жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көшеде жүру ережесін үйренейік!
Тақырыбы: Көшеде
жүру ережесін үйренейік!
Мақсаты:
1.Оқушылардың
жолда жүру ережесі, жол белгілерінің
түрлері жайында
білімдерін толықтыру.
2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін
дамытып, түсініктерін кеңейту.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам,
жол белгілері салынған суреттер, жол
ережесіне
арналған
презентация.
Сабақтың
жүру барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: 1.
Оқушыларды топқа бөлу.
(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)
2. Сұрақ- жауап1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?
2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?
3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз?
Мұғалім:
— Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз
бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
ІІ.
Негізгі бөлім: 1. «Ой қозғау»
Жұмбақтар1.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен
түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап
аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
(Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен
өткізген,
Іргеден басталып, алысқа
жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та,
ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш
көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным
бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір
үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл
жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей
білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
(Бағдаршам)
Сұрақ: —
Бағдаршам деген не?
— Ол қандай
қызмет атқарады?
2. « Кел, танысайық!» айдары
Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.
Бағдаршам
— жол элементтерінің ішіндегі ең
ерте қолданыла бастағаны. Қазір
бағдаршамның жасы жүзден асып кетті.
Оның кескін келбеті де құрылысы да
әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына
қатысушыларға өз жарығымен бағыт
сілтейді.
Біздің еліміздің қала,
ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас
ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар
да, үлкендер де, яғни барлық көлік
жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай
орындауы керек.
Сұрақ: —
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін
білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не?
(Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі
тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен
жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің
ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)
Хормен: Қызыл
көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа
алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап
қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте
бергін, жасқанба!
( Әр топ оқушылары
бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап,
кезегі келгенде көрсетіп тұрады)
Қызыл
– Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл –
Жол ашық!
3. «Жол белгілерін білеміз бе?»
(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)
Сергіту сәті: Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.
Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.
Жасыл: құшақтасамыз.
4. Топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.
5. «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!»
Сұрақ-жауап:
1.
Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез —
келген көлік түрін пайдаланатын
адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз
не?
Бағдаршам автомат жүйесіне
қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын
реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан
бастап жолмен жүруге болады?
Жол
бойына 14 жасқа толған балаларға ғана
рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса
не істеу керек?
Өз көзіне сену керек,
жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа
қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа
мойныңды бұр
5.
Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның
қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел
жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада
7.
Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру
неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті
тоқтата алмай, адам өміріне қауіп
төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт
сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше
күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.
9. Жолда қай жерден өту керек?
Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.
6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету
ІІІ. Қорытындылау.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі — заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға
Жол
заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап
етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер
тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы
көбінесе балалардың жол бойында қалай
болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы
тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып
келетін салдарынан бұзылады.
Жол
тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер
машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,
кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері
өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан
әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда
жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты
мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды
жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті
оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын
бұзбайды.Міне,
балалар, біз сендермен жолда қалай жүру
керек екенін білеміз.
Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.
Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.
Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!
\
Тақырыбы:
Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты:
Оқушыларға
жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек
түсінік беру.
Көрнекілігі:
Жаңа жыл суреттері
Барысы:
Сиқыршы
қыз:
Кішкентай
сиқыршы.Ой,бүгін күн қандай тамаша!Осы
ғажайып күн бізге күлімдеп,қуаныш сыйлап
тұрғандай.Мен үшін бүгін ерекше күн.Бүгін
менің сиқырлы таяғым таң тамаша таңжайыпты
көрсете ме екен?Қане,сиқырлы таяғым
қандай қызық көрсетесің? (осы кезде шар
жарылып,жүргізушілер шығады)
Жүргізуші:
Армысың
кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы
.
Сәлеметсіз
бе?Мен сізді танымадым.Мен өзі қайда
тұрмын?
Жүргізуші:.Бүгін
біздің мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне
арналған ертеңгілік кеші өтеді.Кел,кішкентай
сиқыршы,біздің балалардың білімін,өнерін
бірге тамашалаңыз.
Сиқыршы
қыз.
Рахмет
,сізге.Мен сізге көмектесіп тұрсам
болама?
Жүргізуші:
Әрине
болады.Сен бізге қонақ бол.Балалардың
өнерін тамашала.
Ән:
Шырша жыры
Жүргізуші:
Келіңдер
балалар, ертегімді тыңдаңдар. Ертегімде
сан қилы қызық-қызық сырлар бар.Жаңа-жылдың
кешінде аңдар келіп, бір шешімге
достаспақшы ниетпен жиналыпты. Соныменен,
жаңа-жылға арналған ертегіні
көріңдер.
Шыршаның
артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау,
жарандар, ал қараңдар
Жауып
тұр қар себелеп.
Көкке
толды, жерге қонды
Сансыз
аппақ көбелек.
Тым
алыстан, Марстан
Келіп
Аяз атамыз
Жылды
тойлап, Билеп-ойнап,
Көп
қызыққа батамыз!
Ceкipin
билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.
Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:
Амансыз ба, аю паң!
Аю:
Жаңа жылдың алдында Тойды еске алдым
да Ұйқымды ашып, сергідім Ұйықтамаймын
мен бүгін! Жылды қарсы алайық Би билеп,
ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында «Жан салайық»
ойынға! Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол
кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі
Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда! Түлкі
Достарым, жыл келеді Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің Өнерін жұрт
көреді Тауып өз сыңарымды Тайсалмай,
биге түcin, Тарқатам құмарымды. Аю, қоян:
Рахмет, түлкіжан Жүрген жерің күлкілі
ән! Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы
кезде орталарына кipni келеді
Kipпi:
Сәлем,достар,аман
ба? Нұр берді шырша алаңға Жылға шашу
шашайық, Тойлап, көңіл ашайық. Қоян Келші
биге басайық! Бәрі билеп жатқанда,
жолбарыс келеді.
Өнершіл
аңдар-ай Өңкей паңдар тыңдаңдар, Жаңа
жылға әнім бар Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар Бәріңізге 6ip
сәлем.
Бәpi:
Сәлем,Жолбарыс! Жақсы-ақ биі! Бәpi қосылып,
билейді.
Бәpi:
Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты
болсын!
«Аңдар»
биі биленеді. Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Жүргізуші:
Жарайсындар, балалар! Енді барлығымыз
«Ескі жылды» шығарып салайық.
Ескі
жыл:
Шырша
тойы құтты болсын ағайын,
Жыр
тойында би билеп ән салайық.
Күлкінің
керуеніне біз де ілесіп,
Езу
жимай бір жарасып қалайық.
Ескі
жылың есіркеп.
Жаңа
жылың жарылқап,
Еліңде
болсын жақсылық,
Бейбіт
күнің жарқырап
Қоштасамын
бүгін мен,
Сіздерді
қимас көңілмен,
Келер
жылқы жылына.
Жақсылығымыз
көп болсын,
Ашық
болсын аспаның.
Аман
болсын жас-кәрің.
Жүргізуші
:Аяулы да құрметті 2013 жыл!Сен құтты жыл
болдың.Біз ризамыз саған ескі жыл!Сіз
бізбен қуанышың мен қызығыңды аяған
жоқсың.Енді сені тарих сапарына
аттандырғалы тұрмыз.2014 жыл қонақтап
шартарапқа.Біз сенімен мүлде
қоштаспаймыз,тағы кездесеміз.Ал,сау
бол,Ескі жыл!
Ескі
жыл:мен сендерге сенемін балалар,ұмытпаймын
сендерді сау болыңдар.
Хормен:Қош
,сау бол 2013жыл!
Жүргізуші:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме? Балалар: Иә. Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына Бip-ақ рет келіп
кетеді Қызы мен ұлына Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Жүргізуші:Балалар,
енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны
шақырайық. Ол орманда жүріп адасып
кеткен болар. Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата!
- деп айғайлап шақырады. Аяз Атаньң
орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де,
шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың
алдына келіп тұра қалады. Мыстан: Пай-пай!
Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң
кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе
екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп,
шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді.
/
Жүргізуші:
Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді
де шыршаны жұлуын тоқтатпайды Біз «Жаңа
жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз
біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән
бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы
терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның
тамырының терең отырғызылғанын-ай,
жұлынбайды ғой. Әрі тартады, бері тартады,
бірақ жұла алмайды. Шамалы дем алып
алайын сосын жұлып алармын
дейді.
Сиқыршы:
Мыстан
кемпір сен неге балалардың өнерін
тамашаламайсың? Балалар өнерлі екен.
Сен балалардың өнерін тамашала. Балаларға
сыйлық әкелдің бе?
Жоқ.
Ендеше мен Аяз ата мен Ақша қарды
жіберейін. Балалардың өнерін көрсін.
Сау болыңдар балалар!
Ән:
Аяз ата
Хор:
Аяз ата, Аяз ата
Жүргізуші:
Балалар
біз жаңа ескі жылды шығарып салдық. Енді
барлығымыз жаңа жылды шақырайық.
Қазір
келетін қандай жыл? Сендер білесіңдер
ме?
«Жылқы»
жылы
«Жаңа
жылы»
Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Жаңа
жылды жұп жазбай.
Келіңдер
қарсы алайық.
Жақсылыққа
бағытталған.
Жыланмын
мен жаңа жыл,
Жаңа
жылда барлығыңыз.
Жаңа
үміт таба біл.
Жылан
жылының мерекесін
Берекеге
жалғаймын.
Елде
жерде табиғатта
Бейбіт
жолды қолдаймын.
Балалар
өлеңі:
1.
Жылдың әнін бастайын,
Аяз-
Ата кеп қалды.
Майысады
жас қайың,
Көтере
алмай көп қарды.
2.
Бақша іші мереке,
Ойын
күлкі асқақ ән.
Жақсы
әпкелер жаңа кеп,
Мерекені
бастаған.
3.Жаңа
жылды қарсы алдың
Мініп
алып күймеге.
Мен
де бүгін ән салдым,
Араластым
биге де.
4.
Оралдың өлкеме,
Жаңа
жыл армысың.
Оранды
ақ көрпеге,
Асқартау,
қарлы шың.
Би:
«Қояндар»
Ән:
«Шырша жыры
Би:
«Ақша қар»
5.
Ақ қырауға малынған
Сақалы
да мұрты да.
Аяз
ата сағынған
,
Сәлем бepді жұртына.
6.
Безендіріп шыршаны
Жыл
қуантты баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз
оны басқарды.
7.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты
мол алып.
Келді
алыс сапардан,
Аяз
ата оралып.
8.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп
алдъқ жабылып
.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға
шам іліп
9.
Аяз Ата ойды қырды
Аралап
жүр түгел шолып.
Қарсы
алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі
болып. Қайда қызық болса думан, Аяз Ата
сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды. Аяз - Ата: Ой!
Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды
бip куантып, тастадыңдар.
мында
тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда
еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Сиқыршы:
Балалар
мен сендерге жұмбақ жасырсам шешесіңдер
ме?
:Балаларға
жұмбақ жасырады: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Терезеге
қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) Тікен,тікен
тік пістe. Қысы жазы бip тусте (Шырша)
Сиқыршы:
Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы
шешеді екенсіңдер.
Сиқыршы:
Жарайсыңдар
балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс
жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды,
білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген
киімдерін қандай әдемі! Ал, балаларым,сендер
өсе беріңдер, өркендей беріңдер.
Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! 2018-шы
жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып
қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет.
Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға
тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!
Сабақтың
тақырыбы: «Отбасылық
альбом»
Мақсаты: 1.
Білімділік «Отбасы»
құндылығы туралы түсініктерді отбасы
туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе
білуге үйрету.
2.
Дамытушылық. Ата - ана және бала қарым
- қатынасын өзара байланысын қалыптастыру,
отбасының негізі өмірдің ұйытқысы,
киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы
тәлімінің мәні туралы түсініктерді
кеңейту;
3.
Тәрбиелік Отбасы тәрбиесінің мән -
маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық
салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге
баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдістері: Пікір
алмасу, психологиялық жаттығулар,
психологиялық минут, анкета, сұрақ –
жауап, тыныштық сәті.
Қажетті
құрал - жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар,
А4 формат, отбасылық құндылық ағашы.
Слайд.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер
ме, оқушылар және ата - аналар! Бүгінгі
тренинг сабаққа келгендеріңізге
алғысымды білдіремін. Сіздердің
көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз
жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.
Қазір
мына жерде тұрған үш түрлі стикерлер
бойынша топқа бөлінейік.
«
Жылы сөз» жаттығуы Сын
есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға
жауап береді? Олай
болса әрқайсымыз өзіңіздің есіміңізге
сын есім қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті
кезекпен айтып шығыңыз.
Психологиялық
минут. Бүгінгі
сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер?
Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып
өз көңіл күйімізді айтамыз.Қалғандарымыздың
көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге
қарап жымиямыз.
Ой
жинақтау
1тапсырма
Отбасы
дегеніміз не?
Отбасының
іргетасы ер азамат пен әйел адамның
заңды неке қиып, отау тігуінен құралады.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі
– бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты
болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты
отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда
Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай,
сонымен бірге оған жалпы адамзаттық
және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының
салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына
сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған
ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп
өсіру – ата - ананың ең маңызды
міндеті.
Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.
1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балалрды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
«Қымбат
машина» әңгімесі
«Бірде
әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп
берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа
сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық
десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі
машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын
құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат,
Қанат, Мұса қоршап алды.
-
Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын
құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
-
Келші көрейік...
Бере
тұршы жүре ме екен?
-
Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман
ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды.
Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса
да өз беттерімен ойнап кетті. Аман
ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына
қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар
өздерінше арық қазып ойнап жүр екен.
Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
-
Мен де ойнайыншы.
-
Ал, балалар болса үндемей, ойындарын
жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1.
Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2.
Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3.
Аман кінәлі ме?
4.
Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер
едіңіздер?
Келіңдер,
пікір алысайық
1
Отбасы –тәрбие бастауы
2
Қазақ халқының қай салт-дәстүрлері
сіздің отбасыңызда сақталған
3
Ұят-адам қасиетін бағалайтын сезім
4
Ұл-ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт
болашағы. Отбасындағы ер адамға
көзқарас
5
Шешесін көріп- қызын ал, Ыдысын көріп
–асын іш.
6
Отбасындағы кітап, газет –журнал оқу.
Білімді сатып алуға бола ма?
Қорытынды
Барлық
өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың
бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке,
қайрымдылық – қатігездікке, адалдық –
арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді
орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет
деп түсінейік.
Тақырыбы:
Жұқпалы аурулардың алдын алу.Медбикемен
кездесу
Тәрбие
сабағының мақсаты:
Оқушыларға
тұмау туралы түсіндіріп, тұмау туралы
баяндау және оның адам ағзасына әкелетін
аурулардан алдын ала сақтану. Оқушылардың
спортқа, еңбекке, тазалыққа баулу.
Тәрбие
сабағының міндеттері:
1.
Оқушыларды салауатты өмір сүруге
шақыру.
2.
Оқушылардың «дені саудың – жаны сау»
ұстанымымен олардың ой қабілеттерін
дамыту.
3.
Болашақта тұмаумен ауырмау үшін оның
алдын алу туралы оқушыларды ескерту.
Тәрбие
сабағының түрі: Жаңа материалды игеру
сабағы.
Тәрбие
сабағының әдісі: түсіндіру әдісі
Тәрбие
сабағының барысы: ұйымдасыру кезеңі,
оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назарын
аудару.
Тұмау
Тұмау
- өте көп таралған жұқпалы ауру. Онымен
бір уақытта өте көп адам ауырады, өйткені
ауру жылдам тарайды. Өмірінде тұмаумен
ауырмаған бірде - бір ересек адам жоқ
болар. Бұл аурудың аты француз тілінде
«гриппе» - жаулап алу деген сөзден
шыққан. Шындығында, бұл ауру үлкен
қалалардың, бүкіл бір елдің немесе
құрылықтың халқын қамтып тарай алады.
Тұмаудың қоздырғышы - бірнеше түрлі
вирустар Екі - үш жылда бірнеше рет
қайталанып тұруы және оны әр жағдайда
әр түрлі вирус туғызуы мүмкін.
Тұмауға
жеңіл - желпі ауру деп қарау қате әрі
зиянды. Ол жұқпалы да қатерлі сырқат.
Халық арасында «Тұмау түбі – құрт» деп
бекер айтылмаса керек. Себебі, бұл ауруда
уақытылы алдын алып, ем жолдарын
қолданбаса, түрлі қосымша дерттердің
тууына және асқынуына әкеліп соқтыруы
ықтимал.
Тұмау
науқас кісіден сау адамға вирус арқылы
жұғады. Яғни, инфекция көзі – ауру адам.
Ол тыныс жолдарының жоғарғы жағына
күшті зақым келтіреді. Тұмаумен ауырған
адам жиі түшкіріп, жөтеледі де, оның
сілекей тамшыларындағы вирустар жан -
жаққа шашырап тарайды. Ауру адам
сөйлегенде,
түшкіргенде және жөтелгенде вирус оның
демімен ауаға шығып, сау адамның тыныс
жолдарына түседі.
Тұмаудың
бірінші белгілері бір - екі күнде санаулы
сағаттың өзінде байқалады.
Сөйтіп
барып кенеттен, күтпеген жерден қатты
басталады. Ауруға шалдыққан адам қалтырап
тоңады, денесінің ыстығы 38 - 40 градусқа
дейін көтеріледі, басы ауырып, кейде
құсады.
Бұл
сәтте, сондай - ақ, дене әлсірейді, бұлшық
еттері мен сүйектері, буындары сыздап
сырқырайды, дел - сал болып, терлей
береді, мұрны бітіп қалады, қан қысымы
төмендейді және науқас жиі түшкіріп
жөтеле бастайды. Тамақтың жыбырлап
ауруы және жөтелу сияқты тұмауға тән
белгілер көбінесе ауру басталғаннан
кейін байқалады.
Құрғақ
жөтел екі - үш күннен кейін пайда болады.
Мұндай кезде ауыз - мұрынының айналасы
қызарып, ашып мазалайды.
Тағы
бір ескеретін нәрсе, тұмауға жас балалар,
қарттар кеш шалдығады. Сондықтан, мұндай
жастағылардың бойында басқада бір
аурудың түрі болса, ол осы тұмаудың
әсерінен асқынып кетуі ғажап емес. Тұмау
әсіресе, жасы ұлғайған қарт адамдарға
өте қауіпті, өйткені олардың ағзасының
жас адамдардың ағзасымен салыстырғанда
жұқпалы аурулардан қорғану мүмкіншілігі
төмен. Тұмаумен ауырған бір адамның
таңертеңгілік қоғамдық көлікте бір рет
түшкіргені сол күні кешке ондаған немесе
жүздеген осы ауруды жұқтыруына әбден
жеткілікті. Егер тұмауға шалдыққан
адамдар оны елемей жұмысқа немесе оқу
орындарына барса, олар тағы да мыңдаған
адамға жұқтырады.
Сөйтіп
тұмау қоршаған ортаға тез тарап, індетке
айналады. Егер науқас тұмаудан жатып
емделмесе, ауру асқынып өкпенің немесе
ми қабығының қабынуы мүмкін. Адамзат
тұмау ауруының зардабын көп тартты.
Соның ішіндегі ең ауруы 1918 - 1920 жылдары
болған испан тұмауының індетінен дүние
жүзінде 25 млн. адам өлген.
Бүгінгі
күні адамның тұмаудан қайтыс болуы өте
сирек жағдай, өйткені оны емдеудің және
асқындырмаудың тиімді жолдары табылған.
Бірақта осы ауруды тарататын вирустар
мен күресу әлі қиынға соғуда. Алдын –
ала егуге қажет дәрілер болғанымен де,
вирустардың өте тез таралуына байланысты,
аз уақыт ішінде барлық адамдарды егіп
үлгеру мүмкін емес. Осы жайға байланысты
«емделген тұмау - тек бір аптаға, ал
емделмеген тұмау - толық жеті күнге
созылады» деген қалжың бар. Сондықтан
тұмаудың бірінші белгісі пайда болысымен
дәрігер шақыртып, емделу қажет. Егер
оны уақытында емдемей, жұмысқа немесе
оқу орындарына барсаңыз, айналаңыздағы
жүздеген жазықсыз адамдарға тұмау
жұқтырасыз.
Тұмаудан
сақтану жолдарына келетін болсақ, оны
алғашқы белгілері біліне бастасымен
төсекке жатып, дәрігер шақырту керек.
Әрине, мұндай уақытта сырқаттың көпшілік
орындарына баруына шектеу қойған жөн.
Сырқаттың жанында болып, оған емдеу
қолданатын адам төрт - алты қабат дәкеден
жасалған ауыз жапқыш салуы және мұрын
ішіне оксолин майын жаққан дұрыс.
Тұмаудан тезірек айығып кету үшін
міндетті түрде бөлек бөлмеде жатып
емделу, егер адам сау кісілермен бірге
бір бөлмеде тұратын
болса,
онда оның төсегін шымылдық пен бөлі
керек. Әрине, мұндайда сырқаттың
пайдаланатын ыдыс - аяқтары бөлек
ұсталғаны жөн.
Ем
алу кезінде тамақты жылы орау, көбіне
сұйық тағам - лимон қосқан шай, көк шай,
ыстық сүт, минералды су, пияз қабығының
қайнатпасын, сарымсақ тұнбасын, емдік
өсімдіктерді пайдаланған тиімді.
Тұмау
кезінде сырқат жататын бөлменің
тазалығына ерекше аударған жөн.
Еденді
хлорлы әк ерітіндісі қосылған сумен
жүйелі сүртіп, бөлмені әлсін - әлсін
желдетіп, ондағы температураны 18 - 20
градус төңірегінде ұстау қажет.
Дер
кезінде дәрігерге көрініп, оның
тағайындаған, емін бұлжытпай орындаса,
әдетте, 3 - 4 күннен кейін ауру адамның
ыстығы төмендеп, денсаулығы жақсара
бастайды. Сөйтіп, одан 3-4 күннен кейін
айығып та кетеді. Қалай дегенімен,
тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарауға
болмайтынын әркім жадында ұстауы керек
- ақ.
Тәрбие
сабағын қорытындылау (сұрақ - жауап
арқылы).
1.
Осы тұмау ауруының инфекция көзі кімдер
саналады?
2.
Тұмаудың алғашқы белгілері қай уақытта
және тұмаумен ауырған адамның күйі
қандай болады?
3.
Тұмаудан сақтану жолдары қандай?
Тақырыбы:Әдептілік ережелері. «Кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Мақсаты:
а) Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт–дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіігін арттыру.
Әдісі: пікір алысу, ойын, жағдаяттарды шешу, көріністерді талқылау.
Көрнекілігі: «Әдептіліктің алтын ережелері» презентациясы, шарлар, гүлдер, даналық сөздер жазылған плакаттар.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті.
І. Ұйымдастыру
Топқа бөлу (топ аттарын қанталапай ойыны арқылы қойылады)
Топ аттары: Әдемі, Көркем, Адал, Мейірім.
ІІ. Ой шақыру
Тақтада әр түрлі суреттер көрсетіледі, соған қарап оқушылар өз ойын айтады.
Мұғалім сөзі: Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-кеерекшемәнберіледі. Әбу Насрәл-Фараби “Қайырымдық ала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Әдептілік әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық әдептілік ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады. М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында: Әдептілік мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Педогогика ғылымында әдептілік гуманистік әдептілік, демократиялық әдептілік және діни әдептілік болып бөлінеді.
а) Гуманистік әдептілік — оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген;
б) Демократиялық әдептілік — қоғамның рухани дамуы мен экономикалық жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады;
в) Діни әдептілік — гуманистік және демократиялық әдептілікті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.
- Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі. Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр
Негізгі бөлім:
ІІІ. Мақал сөздің-мәйегі (бірінші топ келесі топқа мақалдың басын айтады, келесі топ жалғасын айтады)
Әдепті
бала — арлы бала,
Әдепсіз бала —
сорлы бала.
Жақсыдан үйрен - жаманнан
жирен
Әдептілік
белгісі – иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың
белгісі — келіп – кетіп жүргені.
Аға
әдепті болса - іні әдепті
Апа әдепті
болса - сіңлі әдепті
Ұқыптының тоны
тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
Ұлық
болсаң..Кішік бол
Жақсыдан үйрен… Жаманнан жирен
Атаңның баласы болма… Адамның баласы бол
Не
істеуге болмайды?
-
Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге
болмайды.)
- Кішкене
баланы................(жылатуға болмайды.)
-
Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
-
Қыз баланы........................(ренжітуге
болмайды.)
-
Сабақтан.............................(кешігуге
болмайды.)
-
Сыныпта.............................(айғайлауға
болмайды.)
Не істеу керек? (бұл да сол
сияқты жүргізіледі)
- Үлкен
кісіні.......................(сыйлау керек.)
-
Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
-
Үлкендерге..........................(сәлем беру
керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау
керек.)
- Оқу құралдарын..................
(күтіп ұстау керек.)
«Құпия
хаттарға» жауап беру
Әр
топқа құпия хаттар жазылған конверттер
таратылып беріледі.Жауабын әр топ
ойланып, ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың
мазмұны:
1 хат. Құрметті достар! Менің
көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші
көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған
күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен
дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.
Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі
мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып,
нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен
онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы
ойнайды. Мен осы баламен дос болайын
ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады.
Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай,
жазбай келеді.
4 хат. Құрметті достар!
Мен далада досыммен ойнап жүр едім, доп
досымның басына тиіп кетті, досым маған
ашуланып ұрсып жіберді, менде ашуланып
қатты қатты сөз айттым енді досым менімен
ойнамайды. Бірақ менің ойнағым келеді,
не істесем болады?
Шығармашылық жұмыс
Парталарыңыздың
үстінде екі парақ қағаздың біріне адам
бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар.
Екінші параққа адам бойындағы жақсы
қасиеттерді жазасыздар.
Жазып болсақ,
жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды
бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді
оқимыз
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден
аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз
қасиеттерді жыртып тастайық.
Балалар,
енді әдептіліктің алтын ережелері
туралы не айта аласыңдар? Соны алдарыңыздағы
плакатқа жазамыз және де осы ережені
бұзған оқушыларды қалай жазалаймыз?
(постерлерді
қорғау 10 мин)
Қорытынды: Балалар, енді осы өздерің жасаған «Әдептіліктің алттын ережелеріне» бағынып, оны бұзбай орындауға сөз бересіздер ме? «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» демекші, әдепті, тәрбиелі, мейірімді, ата ананың сөзін жерге тастамай, кішіпейіл, ұқыпты, үлкенді сыйлап, кішіге ізеттілік танытып жүрейік. Достарымызды сыйлап, кешірімді болғанда ғана біз еліміздің азаматы мен азаматшасы боламыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген