиеттер

10 Түссіз, иіссіз, дәмсіз, оны сипаттау мүмкін емес, бірақ ол дүние жүзіндегі ең үлкен байлық. Бұл не туралы айтылып тұр. Су

20 Ай, жер мен күннің арасынан өткенде қандай құбылыс байқалады? Күн тұтылуы

30 Заттың қандай қасиеттері адамға өте қауіпті? Жарылғыш, улы, радиоактивті

40 Алтын мен қорғасынды бір-біріне беттестіріп, бірнеше жыл өткеннен кейін олар бір-бірімен тұтасып қалған. Бұл қандай құбылыс? Диффузия


Тарих айнасы

10 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? 1991 жылы 16 желтоқсан

20 Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991 жылы 1 желтоқсан

30 Тарихтың атасы. Геродот

40 Аса ұзаққа созылған тарихи кезең. Тас дәуірі


Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер ІҮ кезең бойынша жинаған ұпайларды есептейік. Ұпай саны аз оқушы ойынан шығады.


Келесі Ү кезең. «Жорға» деп аталады. Сіздер бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

Сұрақтар:

  1. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы. Ы.Алтынсарин

  2. Абайдың әжесі. Зере

  3. Заттың санын білдіретін сөз табы. Сын есім

  4. 9 мамыр қандай күн. Жеңіс күні

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!