Материалдар / Көшбасшы - Назарбаев Н.А.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көшбасшы - Назарбаев Н.А.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты «Көшбасшы»

Мақсаты: 1. Дамытушылық: Елбасының мемлекет ісін басқарудағы ерен еңбегін білдіру.

2. Білімділік: қазақ поэзиясын терең түсініп, тыңдаушыларға жеткізе білу.

3. Тәрбиелік: Отанын сүюге, елін ардақтауға, патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайдтар, кітаптар көрмесі, Елбасы туралы фильмдерден үзінді.

Сабақ барысы

Мұғалімнің сөзі: 1. Кие. (Елбасының отбасы туралы слайд)

Көптеген елдерді араладым... Бірақ бәрі де өзім туып – өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...

Күн шықты арай шашып аспаныма,

Дүния кілт айналды басқа ағымға.

Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты,

Бүгінгі өзек болар дастаныма.

Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!

Кеш туған зарықтырып уақытынан

Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,

Халықтың арман, тілек, бақытынан.

Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,

Асығы алшасынан түскен ұлдың.

Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,

Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.

Адал боп ақыреттік жан – жарына,

Қарайлап қоңыр тірлік, мал – жанына.

Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,

Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан – Ана.

Мұғалімнің сөзі: 2. Тұлға. (Фильмнен үзінді)

Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады.

Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,

Не болса да пешенемнен көрем деп.

Елің үшін түстің талай додаға,

«Күн астынан орын тауып берем!» - деп.

Ел билеудің қияметін сезем мен,

Елді бастап өткелі жоқ өзеннен.

Алып өттің, ел басына күн туып,

Етікпенен су кешетін кезеңнен.

Бардың қанша нартәуекел қадамға,

Түсініксіз көрінгенмен наданға.

Судың өзі жол береді екен ғой.

Жүрегінде от лаулаған адамға.

... Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,

Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.

«Ер қадірін ел біледі» , - деуші еді,

Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!

Мұғалімнің сөзі: 3. Елтаңба. (Слайд)

Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарап қанатты пырақтарымыз бар.

Қазақтың бүгінгі мен бұрынғысын,

Тарихын терең танып ұғу үшін.

Қарасаң Елтаңбама көз тояды,

Көргендей шын өнердің туындысын.

Шаңырақ ортада тұр тірегімдей,

Өлмейтін рухымның реңіндей.

Барлық ұлт тату-тәтті болса деген,

Мейірімді Елбасының жүрегіндей.

Көркейіп көгерсін деп құрақтарым,

Әуеге қанат жайған пырақтарым.

Қорғап тұр мүйізімен көкті тіреп,

Келешек ұрпағымның мұраттарын.

Ой-арман үйлесіммен өрнек өріп,

Байланған о, осынау Жерге берік.

Тәуелсіз егемен ел - Елтаңбамда,

Барады көкті кезіп дөңгеленіп.

Мұғалімнің сөзі: 4. Әнұран (Слайд)

Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөлеп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін Республика Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.

Ұлдарым төрге шықса байрақпенен,

Басталар Әнұраным айбатпенен.

Рухтың ұлағатты көзі емес пе,

Әнұран – әр қазаққа қайрат берген.

Әр сөзі, әрбір жолы ой ұқтырып,

Кеудеден орын алған ойып тұрып.

Тербелем Әнұранға, жаным балқып,

Қолымды жүрегіме қойып тұрып.

Шайқалмай нық тұрсын деп шаңырағым,

Өткізген ой –електен бәрі, бәрін.

Елбасы қаламының ұшы тиген

Ұлтымның мақтанышы – Әнұраным!

Әнұран – менің оттай Ар-намысым,

Намысым зау биіктен аңғарылсын.

Әнұран айтылғанда кеудемдегі,

Жүрегім дайын тұрар самғау үшін.

Мұғалімнің сөзі: 5. Көшбасшы. (Фильмнен үзінді)

Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, қоңсысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді.

Әр жастың иман тоқтап санасына,

Алаштың ақ күн туып баласына.

Ай күмбез, ақ мешіттер бой көтерді,

Қазақтың қаласы мен даласында.

Ел десе – Елбасым деп ал, мақтанам,

Сабырлы саясатын салмақтаған.

Тәуелсіз мемлекеттер бір ауыздан,

Түркінің Нұрсұлтанын ардақтаған.

Ешкімнің ала жібін аттамаған,

Жүреді сүйген құлын сақтап Аллам.

Көшіңіз тоқтамайды Көктің ұлы,

Тұрғанда Сізді қолдап хақ – Тағалам!

Мұғалімнің сөзі: 6. Түркінің діңгегі. (Қазақстан туралы слайд)

Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

Айта алсам ақиқатты нарқын кесіп

Көктеген Атажұрттан парқым өсіп.

Бүгінгі Қазақ елі – Қазақстан.

Түркінің бар ұлына – Алтын бесік.

Бұл дала – Ұлы Дала – нанасың ба,

Түсірген талайларды сабасына.

Қайтадан түп қазығын аңсаттырды,

Нұрағам исі түркі баласына.

Жолынан шегінер ме шешімі асқақ,

Қазаққа жаңа тарих есік ашпақ.

Тәуелсіз егемен ел – Қазақстан,

Барады бар түркінің көшін бастап!

Мұғалімнің сөзі: 7. Атажұрт. (Слайд)

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі – тарихи Отанына оралған ағайын, ең алдымен, «Қазақстаным, маған не береді?» - деп емес, «Мен Қазақстаныма не беремін?» деп ойлағаны дұрыс болар еді.

Қалайша ақиқатты жасыра алам,

Бір кезде бытырадай шашыраған.

Алаштың алтын айдар ұл-қыздарын,

Қосты ғой Атажұртқа басын Аллам.

Ел осы, жерің осы – төрлет енді,

Орын жоқ қайғы менен шерге тегі.

Тәуелсіз туған жердің көк апспаны,

Жаныңды жауһазындай тербетеді.

Ел осы, жерің осы – зарықтырған,

Ол күндер артта қалды қамықтырған.

Қолдасып, қауымдасып бет түзейік,

Жұлдыздай Ертеңіме жанып тұрған.

Бейнет қыл, зейнетін көр тірлігіңде,

Мың күнің арзитындай бір күніңе.

Айтқан ғой бұрынғылар, біз де айтамыз –

«Қазағым, сенің күшің – бірлігіңде!»

Мұғалімнің сөзі: 8. Дін. (Фильмнен үзінді)

Біздің бәрімізді хаққа бастайтын жол біреу. Сондықтан да діндер арасындағы әлдеқайда белсенді үн қатысудың уақыты жетті. Біз конфессияаралық келісім орнатуымыз арқылы діни наным – сенім бостандығын қамтамасыз еттік.

Дін – біреудің дүниелік танымы,

Дін – біреудің елді бұзар қаруы.

Жердің шарын сақтап тұрған аман-сау,

Адамдардың Хаққа деген нанымы.

Жүрегіңді тондыратын мұз қылып,

Жақсылыққа жіберетін жүздіріп.

Қырқыстырмай бітістірер баршаны,

Діннің түбі – түсінгенге – ізгілік.

Үндестігін сақтасын деп ғаламзат,

Пиғылдардан тазарсын деп қоғам жат.

Барлық діннің басын қосты Елбасы,

Ортақ ойға тоқтасын деп адамзат.

Ел мен елді елдестірген елшідей,

Уақыт дертін дөп басатын емшідей.

Дін біріксе діліміз де бірігер,

Орға жығар алауыздық, өршімей.

Мұғалімнің сөзі: 9. Саяси тұрақтылық. (Фильмнен үзінді)

Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы адамдарды үрейден арылттық. Осының бәрі қазақстандық демократияның басты жетістігі деп білемін.

Мен елімнің бақытына қуанам,

Қуанамын, сау болсын деп Нұрағам.

Қазағымның ең бақытты байлығы –

Соғыс, жанжал, қантөгістен – дін аман!

Шашақ едім байрағыма байланған,

Қажет кезде көк семсердей қайралған...

Жыланның да ақ тамызу басына,

Біздің елдің дәстүріне айналған.

Төрімізден қашпасын деп ырыс, құт.

Елдің бәрін жақын тарттық туыс қып.

Қазағымның пейіліне ұқсаған,

О, тыныштық, жаса мәңгі – тыныштық!

Төбесінен Күн шығарған алашқа,

Ердің асқақ Рухымен таласпа.

Құстың өзі ұя салып жатпай ма,

Тамыр жайған, діңі берік ағашқа.

Мұғалімнің сөзі: 10. Отандастар. (Слайд)

Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйытқысы болу міндетін алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алуы керек.


Ортақ – шаттық, қуанышы, мұңдары,

Ортақ және Елтаңбасы, Тулары.

Қазақстан – қасиетті Отаным,

Пана болған барлық ұлтқа мұндағы.

Баурап алған Ұлы Дала аспанын,

Ынтымақ пен Бірлік дейтін асқақ үн.

Қазақ жері – отандастар мекені,

Биік мүлде біріктірген бастарын.

Жүгінейік сабырменен санаға,

Айтарым сол данаға да, балаға.

Ұлт пен ұлыс бір мақсатқа ұйысқан,

Алауыздық туындамай арада.

Осы дала саған да ортақ, маған да,

Мұндай мекен таба алмайсың ғаламда.

Сый мен құрмет, ізет – үрмет барлығы,

Тең дарыған біздегі әр адамға.

Мұғалімнің сөзі: 11. Әлем және Қазақстан. (Слайд)

Менің бірден –бір қалауым, менің үмітім, егер қаласаңыздар, арманым – шамамның келгенінше, Қазақстан халқының өзін жан-жақты дамытуы үшін қалыпты, шынайы өркениетті жағдай жасауға жәрдемдесу.

Қынабынан суырылған шындықтай,

Өткен күндер ұмыт болды мұңлықтай.

Қазақ елі Жер – жаһанға танылды,

Су түбінен көтерілген құрлықтай.

Елге абырой жинап жүрсе жер – көктен,

Елге деген махаббаты кернеткен.

Күллі Әлемге мойындатты қазақты,

Қоң етінен ет кескендей еңбекпен.

Мият тапса бар мүмкіндік қолдағы,

Елбасының қасиеті ол – дағы.

Әлем бұлай назар салған кезі жоқ,

Бұл далада қазақ пайда болғалы.

Көлегейлеп ғасырлардың жарқылы,

Үнсіз қалды Ұлы Дала нарқы ұлы.

... Қайта тану мынау қазақ баласын

Мүмкін болды тек Елбасы арқылы!

Мұғалімнің сөзі: 12. Елтұтқа. (Елбасы туралы фильмнен үзінді)

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!

Арман болған сон-оу Түркі, Сақтардан,

Тас бетіне тарихым боп қатталған.

Аманатын орындады Елбасы,

Ел болудың барлық шартын сақтаған.

Тарих қана таразылар парқыңды,

Сіздей сүйсін әр азамат халқымды.

Аман болса Қазақ пенен қара Жер,

Уақыт күші өшіре алмас даңқыңды.

О, Нұраға мен жеткізіп айта алман,

Ел басқару өнеріңді майталман.

Шежіреңді алтынменен жазар ел,

Жұртың үшін – ұйқы беріп, қайғы алған!

Мұғалімнің сөзі: 13. Тарих таңдауы. (Елбасы туралы фильмнен үзінді), (Слайд)

Халық кешпейтін бір –ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан – Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.

Ең ақырғы үмітіндей таңдағы,

Қабыл болып қазағымның арманы.

Алдыңызға ақ батасын жайып сап,

Халық Сізді бірауыздан таңдады.

Дүр сілкініп дүниенің алабы,

Көне Түркі даласына қарады.

Көзі түсіп алашыма Алланың,

Жаңа тарих Сізді ғана қалады!

Өзге елдер тағдырымнан мән ұқты,

О, өйткені біз түскен жол анық –ты.

Махаббаты Уақыт пенен Халықтың,

Өз перзентін жаза баспай таныпты!

Кім нығайтса Тәуелсіздік Тірегін,

Соған ғана дауыс берер жүрегім.

Сіз тоқталмай, тоқтамайды Нұраға,

Ере берер артыңыздан Ұлы елің.


Мұғалімнің сөзі: (Қазақстан, Астана қаласы туралы слайд)

Қазақ елін Тәуелсіздікке жеткізіп, елімізде бейбіт өмір орнатып, көрші елдермен жақсы қарым – қатынас орнатқан - біздің Елбасымыз, әлемге танымал Н. Ә. Назарбаев.

Белгілі танымал қоғам қайраткерлерінің сөзімен айтсақ (слайд) : «Н. Ә. Назарбаев – ХХІ ғасырдың көшбасшысы». Біз Елбасымыздың саясатын қолдап, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз деп айта аламыз.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!