15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көшбасшы интеллектуалды ойыны
«Балдәурен көшбасшысы» зияткерлік сайысының сценарийі
Автор құрастырушылар:
Майлыбекова З.Ш
Ж. Алиханов
Б. Жұмашев
Сынып: 7,8,9
Өтілетін орны: АКТ зал
Уақыты: 20:00
Жүргізуші: Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар мен дарынды оқушылар!
«Балдәурен көшбасшысы» атты зияткерлік ойынына қош келіпсіздер!
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Балдәурен көшбасшысы» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, – дей отырып бүгінгі «Балдәурен көшбасшысы» сайысында білімнің биік шыңын бағындырамыз деп сайысқа қатысқалы отырған, білімді оқушыларымызды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
Слайд №1
1-ші ойыншы. Алтынбек Бекнұр Түркістан облысы
2-ші ойыншы. Алтынбек Әділхан Шымкент қаласы
3-ші ойыншы. Меңдіқара Саят Қызылорда облысы
4-ші ойыншы. Байболова Аяулым Жамбыл облысы
5-ші ойыншы. Берікбай Жасұлан Ақтөбе облысы
6-ші ойыншы. Момбекова Шапағат Шымкент қаласы
7-ші ойыншы. Абдрасил Нұрдәулет Түркістан облысы
8-ші ойыншы. Көпжасар Танакөз Қызылорда облысы
9-ші ойыншы. Исабекова Сара Шымкент қаласы
10-ші ойыншы. Саякул Бақытжамал Түркістан облысы
Таныстыру.....................................................
Жүргізуші:
Ойынның мақсаты:Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру, өзінің жауапкершілігін сезіне білуге және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру.
Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүние танымын арттыру және кеңейту!!!
Слайд№2
Ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейік.
I бөлім: Тест
II бөлім: Бәйге
III бөлім: Дода
IV бөлім: Жорға
Достық пенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ қазым
Еңбегін дарындардың әділ сына!
Бүгінгі ойынымызды даралап саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Жұмашев Бақыт Лесбекұлы
2. Бегимова Самат Ерқазықызы
3. Дәурен Қуандықұлы
Слайд№3
(І. бөлім) Тест
Жүргізуші:
Білімінің ұшқырлығын танытып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап өтер,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп, - деп, І тест бөлімін бастаймыз.
Ойын ережесі:
Алдарыңызға ноутбук берілген. Ноутбукте жаратылыстану – математикалық және қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша жалпы саны 10 ашық тест берілген. Тест мектеп бағдарламасы бойынша жасалған. Тест тапсырмаларын орындауға 5 минут уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай иеленетін боласыздар.
Ендеше, ойыншыларымыз тест тапсырып болғанша ортаға Шымкент қаласынан келген
8 сынып оқушысы Жеңіс Ұланды «Көңіл толқыны» күйімен ортаға шақырамыз
(1 – бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасы жариялап өтеді.)
Слайд№4
(ІІ. бөлім) Бәйге
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына:
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына - деп келесі Бәйге деп аталатын 2- бөлімімізді бастаймыз.
Ойын ережесі:
Экранда 10 ұяшық берілген. Әр ұяшықта жалпы саны 5 сұрақ оқылатын болады. Сұрақтар мектеп бағдарламасы бойынша жасалған. Сұрақтарға 2 – 3 секунт уақыт арлығында жауап берулеріңіз тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алатын боласыздар.
Ескерту: Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 4 ойыншы ойыннан шығады.
Слайд№5
1. Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар ?
Жібек мата
2. Кім ? Не? сұрақтарына жауап беретін сөз табы?
Зат есім
3. Екі нүктені қосатын түзу қалай аталады?
Кесінді
4. Жапырақ, сабақ, тамыр өсімдіктің қандай мүшелері?
Өсімді – вегетативті
5. Тынық мұхитының ең терең жері.
Мариан шұңғымасы ( 11021 м )
Слайд№6
1. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі ?
Қытай немесе болгар бұрышы
2. Үндестік заңының түрлері?
Буын үндестігі – Дыбыс үндестігі
3. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады?
Параллель
4. Гүл, жеміс,тұқым өсімдіктің қандай мүшелері?
Көбею – генеративті
5. Ең лас мұхитты ата?
Атлант
Слайд№7
1. Хан сайланып болғаннан соң ханның бар мал – мүлкін халықтың бөлісіп алу дәстүрі.
Ханталапай
2. Ешқашан қайталанбайтын, бір-ақ рет келетін жалғаулық .
Және
3. Бір нүктеден шыққан екі сәуле қалай аталады?
Бұрыш
4. «Рахит» ауруы қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады?
D
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Тұсбағдар ( компас )
Слайд№8
1. Қазақта хан сайлауында хан отырған ақ киізді жұғысты болсын деген ырыммен бөлісіп алу дәстүрі.
Тәбәрік
2. Сөйлем айтылу түрлеріне қарай нешеге бөлінеді.
Төрт ( 4 )
3. 180 градусқа тең бұрыштың түрі.
Жазыңқы бұрыш
4. «Берир-бери» ауруы қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады?
В1
5. Белгілі бір жердің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы.
Жергілікті жердің планы
Слайд№9
1. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан?
Әбілхайыр
3. – ақ, –ай, – ау, – ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрі
Лепті сөйлем
3. Бұрышты қақ ортасынан бөлетін кесінді қалай аталады?
Биссектриса
4. «Құрқұлақ (цинга)» ауруы қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады?
С
5. Жердің кішірейтілген нақты үлгісі.
Глобус
Слайд№10
1. Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі
Әмірсана
2. Екі не оданда көп адамның өзара сөйлесуі не деп аталады?
Диалог
3. Үшбұрыштың неше сыртқы бұрышы бар?
Алты ( 6 )
4. «Пеллагра» ауруы қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады?
РР
5. «География» ұғымын ғылымға енгізген кім?
Эратосфен
Слайд№11
1. Индустрияландыру кезінде Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик.
И. М. Губкин
2. Стильдің тіл ғылымында неше түрі бар?
Бес ( 5 )
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
180 градус
4. Ағзаның жеке дамуын зерттейтін ғылым
Онтогенез
5. Қазақстан территориясы арқылы неше табиғат зонасы өтеді?
Төрт ( 4 )
Слайд№12
1. Индустрияландыру жылдарында Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик.
Н. С. Курнаков
2. Кепілхат, сенімхат стильдің қай түріне жатады?
Ресми іс-қағаздар стилі
3. Дөңес төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
360 градус
4. Ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққанға кейінгі кезеңі?
Эмбриондық
5. Металлургия өнеркәсібі нешеге бөлінеді?
Екі ( 2 ) Қара және түсті
Слайд№13
1. Жезқазған мыс кенін зерттеген инженер, қазақтан шыққан тұңғыш геолог.
Қ. И. Сәтбаев
2. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
Пунктуация
3. Барлық қабырғасы тең параллелограмм қалай аталады?
Ромб
4. Жыныс жасушасының бөлінуі қалай аталады?
Мейоз
5. Алюминидің шикізатын ата?
Боксит
Слайд№14
1. Алашорда үкіметінің күншығыстағы астанасы болған қала.
Семей
2. Буынның түрлері нешеу?
Үшеу ( 3 )
3. Төртбұрыштың неше сыртқы бұрышы бар?
Сегіз ( 8 )
4. Дене жасушасының бөлінуі қалай аталады?
Митоз
5. Соколов –Сарыбай темір кен орны қай облыста орналасқан?
Қостанай
(2– бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасы жариялап өтеді)
Слайд №15
(ІІI. бөлім) «Дода»
Жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі ойынды әрі қарай сабақтастырып, келесі «Дода» бөлімін бастаймыз.
Ойын ережесі:
Экранда 4 профиль берілген. Профильдер «Ғажайып жаратылыс», «Ән мен әнші», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ұлттық мәдениет» деп аталады. Әр профильде 10, 15, 20 ұпайлық сұрақтар орналасқан ұяшықтар бар. Сұраққа 10 секунд уақыт арлығында жауап берулеріңіз тиіс. Жауап болмаған жағдайда қарсылас ойыншыларға жауап беруге болады. Ұпайды ұяшыққа сәйкес алатын боласыздар.
Ескерту: осы бөлімнен кейін жалпы ұпай саны аз тағы 4 ойыншымыз ойыннан шығады.
(3 – бөлімнің қорытындысын әділқазы алқасы жариялап өтеді)
Слайд №16
(ІV. бөлім) «Жорға»
Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз – дей отырып, «Жорға» атты бөлімді бастаймыз.
сайыскерге ұсынылатын сұрақтар:
Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі? Әбілхан Қастеев
Орыс тілінде неше сөз табы бар? 10
Жылқы сүтінен жасалған сусын ҚЫМЫЗ
Қытай елінің ұлттық валютасы Юань
Үштің үш дәрежесі 27
Көңілді оқиға желісіне құрылған шығарма КОМЕДИЯ
Әлемдегі ең үлкен көл Каспий
Аюдың баласын қалай атайды? Қонжық
Түркілердің ең жоғарғы билеушісін қалай атаған? Қаған
«Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы М. Х. Дулати
2+2*2 нешеге тең 6-ға
Қ. Р. жоғары атқарушы билік органы? ҮКІМЕТ
Қырғызстан астанасы? Бішкек
«Назым ару» - қай эпостық жыр кейіпкері? «ҚАМБАР БАТЫР»
Ноталар тізбегіндегі үшінші нота МИ
2 – сайыскерге ұсынылатын сұрақтар:
Қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
Түйе сүтінен жасалған сусын ШҰБАТ
Ресей Федерациясының ұлттық валютасы Рубль
Төрттің екі дәрежесі 16
Қайғылы оқиға желісіне құрылған шығарма ТРАГЕДИЯ
Әлемдегі ең терең көл Байкал
Қасқырдың баласын қалай атайды Бөлтірік
Қыпшақтардың ең жоғарғы билеушісін қалай атаған? Хан
«Құтты білік» еңбегінің авторы? Жүсіп Баласағұн
4-2*2 нешеге тең 0-ге
Қ.Р. заң шығарушы орган ПАРЛАМЕНТ
Өзбекстан астанасы Ташкент
«Ақжүніс ару» - қай эпостық жыр кейіпкері? «ЕР ТАРҒЫН»
Ноталар тізбегіндегі төртінші нота ФА
Әділқазылар ұпайын есептеп болғанша ортаға «Мен қазақпын» әнімен Түркістан облысынан келген Қоңырбай Нұрболды ортаға шақырамыз
(4 – бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасы жариялап,сайыс жеңімпазын анықтайды)
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген