Материалдар / Көшбасшы мұғалім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көшбасшы мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
2159
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Эссе»«Көшбасшы-мұғалім» Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылы «К.Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп »КММ-де батауыш сынып мұғалімі. «Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол - нағыз ұстаз» Л. Н. Толстой

Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті. Әрбір оқытушы хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ. Көшбасшы ұстаз оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және шығармашылық ізденіске апаратын ұлы тұлғалардың бірі.Ұстаз міндеті оқушылар тәрбиесіне, біліміне үлкен мән беруі қажет деп ойлаймын. Бала біздің болашағымыз ,сондықтан ұстаз ерінбей еңбекетіп , әріптестермен бірлесе жұмыс жасап, аяғынан нық тұруға көмектесуіміз керек. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісін береді, яғни оқушының үнемі қадағалау , түзету, ата –анасымен тығыз байланыста болу ұстаздың міндеті. Көптеген курстарға барып,өзімнің-тәжірибемді дамыту үстіндемін. Әріптестерімен көптеген коучинг сабақтарына қатысып, деңгейлік оқуларды оқып келемін. Көптеген әріптестерімнің сабақтарынан әдіс –тәсілдер үйреніп, пікір алмасып келемін. Бала жүрегі аппақ,әлі әріптер түспеген қағаздар сияқты. Осы 5жыл аралығында қабілетті, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізіп келемін. Менің ойымша баланы жүрегінмен оқы,жүрегінмен тыңда, жүрегінмен қабылдасан ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Оқушыларым аудандық ,республикалық жарыстардан өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан болғандықтан өзім жоспарлаған сабақтарымды өткізіп жүрмін. Глейзердің айтуы бойынша критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы болады деген екен. Яғни мен өз сабақтарымда қалыптастырушы бағалаумен сабақ барысында жүргізіу керек екенін ұғындым Менің мақсатым болашақта ,келер ұрпаққа саналы да сапалы тәрбие білім беру. Шәкірттерім биіктен көрініп, жетістіктерге жетелеу. Сыныбымда сындарлы оқытудың жаңашылдығын пайдаланып тәрбиелі,өнегелі оқушы тәрбиелеу. Көшбасшылық және оқытудағы басқару осы сабақта жүргізілген күрделі процесс. Себебі білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Менің ойымша оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жеті модульді ықпалдастыра отырып алдағы уақыттағы оқушыларымның ойларын жеткізе алатын, топтық жұмыста белсенді қатысып, еркін сөйлей алатынына байқадым. Мен көшбасшы ұстазды текқана өз мамандығы бойынша ғана көрмеймін. Көшбасшы ұстаз ақылды, шебер, тапқыр, шапшаң, тек қана алдыға ұмтылатын сабырлы жандарды да көсбасшы деп есептеймін. Казіргі заман талабына сай ұстаз әрқашан көшбасшы бола алады және болады деген сенімдемін.Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным;- Білімді игерудегі әрекеттер; - Білімді игеруде қалыптасқан білік, дағды, машықтар, қатынастар, құндылықтар, құзырлылықтар.- Бірлесе жұмыс жасай білу;- Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу;- Таңдау жасап, шешім қабылдай білу;- Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу;- Өзіндік түсінік, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу; - Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білетін ұстаз көшбасшы.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!