400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Көшбасшы мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көшбасшы мұғалім

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Луций Анней Сенека

Тарихта қазақтай көп нәубет көрген ұлт жоқ та шығар, сірә. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет" деп пікір білдірген. Шүкір, ешкімге жалтақтамай өз алдымызға мемлекет болғанымызға бүгінде 27 жыл толып отыр. Бабаның қаны, ананың жасымен келді бұл тәуелсіздік. Ата – бабамыз бізге тек азаттық сыйлап қана қойған жоқ, сондай – ақ, ұлан – байтақ жерді мұра қылып қалдырды. Заманыңа қарап бөркіңді ки деп рұқсатын да берді. Жас мемлекетпіз. Нағыз заманымыздың түлкі кезі, тазы боп шалмасақ болмас. Бұрынғыдай жүректің түгі, білектің күшіне сенуге болмайды. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Өзеннің тартылуы, байлықтың сарқылуы әбден мүмкін. Алайда, адамның жадынан өшпейтін, ешкім де тартып ала алмайтын байлығы ол – білімі. Ұлтымыздың жарқын болашағы тек осы білімді ұрақтың қолында. Ал сол білімді ұрпақты қалыптастыру мына біздің, яғни, ұстаздардың міндеті.

Білім инемен құдық қазғандай деп жатады. Ал білім беру одан да қиынырақ дегім келеді жас маман ретінде. Бұл орайда бастауыш сынып мұғалімінің жүгі едеуір ауыр. Алдыңда жиырма түрлі бала, жиырма түрлі тағдыр отырады. Өз балаң болмаса да әрқайсысына туған балаңдай қарап, бар білгеніңді үйретіп, білім мен тәрбиені қоса беру керексің. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деп Әл – Фараби бабамыз да айтып кеткен. Ұстаз алдындағы ең басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.  Жалпақ тілмен айтқанда біздер пендеден тұлға жасап шығаруымыз керек. Жәй ғана тұлға емес, ұлтын сүйетін, ұлтының игілігі үшін барын салатын тұлға болуы керек. Былай қарасаң қорқынышты, жүгі ауыр мамандық. Бірақ берген біліміміздің нәтижесін көру, мамандығымызға деген сүйіспеншілік, оқушыңның сені өз анасындай көріп, кұрметтеп, идеал санауы біздің қорқынышты сейілтіп, керісінше шабыттандырады. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.  Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.  Ғалым да, ғарышкер де, елбасы да, тіпті, ұстаз да ұстаздан білім алған. Мен де бұрын оқушы кезімде «неге осы мұғалімдер әр сыныпқа жылда бір нәрсені түсіндіруден жалықпайды» деп ойлайтынмын. Кейін өз арманыма жетіп, мұғалім болып жұмыс істей бастағанда өз сұрағыма өзім жауап таптым. Балаға қайталап түсіндіру жалықтырмайтынын керісінше біліміміздің санамыздан өшпеуіне ықпал етеді екен. Осы тұста Хакім Абай атамыздың: «Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.» деп ұстаз тамырын дөп басып жырлаған шумағына еріксіз таңдай қағасың.

Иманғали Тасмағанбетовтың: «Кім де кім тұлға дегеніміздің жан дүниесінің түкпіріне үңіле алатын болса, және сәл түзетуді қажет ететінді операция үстелінің қасындағы хирургтан да нәзік түрде түзеп жіберсе - нағыз мұғалім сол. Себебі ол, адамның сыртқы тәнінен күрделі әлемге еніп тұр» деген пікірі көңілге қонымды. Иә, сол күрделі әлемге еніп, күрмеуін шешетін ұстаздар қауымы қандай мақтауға болмасын лайықты. Бір әріп үйреткен ұстазыңа 40жыл сәлем бер деп Жүсіпбек Аймауытов та айтты еме пе? Шәкіртеріміздің бәрі бірдей ақын, ғалым болуы мүмкін емес, әрине. Сәлем беру, ғалым болу өз алдына егер шәкірті берген білімін дұрыс пайдаланып өмірден өз орнын тауып жатса ұстазға одан артық бақыт жоқ. Ұстаз миссиясы пендені адам қылу ғана емес, адамгершілікті адам ету деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі