Білім беру
саласы: Денсаулық
Бөлімі: Қауіпсіз мінез құқық
негіздері
Тақырыбы: «Көшеде абай
бол!»
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелері
туралы мағлұмат беру.
Міндеті:1.Балаларға жолда жүрудің тәртіп
ережелерін қалыптастыру.
2.Алған білімдерін іс жүзінде
қолдануға қызығушылығын тудыру.
3.Өз денсаулығына күтіп ұстауға
деген ұмтылысын және полиция және жүргізуші мамандығын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,
әңгімелесу.
Билингвальды
компоненті:жол белгісі-дорожный знак,
бағдаршам-светафор, полиция
қызметкері-гайшник.
Көрнекіліктер: жол белгілерінің суреттері
салынған конверт, бағдаршам, жұмыс
дәптері.
|
Іс-әрекет
кезеңі
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивация-лық
қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы
кезеңі
|
Балалармен шұғыл қызмет
телефонының нөмірлерін еске түсіріп шығу.
Тосынсый
сәті.
Пошташы келіп, балаларға
конверт әкеліп береді.
Конвертте жол белгілері
салынған екен, балаларға көрсетіп, не екенін
сұрайды.
Жұмбақ
жасыру.
Қызыл көзін
ашқанда,
Сынық сүйем бас
алға.
Сары көзін
ашқанда,
Қарап қалма
аспанға.
Жасыл көзін
ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
(Бағдаршам)
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Полиция)
Ойын:
«Көше»
Шарты: балалар бір
тобы-жүргізуші мен жолаушылар, ал екінші тобы- жаяу жүргіншілер
болып бөлініп ойнайды.
Дәрігер Салауаттың
кеңесі.
Әліппе-дәптермен
жұмыс.
Тәрбиеші балаларға
денсаулығымыздың мықты болуы көшеде жүру тәртібін сақтауға да
байланысты екенін айтады.
Ойын:
«Бағдаршам»
Шарты:
Тәрбиеші балаларға жасыл түсті
көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде-алақан соғады, қызыл
түсте тыныштық сақтайды.
Тәрбиеші балаларға жол
белгілері жайлы түсінік береді.
Ереже:
Әліппе-дәптермен
жұмыс.
Ереже:
-Таныс емес адамдармен
сөйлеспе.
-Бөтен адамның сыйлығын алушы
болма.
-Бөтен адамның машинасына
отырма.
|
Балалар өз ойларын
айтады.
Балалар ойынға
қатысады.
Дәптердегі тапсырмаларды
орындайды.
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
кезеңі
|
Қортынды:
-Бағдаршамға қарауды
ұмытпа.
-Көше мен жолда адамдармен
сөйлеспе.
-Көшеден арнайы жолақ жолдан
өт.
-Көшеде бейтаныс адамдармен
сөйлеспе.
Мадақтау. Тәрбиешінің
бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін
айтады.
|
Күтілетін
нәтиже:
Білуі
керек: жол қауіпсіздігі ережелерін,
жолда жүру ережелерін, жол белгілерін;
Нені
игереді : мамандықтар туралы, полиция
қызметкері мамандығы туралы түсінікті.
Нені
біледі: жолдың белгіленген жерінен
өтуді; жол ережесін сақтауды, қауіпсіздік ережелерін
сақтауды