Тақырыбы: «Көшеде жүру тәртібін білесің
бе?».
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі бала
тәрбиесінде халық педогогикасының рөлі өте маңызды. Балаларға жолда
жүру ережесін үйрете отырып бағдаршам, бағдаршамның түстерін,
көшеден бағдаршамның қандай жарығы жанғанда өту керектігі, көшедегі
әрбір белгілер туралы кеңірек мағлұмат беру.
Оқу
іс-әрекеттің барысы: Сабақ барысынды балалар
топтағы орталық бірлестіктерінде жұмыс істеп, көлік түрлерін
ажырата білуге, жолдан өткенде жол белгілерін есте сақтауға,
бағдаршамды бейнелеп салу әдістерін үйренеді. Сондай-ақ бір-біріне
сұрақ қойып, оған жауаптар іздеуге бақылауға , салыстыруға, сөздік
қорын молайтып, жаңа ұғымдағы сөздерді, өз ойларын еркін айтуға
дағдыланады
Басты
міндеттері:
-
Өмірдегі
қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымын
кеңейту.
-
Патриоттық сезімін арттыру.
-
Ұлттық
тәрбиеге ықылас қою.
Полиция қызметкері: Балалар біздің Бостандық
ауылымызда кішкентай, өте ақымақ Қоян өмір сүреді екен. Ол көшенің
арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық
жаяу жүргіншілер жолымен өтті. Ол кезде қоян не
істеді?
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет
емес. Сендерге бір құпия айтайын. Трамвай, автобус, машинадан
қорықпаймын. Кез келген жерден зу етіп жүгіре
шығамын.
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші
болғанда жеңіл машина оны қағып кетеді. Бұл жағдайды көрген жол
сақшысы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалды.)
Полиция қызметкері: Сәлеметсіздер ме? Бұл
«Жедел жәрдем» бе? Қоянды көшеде жеңіл машина қағып
кетті.
Тез
келсеңіздер екен. Жағдайы өте нашар.
(«Жедел жәрдем» келіп ішінен дәрігер
түседі.)
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр, Қоян?
Қазір сені тексерейін.
Қоян: Аяғым ауырып жатыр. (Айқайлап
жылап жіберді.)
Полиция қызметкері: Жылама, шыда, Қоянжан!
Бағдаршамға қарап жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас
едің. Дәрігер, қоянның жағдайы енді не бомақ? Ол енді жүре ала
ма?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп,
ауруханаға жастқызамын.
(«Жедел жәрдеммен» дәрігер қоянды алап
кетеді.)
Полиция
қызметкері: көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті. Біз
жолдан өткенде бағдаршамға қараймыз ба? Бағдаршам дегеніміз
не? (Ортаға бағдаршамның үш
түсі болып балалар шығады.)
«Бағдаршам»
Ашса
кезек үш көзін,
Айтты
деп ұқ үш сөзін:
«Тоқта!»
«Сақтан!»
«Жол
ашық!»
Жүрме
жолға таласып.
Қызыл
көзін ашқанда,
Сынық
сүйем баспа алға,
Сары
көзін ашқанда,
Қарап
қалма аспанға.
Жасыл
көзін ашқанда,
Өте
бергін жасқанба.
Көзін
ашып-жұмады,
Бағыт
сілтеп тұрады.
Ә.Табылдиев.
Бағдаршам
– көше қозғалысын реттейтін шам. Оны Дж.Найт ойлап тапты. Алғашқы
бағдаршам 1868 жылы Лондонда орнатылды және ол қолмен
басқарылды.
«Бағдаршам»
Сақта
көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Біліп
алдым мен де:
Жасыл
жанса демде,
Алға
кетем лезде.
Сары
жанса сабыр,
Сақтай
тұрам әзір.
Жанса
қызыл шоқтай,
Қаламын
кілт тоқтай.
(Жасыл, сары,
қызыл сөздерін айтпай тастап кету.
Балалар қолдарындағы бағдаршамның түстерімен айтылмай кеткен
сөздерді көрсетіп отырады.)
Полиция қызметкері: Ал енді, балалар
ауруханаға телефон соғып қоянның көңіл-күйін
білейін.
(Осы
кезде бағдаршамның шамдары ымыраға келмей
дауласты)
Қызыл
шам: Мен мықтымын! Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты
бір орында тоқтатып тастаймын.
Сары шам:
Жоқ, мен күштімін! (Бағдаршам бұзылып
қалады.)
Жасыл
шам: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсатберемін!
Полиция
қызметкері: Бұл не деген айқай – шу? (ысқырады)
Балалар:
Бағдаршамның шамдары дауласып жатыр.
Полиция
қызметкері: Біз бағдаршамысыз қалай өмір сүреміз? Маған көп салмақ
түсетін болады ғой. (Балалар хормен өлең айтып бағдаршамның
шамдарын жақтыртып, жол сақшысының көңілін
көтереді.)
Хормен:
Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық!
Бағдаршам-ау, бағдаршам,
Достасып
тату болайық!
Полиция
қызметкері: Рахмет сендерге, достарым! Менің сендерге айтатын
қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды
қарсы аламыз ба, балалар?
(Осы
кезде хат тасушы Қояннан хат әкеліп береді.)
Қоянның
хатын сендерге оқып берейін.
Құрметті
менің достарым!
Балалар маған көмек қажет! Ауруханадан шыққан соң үйіме
қалай қайтарымды білмей миым қатып отыр. Себебі мен жолда жүру
ережесін білмеймін. Тағы да ауруханаға түскім
келмейді.
Өтініш: көмектесіңдерші! Сәлеммен
қоян.
(Жол
сақшысы балалармен бірге қоянды аурухананың алдынан барып
тосады.)
Амансың
ба, Қоянжан!
Қорықпағын сен жолдан.
Үйретеміз
барлығын,
Боламыз
біз «Ботақан». Сұлтан
Мынау
тұрған бағдаршам,
Қызыл,
сары, қызыл шам.
Кезекпенен жанады,
Ұғып
алғын Қоянжан! Ақкенже
Қызыл
түсі жанғанда,
Баспа
қадам сен алға!
Сары түсі
жанғанда,
Дайындалып тұр мұнда!
Жасыл
түсі жанғанда,
Жорта
бергін сен жолда! Рамзан
Полиция қызметкері: Қоянжан, енді сен
бағдаршамды, оның түстерін, жаяу жүргіншілер жолын ғана білдің. Сен
білмейтін көшедегі белгілер жайында біздің «Балапан» тобының
балалары жақсы біледі.
Нұрсұлтан: Қоян мен саған жұмбақ
жасырамын.
Күндіз-түні жанамын,
Дабыл
беріп бәріне,
Үш түрлі
түсім бар.
Белгілі
жас пен кәріге.
(Бағдаршам)
Полиция қызметкері: Балалар қоянды қол
бұлғап шығарып салайық!
Сау бол,
Қоянжан!
Қорытынды: (Сұрақ-жауап арқылы
пысықтау)