Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӨШБАСШЫ.Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӨШБАСШЫ.Эссе


«Ұстаздық - ұлық қызмет емес, ұлы қызмет», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұстаздық жолындағы әрбірімізге артылар жүк жеңіл емес. Толассыз білімді жетілдіру, үздіксіз оқу - ұстаздардың өмірлік міндеті. Біздің алдымызда «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» – деген маңызды мәселе тұр. Білім саласында өзгерістерді іске асыру үшін мектеп басшыларының рөлі маңызды. Өзгерістер жайында айтатын болсам, заман талабына сай оқушылар білімді жай ғана иеленуі аз, себебі ХХІ ғасырдың тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылуда. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, дегенмен, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды иелену үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болу керек. Мұндай өзгерістерді іске асыру үшін мен мектептегі басқару рөлімді өзгеріске бағыттап, оны кеңейтуім керек екендігін түсінемін. Соның нәтижесінде оқыту мен оқу туралы барынша хабардар болып, мектептегі барлық мұғалімдер анағұрлым тиімді жұмыс істейтін болады. Көшбасшылық дағдысы қалыптасқан мектеп көшбасшысы мектепті тиімді басқара отырып, тәлімгерлік, коучинг үдерісін үздіксіз және ұдайы жүргізгенде ғана нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін.

Мектеп басшысы және мектептегі мұғалім көшбасшылары үшін ең күрделі мәселе: ол- қағидатты тәжірибеге көшіру, абстрактілі негіз құрып, ынтаны тәжірибеге айналдыру болып табылады. Осының салдарынан, мектеп басшысы ретінде ынта мен тәжірибенің барынша сәйкес келу мүмкіндігін арттыру мақсатында бірқатар стратегияларды қолдануым қажет екен. Мен мектептің ұйымдастырушылық басқару үдерісін стратегиялық жоспарлау үшін жауап беремін ғой... Яғни, басымдықтарды белгілеймін, ресурстарға көңіл бөлемін. Қызметті күшейтіп, қызметкерлерді ортақ мақсат үшін жұмыс істеуге жұмылдырып, күтілетін нәтижелер мен қорытындылар жайында келісіп, әлемдегі өзгерістерге сәйкес, мекеменің бағыттарын бағалап, өзгерту жолдарын тиімді стратегия арқылы мектептің дамуына өз үлесімді қосамын деген ойдамын.

Қазіргі күні мектеп мұғалімдері мен оқушыларының бойындағы өзгерістерді байқадым. Мектептегі және оның материалдық базасын дамытуға арналған нақты жоспар мен тұжырымдаманы жасап, енгізу үшін басқалармен, яғни көшбасшы мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істедім. Тиімді және қауіпсіз оқу ортасын құру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында мектептің қызметкерлері әдістерді тиімді пайдалануына мүмкіндік жасадым. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен және басқалармен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысты орта құруға ұмтыламын.

Мектеп көшбасшысы ретінде мұғалімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді тәлімгерлік үдерісі арқылы дамытуға болатынын тәжірибе барысында түсіндім. Өйткені, көшбасшы мұғалім – тәжірибелер мен ақпарат көзі. Ал мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық, бұл- мектепті жетілдіру мен өзгертудің кепілі. Қорыта келгенде, менің ойымша бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірде өз білімін қолдана алатын тұлға қалыптастыру.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
7171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12