400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӨШБАСШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшбасшы дегеніміз- (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам. Басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды «көшбасшы" деп атайды. 2019-2020 оқу жылында топ жетекшісі жиналыс жасап, оқу жоспарымен, колледж ережелерімен таныстырып болғасын, көшбасшылыққа (староста) мені ұсынды. Осы күннен бастап мен өз міндетіме кірістім. Арнайы журнал жүргізіп, топ жетекшісіне керек мәліметтерді беріп отырдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӨШБАСШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ

Кулбаева Дильназ

ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, 2 курс, күндізгі, Ақтау қаласы, kulbayeva03@inbox.ru, tulesh62@mail.ru

Н.К.Тулешова, 1 санатты арнайы пәндер оқытушысы

Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – оқытушының аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық бір тектілікті сақтаудан басталады. Әр қазақстандық болашақ азаматы мен азаматшасы көшбасшы бола білу қажет деп ойлаймын.

Көшбасшылар адамзат тарихының барысында барлық мәдениетте орын алған. Египет иероглифінің арқасында көшбасшыны білдіретін символдың бес мың жыл бұрын болғанын білеміз. Көшбасшылыққа мыңдаған жылдар бойы тарихшылар мен философтар тарапынан үлкен ққызығушылың танылған. Ол әрбір адамның өмірінде маңызды ролге ие.

Көшбасшы дегеніміз- (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам. Басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды «көшбасшы" деп атайды.

2019-2020 оқу жылында топ жетекшісі жиналыс жасап, оқу жоспарымен, колледж ережелерімен таныстырып болғасын, көшбасшылыққа (староста) мені ұсынды. Осы күннен бастап мен өз міндетіме кірістім. Арнайы журнал жүргізіп, топ жетекшісіне керек мәліметтерді беріп отырдым.

Рисунок 6

Сурет 1. Білім күні


Топ студенттерін басқара отырып, өз мүдделі болған ісіме белсене кірісіп, студенттер арасында қызығушылықтыда оята білдім..



Сурет 2. 1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні.


Студенттер қиналған сәттерінде маған келіп кеңес сұрайды, қуаныштарымен бөліседі, мен әрқашанда көмектесуге дайын екенімді білдіремін, қолымнан келмесе көмекке топ жетекшіні шақырамын, жауабын айтуға тырысамын. Көшбасшы бола жүріп топ студенттерінен жаңа идеяларыммен, алдыма қойған мақсаттарыммен ерекшелендім. Өз бойымда осындай қасиетім барына ойланбаппын, бірақ адам көшбасшы болып тумайды, оған айналады екен


Мені тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеген топ жетекшісіне көп алғысымды айтамын.

Менің әрдайым өз пікірім болады, өз ойымды айтуға қорықпаймын. Менімен келіспеседе топтағы студенттер мені сыйлайды. Ал достардың арасында құрметке ие болу-көшбасшы болудың алғашқы сатысы.



Сурет 3. Күз хандазасы мен ханшайымы байқауы


Көшбасшының бойында көп қасиет болу керек, ол – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық, ең бастысы менің мінезім жақсы болу керек, сабырлы болу, берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындауым керек, дұрыс шешім қабылдай білуім керек, барлық іске ынтамен кірісуім керек, өзіме сенімді болуым керек, білімге деген құштарлық, әдептілік, байсалдылық, өз бетімше даму және өзгеше ойлау. Осы айтылған қасиеттердің жоғын дамыту үшін жұмыстануым керек.

Сабақ үрдісіндеде топ студенттеріне көмектесемін, топтағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы топтағы достарымның бір-бірімен серіктес болуына тартып, оқытушы мен студент арасында жылы қатынас орнатуға, жоспар құру, өзіме сенімділігімді арттыруға, достарымды құрметтеп, олардың ойларымен санасу жауапкершілігін үйрендім.

Тобыммен көптеген жарыстарға, іс-шараларға қатыстық, жүлделі орындар алдық. Қашықтықтан оқуға ауысқандада топ жетекшімен бірге, онлайн тәрбие сағаттарын өткіздік, бейнероликтар жасадық, сурет байқауларына қатысып, диплом алдық.










Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бекбаева З.Н.Басқару іс-әрекетінің маңызы, мәні және негізгі қызметтері

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.

3. Джон Максвелл «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті»







































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.01.2021
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі