ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБІ КММ
Бекітемін
Мектеп директоры
Т.Касымбекова
_________________
“Көшбасшы ұстаз” ұстаздарға арналған тренинг

Қатысушылар: бастауыш сынып мұғалімдері
Жауапты: Тұрлығожаева А.
Асқарова Б.Т.
Шалқар 2023 жыл
“Көшбасшы ұстаз” ұстаздарға арналған тренинг
Тренингтің мақсаты:
-
Мұғалімнің көшбасшылық қабілетін дамыту.
-
Мұғалімдер арасындағы қарым- қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау,өзін еркін сезінуге көмектесу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жіп, обруч, тәж.
Формат: тренинг
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. Тренинг шарттарымен таныстыру.
-
Ситуациялық сұрақтар
-
Тізбек моншақ. Сергіту сәті.
-
Караоке.
-
Көрініс.
-
Қорытындылау.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: 1 бөлім. Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін «Көшбасшы ұстаз» тренингіне қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, көшбасшылық қабілеттеріңізді дамытуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.Таңертең үйден шығар алдында айнаға қарап шыққан адам қол көтерсін. Ал, айнаға қарап күлімдеген адам қол көтерсін. Көріп тұрғанымыздай, күлімдеп шыққан адам аз. Сондықтан, құрметті әріптестер қазір жүзімізге күлкі ұялатып, бір-бірімізге күлімсіреп қарайық.
« Амандасу» жаттығуы
Қазір 5 секунд ішінде өзіңізге партнер тауып сол адамнын қолын қатты қысып амандасыныз. Сосын келесі жаттығуларды орындаймыз.
Оң қол оң қолмен
Иық иықпен
Ал тезірек партнерынды ауыстырыңыз.
Сол қол сол қолмен
Аяқ аяқпен
Арқа арқамен
Бет бетпен.
Амандасып алсақ, енді мына тұрған тәждерден қолдарыңызға бір-бірден алып, өз есімдеріңізді бір сын есім сөзбен қосып айтып тәжді бастарыңызға киіп алыңыздар. Мысалы, мен биязы Балауса .
«Топқа бөлу»
Ал, көңілімізді бір көтеріп алсақ енді топқа бөлініп алайық. Топқа бөліну үшін қазір сіздер қима қағаздар таңдайсыздар,сол суреттерден пазл құрастырып пазлдан шыққан сурет бойынша топ-топқа бөлінесіздер.
«Дене мүшелер биі»
Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық
Саусақ биі
Қолдар биі
Бас биі
Иықтар биі
Ішімізбен билейміз
Аяқтар биі.
2 бөлім. Топтық жұмыс. Ситуациялық сұрақтар.
Қазір сіздерге ситуациялық сұрақтар беріледі. Сіздер топпен ақылдасып ситуациядан шебер шыға алу нұсқаларыңызды ұсынасыздар. Ендеше, корзинаның ішінен ситуациялық сұрақтарыңызды таңдаңыздар.
Педагогикалық жағдаят
№1
Бастауыш сынып мұғалімі оқушының анасына оның
сабақта қандай жаңа оқу материалын меңгергенін айтып, оны үйде
бекіту жолдарын ұсынды. Анасы баласымен үйде отыратын уақыты
жоқтығын айтты. Әңгіменің соңы кикілжіңге ұласып, ата-ана мұғалімге
«Сіз ай сайын мемлекеттен ақша алып отырсыз, сондықтан сіздің
міндетіңіз баланы оқыту.
Мен отбасымды
асырауым керек» — деп жауап берді.
Педагогикалық жағдаят
№2
Екінші сынып оқушысының анасы мұғалімге
«Уақыт өткен сайын ұлым қырсық болып келе жатыр. Ұлымның әкесі мен
атасы да қырсық болған. Мүмкін, бұл тұқымқуалаушылық шығар?»- деген
сауал тастады.
Педагогикалық жағдаят №
3
Өзіңізді Оқу ағарту министрі деп елестетіңіз.
Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар
едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №
4
Сынып жетекшісі, әрі пән мұғалімі ретінде
мектеп мұғалімінің жұмысында қандай мәселелер (қиындықтар) болады?
Мектеп директоры болсаңыз — оларды болдырмау үшін не істер
едіңіз?
Сергіту сәті. «Тізбек моншақ»
Ситуациядан шебер шыға алсаңыздар, ендеше орнымыздан тұрып бір сергіп алайық. Шарты: шеңберге тұрамыз, тізбекті бұзбай обручты шеңбердің соңында тұрған адамға жеткіземіз.
3 бөлім. «Караоке әндер»
Сіздерге ақын-жазушылардың әндерін береміз, сол әндерді қосылған минусқа салып орындап шығасыздар.
1-топ.
М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай қайратты
–
Қырандай күштi
қанатты.
Мен жастарға
сенемiн!
Көздерiнде от
ойнар,
Сөздерiнде жалын
бар,
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға
сенемiн!
Жас қырандар –
балапан,
Жайып қанат
ұмтылған.
Көздегенi көк
аспан.
Мен жастарға
сенемiн!
Жұмсақ мiнез
жiбектер.
Сүттей таза
жүректер.
Қасиеттi тiлектер
–
Мен жастарға
сенемiн!
Тау суындай
гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм
дер,
Алтын Арқа жерiм
дер,
Мен жастарға
сенемiн!
Қажу бар ма
тұлпарға,
Талу бар ма
сұңқарға,
Иман күштi
оларда,
Мен жастарға
сенемiн!...
Алаш айбынды
ұраны,
Қасиеттi
құраны,
Алаштың олар
құрбаны,
Мен жастарға
сенемiн!
Мен сенемiн
жастарға.
Алаш атын
аспанға
Шығарар олар бiр
таңда,
Мен жастарға
сенемiн!
2-топ.
А. Құнанбаев «Жаз»
ЖАЗ
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
3-топ.
Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?
Түн ұйқысын тҿрт бҿліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң кҿз жасын кҿлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, кҿпке кетсең?
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, тҿбесі кҿкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын кҿзімен кҿргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып.
Еш арманым болмас еді ҿлгенімше...
4-топ .
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Әсемпаз болма
әрнеге,
Өнерпаз болсаң,
арқалан.
Сен де — бір кірпіш,
дүниеге
Кетігін тап та, бар
қалан!
Қайрат пен ақыл жол
табар
Қашқанға да,
қуғанға.
Әділет, шапқат кімде
бар,
Сол жарасар
туғанға.
Бастапқы екеу
соңғысыз
Біте қалса
қазаққа,
Алдың — жалын, артың —
мұз,
Барар едің қай
жаққа?
Пайданы көрсең бас
ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы
алма.
Мініңді ұрлап
жасырып,
Майданға түспей бәйгі
алма.
4-бөлім. «Түйінді шеш»
Қазір біз сіздерге түйінделген жіп береміз, соны топпен бірлесіп отырып шешесіздер. Ал, сәттілік...
5- бөлім . Интерактивті ойын.
Барлығымыз қолымызға ұялы телефонымызды алайық. Кахутқа кіріп әркім жеке сұрақтарға жауап береміз.
https://create.kahoot.it/details/6735b7a6-fefc-4053-b7ea-1022ce9693cc
Тренингті қорытындылау. Махатма Ганди видеосы.
https://youtu.be/CXdwRnFU0_4?si=BBA-bdNRTHtEs8DX
Көшбасшылық дегеніміз бұл адамдарға әсер ету және оларға командалық немесе ұйымдастырушылық мақсаттарға жету үшін жағдай жасау процесі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көшбасшы ұстаз"

шағым қалдыра аласыз